Тәуелсіз Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:34, доклад

Краткое описание

Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды.

Вложенные файлы: 1 файл

тәуелсіз қазақстан.docx

— 21.85 Кб (Скачать файл)

25 желтоқсан 2000 жылы «Қазақстан Республикасының  сот жүйесі мен судьяларының  мәртебесі туралы» конституциялық  заңның қабылдануы ұлттық сот  жүйесіндегі тарихи елеулі оқиға  болды.

Егемен еліміздің  тәуелсіз сот жүйесін жетілдіруде  аталмыш заң, ғасыр жүгін арқалады десек, асыра айтқандық емес. Осы  уақыт аралығында мамандандырылған соттар құрылды, үш сатылы сот жүйесі жұмыс істей бастады.

Алқабилер институты  енгізіліп, қамауға алу құзыры прокуратурадан соттарға берілді. Барлық деңгейдегі соттарда электрондық терминалдар мен  бейнебайланыс жүйелері, басқа да ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері енгізілді. Жоғарғы Сот жанындағы  Сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының  сот органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бекітіліп, іске қосылды.

«Сот жүйесі мен  судьялардың мәртебесі туралы»  заңы – судьяның тәуелсіздік кепілдіктерін, оның мәртебесіне сай материалдық  мүмкіндігін құқықтық тұрғыдан бекітті.

Сот реформасы барысында  атқарылған жұмыстар, азаматтар мен  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғауға, сот  жұмысы туралы ақпараттық ашықтығы мен  айқындығына, қолжетімділігіне, сондай-ақ, Конституцияның және басқа да заңдардың, құқықтық нормативтік актілердің, халықаралық  шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге  бағытталды.

Соның ішінде сот  жүйесіндегі үлкен жетістік –  қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық  іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттіктері Қазақстан  азаматтарының қатысуымен жүргізілуі. Бұған 2006 жылы «Алқабилер туралы» заңының  қабылданып, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі дәлел. Сондай-ақ, заң талабымен санкциялауды сотқа  беріп, азаматты қамауға алу туралы мәселесі сот билігінде саралау  халық көңілінен шығып, сотқа  деген сенімін арттырды. Конституциялық нормалардың одан әрі дамуы Қазақстан  Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасынан нақты  көрініс тапты.

Елбасы 2010 жылдың 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің заңдарын ізгілендіруді  мақсат етіп қойды. Соттар балама жаза түрлері мен бітімгершілік рәсімдерін қолдануға кірісті. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық соттардағы бұрын болып  келген қылмыстық және азаматтық  істерді қарайтын сот алқалары таратылып, тиісінше апелляциялық және кассациялық  сатылар өз жұмысын бастады. Сонымен  қатар, облыстық соттардағы қадағалау  алқалары таратылды. Сөйтіп заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау  ретімен тексеру жүргізуді Жоғарғы  сот қана жүзеге асыратын болды, яғни, сот актілерін қадағалау тәртібімен қарау құзыреті Жоғарғы сотқа  берілді. Бұл құрылымдық өзгерістер соттарда істерді тез және кәсіби жоғары деңгейде қарауға мүмкіндік  беруіне бағытталып отыр. 2010 жылдың 18 тамызындағы «Қазақстан Республикасының  құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында «Қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді кеңейтуге, оның ішінде медиация институтын дамытуға, сондай – ақ, жеке ашық айыптау қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге» тапсырма бергенін баршамыз жақсы білеміз. Жақында Елбасы дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде «Медиация туралы» заңға қол қойды. Сөйтіп заңды ізгілендіру арқылы жаза қолданудың бас бостандығынан айырудан басқа балама түрлерін сот өндірісіне енгізуге мүмкіндік туды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығы  қарсаңында Қазақстан халқына арнаған  «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауында, қылмыстық заңды  ізгілендіру арқылы еліміздің сот, құқық қорғау жүйесінің әлемдік  стандарттар межесіне көтеру мақсат-міндеттері тұрғандығын айқындап берді.

Қазіргі уақытта  құқық қорғау және сот жүйесінің  әрі қарай дамуы басты назарға  алынды. Құқық қорғау органдарының алдында азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын тиімдірек қорғау, қылмыстарды  жылдам және толық ашу, қылмыс жасаған  тұлғаларды әшкерелеу, жауапкершілікке  тарту, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, қылмысқа қарсы күрес  қызметінің тиімділігін жоғарлату  міндеті қойылып отыр.

Ізгілендіру саясаты  негізінде ең алдымен шағын және орта ауырлықтағы қылмысты бірінші  рет жасаған азаматтарды, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары өкілдеріне қылмыстық жазаны тағайындауда жеңілдету  қарастырылған. Қатаң қылмыстық  саясат негізінен өте ауыр қылмыс жасаған кінәлілерге, қылмыстық  іздестіруден жасырынушыларға, қылмыстық  рецидивтерге қатысты жүргізілетін болады.

Міне, осы шаралардың барлығы еліміздің тәуелсіздігін  нығайту мен ел азаматтарының  құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.


Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан