Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 09:03, курсовая работа
Адам атулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндігіне байланысты және семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атаймыз. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов). Неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері деп атауға болады, Ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).
КІРІСПЕ.........................................................................................
1.Адамзат және ғаламзат есімдері..................................................
1.1 Көптік мәнді есімдер...............................................................
1.2 Зат есімнің жасалуы.................................................................
2. Жалпы есімдер мен жалқы есімдер............................................
2.1 Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер ..................................
2.2 Зат есімнің құрылымы............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................
1) Горизонталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: алды, арты, қасы, жаны, маңы, тұсы, шеті, жан-жағы, айналасы, төңірегі. Мысалы: Ахметтің алдына, үй артында, әкемнің қасына, қыстаудың жанында, т.б.
2) вертикаль бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: асты, үсті, беті, түбі. Мысалы: үстел үстіне, шаң астына, бергі беті, үйдің төбесі, арбаның түбі, т.б.
3) Көлемдік кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: іші, сырты, ортасы, арасы. Мысалы: бөлме ішіне, үй сыртында, ел арасында, т.б.Ескерту (А.Ысқақов): І. Көмекші есім қайталанып та қолданылады, бірақ ондайда қайталану арқылы туған жаңа форма үстеу сөзге айналады да, дербес мүше болады. Мысалы: Зеңбірек снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады.
ІІ. Көмекші есімдердің кейбір лексикаланып та, идиомаланып та кеткен тіркестері кездеседі. Мысалы: Мал кешкі өрістен қайтар шақта, ат үсті жүрістер еленбейтін кезде аттанып кеткен.
2.2 Зат есімнің құрылымы
Морфологиялық құрамы жағынан қазақ тіліндегі зат есімдерді түбір сөзден, туынды сөзден, біріккен сөзден, қос сөзден, қысқарған сөзден, сондай-ақ күрделі құрылымнан тұратын зат есімдер деп бөлуге болады.Түбір – сөздің морфологиялық тұрғыдан әрмен қарай бөлшектеуге келмейтін бөлшегі. Мысалы: естияр, есті, есуас, есалаң.Туынды сөз – жұрнақтың түбірге жалғануы арқылы пайда болатын сөз. Мысалы: басшы, бастаңғы, бастық, басқарма.
Күрделі зат есімдерде тұтас 1 ұғымды білдіретін атау ең кем дегенде 2 сөзден тұрады, сырт белгілері жағынан мұндай күрделі есім сөздердің тіркесіне ұқсайды. Мысалы: шүрегей үйрек.Зат есімнің түрлену жүйесі
Зат есімнің түрленімі дейтін түсінік оның жекеше, көпше түрде қолданылу, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында қолданылу жүйесін қамтиды.
Көптік жалғауы 6 түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, - тар, -тер сөзге үндестік заңы бойынша жалғанып, заттың көптігін білдіреді: оқушылар, үйлер, қыздар, т.б.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншігі екенін білдіреді. Тәуелденген сөз 3 жақтың бірінде тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады. Бір я бірнеше заттың 1 ғана адамға меншікті екенін білдіру- оңаша тәуелдеу, бір я бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру- ортақ тәуелдеу.Септік жалғау зат есімге жалғанып, әртүрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар:
Атау септік: Кім? Не?
Ілік септік: Кімнің? Ненің?
Барыс септік: Кімге? Неге?
Табыс септік: Кімді? Нені?
Жатыс септік: Кімде? Неде?
Шығыс септік: Кімнен? Неден?
Көмектес септік: Кіммен? Немен?
Грамматикалық септіктер:
(Атау, ілік, табыс)
Көлемдік септіктер:
(Барыс, жатыс, шығыс, көмектес)
Тек заттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатыстық мәнін білдіреді.
Заттық мәннен яғни объективтік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыныңқылық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады.
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Әдетте І, ІІ жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, ІІІ жақта кез келген зат есімдер бола береді.
Зат есімнің синтаксистік қызметі:
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның қай септік жалғауында жұмсалуымен байланысты.
1) Бастауыш. Таулардан өзен ағар сарқыраған.
2) Баяндауыш – жіктеліп жұмсалады. Ақ басты Алатаудың Жамбылымын.
3) Анықтауыш – ілік септігі, түбір тұлғасында. Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді.
4) Толықтауыш – табыс септігі, барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
5) Пысықтауыш – барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі, мезгіл, мақсат, мекен-бағыт, себеп шылаулармен тіркеседі. Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап.Зат есімнің жасалу тәсілдері:
1) Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тарылу, не ауысу арқылы туған зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
2) Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі 2 я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған зат есімдер жатады.
3) Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады. Мысалы: атшы, басшы, атшылық, басшылық, т.б.
Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар:
1. –шы, -ші: тілші, өтірікші
2. –шылық, -шілік
3. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
4. –ыл, -іл, -л (омоним жұрнақ) шикіл, қатал – сын есімге тән форма. Тарыл, тіріл – туынды етістік. Бұл жұрнақ еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш сөздерге қосылып, туынды зат есім жасайды. Мысалы: қаңқыл, дүріл, қалшыл.
5. –кер, -гер: айлакер, қызметкер, сайыскер.
Есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар:
1. дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ, -тек: құмдақ, саздақ, тайлақ. Омоним сын есім тудырады: жеңілтек, кеспелтек.
2. –кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан
3. –т, -ат, -іт, -айт, -ейт, -пақ, -қал
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар:
1. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: омоним - сын есім тудырады: қырма сақал, терме бау. Етістіктің болмсыз түрі: ілме, көмбе, суырма, саптама, кеспе, түсіндірме, мазмұндама, көшірме.
2. –м, -ым, -ім: алым, білім, сенім, түсім.
3. –қы, -кі, -ғы, -гі: омоним жұрнақ – бұрғы, сүзгі, шапқы, шалғы.
4. –ыс, -іс, -с: омоним жұрнақ: айтыс, ұрыс; ортақ етіс әрі сын есім.
5. –у омоним: зат есім тудырады – ауру, қашау. Сын есім тудырады – жүдеу, бітеу. Етістік – оқу, байқау.
6. –қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек – омоним: тарақ, қазық, пышақ, төсек, сұрақ, жинақ, жазық, т.б.
7. –ынды, -інді, -нды, -нді – құранды жұрнақ. Жуынды, шайынды, қорытынды, сарқынды, т.б.
8. –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (-қаш, -кеш, -ғаш, -геш): сыпырғыш, өшіргіш, ескерткіш, тұтқыш, сүзгіш, т.б.
9. –ыш, -іш, -ш: қуаныш, өкініш, жұбаныш, қызғаныш, т.б. Көбінесе өздік етіс формаларына жалғанып, абстракт ұғымды білдіретін зат есім.
10. –уыш, -уіш – күрделі жұрнақ: өлшеуіш, елеуіш, желпуіш түйреуіш, бастауыш, баяндауыш, т.б.
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар:
1. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: ілмек, піспек, оймақ, шақпақ, сырмақ, т.б.
2. –сын, -сін – омоним. Етістік тудырады – кедейсін, керексін; зат есім – бұрқасын, бөгесін, ықтасын.
3. –мыс, -міс, -мыш, -міш: тарамыс, қылмыс, болмыс, жазмыш, өтеміс, т.б.
4. –мал, -мел: ашымал, саумал, түнемел, сүйемел, т.б.
5. –ман, -мен, -бан, -бен: көрермен, шабарман, т.б.
6. –ыр, -ір, -р, -ар, -ер – омоним. Үңгір, шұқыр, көшір, шоғыр, қайнар, т.б.
7. –ыт, -іт, -т – омоним: бөгет, шабыт, іркіт (уыт, қырат, жеміт – есімнен есім тудырып тұр).
8. –уыл, -уіл – құранды: бөгеуіл, қарауыл, шабуыл, тосқауыл, жортуыл, кешеуіл.
9. –қын, -кін, -ғын, -гін: қуғын, қашқын, босқын, қырғын, көшкін, т.б.
10. –асы, -есі: аласы, бересі, көресі, шығасы, т.б.
11. –ын, -ін, -н: боран, келін, жуын, құйын, жиын; омоним – етістік тудырады: күрсін, шегін, талпын.
12. –шақ, -шек – омоним: емшек, бөлшек.
13. –ашақ, -ешек:көрешек, туашақ.
Реңк мәнін тудыратын жұрнақтар:
1. –еке, -қа, -ке
2. –й
3. –тай
4. –жан
5. –қан, -ақан: балақан, бұзауқан
6. –қай, -кей: шешекей
7. –шақ (-шек): келіншек, шынашақ
8. –шық, -шік: бүршік, бүркеншік, төбешік, түйіршік
9. –ша, -ше: кітапша, сандықша
10. –ш: қалқаш, серкеш
11 –сымақ: ақынсымақ, батырсымақ
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл курстық жұмыста бірінші бөлімінде Адамзат және ғаламзат есімдерін қарастырдымзат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалатыны туралы түсінік бердім.Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
Мысалы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас деген зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылық деген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақсылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған.Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады.Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Jump up ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
2 Jump up ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫ:
3.http://redir.opera.com/