Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2015 в 22:00, реферат

Краткое описание

Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі. Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылықты анықтауыдың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтер, психологтер, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі – Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандыратын мәселе

Вложенные файлы: 1 файл

дарынды оқушылар.docx

— 30.22 Кб (Скачать файл)

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу.

Дарынды балалар – бақытты ғасыр кепілі. Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылықты анықтауыдың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтер, психологтер, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі – Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандыратын мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелер мен қатар адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл ойы, қабілеттілігі туралы пікір айтады. Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады. Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. Бұл тақырыпты зерттеудегі өзекті мәселе: шығармашыл, даралық қасиеті бар тұлғаны дамыту. Тума және жүре қалыптасатын дарындардың қабілетін ашу. Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық әлеуеттерінің кең ашылуына жағдай жасау. «Бұлақтың көзін дер кезінде ашу». Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жолға қою мақсатынды негіздемелер жасау.

Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, ән айтады, мүсін салады, өлең оқиды т.б.). Бірақ, бұл қаблеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншек болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. М. Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай атамыз «он сегізінші қара сөзінде» атап кетсе, М. Дулатов: «Туысында қанша зеректік болса да – ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді» деп атап кеткен. Осы білім мен ғылымды, тәрбиені беретін асыл жандардың бірі – мұғалім. «Бала жүрегі – кішкентай күй-сандық. Сол сандықтың кілтің тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай әр баланың жүрегіне жол табушы, шәкірт бойындағы дарынды ашушы ұстаз  болып табылады. Осыған байланысты мектепте, сабақ үстінде мұғалім әрдайым дарынды балалармен жұмыс істеп отыру керек.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

    • Теориялық материалды толық игеруі;
    • Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту;
    • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану;
    • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы;
    • Өзіне-өзі талап қоя білуге дағдыландыру;
    • Тапсырылған жұмысты сапалы орындауға үйрету;
    • Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білуі
    • Тақырып бойынша модель құруға үйрету;
    • Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту;
    • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану;
    • Өзіне-өзі талап қоя білуі;
    • Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы.

 

Дарынды оқушылармен  жұмыс төмендегідей жоспар негізінде жүзеге асырылады.

  1. Дарынды оқушыларды анықтау, балалардың шығармашылық дамуын зерттеу, бақылау.
  2. Дарынды оқушылардың бейім саласына қарай дамуына, шығармашылығының өрістеуіне жағдай жасау.
  3. Саяси-қоғамдық, гуманитарлақ және жаратылыстану, интеллектуалдық, жаңашылдық-идеялық, өнерпаздық және тағы басқа бағыттарға бағдарлау.
  4. Эксперимент жасап, тәжірибемен кіріктіру.
  5. Оқушының даралық, тұлғалық, лидерлік қабілеттерін арттыру.

 

Мектептерде дарынды оқушылармен жұмыс практикалық тұрғы негізінде төрт бағытта ұйымдастырылады. Олар:

  1. интеллектуалдық;
  2. спорттық;
  3. өзін-өзі басқарушылық, ұйымдастырушылық;
  4. көркемөнерпаздық.

Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойған:

-кең пейілді, нақты болу;

-интеллектуалды дамуының  жоғары болуы;

-іскерлігі мен қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;

-белсенді, тынымсыз мінез-құлық  икемі;

-әзілдесе білуі;

-өзін-өзі жетілдіру барысында  көзқарасын өзгертуге әзір болуы;

-өзінің дүниетанымдық көзқарасы болуы

Дарынды оқушылармен қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмалар мен жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:

 

Берілген сандар мен әріптерден сөз құра

К+2+лік, 7+к, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан.

 

 

Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жаз:

Талапты, қолөнер, көпшіл, қаламгер, адамдікі, өнерлі, ағартушы.

 

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз. Мәтінді аудар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Ине бұдан 10 мың жыл бұрын ... Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден ... Ал бай адамдар күмістен... Болаттан істеген тұңғыш инені Еуропаға арабтар ... XVI ғасырда Францияда сым соғатын машина ойлап табу ине, түйреуіш жасау ісіне үлкен жаңашылық... Қазір иненің химиялық құрамы өте күрделі.

Қажетті сөздер: жасалады, жасалған, жасатқан, пайда болған, енгізді, әкелген.

 

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді аудар.

Құс ... ұшады, ... қонады.

...дос бол, үйіңе береке  кіреді.

...дос бол, қадіріңді біледі.

...дос бол, сасқанда ақыл  береді.

Ағаш... мықты, адам ... мықты.

Қажетті сөздер: тамырымен, адамзатпен, құйрығымен, әйеліңмен, қанатымен, білімдімен, досымен.

 

Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастыр.

Үлгі: гүл-гүлді – гүлді өсімдік

Орман, жапырақ, шырша, қарағай, шөл, көлеңке, алма, бала, ағаш, салмақ, терең, пайда.

Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді жаз, берілген сөздермен сөйлем құра. Сөздердің қалай байланысып тұрғанын айт.

... жолдас; ... су; ... кеңес; ... ағайын; ... шелек; ... күресу; ... кездесу; ... отыру.

 

Берілген сөйлемдерді «бірақ», «сонда да», «әйтсе де» жалғаулықтары арқылы қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.

Көктем келді. Күн әлі суық. Мен ағамың үйіе келдім. Үйде ешкім жоқ екен. Ернар киноға кетті. Билет жоқ екен. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың. Қар жауып тұр. Күн суық емес. Жолдасым ауырып қалды. Дәрігерді шақыртпады. Мен сіңіліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын. Қайрат сағатын жөндеуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.

 

 

Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал -мәтел, нақыл сөздер жазу тапсырмасы:

  1. Б...б...б...  Білімді бәрін біледі.
  2. А...а...а... Ақымақтың аузы ашылар
  3. Ж...ж...ж... Жақсылыққа жақсылық жаса
  4. Ы...ы...ы... Ырыс ынтымақты ықыластан

Түсінік: Оқушы берілген жауаптан да басқа жауап беруі мүмкін, тек үшеуі де мәнді сөз болуы керек. Ол оқушының логикалық ойлауына байланысты. Тек мағыналы ой түйндесе болғаны.

 

Сөз туынды шешу, артық әріпті алып таста

  1. й,а,қ,ы,б,а,л (Ақылбай)
  2. қ,ш,у,ы,а,н,т,а (анықтауыш)
  3. о,й,а,д,ғ.а,ғ (одағай)

Түсінік: Оқушы берілген әріптерден әр қатар бойынша бір-бір сөз шығаруы тиіс. Ол сөздерден мағынасы бөлегін шығаруы тиіс. Яғни, артығын алып тастау.

 

Буынды тап

  1. дом...ра (бы) домбыра
  2. жел...сан (тоқ) желтоқсан
  3. қар...ғаш (лы) қарлығаш

Түсінік: Оқушы бір-бір сөз шығаруы тиіс. Ол сөздерден мағынасы бөлегін алып тастауы керек.

 

Сөз тізбектерін жазу (ассоциация)

  1. мектеп...парта, орындық, мұғалім
  2. оқушы...дәптер, мектеп, кітап
  3. Қазақ тілі...жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі

Түсінік: Оқушы берілген тапсырмаға қауымдасатын басқа да сөзде жазуы мүмкін, егер ол қауымдастыққа кіретін болса, берілген жауаптағыдай болу керек деген ұғым болмасын. Ол оқушыға, мұғалімге нұсқау ғана.

 

 

Міне, осындай танымдық жаттығулардың негізінде мұғалімдердің сабақ өтуіндегі әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, іскерліктерін шыңдау және оқушыларға жаңа берілетін білімді саналы да терең беруде көмек көрсетуге бағытталған.

Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1. Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды  ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасын, өндірістік ойлаудың дамуын қарастыру керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3.  Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылығына икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Карне, Шведел және Уильямс дарынды балаларға арналған бағдарламаның келесі ерекшеліктерін көрсетеді: 

 

- әдеттегі оқу  жоспарына кірмейтін материалдармен  танысу;

- таңдалған тақырыптың  терең жұмыс жоспарының қамтылуы;

- оқу процесінің  алдын ала құрылған өзгермейтін  бірізділікке емес, танымдық талаптарға  сәйкес орындалуы;

- абстрактылы түсінік  пен жоғары деңгейдегі ойлау  процесін талап ететін әрекеттің  күрделірек түрлеріне ерекше  мән беру;

- қолданылған материалдарға, уақытқа және ресурстарға қатысты  үлкен ой икемділігі;

- тапсырмаларды  орындаудағы еркіндік пен мақсатқа  бағытталған өте жоғары талаптар;

- шығармашылық және  өндірістік ойлаудың кеңейтілуі;

- өз-өзінің және  қоршаған ортаның тәртібін талдай  білуді тәрбиелеу;

-білім базасын кеңейту және тілдік қабілетті дамыту үшін әсерлі алғышарттарды жасау.

Тәжірибелердің көрсеткеніндей, ұстаздың дарынды баламен өзара әрекет жасауының әсерлірек әдістері – оның материалмен өзіндік жұмыс жүргізуіне бағытталған қосымша сабақтар. Осыған орай мұғалім дарынды балалармен сабақ жүргізу барысында қосымша көмек болатын бірнеше принциптерге назар аударуы керек. Олар:

1. баланың өз бетінше білім алу жағдайын, икемділігін (гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану-ғылымилық, музыкалық және т.б.), психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.

2. әлдеқайда күрделі және шатасқан сұрақтар бойынша  кеңес беру тақырыбын анықтау.

3. Баланың пән бойынша белгілі уақыт аралық (тесттер, сұрақтар және т.б.) есеп формасын таңдау.

4. Балаға:

- тақырып атауын;

-тақырыпты игеру  жоспарын;

- негізгі сұрақтарын;

- ол меңгеруге  тиісті анықтамалар мен терминдерді;

Информация о работе Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу