Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 19:08, реферат
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029–1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Махмұд Қашқари
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029–1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды. Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалым бұл кітапта Бағдад оқымыстысы Әбдірахман әл-Басридың (VIII ғ.) «Китабул айни» атты еңбегі негізінде түзген. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А. Абулфатхтың 1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады:
Ат қасқасы ай болмас.
Төрт түлік мал туралы: Су татырмасқа - сүт бер.
"Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы": Ер жігітті қорлама. Үлкенмен керіспес болар. Бар - бақыр, жоқ - алтын.
"Байлық-кедейлік туралы": Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Көсеу ұзын болса - қол күймес.
"Сақтық туралы": Ит - қаппас деме, ат - теппес деме. Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі.
"Аң-құс туралы": Арқадағы жауыр ұлға қалар.
"Жоқтық туралы": Аш - не жемес, тоқ - не демес.
"Тіл туралы": Әдептің басы - тіл.
"Ар-намыс, ұят туралылы": Ұятсызбен ұстаспа.
"Ғылым-білім, өнер туралы": Бақыттың белгісі - білім.
"Бек, хан туралы": Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек.
"Асыл сөз туралы": Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер.
"Адам өмірі туралы": Атаның ұлы - атасына тартып туар.
Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. (Еңбек туралы)
Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. (Қоғам, мемлекет, заман туралы)
Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. (Әйел, ана туралы)
Күндестердің күлі де - күндес. (Күншілдік, қызғаныш туралы)
Жалғыз қаздың үні шықпас. (Жалғыздық туралы)
Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)
Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. (Үрей туралы)
Далада бөрі ұлыса - үйдегі итің бүйірі солқылдар. (Үрей туралы)
Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. (Жақсы мен жаман туралы)
Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. (Байлық-кедейлік туралы)
Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)
Сараң санға қосылмас. (Сараңдық туралы)
Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. (Сараңдық туралы)
Алушы - арыстан, сатушы - тышқан. (Саудагер туралы)
Тәкаппар тақсірет тартырады. (Мінез-құлық туралы)
Ашу қысса - ақылың ғайып болады. (Мінез-құлық туралы)
От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. (Мінез-құлық туралы)
Қылымсығанда - қызыл киеді, Жарамсақтанғанда - жасыл киеді. (Мінез-құлық туралы)
Еркекқұмар әйел ерге жарымас. (Әйел, ана туралы)
Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. (Дәрмесіздік туралы)
«Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. (Ағайын, жұрт туралы)
Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. (Ағайын, жұрт туралы)
Дос адам маңайынды жұмақ етер. (Достық туралы).
3 томнан, 8 кітаптан тұратын бұл еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты. Ол түркітану тарихында тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, диалектология ғылымының негізін салды. Түркі тайпаларының ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығын зерделеу, айтылу, жазылу, заңдылықтарын, қолдану аясына қатысты айырым белгілерін зерттеу ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді пайдаланды. Ауыз әдебиетінің жоқтау («Алып Ер Тоңға өлді ме?»), айтыс («Жаз бен қыстың айтысы») үлгілерін де қамтиды.
Кітапта ерлік істерді мадақтаған, табиғат көріністері мен ғашықтықты жырлаған жыр шумақтары кездеседі. Түркі топырағында Яссауиден басталады деп танылып келген сопылық поэзия үлгілерін Махмұд Қашқаридің сөздігінен табуға болады. Ғалым өз сөздігінде 29 тайпаның этноним, топонимдерін, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.
Кітапты түзуде бірнеше жылын сарп етіп, 1072–1078 жылдары Бағдад қаласында жазып бітірген. Бұл кітап 1997–1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді. Махмұт Қашқаридың «Түркі сөздігінен» басқа «Китап-и-джавахир ан-нахв фи луғат ат-түрік» («Түркі тілдері синтаксисінің құнды қасиеттері туралы») атты еңбегі болған, бірақ кітап біздің заманымызға жетпеген. Ғалым өзінің кітабы туралы «Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді.Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым. «Жинақты» сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем — мәңгілік өмірге біржола жолдама алдым», — деп жазды.
Сонымен қатар Махмұд
Қашқари көне дәуірдегі түркінің әлемдік
қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екі
ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай «Махмұт Қашқари жылы» деп жариялаған болатын.
Пайдаланған әдебиет:
1.Қазақ энциклопедиясы. – Алматы;
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.