Терминтанудың тарихы тереңде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 12:03, реферат

Краткое описание

Жуырда терминтану саласында өнімді еңбек етіп жүрген белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының “Алаш және терминтану”, “Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның “Алаш және терминтану” атты монографиясы қазақ терминологиясы ХХ ғасырдың 1910-30-жылдарына арналып, аталмыш саланың даму, қалыптасу кезеңдері, негізгі ерекшеліктері, сипаты, басшылыққа алынған ғылыми қағидаттар жан-жақты зерттеліпті.

Вложенные файлы: 1 файл

ТЕРМИНТАНУ.doc

— 60.00 Кб (Скачать файл)

 

“Кемесиенің негізгі мақсаты –  қазақ тілін өнер-білімге бейім  мәдениетті тіл қылу”дегеніне келсек, Ахаң басқарған комиссия мақсатына  адал болып қана қойған жоқ, қазақ  тілін білім-ғылым тілі ету жолында  қыруар іс тындырды. “Байтұрсынұлы  кезеңінде” қазақ тілінде жазылған көптеген оқулықтар мен, оқу құралдары, сөздіктер соның дәлелі бола алады. Оның бәрі азғантай ғана қазақ зиялыларының атқарған үлкен ісі, солардың қажырлы еңбегінің, мақсатты жұмыстарының нәтижесі. 1924 жылғы маусым айында Орынборда “Қазақ ғылыми қызметкерлерінің 1-съезі” болып, онда Е.Омарұлы баяндамасына негізделген терминологияны қалыптастырудың қағидаттары съез қаулысымен ресми бекітілді. Араға екі жылдай уақыт салып, 1926 жылы Бакуде өткен “Түркологтардың Бүкіл­одақтық бірінші құрылтайында” терминология жөнінде жасаған баяндамасында А.Байтұрсынұлы қатынасушыларға осы қағидаттарды таныстыра отырып, өзге түркілерге де ғылыми терминологияны қалыптастыруда қазақ білімпаздары жа­саған осы қағидаттарды басшылыққа алуды ұсынды. Оның ұсыныстары ғалымдар тарапынан қолдау тауып, құрылтай қарарына енді.

 

Сонымен жетіншіден, Ахаң қазақ оқығандары жасап, ресми бекіткен терминология қағидаттарын бүкіл түркі халықтарына  ұсына отырып, түбі бір туыстас  тілдердің терминологиялық қорының  ортақтық сипатын арттыруды көздеген кең тынысты түрколог ғалым.

 

“Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің өміршеңдік танытуының сыры неде?”  деген сұраққа жауап іздесек, ол ең алдымен ұғымға атау беруге ұлттық таным тұрғысынан келген. Сондықтан  оны қазақ қауымы алғашқыда аздап жатсынғанмен, тез қабылдап санасына сіңіре алған. Екіншіден, сол кездегі Ахаңның зиялылар арасындағы зор беделі мен тіл саласындағы бірегей ірі оқымысты ретінде мойындалуы да оның жасаған терминдерінің шығармашыл қауым тарапынан талқысыз қабылдануына себеп болды. Онымен иықтас тұрып, ой жарыстырып, пікір таластырып, өз терминдерін ұсына қоятын тіл мамандары қалыптаса қоймап еді. Оның маңайындағы тіл мәселелеріне жетік деген Е.Омарұлы, Х.Досмұ­хамедұлы, Н.Төреқұлұлы сынды Алаш арыстарының да ғалым пікіріне құрметпен қарағаны байқалады.

 

Ахаң еңбегінің өміршеңдігін көрнекті тілші ғалым Мәулен Балақаев жақсы  айтқан. Мәкеңнің мысалы мына төмендегі  пікірінде шындық бар. Ол былай деп  жазады: “Тіл — құрал” кезінде “алашордашылардың, ұлтшылдардың” кітабы болғандықтан, оны пайдалануға тыйым салынса, жаңа грамматика авторы да “халық жауы” атанып, кітабы қолданудан қалып қойды. Енді қайту керек? Тірі қалғандарымыз мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету үшін еңбектенгенде, алдымен грамматикалық атауларды қалай атаймыз деген проблема туды. Біз бұрыннан үйреншікті болған Ахмет терминдерін қазақ тілінің, қазақша айтылған бұрынғы сөздері деп танып, солай атай бердік. Себебі, басқаша жазу мүмкін емес, әдеби нормаға айналып, қалыптасып кеткен еді. Ахмет Байтұрсынов шығарған терминдер екенін білсек те, қазақ тілінің сөз байлығы деп танығанбыз”.

 

“Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын  аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы  табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді”, – деп тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығармашылығында асқан шеберлікпен, үлкен жауапкершілікпен жұмсай білген ұлы тұлғаның қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз.

 

Орыстың ғылым тілінің даму тарихын  зерттеуші ғалымдар бірауыздан энциклопедист-ғалым  М.В.Ломоносовты “орыс ғылыми терминологиясының атасы” дейтін болса, Қазақстан ғылымының тарихындағы ондай орынды ұлтымыздың бағына туған перзенті, Алаштың аяулы ұлы, аса көрнекті тілші ғалым Ахмет Байтұр­сынұлы иеленіп тұр.

 

 

Авторы: Шерубай  ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы, профессор. Астана.


Информация о работе Терминтанудың тарихы тереңде