Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 17:48, реферат
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.
Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған.
Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным! –
деп, қаза болған ұлының сүйегін айналып, жылап жүріп шығарған жыры сақталған. Қодан тайшы “қарақшы” демейді, “қанішер” демейді, тек “Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным” деп, әкелік зарын айтады.
Қобыланды Асан Қайғының толғауына арқау болған Ойыл мен Елек қорғанысын байланыстыратын жол бойында жерленген, қабірінің үстіне мазар тұрғызылған. Ол жөніндегі деректерді алғаш рет 1906 жылы В.В.Карлсон, кейін Жозеф-Антуан Кастанье қағазға түсірді. Облыс әкімі Е.Сағындықовтың тікелей ұйымдастыруымен фольклористердің, тарихшылардың, антропологтардың, мәдениеттанушылардың, батыр бабаның кіндік қаны тамған жердегі ұрпақтарының табанды жүргізген ізденістері нәтижесінде Қобыландының бет-бейнесі анықталып, мүсіні құйылды. Мұқият кешенді зерттеуден кейін, 2006 жылы батыр бабаның асыл сүйегін ұлықтау және қайта жерлеу рәсімі өтті. Ел аузында аңыз болып кеткен, Жиренқопа аспанында Құртқаның батырына деген мәңгілік қимас сағынышындай үнемі қалықтап жүретін бір шөкім ақша бұлттың рәсім кезінде де қалықтап тұрып алуы рәсімге қатысушыларды бір толғантса, олар құлпытастағы: “Бұл жерде қазақ халқының мәңгілік ерлік өнегесіне айналған, ортағасырлық Алтын Орда, Ноғай Ордасы дәуірінің көрнекті тұлғасы Қарақыпшақ Қобыланды батырдың асыл сүйегі жатыр” деген жазуды оқып тағы толқыды, осы қасиетті орынға жинақталып жатқан, бабамыздың есіміне қатысты жәдігерлерді, солардың ішінде Қобыланды қаруын жаныған, Ресей мен Қазақстан шекарасында жатқан жерінен әкелінген, ұзындығы 3 метр, ені 60 сантиметрдей қайрақ тасты тебірене сипалап, батыр рухына бас иіп, тағзым етті.
Жақында Қобыланды батырдың кесенесі тұрғызылды, соның құрметіне Ақтөбе қаласында республикалық деңгейде ғылыми-практикалық конференция және батыр сүйегі жатқан Жиренқопа жерінде салтанатты жиын өтті.
Информация о работе Сәбитұлы Асан қайғы (14—15 ғғ.) — жырау, философ, қоғам қайреткері