Шортанбай Канайулы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 11:41, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдағы ғана емес, жалпы қазақтың асыл сөзіне пайым, таным деңгейіне олмейтін өз енерін қосып кеткен, еліміздің тағдыр-талайына, тар кезеңдегі тарихына қабырғасы сегіліп, қасіретті күй кешкен күрделі түлғалардың бірі - Шортанбай Қанайұлы.

Содержание

1. Ақын, діни қайраткер – Шортанбай Қанайұлы
2. "Иман — жанның жарығы"
3. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы
4. Ақын өсиеті

Вложенные файлы: 1 файл

реферат Шортанбай.doc

— 98.50 Кб (Скачать файл)

Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады.

Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді.

Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді.

Ақын адамның  мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы  адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап  беріп отыру керек дейді. Бұл  мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді  түзелмейді дегеннің тілін кесер  едім" дегеніне қосылмайтын сияқты.

Адам санаулы  өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп  алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі  абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына  керекті тиімді әрекеттер істей  білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді.

Жамандық пен  жақсылық, адамдық пен арамдық  арасын ажырата білуге, достық пен  қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады.

Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды.

Жылы үй, сәнді  киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек.

Шындығында  да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері  өзінің құнын жоймай, халық мақсатына  қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары – алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді.

Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің  орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақын ы емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды.

Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында  келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді.

Әр тұста  ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір  тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық  шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі.

Былай да қара байыр көрінер Шортанбай поэзиясы асыл сөзге, айшықты теңеуге, ағынды-төгінді, екпінді, тасқыңды, сөзге кеңде емес. 
"Атасы топқа кірмеген сөзге салмас қүлағын", "қалықтаған сұңқар ем, қанатым сынды үша алмай, қиядан қүзға түсе алмай", "Опасы жоқ сүм дүние оттан ыстық болар ма", "қүбылып түрған қызыл гүл, қураса кетер мәнері, отіп кеткен нәрсеге, окінсең жоқ келері" сияқты тіршілік қисындары — Шортанбай толғауларының түп қазығы.

Шортанбай өз уақытын, қазақ қоғамындағы қасіреті мол дәуірдің қара бояуын өлеңге көшірді. Халқының айдағаңда көнбес асау мінезін аңсады. Ар-намысын жоқтады. қатпар-қатпар сұмдығы көп зымиян үстемдікке бар дауыспен қарсылық айтты. Сөз семсері сермеді. Ту сыртыңнан келіп білдірмей басып, тыпыр еткізбей көгендеп тастаған опасыздықтың уын ішті. Жанталас шақтың жан айғайы болып аспанға шапшыды. Уды умен қайтарып, ащы зар төкті. Шыр айналған опасыз жалған дүние ұстараның жүзіндей өткіріне жүзін тосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақын өсиеті.

 

Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен.

Өз нағашысы Ыбырайым қожаның мазарының іргесіне жерленген.               Ақсу-Аюлының оңтүстік тұсыңда жатыр. 1980 жылы жерлестері басына көктас орнатқан.

Ақын көз  жұмғалы ғасырдан астам уақыт  өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.

Қалықтаған  сұңқар ем,

Қанатым сынды  ұша алмай,

Қиындап қуға түсе алмай,

- деген ақынның  өз сөзіне назар салайықшы.  Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар  едім" - деп бекерге айтпайды.

Шортанбай толғауларының  ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы “Келер заман сипаты” атты шығармасы. Онда халқының болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады.

Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды да, өзінің болмыс-бітіміндегі көріпкелдік қасиетінің арқасында бұлыңғыр болашақты айна қатесіз болжай білген әулиелік қасиетімен ерекшеленді, өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра білген, мазмұн мен маңызды ұштастыра білген шебер ақын болды. Шортанбай мұраларын алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов Шортанбаймен қатарлас өмір сүрген ақындар шығарм-н тұтастай алғанда Шортанбай мұрасына сай “Зар заман ақындары” деп саралады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісінде С.Мұқанов, І.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді.

Шортанбай творчествосы да әдебиетіміздегі ақтаңдақтардан қатарында жөнді зерттелмей, жабулы тақырыптар қатарында келеді.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

    1. Абай. Энциклопедия.

Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы

«Атамұра» баспасы.

    1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия

 Ә. Нысанбаев 

Алматы “Қазақ энциклопедиясы” 1998 жыл.

    1. УикипедиЯ – Қазақша ашық энциклопедия сайты.

http://kk.wikipedia.org

 


Информация о работе Шортанбай Канайулы