Халық ауыз әдебиеті-асыл мұра

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 19:40, сочинение

Краткое описание

Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.

Вложенные файлы: 1 файл

халық+ауыз+әдебиеті++реферат+17.doc

— 96.50 Кб (Скачать файл)

Осы тұрғыдан алғанда, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысына дейін өз заманының рухын, шындық өмірін, идеясын айқын етіп суреттеген қазақтың ақын, жырау-жыршылары кім болғанын айта алмаймыз. ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүріпті деп жорамалмен айтылатын Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиреншелер жайында толық мәліметтер жоқ, тек аңыз-әңгімелер ғана бар. Сондықтан оларды қазақ көркем әдебиетінің негізін салған адамдар деудің реті келмейтін секілді.

Ал ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бергі жерде қазақ әдебиетінде  жеке авторлар шыға бастайды. Бұхар жырау, Тәтіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш, Жеңкісі, Ақтанберді секілді ақын-жыраулар осы кезде көрінеді, шығармалары өз атымен ел арасына тарайды. Олар өз заманының жай-жапсарын жыр етеді, халық өмірін суреттейді. Олардың шығармаларында, идеялық көзқарастарында әр түрлі қайшылықтары, халық тілегіне үйлесе қоймайтын пікірлері де бар еді. Солай бола тұрса да, олар жаңа туа бастаған қазақ көркем әдебиетінің алғашқы авторлары еді. Сондықтан да олардың өмірі, творчестолық қызметі, әдебиеттік шығармалары жайында азды-көпті мәліметтер ел арасында сақталған. Аталған кезге дейін ауыз әдебиеті басым болып келсе, енді жеке авторлардың шығуына байланысты қазақ көркем әдебиетінің негізі салына бастайды. Әрине, жеке авторлардың шығуы, көркем әдебиетінің қалыптаса бастауы ауыз әдебиетінің дамуына бөгет етпейді, қайта екеуі бір-бірімен тығыз байланыса, бір-біріне әсер ете отырып ұлғая береді.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің  арасындағы айырмашылықты көрсететін белгінің тағы біреуі – варианттар. Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің атттары ұқсас  келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Бір ертегінің немесе бір жырдың әңгімесі жалпы оқиға желісін сақтай отырып, әр жерде әр түрлі айтылады. Бұлай болу сол шығармаларды айтушыға байланысты. Мәселен, ертекші өзінің ертегін көпшіліктің жиналған жерінде айтады. Тыңдаушы көпшіліктің арасынан жаңағы ертегінің мазмұнын, оқиғасын ұғып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы әңгімелерінің қай жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосады. Сөйтіп ертегінің екінші бір туынды түрі, варианты шығады. Қазақ арасына көбірек тараған «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» т.б. жырлардың бірнеше вариантта болуы осы айтылғандарға байланысты туған. (Бұл жөнінде сол жырларға берілген талдауларды қараңыз.)

Бұл шығарманың әр түрлі вариантта  айтылуы көркем әдебиетте көп  кездеспейді. Көркем әдебиеттің әрбір  шығармасы жеке автордың өз атымен тарайды. Қай шығарманы кімнің, қашан  шығарғаны жұртқа белгілі болып отырады. Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін белгінің бірі болады.

Көркем әдебиетке қарағанда, ауыз әдебиетінде қалыптасып дәстүрге айналған дағдылы сөздер мен сөйлемдер, тұрақталған  ұқсастық, ұқсастар жиі қолданылады. Мысалы, ертегілердің көпшілігі «Ертек, ертек ерте екен, ешкі жүні бөрте екен...» деп, немесе «баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп, болмаса «бұрынғы өткен заманда» деп басталады. Ертегілердің бұлай басталуы белгілі дәстүрге айналған. Бірақ әрбір ертегінің басталуы осындай ұқсас болғанымен, оның оқиғасы, әңгіме желісі бір-біріне қабыса бермейді, әр түрлі айтылады. Мұндай жағдай көркем әдебиетте кездеспейді. Белгілі бір тақырыпты жырлаған шығармалардың көркем әдебиетте басталуы да, баяндалуы да бір-біріне ұқсас келмейді, әр түрлі болады.

Жоғарыда айтылғандар  ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы кейбір айырмашылықтарды көрсетеді. Әрине, ұлғайып өскен, кемеліне келген көркем әдебиет және оның шеберлері (ақын, жазушылар) ауыз әдебиетінен әрдайым нәр алып отырады. Ең алдымен, көркем әдебиеттің шеберлері халықтың ауыз әдебиетінен тіл байлығын үйренеді. Халық тілін меңгере, пайдалана отырып, әдеби тілімізді дамытады. М. Горькийдің жазушыларға: «Ауыз әдебиетінің тіл байлығын пайдаланыңдар, одан үйреніңдер, - дейтіні де осыдан. Мұнымен қатар, көркем әдебиеттің шеберлері халық ауыз әдебиетінің кейбір сюжеттерін өздерінің еңбектерінде пайдаланады. Осы негізде жаңа шығармалар тудырады. Халық ауыз әдебиетін пайдалана отырып, оның таптық сипатын, қоғамдық сырын аша түседі. Бұған: А. Пушкиннің, М. Салтыков-Щедриннің, М. Горькийдің, Абайдың т.б. жазушылардың ауыз әдебиетінің тіл байлығын, ауыз әдебиетінің сюжетін пайдалануы толық дәлел. А. Пушкин бірнеше ертегі, поэмалардың сюжетін халық ауыз әдебиетінен алған, М. Салтыков- Щедрин кейбір ертектерін халық ертегілері үлгілерінде жазып, қоғамдық  мәселелерді, патша әкімдерін, чиновниктерді мысқылдап сынаған. Мұндай фактілерді қазақ совет әдебиетінен де кездестіреміз. Қазақ жазба әдебиетінің шеберлері де ауыз әдебиетінен халықтың  тіл байлығын үйренумен келеді. Сонымен бірге, олар ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін, сюжеттерін пайдалана  отырып, сол негізде жаңа шығармалар тудырады . Бұл ретте Мұхтардың «Қобыланды батыр» және «Еңлік – Кебек» пьесаларын, Ғабиттің «Қыз Жібегі» мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Сәбиттің «Сұлушашын» т.б.  атауға болады.

Таптық қоғамда туған  ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысы  болса да белгілі бір таптың идеясын, арман-мүддесін, әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады.

Вл. Бонч-Бруевич «Ленин поэмасы туралы» деп жазған еңбегінде ұлы көсеміміздің халық әдебиетін аса жоғары бағалағандығын айта келіп, Лениннің ертегілер жөнінде айтқан мынадай бір пікірін келтіреді: «Ертегілерді қоғамдық саяси тұрғыдан қарап пайдалана отырып, - дейді Ленин, - халықтың арман-мүдесі, тілегі жайында тамаша зерттеулер жазуға болар еді... Бұл – шын мәніндегі халық шығармалары, халықтың психологиясын білу жөнінде қазіргі күнде аса қажетті және аса маңызды материалдар».

Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның «халық психологиясын», «халықтың арман-мүддесін, тілегін» қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек. Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Марксизм-ленинизм классиктері: «Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап күресінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді», - деп үйретеді.

В.И. Ленин «Партиялық ұйым мен партиялық әдебиет» дейтін тамаша еңбегінде әдебиеттінң таптық және партиялық сипатын айта келе, таптық қоғамда әдебиеттің  алатын орнын, әдебиеттің тап құралы екендігін айқындап берді.

Әдебиеттің таптық сипаты туралы марксизм-ленинизм классиктерінің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың таптық  тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.

Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап-айқын көруге болады. Мәселен, еңбекші халық өзінің ауыз әдебиетін қанаушыларға қарсы жүргізген таптық күресінің құралы етті. Онда – еңбекші халық қанаушы таптың зұлымдығын, жауыздық іс-әрекетін, езуші тап өкілдерінің мансапқорлығын, басқыншылық шабуылдарын әшкерелеп отырады, олардың жиренішті образын жасайды. Халықтың ертегі, әңгіме, жырларында кездесетін Қарабайлар, Мыстандар сол қанаушы таптың, хандар мен феодалдардың өкілдері болып бейнеленеді. Олардың жауыздық іс-әрекеттерін сынға алады, әшкере етеді. Сондай-ақ , мақалдардағы «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді», «Сопы сұмнан шығады», «Төреге ерген ер-тоқымын арқалар», «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді»  деген халықтың даналық сөздері еңбекші бұқараның қанаушы тапты жек көргендігінің айғағы. Бұл келтірілген мысалдардың  қайсысы болса да ауыз әдебиетінің таптығын, таптық тілектен туғандығын көрсетеді. Демек, еңбекші халық тудырған ауыз әдебиеті қалың бұқараның қоғамдық-таптық көзқарасын, сана-сезімін білдіріп отырады.

Мұнымен қатар, еңбекші  бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние  танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендегі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді. Мысалға «Аяз би» ертегісін алайық. Бұл ертегіде халық өз ортасынан шыққан қарапайым шаруа адамын, оның ақылын, адамгершілігін, тапқырлық ісін ардақтайды және оны қанаушы тап адамдарына қарсы қояды. Бүкіл материалдық және рухани байлықты жасаушы да, қоғам өмірін алға бастаушы негізгі күш те халықтың өзі екендігін елестетеді.

Бұл айтылғандардан халықтың ауыз әдебиетінде әр түрлі  қайшылықтар, теріс ұғымдар, тіпті еңбек адамының мүддесін жанаспайтын көзқарастар жоқ деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиеті ауызша айтылып тарағандықтан және  әр дәуірдің, әр бір қоғамдық тілектің әсерін көргендіктен онда әр түрлі қайшылықтардың кездесетіні де болады. Екіншіден, экономикалық және қоғамдық дамуларға адамның сана-сезімі әрқашан да ілесе бермейді, кейде сананың кейін қалып қоятыны да белгілі. Мұның өзі ауыз әдебиетіне ықпал жасамай қоймайды. Солай бола тұрса да, халықтың ауыз әдебиеті жоғарыда айтылған халықтық сипатын, оның белгілерін сақтап отырады.

Әрине, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығын халық тудырған және оның бәрін халықтық шығармалар деуге болмайды. Олардың  ішінде үстемдік еткен қанаушы тап  тудырған шығармалар да бар. Сол шығармалары  арқылы қанаушы тап өзінің таптық идеясын, халыққа жат іс-әрекетін, көзқарасын білдіріп отырған. Үстем тап өзінің ауыз әдебиетінде: ел талауды, еңбексіз мал табуды, халықты езіп ұстауды, еңбек адамдарын кемітіп қорлауды жырлайды және бұл жолда «ерлік» жасаған адамдарын үлкен дәрежеге көтеріп ардақтай суреттейді. Екіншіден, үстем тап халыққа жат, кертартпа идеясын өзінің шығармалары арқылы бейнелесе, сонымен қатар, халықтық ортада туған әдебиет үлгілерін де өңдеп пайдаланғандығы байқалады. Мұның мысалын батырлар жырынан көруге болады.

Сондықтан өткендегі  ауыз әдебиетін түгелінен халықтық тілектен туған және халықтық сипаты бар шығармалар деп қарауға болмайды. Біз оларды таптық тұрғыдан қарап  бағалауға тиістіміз. Бұл жөнінде В.И. Лениннің «...біз әрбір ұлттық мәдениеттен тек оның демократиялық және социалистік тектерін аламыз, оларды тек және сөзсіз әрбір ұлттың буржуазиялық мәдениетіне, буржуазиялық ұлтшылдығына қарсы қою үшін аламыз» деген даналық пікіріне сүйене отырып, ауыз әдебиетінің ішінен шын мәнінде халықтық сипаты барларын, халықтың бұқарашылдық, прогрестік арман-мүддесін көрсететіндерін ғана таңдап алуға тиістіміз.

Халықтық ортада туған  ауыз әдебиетінің мәні өте зор. Ез алдымен ол халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман-мүддесі, таптық күресі т.б. жайлары қандай болғанымен таныстырады, бұл жөнінде көптеген мәлімет береді. Бұларды ол әдебиеттік суреттеу  арқылы елестетеді.

М. Горький Совет жазушыларының  бүкілодақтық бірінші  съезінде жасаған  баяндамасында: «Халықтың ауыз әдебиетін білмейінше еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес», - дейді. Халықтың өткендегі тарихын түсінуіміз үшін ауыз әдебиетінің мәні зор екендігі атап көрсетеді. Демек, ауыз әдебиеті өткен өмірді, халықтың психологиясын», оның «арман-мүддесін» білуімізге аса керекті материалдың бірі болып табылады.

Халық ауыз әдебиетінің  өз кезінде, жастарға идеялық ертегілері аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, басқыншы жаудан ел қорғау жолында ерлік жасаған батырлар жайында шығарған жырлары т.б. адал еңбекті, халыққа қызмет етуді, халықтың жауларына қарсы күресуді, езілген еңбекшіге болысып жәрдемдесуді жырлайды. Бұл жолда халыққа адал ниетімен қызмет атқарған адамдарды ардақтайды, олардың ісін кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге  етеді. Осы идеясын жүзеге асыру үшін ауыз әдебиетін аса зор мәні бар құрал ретінде пайдаланады. Мұнымен қатар жағымссыз мінез-құлық, іс-әрекеттерді халықтың ауыз әдебиеті жиренішті түрде суреттей отырып, олардан безуді, жек көре білуді үйретеді.

Ауыз әдебиеті жалпы  әдебиет тарихынан да елеулі орын алады. Ол өзінен кейін туған көркем әдебиетке көп әсер етті. Сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын пайдалана білу т.б. жөнінде ауыз әдебиеті көркем әдебиетке негіз салды. Бұл ретте де ауыз әдебиетінің мәні өте зор боды.

Еңбекші халықтың көп ғасыр бойына жасаған ауыз әдебиетін Маркс пен Энгельс аса жоғары бағалады. Олар ауыз әдебиеті халықтың қоғамдық өміріне, тұрмысына, тарихына, тарихи жағдайларына, таптық күресіне байланысты туатындығы жөнінде тамаша пікірлер айтты Олар ауыз әдебиеті де белгілі бір  таптық құралы, таптық сананы білдіретіндігін және таптық тілектен тысқары ауыз әдебиеті болмайтындығын дәлелдеп берді.

Карл Маркс халықтың ауыз әдебиетін қызыға тындаған,  терең оқып танысқан, сонымен қатар, ол жөнінде құнды пікірлер айтқан. Жалпы көркемөнердің, соның ішінде ауыз әдебиетінің, қоғам өмірінде алатын орны, даму кезеңдері қандай деген мәселелерге К. Маркс айырықша көңіл бөледі, көркемөнер экономикалық және қоғамдық дамудың жемісі, соның нәтижесі деп қарайды. Ол ауыз әдебиетінің қалыптасуына, өркендеп өсуіне экономиканың, қоғамның дамуы аса көп әсер етеді деп көрсетеді. Сонымен қатар, қоғамның алға басуына қай кезде көркемөнердің де ықпалы болатындығын айтады.

«Саяси экономиканың сынына «кіріспе» деп жазған еңбегінде  К. Маркс ауыз әдебиетіне қатысы бар күрделі үш мәселеге көңіл аударады. Оның айтуынша, қоғамның  дамуы төменгі сатыда тұрған кездің өзінде де көркемөнердің жоғары дәрежеге көтерілген кезеңі болады. Көркемөнердің белгілі бір кезеңдегі өркендеуі қоғам дамуының дәрежесіне сай келмейді, қайта одан озық  болады деп көрсетеді. Бұған ол гректердің ертедегі көкркемөнері қоғам дамуынан әлдеқайда ілгері болғандығын мысал етеді.

Екіншіден, Маркстің айтуынша, көркемөнердің барлық түрі бірден қалыптасып ұлғайып кетпейді. Көркемөнердің «аса күрделі маңызы бар кейбір түрлері жалпы көркемөнер дамуының дәрежесі төменгі сатыда тұрған кезінде де болуы мүмкін» - дейді Бұған ол гректің эпосын мысалға алады. Грек эпосы сол кездегі көркемөнердің тамаша бір үлгісі екендігін айта келіп, бұл эпос мифологияға байланысты туғандығын көрсетеді. Ал мифологияны Маркс «мифтік теорияны» шығарған идеалистерше түсіндірмейді, оған материалистік анықтама береді. «Мифтік ұғымдардың қандайы болса да адамның қиялынан туады, табиғат сырын түсінбеген адамдар сол сырды әр түрлі мифтер арқылы ұғынбақ болады, бертін келе, адам баласы табиғатты өзіне  бағындырып алған кезде, оның сырына түсінген шақта ескі мифтік ұғымдар жойылады», - дейді.

Информация о работе Халық ауыз әдебиеті-асыл мұра