Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 13:48, реферат

Краткое описание

Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері Абай мұрасын тереңірек таныту. Адамзаттың алыбына айналған ірі тұлғаның өскен ортасын, Абай төңірегіндегі өнер адамдарын білдіру. Абайдың гуманистік ойларын, эстетикалық көзқарастарын, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетін білдіру. Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтергендігін оқушыларға таныту.Абай шығармашылығын оқыту әдебиет пен мәдениетті ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білуге, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыруға негіз болады.

Содержание

І.Кіріспе


1.1 Абай шығармашылығын оқыту білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе

1.2 Абай шығармашылығын оқытудың мақсаты мен міндеттері

1.3 Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек.

ІІ.Негізгі бөлім:

2.1 Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.
2.2 Абай шығармаларын орта буын сыныптарында оқытудың
ерекшеліктері.

2.3 Абай шығармаларын жоғарғы сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.

ІІІ.Қорытынды

Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең.

Вложенные файлы: 1 файл

Абай жоба 2014ж.docx

— 725.12 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі. 

 
«Ғылым таппай мақтанба»

 

 
Ғылым таппай мақтанба,

 Орын таппай баптанба 
Дүние де мал да өзі 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 

 
Ғылымға, өнерге шақыру

 
Қара сөзінен

 

 
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. 
Сонан қашпақ керек:

Әуелі – надандық,

екінші – еріншектік,

үшінші – залымдық.

 

 

 
И.Крыловтан аударма 
«Шегіртке мен құмырсқа»

 
 
 

 
Ала жаздай ән салсаң 
Селкілде де билей бер.

 
Еңбекке шақыру


 

 
«Қыс», 
«Жазғытұры», 
«Жаз», 
«Күз», 
«Желсіз түнде   

   жарық ай»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 
Табиғат лирикасы, сұлулықты сезінуге баулу.

 

 

2.2  Абай шығармаларын  орта буын сыныптарында  оқытудың 

       ерекшеліктері.

5 -сынып

 «Қыс» өлеңі

«Ғылым таппай мақтанба»

6 -сынып

 «Шоқпардай кекілі  бар, қамыс құлақ»

«Құлақтан кіріп бойды алар»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«31 қарасөзі»

7-сынып

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

«Қараңғы түнде тау қалғып»

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

«29 қарасөзі»

8 -сынып

«Өлең сөздің патшасы»

«Адамның кейбір кездері»

«Әбдірахман өлгенде»

«17 қарасөзі»

5 -сынып

 «Қыс»  өлеңі

 «Қызығушылықты ояту.»  
«Абай кім?»тірек сызба бойынша сөйлейді.  
Мұғалім сөзі: Негізгі күн көрісі мал болғандықтан, соның жайын ойлап, сай-сала, ықтасынды паналаған көшпелі қазақ елінің қалың қар, қақаған аяз, ақ түтек бораннан көрген азабы аз болмаған.  
Ұлы ақын , міне, сол қазақ үшін қаҺарлы маусымға да «Қыс» деген өлең  
арнаған. Ал қысты адам кейпінде, адам бейнесінде суреттеу ұлы Абайға дейін болмаған.  
Ақ киімді, ақ сақалды, үсті –басы ақ қырау, алып денелі соқыр, мылқаудың басқан жері сықырлап келіп қалды, әрі сондай қорқынышты болса, әрі сондай әсерлі, бейнелі.  
 
Жаңа сабақ. « Мағынаны таныту»  
Сөздікпен жұмыс:  
Түсі суық- суровый вид  
Сықырлау-скрипеть  
Бұлт –туча  
Қасы-брови  
Сілку- трясти  
Алты қанат үй шайқалды - раскачалась шести крылатая юрта  
 
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс:  
Шидем-қойдың терісінен тігілген тон  
Алты қанат ақ орда- киіз үй  
 
Өлеңін мәнерлеп оқу : А.Құнанбаев « Қыс»  
1-тапсырма:  
Өлеңді суреттеу  
2-тапсырма: Аудармасын тап.  
Дұрыс аудармасын тап.Екі топқа орыс халқының ақындарының өлеңдерінен үзінді беру.  
3-тапсырма:  
Суретпен жұмыс. Абай атамыз суреттеген қысты табады.  
4-тапсырма: Жұмыс дәптерімен жұмыс.  

Сабақты қортындылау. «Ой- толғау»  
Ал, балалар біздің жерімізді халық «ұлылар мекені»- деп бекер айтпаған. Осы жерде ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың өмірге келуі - сирек құбылыс. Бұл өңірде бұдан бұрын да атақты адамдар өмір сүрген.  
Осы Семейде туған қандай атақты, ұлы адамдарды білеміз?  
Абай атамыз туралы не білдік? 

 

Сұрақ – жауап           1. Өлеңде қандай ойлар бар?

әдісі.                           2.  «Адам болам десеңіз» - мағынасын аш.

                                    З. Адам болу үшін не қажет?

 

Салыстыру.               

              жақсы

Жансат

Талап

Еңбек

Рақым

Қанағат.

өсек

өтірік

мақтаншақ

еріншек


 

Топқа бөліну, мақал – мәтел жарысы      

                     Жақсы, жаман қасиеттерге байланысты,

                    еңбек, еріншек тақырыбында мақал-мәтелдер айту.

 

Исламдінімен байланыс.                    

                               Алланың өзі де рас, сөзі де рас.

 

Ислам діні шарттары

Абай негізі.

Иман келтіру

Намаз оқу

Ораза тұту

Зекет беру

Қажыға бару

Жаратушы

Жан иелері

Қоршаған табиғат

Іс-әрекет

Уақыт


 

 Ислам негізіне             1. Имам келтіру – аллаға сену.

түсінік беру.                  2. Намаз оқу – бес уақыт құлшылық ету.

                                3. Ораза тұту – құлшылық, кедей  адамның күні 

                                    бойы  аш жүруін сезіну.

 

      1. Зекет беру – мүгедек адамдарға көмек.
      2. Қажыға бару -  силам дінінің шыққан жері.

Абай негізіне                   1. Жаратушы  - ала тағаланың жасампаз,  

түсінік беру:                                  жаратушылығын тану.

2.   Жан иелері - өзін  тану.

        1. қоршаған табиғат – бүкіл табиғатты тану.
        2. Іс - әрекет – жасап жатқан іс-әрекеттерін қолдану.
        3. уақытты босқа өткізбеу.

Мұхаммед                      Мұхаммед Мұстафа Салалаһу һалайһи уәсәләм

Пайғамбар.           Араб елі, Мекке қаласында дүниеге келген.          Әкесінің  аты  Абдуллаһ, оның әкесі Әбділмүттәліп, оның  әкесі Һашим, оның әкесі Әбдулманап. Анасының есімі Әлима. Әкесә перзенті туылмай – ақ 30 жас шамасында дүниеден өткен. Ана құрсағында 6 айлық болғанын да «құдайдың досы, соңғы пайғамбарға жүкті болдың. Бұл бала туылғанда есімі Мұхаммед болсын», - деп Әминаға аян береді. Ол дүниеге келгенде дүние нұрға толады. Атасы той жасап атын Мұхаммед деп қояды. Сол кезде адамдар сұрайды неге атын Мұхаммед қойдың деп.

Ата- бабаларымыздың  арасында мұндай ат болмаған деп. Мен немеремді аспанда Хау Тағала, жерде халық көп мақтайды деп үміттенемін деп жауап беріпті.

Мұхаммед сөзінің түбірі – мақтау, ризашылық білдіру дегеннен шыққан. Пайғамбарымыздың үш аты бар: Мұхаммед, Ахмет, Шахмұд. Пайғамбар туылған күні мың жыл жжанып тұрған от сөнген.

Абайдың он жетінші қара сөзі

Мұхаммед пайғамбар.

Қайрат, ақыл, жүрек сөз алысады, үшеуі ақыл сұрап ғылымға барады. Ғылым қайратсыз, ақылсыз адам – адам болмайды. Бірақ жүрек оларға билеуші әмірші болса, жарайды деп шешім қабылдайды.

«Адам денесінде бір кесек ет бар, ол былғанса бүкіл дене ластанады, таза болса, бүкіл дене тазарады, ол жүрек»,- деген.


 

Үйге тапсырма.                     Абайша қара сөз жазу. Адамгершілік

                                                    тақырыбында.

7-сынып

 

 

 




 


      



        



 

        


 


 

 





 

 


 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

  • Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
  • Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

 

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген  қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

 

Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:

«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».

Қара сөздерінде Абай  әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.

Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «...Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М.Әуезов. 20-том).

Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:



 

 

 






 



 

 

Бұған дейін біз «Отыз бірінші» қара сөзімен танысқан болатынбыз. Қане, кім есімізге салып жібереді?

(«Отыз бірінші» қара  сөзін оқушыға айтқызу)

 

Абайдың кейбір қара сөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндерінің астарлы сырын сынға алады.

 

Бүгінгі сабақта «Жиырма тоғызыншы» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық

 

Электронды оқулықтан «Жиырма тоғызыншы» сөзді тыңдатамын.    (3 мин.)

 

Сұрақ-жауап:

 

-Қане, кім айтады, «Жиырма  тоғызыншы» қара сөзінде ақын  не нәрсені тілге тиек еткен?

- Қандай мақалдарға сын  айтады?

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

«Пікірі жоқ адамнан қорық» дейді шығыс даналығы.       (Ауызша тіл, ой дамыту)

Әрбір адамның өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Сендер қазір өзінтану сабағынан да үйреніп жүрсіңдер.

 

 

Мақал-мәтелдер

 

Абайдың сыны

 

Өз пікірің

  •   Жарлы болсаң, арлы болма

 

 

  • Қалауын тапса, қар жанады

 

 

 

 

 

 

 

  • Атың шықпаса, жер өрте

 

 

  • Алтын көрсе, періште жолдан таяды

 

 

 

  • Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.

 

Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын

 

Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

 

Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?

 

Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қоштағалы айтқан

Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрған-ның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?

 

Біз «Жиырма тоғызыншы» сөз арқылы Абайдың қазақ мақалдарының  кейбіріне берген бағасымен, сынымен таныстық, өз ойымызды білдірдік.  Абай тек мақалдарды сынап қана қоймаған, кей қара сөздеріндегі ойлары қанатты сөздерге айналып кеткен. Әсіресе «Отыз жетінші» қара  сөздері осындай сөздерге бай. Енді біз де Абайша осы Абайдың өз сөздеріне пікірімізді бідіріп көрелік:

Информация о работе Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері