Ертегілердің шығу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 22:03, реферат

Краткое описание

Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады

Содержание

1.Мақсаты
2.Құрылымы
3.Түрлері
4.Қалыптасу тарихы
5. Қазақ ертегілерінің қалыптасуы
6.Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ертегилердің шығу тарихы.docx

— 52.26 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі                                 Қарағанды «Болашақ» Академиясы                                                                             Қазақ тілі және әдебиет кафедрасы

 

 

   

 

Реферат

Тақырыбы:Ертегілердің шығу тарихы                       

 

 

 

                                                      

                                

                         

 

                                    Орындағандар: К-14-1 тобының студенті                       Тұрсынбай Б.Б.         

                                                       Тексерген: аға оқытушы Шутенова С.С

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2015ж

       Жоспар:

1.Мақсаты

2.Құрылымы

3.Түрлері

4.Қалыптасу тарихы

5. Қазақ ертегілерінің қалыптасуы

           6.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Мақсаты

Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.

Құрылымы

Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

Түрлері

      Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1)жануарлар туралы ертегілер; 
2)қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 
3)хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; 

Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. 
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.

Қалыптасу тарихы

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.

Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.

Қазақ ертегілерінің қалыптасуы

  Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғылым зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «Дала уәлаятының газетінде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды. 

Қиял-ғажайып ертегілері 

Бұл топқа қосылатын ертегілер көбінше көне замандар айғағы, барлық ертегілер тобының ішінде аса ескі заман ұғым-нанымдарын, тұрмыс-болмыстың ең көне түрлерін көрсететін әңгімелер. Бірақ туысында ерте замандар туындылары болғанымен, әрине, бергі кейінгі замандарда айтылу, қолданылу арқылы сол кейінгі соңғы замандар әсерлерін жұрнақ-жұғындарында әңгімелік құрылысына, идеялық мазмұнына, тіл, түр ерекшелігіне соңғы үстемелер, қоспалар есебінде ілестіре жүрген ертегілер болады. 

Бұл алуандас ертегілердің ең көне арғы түбі халықтың мифтік ұғым-нанымдарымен байланысты түрде туған. Дүниенің жаратылыс сыры, адам тұрмысы мен ертеде иланған көп құдайлары, қас ие, дос иелері жөнінде неше алуан бұлдыр-долбар сырлы қиял-ғажайып ұғым-нанымдар жасап алып, ерте күндегі халық соны дін және білім есебінде тұтынған. Табиғатты нақтылы, деректі білім ұғымымен баурап танып алғанша, адам ең болмаса қиялмен танып меңгеріп, табиғатқа өз ықпалын жүргізуді арман еткен. Бұл турада К.Маркс айтуынша: "Әрбір мифология табиғат күштерін қиял бойынша жеңіп, бағындырып, дегеніне жүргізеді, сол қиял арқылы баурайды. Олай болса, сол табиғат күштерін анық шынымен жеңіп алған заманда ол мифология жоғалады", - деген. 

Қазақ халқының да жаңағыдай табиғат пен адамның шарпысу шартында туған қиялдық, мифтік түсініктері - сол ертегі, аңыз әңгімелер түрінде туып тараған. Ол ертегіге заманның білімімен жалғас ең алдымен қоғамдық тартысы да, күштісінен көпшілігінің көретін қиянат, зұлымдық-зорлығы да және халықтың әділет, арман туралы ұғым-нанымы да түгел жиналған. Сол күндегі адамның шама-шарқына қарай құралған, өзінше асыл қазынасы болған. Жаңағы аталған қиял тудырған көркем ұғым-нанымдарының өзінің де негізінде затты, тіршілікті, нақтылы болмыстың белгілі елесі, сәулесі болатынын және де есте тұту керек. Сол қиял-ғажайып ертегілерінің өзіндегі қиялын да A.M. Горький деректі затты болмыстан туған деп бағалайды.  

Аяғына тас байлап жүгіріп, безінген киіктердің алдын орайтын желаяқ адам да осы тектен туған. Ер Төстікке серік болатын көреген батыр, естігіш батыр, таусоғар - бәрі де адамның сол бір ұлы армандарын білдіреді. Сыры жат табиғаттың, жер мен аспанның көзге көрініп тұрған белгілі қабатынан өтіп, "Ішін шарласам, сырын ақтарсам, бермесін алсам" деген ізденгіш, өршіл ойын танытады. Сондайлық алға бастар асыл тілекті, жалпы адамзаттың тілегін іздетіп, ерді кездіріп отырған құр еріккеннің ермегі емес. Кейін адам қауымын нақтылы білімге, өнер табысқа, Горький атаған техникалық прогреске жеткізген ізденгіш ойдың түртініп, тімтініп жүрген ерте шағы сол қиял-ғажайып ертегілерінде туған. Ертегі осындай қазынаны сақтаған. Және сол талапқа беттеген ерлерді қатты мадақтаған. "Жүрген аяққа жөргем ілінеді" деп, сол сүйген жандарды қайтыс сапарда неғұрлым табысын мол етіп қайтарады. Жер астына түскен ер бірде алтын, гауһар күреп қайтса, тағы бірде асыл ару құшып, мәңгі "мұрат-қасыл" етіп қайтады. Қиял ертегісі - адамзат туралы, адам қуаты туралы қасиетті ой ойлаған шынайы үмітшіл әңгіме. Сондықтан ол өзінің еліне "іздесең - табасың, алыссаң - аласың" деумен қатар, жабайы жайын табиғатқа шұлғи берме дейді.  

Табынып, бағынып жүрсең де, дүниенің көп күшімен алысып-арпалыс дейді. "Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау" дегенді жұмбақ табиғаттан қорқа жүріп-ақ адамзат ерте аңғарған. 

Осындай совет фольклористикасының ғылымдық тірек ететін негізді көзқарастарын ескере отырып, қиял-ғажайып ертегілерінің ішінде қазақ халқы айтатын көне түрлерін айтсақ, бұлардың ең ескілері - аңшы-мергендер жайындағы ғажайып-қиял ертектері болу керек. Бұлар: "Еділ-Жайық", "Құламерген", "Жерден шыққан Желім батыр", "Аламан мен Жоламан", "Күн астындағы Күнекей" сияқты ертектер. 

Қиял тудырған жануар затынан: "айдаһар, жеті басты жылан, қарақұлақ қорқау қасқыр, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік" сияқтылар қатынасады. Бұлардың бір тобы ертегінің еріне дос болып, бір тобы ұдайы қас күш есебінде әрекет етеді. Жалғыз көзді жалмауыз, жеті басты жалмауыз, мыстан кемпір, айдаһар, жезтырнақ сияқтылар -  үнемі айнымас жаулар. 

Алып қара құс, тұлпар ат және неше алуан тоқпақ, кездік, қазан, жүзік, айна, дастарқан, қырық құлаш семсер сияқты заттар ердің көмегіне, керегіне әрекет етеді. Осылай екі жар болып бөлінген ғажайып жан иелері мен зат бұйымдар арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетін бір алуан қиял кейіпкерлер бар. Олар: алыптар, таусоғар, көлжұтар, желаяқ, саққұлақ сияқты бір топ жандар және осылардай екіұдай атқара жүретін жылан патшасы, басы алтын киік, жады кемпір, жұмбақ жар сияқтылар болады. 

Ертегіде кездесетін жоғарыда айтылған адамға қас күштер турасында, оларды тудырушы себеп жайында Горький шешу айтады. "Көне ертегілердің геройлары сорақы, сұмырайлар, Жалғыз көзді Лихо, Өлмес Кащей, Жалмауыз кемпір сияқтылар болады. Бұлардың бәрі де табиғатқа құдіреті жүретін ерекше күш иелері және өздері адамға өзгеше қас-ызалы. Осыларды кім тудырған, бұлар қалайша араласқан және бұлар кімді қорқытады, ол арасын айыру қиын, бірақ, мөлшермен болжағанда жасырын білімнің қуатын билеуші осы сұмырайлар оқиғаларға араласқанда әдейі қорқыту, шошыту үшін араласатын сияқты", - дейді. 

Қиял ертегісінің үлгі, өнегесі бойынша жаңағы айтылғандай қауымға қас қара күшті де баттитып, жиренішті, өрескел етіп, ірі бейнеде суреттейді. Сонда қазақ ертегісі суреттейтін "жалмауыз" бейнесі ерекше қызық, өзінше, Горький айтқандай, реалдық болмыстан туған терең сырлы боп көрінеді.  

"Еділ-Жайық" ертегісінде батыр  барып тұтқынға түсетін, тосып  тұрған ажалдай кезігетін жалмауыз  қандай өзгеше! Оның қалың дәулеті бар. Дәулет болғанда, бұл қоралы қой иесі бай, өзі бір өлкеге жан баласын бастырмай, жалғыз баурап, жалмап жатқан бір обыр. Баққан қойынан ішіп-жеп қызық көрмейді, тек қана көзі тоймай, көбейтіп өсіре бермек. Және сол малымен өзі де бірге өріп, бірге жусайтын, қойымен бірге қуыс тасты аңша мекен ететін үлкен бір дүлей болып шығады. Сөйтіп тұрып өзінің жейтіні - адам еті. Әсіресе жеріне, шегіне басқан адамзаттан аяп қалар қастығы жоқ. Осы кім? Малқорда, құлқыны бұзық, сараң, зорлықшы Қарынбай, Шығайбай, Қарабайлардың ертегілердегі анық арғы түбі, тегі емес пе? Адам қауымында зиянды өзімшілдікке басқан, еңбек елін қанаушы топтан шыққан жауыз, жыртқыш жандарға ертегі тілімен, шебер бейнелеу жолымен жасалған сын - жиреніш сын осы емес пе? 

Информация о работе Ертегілердің шығу тарихы