Қанайұлы Шортанбай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:31, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдағы ғана емес, жалпы қазақтың асыл сөзіне пайым, таным деңгейіне олмейтін өз енерін қосып кеткен, еліміздің тағдыр-талайына, тар кезеңдегі тарихына қабырғасы сегіліп, қасіретті күй кешкен күрделі түлғалардың бірі — Шортанбай Қанайүлы.

Вложенные файлы: 1 файл

Қанайұлы Шортанбай.doc

— 34.00 Кб (Скачать файл)

Қанайұлы Шортанбай


Қанайұлы Шортанбай 
(1818-1881)

 
XIX ғасырдағы ғана емес, жалпы  қазақтың асыл сөзіне пайым,  таным деңгейіне олмейтін өз  енерін қосып кеткен, еліміздің  тағдыр-талайына, тар кезеңдегі тарихына қабырғасы сегіліп, қасіретті күй кешкен күрделі түлғалардың бірі — Шортанбай Қанайүлы. Ол халқымыздың 
өдебиеті қатталып, қағазға түсе бастағанынан-ақ еленіп, ескерілген дарын. Әрқашан назарда болды. Қилы кезең-дердің қондырғы саясатына орай түрлі бағасын алды. Бірде ашылды, айтылды, бірде "жабылып", жасырылды. 
Шортанбайдың заманы озге еді. Оның пешенесіне азғын заманнан адамшылықты аман алып өтудің арпалысы жазылыпты. Қазтуған мен Доспамбеттің, Ақтамберді мен Үмбетейдің "бағынышты болғанша, басың кетсін" дейтін үрпағы аз емес еді. Соның бірі еді Шортанбай. Оның тас жарып шыққан бүлақтай қайсар, тәтті, түнық жыры, биік жыры ащы мүңға батты, қорғасын ойлардың салмағына түншықты. 
Жырау - Түркістан тоңірегіндегі Қаратаудан Арқаға барған қожа түқымына жатады. Қайсібір дерек оны Ақмешіт қожасы еді дейді. Басы ашық нәрсе - жырау өмірінің басым көпшілігі қазіргі Жезқазған облысының аймағыңда мүрдесі жатқан Арқада — Қарқаралы тоңірегінде откен. 
Шортанбай - белгілі Жанқүтты биге аса жақын адам. Арқа елінің арғы-бергідегі жақсы-жайсаңдарымен бірге жүрген, қатар болған. 
Шортекеңнің оз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген үлдары, Бәйіш атты қызы болған. Аязбай осы жақта қайтыс болған да, Алдаберген кейін Қаратау жаққа кетіп қалған. 
Шортанбай 1818 жылы туған. Жастай молдадан сауат ашып, Шаяндағы медресені тәмамдайды. Оз бетімен орысша хаттанып, тіл білген сияқты. Ақын 1881 жылыдүние салып, оз нағашысы Ыбырайым қожаның мазарының іргесіне жерленеді. Ақсу-Аюлының оңтүстік түсыңда жатыр. 1980 жылы жерлестері басына көктас орнатқан. 
"Қайсыбірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды" деп аһ үрып, қасірет шеккен Шортанбай заманы туралы, тарихтың сол бір қаратүнек, түманды, күмөнді түстары туралы қазір де салмақты, сабырлы, салиқалы әңгіме басталды. Сол дөуірдің куәсіндей Шортанбайдың да шырылдаған шындығы бар. Және ащы шындық. 
Шортанбайға тағылған толып жатқан "айыптың" бірі — феодалшыл, рушыл, байшыл, ескішіл болса, бірі — сары уайым, заршылдық болса, енді бірі - діншілдік еді. Ол бағаның қалай және не себептерге байланысты берілгені қазір белгілі жай. 
Дін — алла тағалаға қүлшылықпен, бірді-екілі шарттылықпен ғана түгесілетін дүние емес, бүкіл тіршілікпен, жаратылыс қүпияларымен астасып жатқан, қүлашы кең күрделі үғым. Опасыз жалған дүниеден адамның іздептапқан таяныш түғыры, рухани күші. Шортанбай осыны білген, түсінген, насихаттаған. 
Ақынның дүние тірлік, адам жанының қүпия-қалтарыстары, тіршілік табиғатының ғажайып күштері жайлы толғаныс түжырымдары көп жыл шошып, үркіп келген діни танымның аясына емін-еркін сыйып жатыр. 
Шортанбай иманды айтса, ақиқатты айтса — адамшылығынды, кісілік қасиетінді, жаратушының оң көрген ісін сақтауды уағыздайды. Дүниені көрме, сезбе, таныма, ойланба, соқыр сенім, көзсіз қүлшылықта бол деп емес, зерек бол, сезімді бол, танып істе, тауып істе деп айтады. "Ақиретте жалған жоқ, таразысы басқа бір бөлек" — деп, күні ертең жауап берер күнәдан сақтандырады. 
Шортанбай толғаулары ақты қара, қараны ақ деген долбар пікірлерге ішін бермейді. Шортанбай зарлаумен болды деу — ақынның күрделі поэзиясына қиянат. Оның өлеңі адамның опасыз жалған дүниеден іздегені мен тапқанын тіршілікке тірек етер мұрат мақсатын колденең тартады. Жаратылыстың ештеңеге бағынбайтын өктем зандарын айтып, мойындатады. Дүниенің шартын, түп-төркінін, арғы-бергісін, бары мен жоғын түгендеп, жыраулардай әріден қозғап тіршіліктің алма-кезек ағыстарын алуан бояумен суреттейді. 
Шортанбай омір сүрген ғасырда қазақ баласының түрмыс-күйіне әлем-тапырық езгерістер еніп жатты. Ұлдан үят, қыздан әдеп кетті. "Жон білмеген жамандар, ел билеген бек болды", "сауып ішер сүті жоқ, мініп керер күші жоқ, ақша деген мал шықты", ұрлық-қарлық, өтірік, ғайбат, зорлық көбейді. 
Ақын пенделік қасиетті жоғалтпауға үндейді. Өмір дейтін тәңір сыйының — тойына тамақ ішу, жарқырап жүру, мал, мансап, байлық, жинау ғана емес, қуаныш-шаттық, қымбаты мен қимасы мол жан дүниесі екенін біл, үмытпа дейді. "Иман — жанның жарығы" деп түйеді. Кім корінгеннің ойына келіп, аузына түсе бермейтін образ. 
Бьглай да қара байыр көрінер Шортанбай поэзиясы асыл сөзге, айшықты теңеуге, ағынды-төгінді, екпінді, тасқыңды, сөзге кеңде емес. 
"Атасы топқа кірмеген сөзге салмас қүлағын", "қалықтаған сұңқар ем, қанатым сынды үша алмай, қиядан қүзға түсе алмай", "Опасы жоқ сүм дүние оттан ыстық болар ма", "қүбылып түрған қызыл гүл, қураса кетер мәнері, отіп кеткен нәрсеге, окінсең жоқ келері" сияқты тіршілік қисындары — Шортанбай толғауларының түп қазығы.  
Шортанбай өз уақытын, қазақ қоғамындағы қасіреті мол дәуірдің қара бояуын өлеңге көшірді. Халқының айдағаңда көнбес асау мінезін аңсады. Ар-намысын жоқтады. қатпар-қатпар сұмдығы көп зымиян үстемдікке бар дауыспен қарсылық айтты. Сөз семсері сермеді. Ту сыртыңнан келіп білдірмей басып, тыпыр еткізбей көгендеп тастаған опасыздықтың уын ішті. Жанталас шақтың жан айғайы болып аспанға шапшыды. Уды умен қайтарып, ащы зар төкті. Шыр айналған опасыз жалған дүние ұстараның жүзіндей өткіріне жүзін тосты.



Информация о работе Қанайұлы Шортанбай