Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 14:35, доклад
Елорда төрінде Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ел болашағын екшейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын қабылдады. Еліміз тағы бір тарих беттерін парақтап, жаңа дәуірге аяқ басты. Елбасымыз «1991 жылы 16 желтоқсанда біз, Қазақстан халқы нық сенім-мен егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды» деген болатын. Шүкіршілік, кешегі мен бүгінімізді, ертеңіміз бен болашағымызды саралай алсақ, әлемнің өзге дамушы елдер арасында елеулі экономика, саяси тұрақтылық, болашаққа ядролық қарусыз, қауіпсіз мемлекет, дамыған инфрақұрылымы жағынан ерекшеленсек, ол сөз жоқ, өзіне деген сенімі мен күш-жігері мығым жан Елбасымыздың арқасы.
ЖАҢА СТРАТЕГИЯ - ЖАҢА БАҒЫТ
Елорда төрінде Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ел болашағын екшейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын қабылдады. Еліміз тағы бір тарих беттерін парақтап, жаңа дәуірге аяқ басты. Елбасымыз «1991 жылы 16 желтоқсанда біз, Қазақстан халқы нық сенім-мен егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды» деген болатын. Шүкіршілік, кешегі мен бүгінімізді, ертеңіміз бен болашағымызды саралай алсақ, әлемнің өзге дамушы елдер арасында елеулі экономика, саяси тұрақтылық, болашаққа ядролық қарусыз, қауіпсіз мемлекет, дамыған инфрақұрылымы жағынан ерекшеленсек, ол сөз жоқ, өзіне деген сенімі мен күш-жігері мығым жан Елбасымыздың арқасы.
Бүгінгі жаһандану кезінде, ғылым мен білім сағат санап дамып, кешегі нәрсе бүгінге, ал бүгінгі нәрсе ертеңге жарамай қалып жатқан тұста бүгінгінің өткір де өзекті мәселес і- дін жайы да Елбасы назарынан тыс қалмады. Қазіргі таңда қоғамда белең алған илләһи діндердің атын жамылған жалған сенімдер, елдің күретамыры- жастардың санасын улап, ел ішінде іріткі салуды көздеуде. Тіпті кей тұста ақ пен қараны ажыратып алудың өзі қиынға соғуда. Олардың негізгі мақсаты елдегі саяси тұрақтылық пен ішкі бейбітшілікті жою. Жасыратыны жоқ, біз өзгеге еліктегенді жақсы көреміз. Әсіресе, жастарымыздың санасы тез құбылып, батыстың қызылына көп қызығады. Оның алдын алу үшін бізге өзіміздің діни, рухани, мәдени дәстүрімізді жаңғыртуымыз қажет. Сол арқылы ұлттық сана күшейеді. Ал, сана барлық құндылықтың тұтқасы.
Сондай-ақ, Жолдауда көтеріл-ген тағы бір басым бағыттардың бірі тіл саясаты және тілдердің үш тұғырлығы. Тіл саясаты ұлттың негізгі біріктіруші күші десек, бұл бағытта қызмет ету өзін «қазақпын» деп санайтын әр азаматтың негізгі міндеті болуы тиіс. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Сондықтан, оған бей-жай қарамайық» деп атап көрсеткен Елбасымызға біздер сын сағаттарда қолдау көрсетуіміз керек. Кешегі болашағымызға балта шаба жаздап, дініміз бен ділімізді, тілімізді ұмыта жаздаған қиын кезеңді бір сәт естен шығармауымыз керек.
Сондықтан біз, сан тарих тарауын бастан кешірген батыр халықтың ұрпағы, тәуелсіз елдің ертеңі азат ойларымыз бен кемел білімімізді бір ғана Отанымыз, тәуелсіз еліміздің даму жолында сарп етуіміз керек. Сонда ғана еліміз ұлы тарих иесі атанып, ата-баба аңсаған тәуелсіздіктің шыңын бағындырып, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жететініміз айдан анық.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған
дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында
жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында
алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың,
азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің,
өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық
беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз
болды.
Еліміздің 21 жылда айтарлықтай
жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем
алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды.
Қуатты да табысты мемлекетіміздің демократияландыру
мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі
әлеуметтік этностық және діни топтардың
келісімі мен татулығы, халықаралық еңбек
бөлінісіндегі біздің роліміз, қоғамдық
тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз
ететін күшті әлеуметтік саясат ұстанған
әлемдік қоғамдастық таныған ел екеніміз,
ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі
біздің белсенді рөліміз бен 1997 жылғы
жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының
15 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы
қорытындыланды.
Сонымен қатар алдағы
ХХІ ғасырдың жаһандық он - сын қатері
деп: – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық
демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық
азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер,
судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық
қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы,
үшінші индустриялық революция, үдей түскен
әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз
құндылықтарымыздың дағдарысы, жаңа әлемдік
тұрақсыздық қаупін атап өтті.
Президент Қазақстанның
қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге
жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі
кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады.
Жаһандық экономиканың
кіндігі Азия-Тынық мұхиты өңіріне жедел
ауысып барады, деп жалғастырды өзінің
сөзін Президент. Бүгінде біз «Қазақстан
-2030» Стратегиясын қабылдаған сәттен мүлдем
басқа жағдай мен мүмкіндіктерде өмір
сүріп отырмыз. 2050 – бұл қазіргі кезде
әлемдік қоғамдастық бағыт ұстанып отырған
нақты мерзім. Біздің нақты мақсатымыз
– 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған
30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап
өтті Қазақстан басшысы.
Бұл үшін бізде барлық
мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар,
жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.
Елбасымыздың сөзіне қарағанда,
осыдан 15 жыл бұрын қабылданған 2030 Стратегиясы
кеңестік кезеңнен кейінгі ретсіздік
түпкілікті ескерілмеген, Оңтүстік-Шығыс
Азия елдері мен кейбір өзге де рыноктарды
дағдарыс қалтыратып тұрған шақта қабылданған
болатын. Соған қарамастан, Қазақстан
2012 жылы ІЖӨ көлемі бойынша планетамыздағы
дамыған 50 елдің қатарына кіреді.
Ел басшысы өз сөзін «Біз
бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті
қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді
«Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050»
Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы
буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының
көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі
буынның ерен істері және жас ұрпақтың
жасампаздығы арасында сабақтастық болса
ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады.