Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 12:05, доклад

Краткое описание

1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие.
2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi.
3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ.).
4. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.).
5. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар).
6. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы
7. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы
8. Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның білім жүйесі.
9. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер.

Вложенные файлы: 1 файл

этнопедагогика.doc

— 88.50 Кб (Скачать файл)

Тарихтың бұл бетi — Шыңғысхан империясының тарихымен бiрге өрбидi. Бiр кезде Шыңғысхан, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темiр империясының отар елi болған Ресей, кейiн сол империядан ыдырап, бөлiнiп шыққан халықтарды (өзбек, татар, ноғай, Сiбiр (Көшiм), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар елiне айналдырды.

Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi. Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды басынан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете жаздады.

Қазақ жерiнiң байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келiсiм-шарт жасасып, қытай — жоңғарларды, ал Ресей — қалмақтарды бiзге қарсы айдап салды.

Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық дамуын тежедi. Көне ғасырлардан берi қалыптасып келе жатқан ғылым мен бiлiмнiң, тарих пен мәдениеттiң одан әрi дамуына қажеттi жағдайлар туғыза алмады.

Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды (37). Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелi сөздерiмен, өлең-жыр толғауларымен зор ықпал етiп, халықты ел болуға, берекелi бiрлiкке шақырып, қоғамдық өмiр сахнасына шыға бастады.

Қазақ жырауларының толғау тебiренiстерi, билердiң шешендiк- қанатты сөздерi өзiнiң тәлiмдiк шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бiрге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәнi жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлiк заманда хандар мен бектердiң, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшiсi болып, жорыққа бiрге аттанды, ру-тайпаларына басшылық еттi, сұрапыл қанды майдан көрiнiстерiн жырға қосты, ерлiктi мадақтады, шейiт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлiстi.

XV-XVII ғасырлардағы жыраулар  шоғырынан өздерiнiң тәлiмдiк идеяларымен  Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Бұқар жырау  секiлдi дала философтары ерекше  көзге түскен едi. Халқының қамын  жеп, оның береке-бiрлiгiн, келешектегi бағытын, келер күнiн аңсаған Асанқайғы (XV ғ.) өз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кештi. Содан да болар, ел аузында оның есiмiне “қайғы” деген ат қосақталып, аңызға айналды.

Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы iргетасының қалана бастауына негiз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн (39).

XV-XVII ғасырларда өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды.

Қазақтың тәрбие мектебi — ақын-жазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.

Тәуке ханның “Жетi Жарғысы”— бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың “Тарихи-и-рашиди”, “Жаханнама”, Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың “Жамиғат тауарих” (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: “Наурыз бәйiтi”, “Нысабнами казах” (“қазақтар шежiресi”) т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi.

Бұл   дәуiрде   мал   шаруашылығы,   егiн   шаруашылығы,   ою-өрнек   пен зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ (керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты кәсiптер жедел дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудiң негiзгi құралына айналды.

1650—1730 жылдар арасындағы  қазақ-жоңғар соғысы қазақ хандығын  өте-мөте әлсiреттi. XVIII ғасырдың басында Тәуке хан өлгеннен кейiн қазақ елi үш жүзге бөлiнiп, үш хан сайлап, бiртұтас қазақ хандығының бiрлiгi мен қуатын әлсiретiп, жоңғарларға жем болды. Кiшi жүздi — Әбiлқайыр, Орта жүздi — Сәмеке, Ұлы жүздi — Жолбарыс хан билеп, әрқайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры “Ақтабан шұбырынды” атты қайғылы жағдайға душар етiп, халықты зор қырғынға ұшыратты.

1730 жылы Кiшi жүздiң ханы  Әбiлхайыр өз билерiмен келiсе  отырып, қазақ  халқын  сақтап  қалу мақсатында,   Ресей  империясына  бодан  болуға мәжбүр  болды.   Көптеген хандар мен  сұлтандардың қарсылық бiлдiргенiне қарамастан, Ресей қазақ жерiн отарлап алу саясатын әрi қарай жүргiзе бередi. Қазақ жүздерiнiң бастарын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы – Абылай хан өте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргiздi.

Бұл жайында “қазақтың көне тарихы” атты кiтапта: “XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей өкiметi қазақ арасында хандық үкiметтi бiржолата жойып, ел басқарудың жалпы ресейлiк тәртiбiн жақындатуға тырысты...”,— деп, қазақ елiнiң отар елге айналғаны жайында әңгiмелейдi.

Қазақ жерiне қоныстана бастаған орыстар шұрайлы егiстiк жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шiркеулер салынып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргiздi. Патшалы Ресей бай-сұлтандардың балаларына арнап орыс-қазақ  мектептерiн ашты.

Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында “Азиатское училище” және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ бай-феодалдарының мектептерi ашылды. Орыстандыру, отарлау саясатын қатты сынаған Мұрат Мөңкеұлының, Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының шығармалары халық арасында кең тарады. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi Қазақстан даласында 15-20 жылға созылды.

XIX ғасырдың екiншi жартысында  Қазақстан даласында Ресейдiң  алдыңғы қатарлы демократиялық  ой-пiкiрдегi (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының  жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б.   зиялы-демократтар   жер   ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi (44, 6).

Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен  қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi| көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң  “Қазақ хрестоматиясын” (1879 ж.)   жазып, ұсынды.

Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.

 

XX ғасырдың барысында империалистiк патшалы Ресейдегi   саяси-әлеуметтiк жағдайлар шиеленiсе түстi. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.

Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер төңiрегiнде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдiң отаршылық және “орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерiн қайтарып беру және жастардың бiлiм алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Хәлел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақтың зиялы қауым өкiлдерi ұлттық сана-сезiм мен тәлiмдiк идеялардың көсемдерiне айналды.

Қазан төңкерiсiне дейiн шыға бастаған “Дала уәлаяты” (1889-1902 ж.ж.), газетi “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерi, мүмкiндiктерi, мәдениетi, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пiкiрлер жариялап отырды.

Бұл орайда, белгiлi қоғам қайраткерi, ғалым-түрiктанушы Ахмет Байтұрсынов “Қазақ” газетiнде былай деп жазады: “...қазақ жерiнде өндiрiс жоқ, шикiзатын сатады, ал сол шикiзаттан жасалған өнiмдi 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшiлiк — бiлiм-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерiнде мектептер өте аз...”, — дедi (“қазақ” газетi, 1913 жыл, N 26, 15 тамыз).

1917 жылы Ленин бастаған коммунистiк  партия Ресей патшасын тақтан  құлатып, тарихқа белгiлi Қазан төңкерiсiн  жасады, әлемде жаңа империяның  негiзi қаланды. Қазақстан ендi орыстар  басқарған бұрынғы Ресей империясының  мұрагерi жаңа Кеңес Одағының (КСРО) құрамына кiруге мәжбүр болды.

Бұл кезең қазақ халқына тиiмдi және тиiмсiз әсерiн тигiздi. Қоғам проблемаларының аса күрделi саласы — сауатсыздық жойылды. Көптеген маңызды кәсiпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып, жұмысшылардың жағдайлары едәуiр жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдiк тәжiрибелерге негiзделген кеңестiк ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының негiзi қаланды.

Мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары, негiзiнен, орыс тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлдi. Әрине, орыс тiлiнде бiлiм беру прогрессивтi роль атқарғанымен, онда қазақ мектептерiнiң оқу-тәрбие жұмыстарына қайшы келген жағдайлар көп болды.

Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан педагогикалық тәжiрибелер “коммунистiк идеологияға” негiзделiп, “коммунистiк тәрбие беру” атты саяси-педагогикалық, диктатуралық жүйеге ұласты.

1937—1938 жылғы жүргiзiлген Сталиндiк жаппай  қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы  соғыста қазақ халқы өте ұлкен  қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң   дамуы мен   қалыптасуына   үлкен   үлес   қосқан   қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзi ұлт мәдениетiнiң өсуiн үлкен тежелуге әкелiп соқтырды.

Соғыстан кейiнгi жылдары жаппай орыстандыру мәселесi қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерiн игеру мақсаты отаршылық принципке негiзделiп, өкiмет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттiк басқару жұмыстары, iс қағаздары, қоғамдық жиындар бiрыңғай орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткiзген өкiмет саясатының нәтижесiнде көптеген қазақ мектептерi, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бөлiмдерi қысқартылды.

Халық педагогикасы жөнiнде ғылыми-зерттеулер жүргiзуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәурлердi дәрiптеу санадағы ескiнiң сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистiк идеологияға негiзделдi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнiң аудармасы негiзiнде пайдаланылды. Қазақ тiлiнде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар жазу назардан тыс қалды.

Дегенмен, ұзақ ғасырлардан берi келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмiрдiң қажеттiлiгiне айналуына бағытталған туындылар: М. Жұмабаевтың “Педагогика”, А. Байтұрсыновтың “Оқу құралы”, “Сауат ашқыш”, “Тiл құралы”, “Ж. Аймауытовтың “Тәрбиеге жетекшi”, “Психология” атты еңбектерi, С.Көбеевтiң, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтiң, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтiң, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннiң, Ә.Марғұланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезiм көзқарасын қалыптастырды.

Кеңестiк дәуiрде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтiң, А,П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдiң, Т.Тәжiбаевтың, Ә.Сембаевтың, Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтiң, А.Темiрбековтiң, А.Асылбековтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның, М.Мұхановтың, А.Мәдиннiң, С.Мусиннiң, Ә.Б.Сейтешевтiң, Т.А.Умановтың, Н.П.Хмельдiң, А.Көбесовтiң т.б. әлденеше монографиялық еңбектерi жарық көрдi. Педагогикалык ғылыми-әдiстемелiк “Қазақстан мектебi” журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалiмдерi мен педагог ғалымдардың еңбектерi үнемi жарық көрiп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тiлiнде шығарылып, ғылыми терминдерi қалыптасты.

Сөйтiп, педагогика, психология және әдiстеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Алайда Кеңестiк педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында халық педагогикасына терең мән берiлмей, көп жағдайда коммунистiк тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етiлдi. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершiлiктi мойындарына алған пионер-комсомол ұйымдары негiзiнен коммунистiк тәрбие принциптерiне сүйендi.

Қазақ мектептерi, негiзiнен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына көп мән берiлмедi. Мектептегi оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар ұлттық тәлiм-тәрбиенiң ерекшелiктерiмен санаспаған, орыс тiлiнде жазылған еңбектердiң аудармалары арқылы жүзеге асырылды.

Әдебиеттер:

 

1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының  теориялық мәселелерi  және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.

3. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.

Информация о работе Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері