Латын және ұлттық тілдердің медицина тарихындағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 13:48, реферат

Краткое описание

Римнің ежелгі жазу ескерткіштерінің көбі жоғалған, олардың мазмұны туралы пікір тек ежелгі авторлардың шығармаларында кездеседі. Ежелгі Римде медицинанның дамуына ерекше көңіл аударды. Тит Лукреций Кардың 6 кітаптан тұратын «Табиғи заттар» трактаты сол уақыттағы энциклопедия және Рим халқының философия, медицина, табиғат білімі саласында алдыңғы көзқарастарды бейнелейді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады.

Вложенные файлы: 1 файл

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті - копия.docx

— 33.89 Кб (Скачать файл)

Қарағанды мемлекеттік  медицина университеті

Қазақ тілі және орыс тілі кафедрасы

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013

 

Римнің ежелгі жазу ескерткіштерінің көбі жоғалған, олардың мазмұны туралы пікір тек ежелгі авторлардың  шығармаларында кездеседі. Ежелгі Римде  медицинанның дамуына ерекше көңіл  аударды. Тит Лукреций Кардың 6 кітаптан тұратын «Табиғи заттар» трактаты сол уақыттағы энциклопедия және Рим халқының философия, медицина, табиғат  білімі саласында алдыңғы көзқарастарды  бейнелейді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте  өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің  мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады. Кейбір ауруларға өте  дәл сипаттама береді. Лукрецийдің  алтыншы кітабында жұқпалы аурулар, олардың пайда болуы туралы баяндалады да аурудың пайда болу концепциясын ұсынылады. Ол су, тамақ және басқа  заттар арқылы жұғу мүмкіншілігі бар  екеніне назар аударады, өзіне  айқын емес нұсқауларды белгілеу арқылы, инфекция туралы айтады. 
 
Рим медицинасы туралы толық мағлұмат Авл Корнелий Цельс еңбегінде беріледі. Оқыған және бай адам Цельс өзіне аудармашыларды тартып, энциклопедиялық «Өнер» күнбезін құрды, осында әр түрлі білім саласындағы кітаптар болды. Еңбектердің едәуір бөлігі құрып кетіпті, бізге жеткені «Медицина туралы» деген атпен VI-XIII кітаптары. Онда гигиена, патология, терапия және хирургия білімдері туралы баяндалған. Цельс ежелгі гректер, александрлықтар және үнді дәрігерлерінің еңбектерін толық қарастырып талдап қорыттынды жасаған. Әсіресе Цельс хирургияға көп көңіл бөлген, өзі де дәрігерлік тәжрибемен айналысқан, құлдарды емдеген. Оның трактаты медицина терминологиясының дамуына өте маңызды табыс енгізді, ал шығармаларының тілі – классикалық. Плинийдің айтуы бойынша, бұл «алтын латын тіл» заманы.  
 
Ежелгі дәуірдің дәрігері Галеннің арқасында медицина қызметінде дуализм жарық көрді. Клавдий Гален Пергане қаласында атақты архитектор Никонның жанұясында дүниеге келген. 17 жастан бастап медицинамен айналысқан, Перган, Коринф, Афина және Александрияда білім алған, біршама тілдерді біліп, көп саяхаттаған. Перганға оралғанда бірнеше жыл бойы гладиатор мектебінде дәрігер боп жұмыс жасайды. Гладиатор көтерілісінен кейін Гален Римге көшіп келіп, лекциялармен, медицина тәжрибесімен белгілі болған. Гален медицина саласындағы 125 еңбектің авторы (бізге тек 80 жетті). Ең маңыздысы: «Адам денесіндегі бөліктердің қызметі», «Анатомия туралы», «Терапевтік әдістер», «Ауру денелердің бөлшектері», «Дәрілердің құрамы туралы». Галеннің бірнеше еңбектері «Гиппократтың жинағымен» таныстырды. Гален Александрияға келгенде, онда адамдар мүрдесімен жұмыс істеу тоқтатылғандықтан, ол маймылдар, шошқалар, иттер мен тағы басқа жануарларды зерттеумен айналысты. «Анатомиялық бұлшық еттер туралы» трактатта 300 бұлшық ет бар екені баяндалған, олардың ішінде адамдарда болмағандары да бар. Галеннің анатомия жүйесін, сүйектерді, сіңір, бұлшық еттерді, ішкі мүшелерді, әсіресе жүйке жүйесін сипаттауда қызметі зор. Ол бас миы және жұлын бөлімдерінің құрылысын түсіндірді. Жүректің анатомиялық құрылысын, күре тамырдың ағу жолын дұрыс түсіндірді. Жүректің қоршауын қанға өткізгіш деп санады. Бұл дұрыс емес көзқарас XVI ғасырға дейін дұрыс деп саналды. 
 
Гален дәрігерлік тәжрибемен кең шұғылданды, тәжірибелі хирург болды және анатомияның фундаменті хирургия – деп санады.Галеннің айтуы бойынша, механикалық және физико – химиялық табиғи шикі зат өңдеу арқасында, бірнеше дәрі – дәрмек тобы пайда болады, бүгінгі уақытқа дейін дәрі – дәрмектер «Галеннің препараты» деп аталады. 
 
Галеннің шығармалары Еуропа медицинасының біліміне негіз болды.Галеннің мағынасын бағалау қиын. Жалықпайтын зерттеуші, зерттеу анатомиясының негізін салушы, хирург. Гален әлемнің ең атақты дәрігері. Ежелгі рим медицинасы туралы грек және латын эпиграммалары айтады, олар қысқа, бірақ мағынасы жағынан бай өлеңдер, дәрігердің қызметін көрсетіп сипаттайды. 
 
Ежелгі рим қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының бізге тарихи маңызы зор, олар ежелгі халықтың өмірін, тұрмысын көрсетеді, бізді қолөнер кәсібімен және білім саласымен таныстырады. 1771 жылы Помпей қаласында, 1893 жылы Бадан қаласында (150), ал 1925 жылы Бингене қаласында медициналық саймандар табылды. Медициналық саймандар бұрынғы КСРО аймағында да табылды. Ерте кезеңдерде-ақ дәрігерлік жұмыс дербес мамандыққа айналды. Храмдық медицина жаппай даму алды, ал дәрігерлік міндетті абыздар орындады. Жоғары сатыға жеткен Ежелгі Грецияның медицинасы дінге табынатын дәрігер Асклепий мен оның қыздарының бейнесін тапты: Гигия – денсаулықты сақтаушы және Панания – дәрігерлік істің қамқоршысы, әйгілі Ежелгі Грецияның дәрігерлік өнері Рим медицинасының дамуына үлкен әсерін тигізді. 
 
Медицина тарихында ежелгі гидро – техникалық құрылыстың маңызы зор, олар Рим империясының аймағында, Еуропада, Азия және Африкада сақталған. Олар атақты аквадуктар, термалар және клоак жүйелері. 
 
Ертеде санитарлық жұмыстардың жүргізілгенін он екі кестелік заң (Закон XII таблиц) дәлелдейді. Заңдар XII кестеде жазылып, Рим сенатының алдында бағаналарда ілулі тұрған. Олардың қысқалығы мен жайлылығы заңгерлерді бүгінгі күнге дейін қызықтырады.  
 

Заң баптардың біразы қоршаған қаланың тазалығына және тұрғындардың денсаулығына байланысты. X кестесінде өлікті жерлеу ережелері анықталады:  
 
1) өліктерді қалада жерлемесін және өртемесін...; 
 
2) өліктің сүйегін жинамасын, тек соғыста болған өлім... 
 
Рим қалаларында VI ғасырдан бастап клоак деген канализацияны істей бастайды. Олардың ішінде ең белгілісі әлі күнге дейін жұмыс істейді, римдік канализациялар жүйесіне кіреді. Клоактар Тибр және По өзендеріне ашылып құйылғандықтан, б.з.д. IV ғасырда осы өзендерден су ішуге рұқсат етілмейді. Жер астындағы қайнарлар және кішкене өзендер қаланың тұрғындарын сумен қамтамасыз ете алмағандықтан, IV ғасырдан бастап Рим қаласында акведуктар – тасты арықтар және жер асты құбырлар тау бұлақтарынан су алу үшін салына бастады. 
 
Акведуктор римдіктердің ойлап тапқаны емес, олар жаулап алу жорықтарында шығыс елдерден пайдалануға алынған. VII ғасырда Асириада 48 шақырым плотина, су қоймалары канал ұзындығындай салынды. Рим суқұбырлары колонияларда қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылды. Осылайша Херсонесте 6 жерасты су құбырлары салынды. Херсонес су құбырының бір жолы әлі де Севастопольге су береді. Ең үлкен акведук Рим қаласында орналасқан. Ең біріншісі 16,5 шақырымдай б.з.д. 312 жылы Аппий Клавдий салған – Аппий акведугі. 40 жылдан кейін ұзындығы 70 шақырымдай екінші су құбыры, б.з.д. 144 жылы үшінші акведук салынды, ол әлі күнге дейін жұмыс істейді. Оның ұзындығы 61 шақырым. I ғасырдың басында Римде ұзындығы 436 шақырымдай акведук жұмыс істеді. Тәулігіне 1,5 млн. литр таза су Сабин тауларынан берілді. Рим империясында күніне бір адам 600-ден 900 литрге дейін су тұтынды. Салыстырсақ көтеріліске дейін Петербургте тәулігіне бір адамға 200 литр су берілді.  
 
Акведуктар заңмен қорғалды, сутартқыштарды әдейі бұзғаны үшін үлкен айып салынды, ал абайсыздықтық салдарынан суқұбырларын бұзған адам қайта жөндеуге міндетті болған.  
 
Римнің гүлдену кезінде суды көптеген мөлшерде тұтынды, оны император сарайына, қоғамдық мекемелерге және көптеген фонтандарға (олар 600-ден аса) бөлді. Жеке үйлерге су жіберілген жоқ. Оны су тасушылардан сатып алуға немесе фонтаннан алуға болды. Үйлерде су болмағандығы кварталдарда канализацияның жоқтығын дәлелдейді, римдіктер «қоғамдық дәретханалармен пайдаланды немесе қалдықтарды көшеге лақтырды». Осы тұста Үндістанның мәдениеттілігінің айырмашылығы үлкен: б.з.д. III мыңжылдықтың ортасында Мохенджо – Фаро қаласында әр үйде сумен жабдықтау жүйесі болды, онымен қатар жуындыны кетіру үшін құбырлар болған.  
 
Рим империясында термалар кең таралды. Оның ескі орындарын Азия, Африка, Франция, Англия мен Римде табылды.  
 
Ең бірінші термалар Рим империясының астанасында б.з.д. III ғасырда Марк Агриппамен салынды, кейбіреулері қаланың халқына пайдалануға берілді. Көптеген бай адамдар көпшілікке танымал болу үшін адамдарға өздерінің салынған моншаларын сыйға тартқан. Сондықтан Римде моншалар тек қана жеке меншікте емес, қоғамдық меншікте болды. Б.з.д. I ғасырдың соңында олардың саны 170 болса, ал б.з. IV ғасырында олардың саны 1000-ға жуық болды.  
 
Римде жуыну салты әдет-ғұрыптың бір түрі саналды: ол белгілі бір уақытта өтетін және оған бір сағат берілетін. Шешінетін жер аподитерий деп аталған, адам демалуына және моншаға үйренуіне тағы бір бөлме берілінетін (тепидарий), кальдариға өтіп алдымен ыстық сумен жуынып, фригадериде суық сумен сергітіледі, осыған спорттық бөлмелер палестра және солярий қосылған. Осындай моншалар тек бай адамдарда болды, олар үлкен көлемде салынды. Қоғамдық суға шомылатын орындар Римде кейін пайда болды және оның саны өсті. Б.з.д. I ғасырда олардың саны 170-ке, б.з. IV ғасырында – 1000-ға жетті. Марциалдың айтуы бойынша, олар тар, қараңғы және лас болған, сол себепті бұндай кемшілектен арылу үшін термаларды салуды императорлар өз қолдарына алады, осы моншаларды әдемілеу үшін қаржы аямайды. Бірінші термаларды қалаға Випсон Агрипп сыйға тартты, 64 жылы өзінің термаларын Нерон салды, 68 жылы Веспасионның, 75 жылы Титтың, 110 жылы Траянның, 120 жылы Адрионның, 188 жылы Каммодтың термалары пайдалануға берілді, 217 жылы Караколлы, 230 жылы Александр Север, 272 жылы Аврелиан, 295 жылы Диоклетион, 324 жылы Константин термалар салдырған.  
 
Рим империясында термалардың көлемдері таң қалдырды. Караколланың термасының ауласы 400х400м көлемге ие болса, орталық комплексі – 150х200м болған. Германияның моншаларының үлкендігі және молшылығы таң қалдырды. Термалар Рим империясының қалаларында да қалашықтарында да кездеседі. Термалардың молшылығы мұражайлардың санына сәйкес келетін болды. Термаларда шешіну, спорт залы, майлармен жағыну, ыстық монша және бассейн бөлмелері болды. Ішкі залдары жазулармен, бағаналармен және сурет өнерімен, мүсіндермен әшекейленді, Асклепия мен Гигиеннің бейнелері жиі кездесетін. Термаларда көптеген антикалық өнердің шығармалары табылды, олар: Геркулес мүсіндері, Фарнес өгізі, Апполон Бельведерстің кеудесі және басқа өнерлер, бүгінгі күні олар әр әлемнің мұражайларында орналасқан. 
 
Рим термалары тек гигиеналық құрылыстар ғана емес, олар қоғамдық және мәдениет орталықтары болып есептелген. Олардың ішінде кітапхана, той, жиналыс залдары болды.  
 
Ежелгі Италияда б.з.д. II ғасырға дейін дәрігерлер болмаған. Халық үйде шөптермен, гимнастикамен және т.б. емделген. Жазушы Марк Порцийдың айтуы бойынша, көпшілік орамжапырақты жараға және іріңдеген жерлерге, бас ауырса басқа, көз ауырса көзге басып пайдаланған. Ежелгі Италияның бірінші дәрігерлері Греция, Египет пен кіші Азиядан әкелінген бас бостандығы жоқ құлдар болды. Әр ақшалы римдік азамат үйінде дәрігер – құлды ұстады. Құл өз иесінің жанұясын және туыстарын емдеп, ал бас бостандығын алғаннан кейін ақшасыз өзінің бұрынғы иесін , оның жанұясын, құлдарын және жолдастарын емдеуге міндетті болған және тапқан табысының жартысын бұрынғы иесіне беріп отырған. Б.з.д. III – II ғасырда Рим империясының астанасында грек дәрігерлері шыға бастады. Бірінші грек дәрігері Рим қаласында Архагат болды. Ол астанаға 219 жылы келіп, қала тұрғындарының арасында сыйлы қадірлі маман ретінде аты шығады. Оған рим азаматының құқығы беріліп, жеке практикасына мемлекеттік үй бөлінді, қызметі көпшілікке танымал болды, дегенмен көп кешікпей ол жасаған хирургиялық операциялар римдіктердің көзқарастарын өзгертті. Юлий Цезарь б.з.д. 46 жылы рим азаматының құқығын Грециядан, Египеттен, Кіші Азиядан келген дәрігерлерге ғана емес, медицина саласында оқыған өз азаматтарына да берді. 
 
Ежелгі Рим әскери медицинасының дамуына үлкен табыс әкелді. Римнің әскері көп дәрігерді қажет етті. Бір когортаның ішінде 1000 адам, оларға 4 дәрігер-хирург ұстау керек еді. 
 
Флотта, әр әскери кемеде 1 дәрігер болды. Әр бөлімдерде deputati деп аталған 8 – 10 адам санитар болды. Атпен жүріп олар соғыс жолында жаралыларды жинады. Әр құтқарылған римдықтың өмірі үшін алтынмен марапатталған. 
 
Жарақат алғандарды жақын қалаға немесе әскери лагерге апарып, онда дәрігерлер, экономдар, сайманшылар және кіші персоналдардың қарамағына тапсырды. Сайманшылар саймандар мен дәрілерді меңгерген, құлдардан құрылған кіші персоналдар ауру адамдарға көмекші ретінде пайдаланылған. Ал ауруға шалдыққан құлдарды көбінесе емдемей, оларды Бартоломей аралына апарып, сол жерде өлуге қалдырып отырған. Әскери медицинамен қатар медициналық іс қалаларда және бөлек қалашықтарда дами бастайды. Архиатрлар, үкімет тарапынан ақша төленіп дәрігерлердің қызметін атқарушылар, пайда бола бастады Сарайларда – archiatri palatine; қалашықтарда – archatri provinciales; қалаларда – archiatri populares жұмыс істеді. Мәлеметтер бойынша, криминалистика да дамыған. Мемлекеттік мектептермен қатар Рим империясында жеке меншік медициналық мектептер де болды. Оның бірін Асклепипиад орнатты. 
 
Біраз уақыттан кейін Римде дәрігерлердің еңбегі бағаланып, олар құқық пен жеңілдіктер алды (соғыс кезінде дәрігерлер мен олардың ұлдары соғыстан босатылды). 
 
Ежелгі Грецияның және Римнің ғалымдары медицинаның дамуына үлкен үлесін қосты. 476 жылы Батыс Рим империясы құлағаннан кейін жаңа тарих – феодализм дәуірі басталды. Греция мен Римнің өркениеті әлемдік мәдиниеттің дамуына үлесін қосты.


Информация о работе Латын және ұлттық тілдердің медицина тарихындағы рөлі