Қытай мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:03, контрольная работа

Краткое описание

Қытай – ежелгі мемлекеттердің бірі. Б.з.д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағыс тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бүл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген. Б.з.д. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан эрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді.

Содержание

Кіріспе
Қытай мемлекеті
Негізгі бөлім
2.1. Қытай сенімдері
2.2. Қытай өнері
2.3. Қытай медицинасы
2.4. Ұлы Қытай қорғаны
III. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

культорология.doc

— 96.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

лошььшошьльдьд

 

 

 

 

 

 

ҚҚҚ 2.1. Қытай өнері

4

>Біздің заманымыздың бастауында Қытайда кескіндеме өнері гүлдену сатысында болды. Көптеген ғалымдар өнердің осы саласындағы мұндай алға басушылықты будда ғибадатханаларында түрлі құдайлар мен әулиелердің мүсіндері көптеп орын ала бастады. Әсіресе, жібекке, қағазға тушпен салу кеңінен тарап, фрескалар өнері бой көрсете бастады. Бір айта кететін жәйт, ежелгі Қытайдың кескіндеме туындыларының әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Мысалы: шырша – ұзақ өмір белгісі болса, бамбук – қажымас қайрат пен ерліктің, ал көкқұтан – жалғыздық пен қасиеттіліктің белгілері болып саналады. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, бүкіл көне Шығыс көркемдік мәдениеттің ең басты елементі – «Күн» болып саналатынын да атап өткенді жөне көрдік. Күн әдетте, Аспан құдайының мұрагері және туған ұлы ретінде адам бейнесінде беріледі. Күн «Аспан құдайының» бәрін көре де, біле де білетін қасиетін мұра еткен. Күн сонымен қатар Шығыс елдері мәдениетінде сұлулықтың басты мәдениеті болып саналады.

Қытайдың көркемдік мәдениетінде кескіндеме өнері мен әдебиеттің арасында үзілмес сабақтастық байқалады. Өйткені, қытай поэзиясы кескіндемелік сипатта болса, кескіндеме өнері поэтикалық сарында болып келеді. Жалпы алғанда, Қытайдың көркемдік мәдениеті элиталық сипатта болды, ал бұл қасиет көне Шығыс елдерінің көпшілігіне тән екендігін ешкім де жоққа шығара алмас.</h4>

Қытайдың сәулет өнері де өзінің әсерлігімен, әсемдігімен өзіндік ерекшеліктермен таң қалдырған. Солардың ішіндегі шоқтығы биігі – Пекинде 1420 жылы салынған «Аспан ғибадатханасы» деп аталатын сонау көне заман сәулет өнері саласындағы үлгілерді сақтаған «ғибадатханалар ансамблі». Б.з.б. ІІІ ғ. Қытайда 700-ден астам императорлар сарайы салынған екен, солардың ішіндегі тек қана орталық залына он мыңнан астам адам сиятын император срайының орны ерекше.

Ежелгі Қытайдың астрономия ғылымы саласындағы жетістіктеріне келетін болсақ, б.з.б. екі мыңжылдықтың кезінде-ақ қытайлықтар жылды он екі айға, ал әрбір айды аптаға бөлген. Б.з.б. V ғ. Бастап, олар аспан денелеріне астрономиялық бақылаулар жасаудың нәтижесінде дүниежүзінде тұңғыш рет жұлдыздар каталогын жасаған. Б.з-ң 28-жылы қытайлықтар адамзат тарихында тұңғыш рет Күннің бетіндегі дақтарды суреттеп берген, ал арада екі ғасыр салып астроном Чжан Хэн дүние жүзіндегі тұңғыш аспан глобусын жасаған.

Сәулет өнерінің дәл осындай қарқынды дамуына математика ғылымының дамуы да өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Б.з.б. бірінші ғасырда Қытайда осы ғылым саласындағы ғасырлар бойғы жинақталған жетістіктерді саралайтын «Тоғыз тараулық математика» деп аталатын өте маңызды ғылыми тракт жазылды. Ежелгі қытайлықтардың техникалық жаңалықтар ашуға қосқан үлестері де бір төбе. Мысалы, олар б.з.б. үшінші ғасырда компастың алғашқы түрі – магниттік аспан тұңғыш рет ойлап тапса, ал біздің заманымыздың алғашқы кезеңдерінде – су диірменін, суды жердің бетінде ағызатын машина – сорғышты, дүниежүзіндегі алғаш сейсмографты ойлап тапқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қытай медицинасы

Қытайда медицина ғылымы саласы да ұдайы даму үстінде болды. Ол – дәстүрлі медицинаның белгілі және дамыған саласы. Қытай медицинасының негізі, қайнар көзі қытай халқының көне мәдениеті мен дәстүрінен, қытай өркениетінің жетістіктерінен бастау алады . Қытай медицинасы адамның организмін біртұтас дене деп қарастырады, ал дененің саулығы адам организміндегі қуаттың (энергияның) тепе-теңдігіне байланысты деп санайды. Мұнда бір мүшеге ғана қатысты диагноз жоқ (мысалы, гастрит, тағы басқа); ол адамның денесін жанынан айырып қарамайды, ондағы сезімдік (эмоциялық), ділдік, рухани қызметтер тек миға ғана емес, әр мүшеге, әр клеткаға тән қасиет деп саналады. Жалпы алғанда, басты назарды емделуге емес, аурудың алдын алуға аударады. Дәрігер, ең алдымен, салауатты өмір сүруге үйрете алатын ұстаз әрі ақылшы. Сау адамның алдымен дәрігерден кеңес сұрауы дағдылы құбылыс. Мұндай ерекшелік, тіпті, көне жазбалардан-ақ айқын көрінеді. Мысалы, «Нэйцзин» қағидатында (б.з.б. 3 – 2 ғасырларда) былай жазылған: «Нағыз дананың ісі былықты түзегенінде емес, тәртіпті сақтағанында...». Дәрілер дайындау үшін қытай медицинасы тек қана табиғи құрамдарды қолданады; бұл батыстық медицинада жиі кездесетін асқыну мен жанама қауіп-қатерлердің болуын азайтады. Осындай ерекшеліктері арқасында оның ресми медицина әдістерінен белгілі бір артықшылықтары бар. Сонымен бірге, қытай медицинасының ұстанымдарының тиісті ғылым негіздеуі болмаса да, көп жағдайда оның емдік әдістерінің тиімділігінің жоғары екені байқалады. Оған мысал, әсіресе дүние жүзіне белгілі қытай медицинасының бір бағыты – чжэнь-цзю терапиясы, яғни инемен емдеу және күйдіру. Қазіргі кезде қытай медицинасы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) ресми түрде танылды. Бірнеше халықаралық медицина ғылымы форумдар мен кездесулерде қытай медицинасы кеңінен зерттелуі, қолданылуы қажет деп көрсетілген. Бұл жөнінде 1978 жылы 6 – 12 қыркүйекте Алматыда өткен ДДСҰ-ның халықар. Конференциясының декларациясы қабылданды. ҚХР-да үкімет қолдауымен жыл сайын 30 мыңдай қытай медицинасы мамандары даярланады. Ал Қазақстанда қытай медицинасын оқыту Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, Шығыс медицина институтында (Түркістан қаласы) және бірқатар медицина жоғары оқу орындарда ашылған кафедралар мен факултеттерде жүргізіледі. Б.з.б. І ғ. Медициналық кітаптардың каталогы жасалып, онда көптеген ауруларды емдеудің рецептер берліді, сонымен қатар фармакология саласында құнды ғылыми трактаттар жазылды. Осы орайда күні бүгінге дейін медицина саласындағы баға жетпес табыс болып саналатын ауруларды инемен емдеудің Қытайда ойлап табылғанын да естен шығармағанымыз дұрыс.

 

 

 

 

 

    1. Ұлы Қытай қорғаны

Қытайдың бір орталықты мемлекетке біріге бастаған кезеңінде (б.з.б. 221-207 ж.) қытай қорғанының негізгі бөлігінің салынуы да – сәулет өнерінің айтарлықтай табыстарының бірі болды. Ұлы қытай қорғаны – Қытай императорларының адам айтқысыз байлығы мен шексіз билігін паш ететін, ең бастысы – дүниежүзіндегі ең ең үлкен керемет болып саналатын осы бір таңғажайып алып құрылысты салған қытай шеберлерінің еңбекқорлығы мен шыдамын әйгілейтін, талай адамдардың өмірін өксіткен қанды да, қасіретті ескерткіш болып табылады. Ал осы бір тарихи – мәдени ескертіш толық күйінде болмаса да, біраз бөлігі осы кезеңге дейін сақталып қалған. Жоғарыда атап көрсеткен, залына он мың адам сиятын император сарайындағы залдың төменгі қабатының биіктігі соншалық, мұндағы ілінген сырықтың биіктігі елу қар болған, бірақ өкінішке орай бқл тамаша әсем ғимарат – император сарайы бүгінгі күнге келіп жетпеген. Оны салдырған – Қытайдағы дербес князьдіктерді өзіне бағындырып, жас мемлекет – Қытайдың күш-қуатын арттырған және «Циннің» (Цинь мемлекетінің) «бірінші императорымын» деп жариялап, бұл патшалыққа өз есімін берген - Цинь Шихуанди болатын. Ол көзінің тірісінде-ақ биіктігі бес жүз қар, айналысы бес мың қар келетін кесене салдырған. Оның төбесінде жұлдыздар әлемі бейнеленіп, еденімен аққан сынап өзені сынап теңізне құйылып жатқан. Кесене құрылысына 700 мың адам қатысқан. Осы сияқты алып құрылыстарды салуға миллиондаған адам жұмылдырылған, демек мейлінше көп жұмыс күші қажет болған. «Осы орайда, император осыншама адамды қалай жинады екен?» - деген орынды сұрақтың туындауы сөзсіз. Ғалымдардың пікірінше, жұмыс күшінің негізінен екі басты көзі болған: біріншісі – қолға түскен жүздеген мың тұтқындар болса, екіншісі – императордың мемлекетті «У» және «Ши» деген бөліктерге бөлуі себепкер болған. Егер бір адам жаза басып, күнәлі болып қалса, сол үшін он жанұя құлдыққа алынған, ал олар өз кезінде Цинь Шихуандидің ұлы құрылыстарына жөнелтілетін болған.

<h4> Ежелгі заманда салынған Ұлы Қытай қорғаны сияқты алып құрылыстардың барлығы да, шындап келгенде дәл осындай адамдардың күшімен тұрғызылған. Күн сайын өлген ондаған мың адамдар келесі күні-ақ қайтадан жаңа жұмыс күштерімен толықтырылып отырған. Цинь Шихуанди дүниежүзіндегі ең әйгілі әскери – инженерлік құрылыс – «Ұлы Қытай қорғанының» негізін салдырған тарихи тұлға болып есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 Қорыта келгенде, ұлы Қытай халқы - мәдениет пен өнердің қай саласында болса да қомақты табыстарға жетіп, дүниежүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қоса білген дарынды да, еңбекқор халық болды. Олар конфуцийшілдік мектептер ашып, түрлі - түрлі ғылымдардың дамуына өздерінің зор үлестерін қосты. Толығырақ айта кеткенде, күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда жазылған еді. Олар көптеген жерлерге, елдерге саяхат жасады. Осы саяхаттардың арқасында Ұлы Жібек Жолы арқылы сауда жүргізілуге де мүмкіндік ашылды. Сонымен қатар, маңызды деген ғылыми - техникалық жаңалықтар дәл осы елде біренеше жылдар бұрын пайда болған. Мысалға айтып кетер болсақ, компас, қағаз, сейсмоскоп, кітап шығару, және тағы да басқа адам өміріне пайдалы техникалық құралдарды ойлап шығарды. Олар медицина саласында зор еңбек етті. Инемен емдеу әдісі қазігі заманға дейін қолданылып, күллі адамзатқа зор пайдасын көрсетуде. Тағы да бір қоса айтатын маңызды жайт, олар әлемдегі ең үлкен құрылыстың бастаулары болып табылады. Қытайлар он мың шақырымдық қамалдан тұратын Қытай қорғанын салды. 1987 жылы Ұлы Қорған мәдениеттік дүние мұраға енгізілген болатын.4>

 Қазірге дейін Қытай мәдениеті өте танымал. Олар өздерінің тапқырлықтарымен өзгешеленеді. Қытай халқы өте жұмыскер де, өз елінің болашағын ойлай білетін аса мәртебелі халық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева Т. Мәдениеттану. Оқулық А., 2002.
  2. Тимошинов В. Культурология. А., 2001  
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  4. Китай: история, культура, историография. М, 1977.
  5. Фицжеральд СП. Китай: культура и история культуры. СПб., 1998.



Информация о работе Қытай мәдениеті