Жалғау, жалғау түрлері және оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

Тілімізде сөйлем ішінде сөздерді бір бірімен байланыстырып, нәтижесінде айтылатын ой түсінікті, мағыналы болып шығу үшін аса қажетті қосымша категорияның бірі - жалғаулар. Жалпы жалғаулардың ортақ бір ерекшелігі - жалғанған сөздерге грмматикалық мағына үстеп, форма жағынан өзгерткені болмаса, өз алдына дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан жеке қолданылмайды, әрі тұлға жағынан тұрақсыз.

Вложенные файлы: 1 файл

Коптик жалгау.doc

— 53.00 Кб (Скачать файл)

Жалғау, жалғау түрлері және оның ерекшеліктері

 

Тілімізде сөйлем ішінде сөздерді бір бірімен байланыстырып, нәтижесінде айтылатын ой түсінікті, мағыналы болып шығу үшін аса қажетті қосымша категорияның бірі - жалғаулар. Жалпы жалғаулардың ортақ бір ерекшелігі - жалғанған сөздерге грмматикалық мағына үстеп, форма жағынан өзгерткені болмаса, өз алдына дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан жеке қолданылмайды,  әрі тұлға жағынан тұрақсыз. Олардың тұлға жағынан тұрақсыз болуы, қазақ тіліндегі сингармонизм және үндестік заңдылығына байланысты тек қана жуан не жіңішке түрде ғана емес, бірде қатаңнан, бірде ұяңнан не үндіден басталуынан. Жалғаулар тұлға-тұрпаты шексіз деуге болмайды. Мысалы, барыс септігінің жалғаулары: -ға, -ғе, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е түрінде келуі түбір тұлғаның соңғы дыбыстарына, сингармонизм заңына байланысты. Мұнан басқа қай жалғаулар болмасын басқа варианттары болмайды. Жалғаулар жұрнақ секілді сөздің лексикалық мағыналарын өзгерте алмағанымен, оның  жалғану аясы кең. Мәселен, жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш  болатын бүкіл сөз таптарына жалғанып, сөздерді түрлендіре алады.

Сонда жалғаулар сөздерді байланыстыру жолында өзгертіп, түрлендіретін, грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып табылады. Жалғаулар да сөз құрамындағы жеке морфемалық бөлшек бола отырып, сөздер арасындағы әр алуан қатынастарды, түрлі грамматикалық мағыналар үстеу жағынан, яғни қызметі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді: көптік жалғау, септік, тәуелдік және жіктік жалғау.

 

 

Көптік жалғаулар

 

Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер  арқылы көптік категориясы жасалына береді. Мәселен, тіліміздегі қайсыбір сөздердің беретін лексикалық мағынасынан-ақ көптік ұғымдар бары көрініп тұрады. Мұндай сөздерге түбір күйінде тұрып-ақ жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай, су, тұз, ұн т.б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т.б., белгілі бір хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды білдіреді. Мысалы, біздің ауылда қасқыр жеткілікті. Сол секілді: қоян, шегіртке, қой, жылқы, қоңыз, аю т.б.; қоғамда кездесетін түрлі ұйымдар, әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм, феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т.б. құстар атаулары да көптік ұғымда қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт т.б.  Мысалы: Бүркіт - негізінен таулы жерлерде өмір сүретін құстың түрі. Дәл осы секілді күнделікті мерзімді баспалардан шығатын газет-журналдар аттары: «Жұлдыз», «Жалын», «Замандас» т.б.; адамның жас ерекшеліктері, түрлі ішкі құбылыстар, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекет және күй-жайлардың т.б. атаулары: жастық, кәрілік, қуаныш, ақыл, түс, жүріс, еріншектік, жалқаулық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік т.б., қысқасы, көптік категорияға байланысты сөздердің лексикалық мағынасы сараланып кете береді, біз оның қайсыбіреулерін ғана сөз еттік, тіпті күнделікті қолданылып жүрген құрал-жабдықтардың,  құрылыс материалдарының жекелеген атаулары да көптік ұғымда жұмсала алады. Мысалы: Үй салу үшін алдымен кірпіш, тақтай жинау керек дегенде бір ғана кірпіш не тақтай туралы емес, әңгіме көп зат турасында болып отырғаны белгілі.

Сөйтіп, жоғарыдағы айтылған мәселелерді  сөздердің лексикалық тәсіл арқылы көптік мағынаны білдірудің бір жолы деп қорытынды жасауға болады.

Сол секілді  синтаксистік тәсіл арқылы да көптік ұғымын беруге болады. Мәселен, кейбір  сан есімдер (реттіктен басқа), немесе: көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар  сықылды сөздердің тіркесулерінен де көптік ұғым жасалынады: он ешкі, бес оқушы, жүздеген студент, бірсыпыра киім, әлденеше кісі,  көп қағаз  т.б.  

Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруі лексикалық-синтаксистік тәсіл деп қараған жөн болады», - дейді  А.Ысқақов («Қазіргі қазақ тілі», Алматы, 1974, 41-б.)  Мысалы: бала-шаға, ыдыс-аяқ, іс-әрекет, ата-ана, көрші-қолаң  т.б. 

Сонымен қатар, көптік ұғым тілімізде  морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге –қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. Бұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады.  Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі –ымыз –ым және –ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді.  Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.

     Ал бұл қосымшаға  қарағанда -ң (-к) формалары ашық райдың жедел өткен шақтың бірінші жағында (көрді-к, тартты-қ), шартты райдың көпше түрінің бірінші жағындағы жіктік жалғауы (келсе-к, барса-қ) әрқашан көптік мағынада қолданылады. 

     Дегенмен бұл аталған  көптік ұғымын білдіре алатын қосымшалар қайсыбір сөздерге ғана болмаса, жалпы көптік ұғымын туғызуда қолданылатын актив формалар емес. Қазақ тілінде көптік категориясының негізгі қосымшасы көптік жалғау деп аталатын -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) қосымшалары. Негізінен, әрине, көптік жалғауы –лар формасы қалғандары оның варианттары болып есептелінеді, ал мұнша варианттары тіліміздегі үндестік, сингармонизм заңына байланысты екені аян.

       -лар қосымшасының бір ерекшелігі – тек зат есімге ғана емес, жалпы субстантивтенетін сөз таптарына әрі етістіктің жіктелетін екінші жақ формаларына, есімшеге де жалғанып, көптік ұғымын туғыза алады (семантикалық, стильдік қызметін өздері оқиды).

     Көптік жалғаудың  (-лар) қолданылатын негізгі грамматикалық ерекшелігі төмендегіше:

     1. Көптік жалғау негізінен түбірден соң жалғанады: бала+лар, студент+тер   т.б.

     2.  Егер сөйлем құрамындағы бірыңғай мүшелерге жалғанса әр мүшеден соң немесе стильдік мақсатта соңғы мүшеге жалғануы ықтимал: қатты толғанғанда жүйрік қаламынан небір өлеңдер, небір әндер қағаз бетіне маржандай тізілетін («Замандастар»). Нақ осы сөйлем құрамындағы көптік жалғауын бір-ақ рет қолданып та көптік ұғымды туғызуға болады: небір өлең, әндер 

     3. Сөйлемде  көптік формада тұрған бастауышпен  (жіктеу, жалпылау есімдіктерінен) баяндауыш  та көптік формада қиысады: Сендер келіңдер, жалпы келіңдер.

     4. Көптік  жалғау дербес сөз бен көмекші  сөз тіркесіп келгенде көмекші  сөзге жалғана береді: осы сияқты+лар, мына неме+лер,  күші бар+лар  т.б.

     5. Көптік  жалғау түбірден соң жалғанатынымен,  кейде қажетіне орай түбір мен жұрнақтың көнеленген форма аралықтарында қолдануы ықтимал: бұзық+тар+ша, біз+дер+дей, аға +лар+ы+ндай, сен+дер+дікі, мұғалім+дер+дікі, солар+ дағы  т.б.

     Ал тәуелдік  категориясы - иеленуші үш жақтың  біріне бір заттың меншікті  екенін білдіретін тілдік құбылыс.  Қазіргі тілімізде меншікті білдіретін категория мына секілді тәсілдер арқылы іске асады (тәуелдеу категориясы): морфологиялық, синтаксистік және морфосинтаксистік. Синтаксистік, яғни аналитикалық тәсіл сөздердің тіркесінен біз, сіз ілік септігіндегі есімдіктер мен түбір күйінде тіркескен, яғни анықтауыш пен анықталушы мүшелер тізбегі арқылы жүзеге асқан амалдың түрі.  Мысалы, біздің көше,  сіздің аудан (сіздің аудан биыл өзгеріпті). 

     Ал тек  есімдік қана емес, басқа да  сөз таптарының ілік септігінде  келіп (анықтауыштың), анықталушы сөз тәуелдік жалғауда келсе, яғни әрі морфологиялық, әрі синтаксистік тісілдердің қабаттаса келуі аралас (морфосинтаксистік) тәсілге жатады:  ауылдың малы, көлдің балығы т.б.

     Морфологиялық  тәсіл нәтижесінде жасалынатын  тәуелдеу категориясы екі түрлі қосымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің)  жалғауы арқылы туады.

      -нікі меншіктік жұрнақтың мына секілді ерекшеліктері бар: а) меншіктелетін зат иеленушіден бұрын қолданып, басым көпшілігінде бастауыш қызметінде тұрады (бұл қалам менікі), ал субъект баяндауыш болады, ә) –нікі қосымшасы белгілі бір жаққа телулі болмайды. (кітап менікі, сенікі, онікі т.б.),  -нікі қосымшасы тілімізде өте көнеден келе жатқан тілдік құбылыс, ол ілік септігінің -ның (-нің т.б.) және, –кі (-қы, -ғы -гі) жұрнақтарының бірігуінен пайда болған  (Томанов М. Тарихи грамматика. Алматы, 1988).

     Ал заттың екінші  бір затқа тәуелді екенін білдіретін  қосымша категория тәуелдік жалғау болып табылады. Тәуелдік жалғау қазақ тілінде зат есімге қатысты болғанымен, сөйлем құрамында субстантивтенген басқа сөз таптарына да жалғана береді. Мысалы: бесеуі, жаманы, үлкені, сынғаны, ертеңі т.б. Әдетте тәуелдік жалғауы өзінің тіркесетін алдыңғы сөздің ілік септігінде (жіктеу есімдіктерінің) тұруын талап еткендіктен де, олардың жақ жалғаулары жіктеу есімдіктерінің жақ жалғауларына сәйкес келіп отырады: менің үйім, сенің үйің, сіздің үйіңіз, оның үйі. Сонда тәуелдік жалғаудың жақ көрсеткіштері мына секілді болады: І -м, ІІ -ң (-ңыз, -ңіз), ІІІ -сы, -сі; дауыссыз болса түбір: І   -ым, -ім,  ІІ  -ың,  -ің (-ыңыз, -іңіз),  ІІІ    -ы, -і. 

     Тәуелдік жалғау меншіктілікті  білдіруде затқа қатысты екі  түрлі формада келеді: оңашаланған  және ортақ тәуелдеу. Егер тәуелденуші  зат жекеше формасында немесе біртектес заттар бір ғана затқа, нәрсеге меншікті болса, оны оңашаланған тәуелдеу дейді. Оңаша тәуелдеуде түбірге, туынды түбірге, көптік жалғаулы сөздерге тәуелдік жалғау мына секілді көрсеткіштер арқылы жалғанады: -ым, -м, -ң, -ың, -ің, -сы, -сі, -ы, -і.  Мысалы: бөлмем, бөлмелерім; бөлмең, бөлмелерің; бөлмеңіз, бөлмелеріңіз; бөлмесі, бөлмелері т.б. Немесе керісінше де болуы ықтимал, мәселен, зат я құбылыс бірнеше затқа, ұжымға  немесе бірнеше зат я құбылыс ортақ болып тәуелденсе, оны ортақ тәуелдеу, коллективті формасы деп атайды. Ортақ тәуелдеудің көрсеткіштері мыналар: -мыз, -міз, -ымыз, -іміз; -ыңыз, -іңіз; -сы, -сі; -ы, -і. Мысалы, бөлмеміз, бөлмелеріміз, бөлмеңіз, бөлмелеріңіз; бөлмесі, бөлмелері, бірақ бір ескеретін жағдай – егер зат жекеше формасында ортақ тәуелденсе, яғни көп затқа, нәрсеге, құбылысқа тәуелді болған жағдайда екінші жақтың арнайы формасында тәуелденбейді. Мәселен, сендердің бөлмең деп айтпаймыз, айтылатын болса, көптік жалғауы қосылуы қажет, әйтпесе стильдік қатеге ұшырайды.         

       Тілімізде меншікті  білдіруде кейде бірнеше формалар  сөздер тіркесінде бір мезгілде  де келе беруі ықтимал, ондай  жағдайда меншік категориялы  сөздер  деп атайды. Мәселен, менің үйім сенікі, сенің үйің менікі дегенде ілік, тәуелдік жалғау және –нікі меншіктілік жұрнақты қолданып отыр. 

     Тәуелдік жалғаулы  сөздер зат арасындағы тек  меншіктікті ғана емес  табиғи  байланыс қатынастарын да аңғарта  алатындықтан, кейде жіктеу есімдіктері  түсіріліп те айтыла береді: ұлым, әкем дегенде менікі екені онсыз да түсінікті,  қажет емес.

    Тәуелдік жалғау, негізінен,  ілік жалғаулы сөзбен тіркесуді  талап етіп, ашық түрде келуін  грамматикалық тәсіл деп атайды  да, ол матасу тәсіліне жатқызылады.  Мысалы:  Еріншектің ертеңі таусылмас (мәтел).

     Сол сияқты тілімізде  сөздер матаса байланысқанда,  бейтараптылық, анықтық секілді  категорияларға байланысты ілік  жалғауы да түсіріліп айтыла  береді: ауыл адамы, көпшілік малы, үй қабырғасы т.б. Тіпті мұндай байланысу аморфтық-синтетикалық тәсіл арқылы да жүзеге асады: қол сағат (қолдың сағаты),  темір күрек (темірдің күрегі), ас қатық (астың қатығы)  т.б.   Сонымен қатар, тәуелді жалғаулы  сөз (өздік

есімдігінен басқа) қай жақта түрғанына қарамастан баяндауышпен қиыспайды: әкем келді, әкең келді,  немесе өзім келдім, өзің келдің, өзі келді.

     Тәуелдік жалғау орын  тәртібінде негізінен көптік  жалғаудан соң басқа да жалғаулардың  алдында келеді. Бірақ түрлі стильдік  мақсаттарды кейде ол көптік  жалғауынан бұрын, тіпті түбір  мен жұрнақтың арасында да  келе береді: аналарым, апа-м-дар; әкелерім, әке-м-дер; аға-м-ша, апа-м-ша т.б. 

     Ал тәуелдік  жалғауы тілімізде экспрессивті-эмоционалды  сөз ретінде әрі түрлі стильдік  мақсатта жиі қолданылатын грамматикалық  категория. 

     Мәселен,  тәуелдік жалғауы меншіктен өзге: а) заттың қолдану мақсатын: ұйқының дәрісі; ә) ұлттық ерекшеліктер: қазақ тілі, ағылшын флоты; бүтіннің бөлшегі: ағаш жапырағы, материалдық текті: етіктің былғарысы; заттың неден жасалынғанын: бидай наны; сапалық белгі: құстың қыраны т.б.


Информация о работе Жалғау, жалғау түрлері және оның ерекшеліктері