Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Майгул.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау жағынан алғанда әдебиетіміздегі көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді. Поэзиялық туындылар қазіргі таңда ағым-бағыты, стилі, жанрдың сипатын ашуы жағынан ерекше бір көркемдік құбылысқа айналған. Лирикалық туындылардың көркем әдебиет жанрлары ішінде өзіндік маңызды орны бар . Лирикалық туындыларды зерттеу жағынан алғанда қазақ әдебиеттану ғылымы ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетті. ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымының дамуы көкжиегі лирикалық шығармаларды зерттеуде, оның «су астындағы бөлігін» талқылап тануда, туындылардың тереңіне бойлап көркемдік ерекшелігін ашуда табыстарға жетті.

Теориялық мәселер А. Байтұрсыновтан бастау алып, Қ. Жұмалиев еңбектерінде жалғасып тауып, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Нұрғали сынды ғалымдардың еңбектерінде  тамырына терең бойлай талданды. Жоғарыда аталған   ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, біз лирикалық шығармалардағы мінез бен тартыс мәселесін жекелеген ақындар шығармашылығына тоқтала отырып талдамақпыз.

Шығармашылықтағы тартыс пен мінез мәселесі қазіргі таңда прозалық және драмалық шығармаларда тереңінен талданғанмен лирикалық туындыларда жүйелі  түрде қарастырылмай келеді. Қазіргі қазақ лирикасының даму сипатында мінез (характер) және тартыс(конфликт) мәселесінің әдебиет теориясының негізгі  нысанасына ілінуі кезек күттірмейтін мәселе. Лирикалық кейіпкердің жан әлемін ашуға қызмет ететін, шығармашылыққа соны серпін беретін мінез бен тартысты нысанаға алу лирикалық туындыларға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Орта буын ақындарымыз аға буынның ізін баса, өлеңнің біраз жүгін көтеріп келеді. Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Сабырхан Асанов, Жұмекен Нәжімеденов, Сәкен Иманасов, Мұқағали Мақатаев, Қайрат Жұмағалиев  секілді ақындарды қазір бір-бірімен шатыстыру қиын.  Бұлар бүгінгі өскен поэзиямыздың әр шалғайын ұстап жатыр. Әрқайсысы әр тілде сөйлейді, әрине, ақындық тілді айтамыз...

Бітіру жұмысында осы ақындардың ішінде Т.Молдағалиев лирикасындағы ұлттық рух тақырыбына арнамақпыз.

Тұманбай Молдағалиев – негізінде XX ғасырдың 60 жылдарының поэзиясына ерекше жастық күш-жігер, ұлы екпін, талантпен кіріп келіп, соңынан қаламы кем-кемнен ұшталып, оның поэтикалық пікір дүниесінде өмір толғаныстары да барынша тереңге тартып, оның үстіне өлең-жырды өрнектеуге  ақындық шабыты да шарықтаған кісі.

Ақын жырларының өзекті тақырыбы – Туған Отаны, елі, жерінің тағдыры.

Ақындық дүние танымда Тұманбай Молдағалиев махаббат пен табиғатқа егіз құбылыс есебіне қарайды. Ой мен сезімді табиғаттың көріністерінен алады.

Ақын өз лирикасындағы  ұлттық рухты әсем жырлап,  көз  алдыңа көркем суреттеп, оны ақындық оймен түйіндеу өнерімен шеберлігін байқатады.

Тұманбай Молдағалиев үлкен ақын, оған қоса жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы. «Жалында», «Балдырғанда» атқарған қызметтері себепкер болып, ол балалар әдебиетінің Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев секілді абыздарымен қанаттас ақын.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.  Тұманбай Молдағаливтың ұлттық рухты жырлаудағы эпикалық шеберлігін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:

-  ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу; ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу.

     -  ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау;

Зерттеудің нысаны. Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Т.Молдағалиев. «Мен өлеңмен өмір сүрдім», «Үш томдық шығармалар жинағы» т.б.атты өлең жинақтарын алдық.

Жұмыстың жаңашылдығы. Т.Молдағалиев поэзиясындағы ұлттық рухты  жан-жақты талдау жасалуы. Т.Молдағалиев шығармашылығын талдай отырып, қазақ поэзиясындағы ұлттық рухты сарында ашу жұмыстың жаңашылдығы болып табылады.

Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын орта мектептердің, педагогикалық колледждердің әдебиет пәнінде қазіргі қазақ поэзиясы туралы сөз қозғағанда пайдалануға болады. Әсіресе, Т.Молдағалиев шығармашылығы туралы ғылыми жоба қорғау, реферат жазу, тағы басқа жұмыстарда еңбек қосымша материал қызметін атқара алады.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысымыз кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ТҰМАНБАЙ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ

 

1.1Тұманбай Молдағалиевтың өмір жолы

 

XX ғасырдың елуінші жылдарының орта тұсынан басталып, алпысыншы жылдарда-ақ кең өрісті жолға шыққан қазақтың жаңа поэзиясының көш басында тұрған  үлкен ақынның   бірі   -   Тұманбай   Молдағалиев. Осы бір жылдары бұрын саясатқа қызмет етіп, үгіттік сарынға бой алдырған өлеңге тоқтау түсіп, адамның ішкі сезімін, жан-күйін, махаббаты мен табиғат сырларын кең жырлауға  мүмкіндік туды.  Тұманбай Молдағалиев поэзиясы   осы   тұстан   ақындық   тежеуге ілікпей ойындағысын еркін айта білуімен, сыршылдығымен көзге түсті. Ол туған елін, Отанын ғана емес, жастығын, махаббатын, табиғатпен туыстығын қызықтады. Еркін, еліте жырлады. Сондықтан да шынайы поэзияны, шын сезімді адамның жан жылуын қозғайтын сыршыл жырды аңсаған қауым Тұманбай өлеңдерін қызыға оқып, ду көтеріп алып кетті. Ол «жастықтың жыршысы» болып әдебиет тарихына кірді.

Тұманбай   Молдағалиев   1935   жылы   Алматы   облысының Еңбекшіқазақ ауданында, «Казатком» аулында дүниеге келді. Әкесі Молдағали Ұлы Отан соғысында қаза тауып, Тұманбайдың жас шағы мейірімді анасы Қымқаптың қолында өтеді. Әке сағынышы,  ана  мейірімі,  жетімдік  тағдыр  кейін  Тұманбайдың   көптеген өлеңдерінің арқауы болғаны белгілі.

1942 жылы «Казатком» мектебіне  барған Тұманбай орта мектепті 1951 жылы Есік қаласында бітіріп, сол жылы Қазақтың мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Университет қабырғасында өлеңдер жаза бастайды. Ақынның алғашқы жастық жырлары сәл кейін, 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жинақ болып басылды.

Еңбек жолы Тұманбай «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналының редакцияларында әдеби қызметкер болудан бастаған. 1959-1970 жылдар арасында «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970-1973 жылдары «Балдырған» журналында жауапты хатшы болып істеген. 1973-1984 жылдары «Жалын» альманахының бас редакторы, 1984-1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, одан кейін «Балдырған» журналының бас редакторы болған. Соңғы қызметін әлі де жалғастырып істеп келеді.

Ақынның өлең, поэмалары 40-тан аса кітап болып шыққан. Оның үш томдық таңдамалы жинағы (1990), он төрт томдық шығармалар жинағы (2003-2004) басылған. Ол 1968 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түрік дүниесі ақындарының сыйлығын иемденген. Өлеңдері орыс және басқа көрші халықтар тілдерінде кітап болып жарияланған. Жекелеген шығармалары басқа да әлем елдерінің тілдерінде (ағылшын, француз, неміс, араб, грузин, молдаван, украин, белорус, т.б.) жарық көрген.

Тұманбай Байронның, А.С.Пушкиннің, М.ЮЛермонтовтың, Т.Шевченконың, Е.Евтушенконың шығармаларын, өзбек, қырғыз поэзясының көптеген үлгілерін (ішінде «Манас» жыры да бар) қазақ тіліне аударуға қатысқан.

1992 жылы Бүкіл Түркі  дүниесі ақындарының Физули атындағы  сыйлығына ие болды. Жамбыл атындағы  халықаралық сыйлықтың лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы. «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері.

Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің, басқа да танымал композиторлардың «Құстар әні», «Құстар қайтып келеді», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем», т.б. жүздеген әндерге өлең жазған. 2007 жылы «Құстар қайтып барады» атты ән текстерінің жинағы жарық көрді.

Ақынның қаламынан туған «Студент дәптері», «Кәмила», «Құралай», «Алатау қызы», «Зулайды күндер», «Жаңа дәптер», «Шақырады жаз мені», «Қош, көктем», «Жүрек ояу қашанда», «Хаттар, хаттар», «Махаббат оты сөн­бейді», «Мен де жиырма жаста едім», «Құстар қайтып келеді», «Таудан түскен сәуле», «Жиырма бесінші көктем», «Жүректегі жазулар», «Тынық мұхит дәптері», «Сарыала күз келгенде», «Туған елім —тірегім», «Сағындырған көктемдер», «Шыңдағы гүлдер», «Қар жауып тұр», «Ұмытпа мені» сияқты жыр жинақтары – ондаған ғасырлық тарихы бар қазақ жырына олжа салған, оқырман қауымның жүрегіне жол тапқан, әдебиетіміздің алтын қазынасына ай­налған өлмес шығармалар.

Қазақ жырының ары мен абыройын арқалап, ұлттық поэзиямызды әлемдік биікке көтерген, санаулы саңлақтарымыздың біріне айналған көркемсөз шеберінің өзгеше бітімі мен өрісті поэзиялық әлемі туған халқымен бірге жасары даусыз. Ақынның тұмадай тұнық жыр жаратқан ұлтжанды болмысы мен ақжарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталады. .

Тұманбай ақынның ақ пейіл, сезімтал ақын, бауырмалдық дәріпшісі екендігін  «Бауырлар» өлеңінен байқаймыз. Өлеңді мен бала кезімнен бастап жаздым. Бірақ ол кездегі өлең емес, тек өлеңге еліктеу болатын. Алғаш газет бетін көрген өлеңім 1951 жылы күзде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының «Үлгілі колхоз» дейтін газетіне шықты. Газет редакторы Үсенбай Тастанбеков ағай (қазір Қаскелеңде тұрады) поэзияны жақсы көретін адам екен. Менің аяғын апыл-тапыл басқан балапан жырларымды, махаббат лирикаларымды газетінің бетіне анда-санда болса да басып тұрды. «Келешекте сен ақын боласың» деген сенімге менің жас көңілімді, жас талабымды байлаған да сол ағай еді. Бір күні сол кісіден хат алдым. Ол кісі өз хатында «Тұманбай, сенің ақындық қанатың қатая бастады. Енді өлеңдеріңді облыстық, республикалық әдеби басылымдарға да беруге болатын шығар. Талабыңа нұр жаусын» депті.

Тұманбай өзінің қай шығармасымен болса да (біреуін нағыз шедевр десек, енді біреуінің тұзы жеңілдеу болар) оқырманының көңілін таба білетін, сезімін сергітіп, санасын оята жүретін ақын. Бұл жағынан алғанда оны ұлттық поэ­зия­мыздың барша мұратын бойына сіңірген, шынайы ғана қазақы ақын деп айтуымызға әбден-ақ болатындай. Тіпті, әнге арналып жазылған өлеңдерінің өзімен де оқыған елдің ойынан шығып, сезіміне сезім қосу жағынан ол аз еңбек сіңіріп жүрген жоқ. Оған бойлай түсу үшін Тұманбайдың бұрынғы-соңғы жазғандарын ой елегінен және бір өткізіп көру керек. Сонда барып, егер Тұманбай болмаса, қазақ поэзиясының қазынасы олқыланып қаларына көзің жете түсер еді.

Адам баласының эстетикалық мұраттарына қызмет ететін көркемөнердің ішіндегі ең ерекше және өміршең түрге айналған сөз өнері екенін ықылым замандардан бері азуы алты қарыс ойшылдар мен ғалымдар, сөз қасиетіне бойлаған адамдардың барлығы айтып келеді.  Сөз өнері адамзат баласын өзге жанды жаратылыстардан айырып тұратын ерекшеліктің бірі де бірегейі. Сөз өнерін «дертпен тең» деп берген ұлы ойышылдан артып оның қадір-қасиетін ешкім де жеткізе алмас. Ал сөз өнерінің бүгінгі біз білетін, біздер танып түсінген айрықша түрлері, адам ойын жеткізудің түрлі формалары бар. Көркемөнер сөз өнерімен қаншалықты бағалы болса, сөз өнері поэзиямен соншалықты   құнды [1, Б.27 ].

          Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы -  поэзия. Алла түсірген қасиетті кітаптардың да өлең өрнегімен жазылғанын бәріміз де білеміз. Осы тұрғыдан келгенде поэзия қаншалықты дарын мен қарым қабілетті, ғарыштан құйылар нұрлы сәулені тілейтінін түсінеміз.

Поэзия ақынның қоғамдық құбылыстардың барлығын санасында қайтадан қорытып, көркемдік қарым-қабілетпен қайта туындатқан, адамзатқа алуан түрлі әлемнің сырын түсіндіргісі келген жүрек  сыры мен жан мұңы [2, Б. 204].

Тақырып трансформацияға ұшыраған өмір шындығының көркем көрінісі. Поэзия сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасым гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы. Әр ақынның өзінің жүрегінде орын алған санасының қалтарысына қатпарланған танымдық әлемі өлең өнеріне өз өрнегін қалдырады. Ақын жаны - тым нәзік, тым бұзылғыш, өрекпіп тұр, оты басым. Әр ақын өз қоғамының призмасы арқылы дүниеге көз тігеді. Олардың осы ерекшелігін, жалпы ақындық өнердің табиғатын, өзімен замандас шығармашылық иелерінің туындыларын тани отырып ұлы Әл-Фараби бабамыз ақындарды үшке бөлген: бірінші топ – табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті барлар; екінші топ - өлең өнерімен толық таныс, тәсілдерді, қағидаларды, әдеби құралдарды жетік білетіндер; үшінші топ табиғи дарынымен немесе арнайы жаттығумен жазатын ақындар [3, Б.22.].

 Дана ойшыл пікірі  бүгінгі заман талабына да  жауап беруге лайық сараптама. Философтың тұжырымына жүгіне  отырып, оның ғасырлардың қойнауынан  бастау алып жатқан ойын ескере  отырып жаңағы топ-топқа бөлінген  ақындар шығармашылығының тереңіне бойлап көрелік.

Көркем әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар екенін белгілі ғалымдардың барлығы айтып жүр. Әрбір тарихи дәуірдің өзінің тарихи ерекшелігі болатыны секілді, белгілі бір кезеңде  өмір сүрген ақындардың өзінің дәуіріне қоғамына сай өзіндік үні мен лирикалық, поэтикалық сазы болады. Яғни, шығармашылық адам рухының зияткерлік туындылары тақырыптық, танымдық, идеялық жағынан сол заманға сай, сол қоғамдық процестердің талаптарына жауап береді. Сол ерекшеліктері арқылы позияның құдіретті де киелі даусы адамзат санасына өзінің барлық әсем сазын сіңіріп жатады.

Поэзиядағы тартыс пен мінез мәселесі күрделі де, қиын мәселе. Ол жанрдың өзіндік ерекшелігінен туындап, дамып өрбиді. Позиялық шығарманың формалық және жанрлық ерекшелігі аталған жанрдағы  оның ішкі иірімдер арқылы жаңаша бір келбетке ие болады.

 

 

1.2 Тұманбай молдағалиев  лирикасының көркемдігі

 

Қазақ поэзиясының адам сезімін, махаббат өзіндік бір нақышпен, шынай тебіреніспен беруді алып келген, махаббатты жырлаудың негізін салған ақын – Т.Молдағалиев. оның өлеңдері – адам сезімін, жан толқындарын, жүрек қылын шертер қазақ поэзиясының сыршыл лириканың биік үлгісі. Т.Молдағалиев жырлары туған жерді, болашаұ ұрпақты, дос-жаранды, әйел затын сүюге, сағынуға, аңсауға арналған.

Информация о работе Өлең - сөздің анасы (лирика туралы)