Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 19:37, сочинение
«Қыз Жібек» - Қазақстандағы жазушы, «Қыз Жібек» поэмасы зерттеушілердің көңілін ерте аударған
туралы көзқарастар лиро-эпостың бірі. «Қозы Көрпеш -
Баян сұлудан» да сахнаға бұрын шықты.
1936 жылы Москвада болған қазақ искусствосының бетке ұстап барған операсының бірі осы поэманың сюжет негізіне жазылған «Қыз Жібек»1 операсы болды.
1941 жылдан бері оқу құралдарында2 сөз болып келеді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиетінің тарихы» I томына да жеке бөлім болып енгізілді. Бұл томда «Қыз Жібекке» арналған бөлімді жазған профессор М.О.Әуезов.
Қандай көркем
шығарма болсын өзінің әрі
«Қыз Жібектің» мазмұны, әрі көркемдігімен
бағаланады.
басылуы жайлы «Қыз Жібек» екі жағынан
да бағалы поэма.
Бұл жырдың қай кезде шығарылғаны, кім
шығарғаны жайлы дерек жоқ. Ел аузында
көптен бері келе жатқан және халықтың
сүйіп тыңдайтын шығармасы.
Бірінші рет басылуы 1894 жылы. Кімнен жазып
алып, кім шығарғаны мәлім емес, «Қисса
Қыз Жібек» деген атпен Қазанда басылған.
Жинаушысының сөзіне қарағанда сол кездегі
қазақ арасында болған татарлардың бірі
тәрізді. Өзі ноғаймын дейді.
«Қыз Жібекті» екінші рет баспаға ұсынған
фольклорды көп жинаушы адамдардың белгілі
бірі Жүсіпбек Шайқұл Ислам (1900ж). 1894 жылдан
бері Қазанда талай рет басылады. Совет
үкіметі кезінде тағы да үш рет басылып
шықты (1933ж, 1939ж). Ең соңғы басылуы 1957 жылы
(Қазақ Ғылым академиясының тіл және әдебиет
институты).
Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов жолдастардың
1933 ж, 1939ж бастырып шығарған «Батырлар
жыры» атты жинақтарына енгізген «Қыз
Жібек» - Жүсіпбек бастырған варианты.
Кейбір жеке сөздері болмаса, сол күйі,
ешбір өзгеріссіз берілген. Қазіргі, 1957
жылғы бөлек кітап болып шыққаны 1894 жылғы
алғашқы рет басылған «Қисса Қыз Жібек».
«Қыз Жібектің» алғашқы Қазанда басылған
нұсқасы туралы Жүсіпбек Шайқұл Ислам
төмендегіні айтады:
Басында менен
жайылды,
Қисса болып бұл Жібек.
Баспасына қарасам,
Бәрі шала сөзінің,
Еңіреп жылап жүр жүдеп, -
десе, екінші
бір жерінде «Қисса қылып жазып ем» дегенді
де айтады. Жүсіпбек - қазақ ауыз әдебиетіндегі
ескі мұраны көп жинастырған адам. Ол еңбегін
бағалаймыз. Бірақ кейде ол өзінің жинаушылығы
мен авторлығының арасына шек қоймайды.
Халыққа мәлім белгілі эпос, лиро-эпостар
не айтыстарды жазып алып баспаға даярлағанда,
өзі өлеңмен кіріспе жазатыны, кейде қара
сөзбен берілетін жалғастыруды өлеңге
айналдыратыны, кейде оқиғаның шешуі біткенсін,
сол жөнінде қорытынды беретіндігі рас.
Осылардың жиынтығында ел аузынан жазып
алған әр алуан халық мұрасына ие бола
кететіні бар. Оны ол жаман оймен жасайды
деуден аулақпыз, өзінің жеткен жері, түсінігі
сол болу керек. Қандай эпосты алсақ та,
оның не қосқандығы, сөз, сөйлем құрылысы
стилі жағынан айқын тұрады. Жүсіпбекте
ақындық жоқ адам. Оның мардымсыз китіңінен
шыққан сөздерімен төгіліп жүре беретін
тайпалмалы шын толқу, терең сезімнен
шыққан дарынды халық ақындарының сөздері
қатар келгенде айырмалары аспан мен жердей.
Бірақ Жүсіпбектің жоғарғы айтқанындағы
бір шындық - «Қыз Жібек» әуелде менен
тарап еді деуі. Ол кезде Жүсіпбек 23-ақ
жаста болса, оның татар баспаларымен
байланысы болмауы, бастыру әрі өз пайдасы,
әрі ел пайдасы екенін ұғынбауы, сондықтан
оның жазып алғандары сол қолжазба күйінде
ел-елге тарап, бірнеше жылдардан кейін
Қазанда басылып шығуы да мүмкін. Немесе
Жүсіпбек жазып алған жыршыдан басқа да
ақын-жыршылардың «Қыз Жібек» нұсқасын
білушілер болды да, оны Қазанда бастырып
шығарған ноғайдың өзі жазып алып бастырды
деп топшылауға да болады. Әйтсе де Ә.Диваев
тәрізді бір ғалым адамдар болмаса, кез
келген ноғайдың өз құлағымен тыңдап,
ел аузынан өзі жазып алып бастырды деу
едәуір күдік келтіреді. Сондықтан біз
сол бастырушының қолына Жүсіпбектің
қолжазбасы кездесіп, оның өзі жинаушы
емес, «Әзір асқа ие болушы» деген пікірді
қолдауға бейімбіз.
Бірақ біздің бұл жерде тоқталмағымыз,
кімнің кімнен алғандығы емес, осы 1894 жылғы
басылуы мен 1900 жылғы басылуы екі версия
не екі вариант деп айтуға келе ме, айтарлықтай
айырмашылықтары бар ма, міне, осы мәселелер.
«Қыз Жібектің» ең соңғы баспасына жазылған
түсінікте поэманың екі варианты бар делінген.
Бізше, Жүсіпбек бастырған «Қыз Жібек»
пен 1894 ж. басылған «Қисса Қыз Жібектің»
вариант дерлік айырмашылығы жоқ. Өйткені
не географиялық жақтарында, не сюжет
желісінде, не қатысушыларының іс-амалдарында
немесе композициясында, не оқиғаны суреттеу,
баяндауларында ешбір өзгешелік жоқ. Екі
вариант деушілердің барлық дәлелі кейбір
сөздердің түсініктері ғана. Және ең дұрысы,
түп нұсқасына жақыны 1894ж басылуы деген
пікірді ұсынады. Мысалы: «Қыз Жібек» (Жүсіпбек
Ш.Ислам «Қисса Қыз Жібек» нұсқасы, 1979ж.
С.Мұқанов (1957ж.басылуы). «Батырлар» атты
жинаққа енгізген.)
Мына жерден керегіңді теріп алуға болады,
жақсы шығарма шығатын сияқты
Қыз Жібек жыры
Мысалы: «Осы
келген Қаршыға, топтан асқан ер еді»
емес, бұл жердегі суреттелген
оқиғаға қарағанда, дұрысы «Табынан асқан
ер еді» болуы керек. «Ойпаңды жер қыр
болып», «ойнап бала шығады» деген сөйлемдердің
де ішкі логикалық байланыстары жоқ. Ойпаң
жер ешуақыт қыр мағынасында қолданылмайды.
«Ойпаң - қырлық» бір- біріне қарама-қарсы
ұғым. Бұл жердегі айтайын деген пікір
кішкентай төбенің өзі де болдырған атқа
бөгет, асу болды деп әсірелей суреттеу
ғой.
«Ойнап бала шығады, айдын көлдің шетіне»
деген сөйлемнің сөздерін алсақ, ішкі
байланыстары тым әлсіз. Бала судан шыға
ма, әлде үйінен шыға ма? Үйінен шықса,
бала ойнауға көл жағасына баруы керек
емес пе? Онда көпшесі айтылуы керек қой.
Ал «ойнап балық шығады, айдын көлдің шетіне»
әрі мағынасы, әрі өмір шындығына дәл келуі,
қысқасы, барлық жағынан анағұрлым орынды.
«Қамқа» деген сөз бар, ал «Қамқап» деген
сөз жоқ. «Қамқа» еш уақытта «қамқап» түрінде
айтылмайды. Басқалары да осылар сықылды.
Сондықтан 1894жылғы басылған «Қисса Қыз
Жібекті» поэманың түп нұсқасына жақынырақ
деп қараушылық тым үстірт, фактіге негізделмеген
қате пікір. Түсінікті керек ететін кейбір
архаизмдері болмаса, халық поэмалары
сөз мағыналарының дәлді, анықтығы, әр
образдары өмір шындығынан алынатындығымен
бағалы және бұл зерттеушілерін түп нұсқасына
жақындата түсетін негізгі жайттардың
бірі. Бастыруда болсын, зерттеуде болсын,
біздің ______________________________
1 «Дұшпанға қылып ерлікті» деген жолы
болатын, ол түсіп қалған. (Қ.Ж.)
жұртшылыққа ұсынатынымыз осындай нұсқа
болуы керек. Сөздерінің мағынасы бұзылған,
сөйлемдерінде логикалық байланыс жоқ,
ойды дәл айтып жеткізе алмайтын нұсқалар
қосымша қатарында ғана басылып, зерттеушілер,
комминтаторлар кейбір жайттарды салыстыру
үшін пайдаланатын қосалқы дерек ретінде
ғана басылуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда,
1939 жылғы «Қыз Жібекті» негізгі нұсқа
қатарында шығарып, «Қисса Қыз Жібекті»
вариант демей-ақ, тек бірінші рет басылғандығы
үшін зерттеушілерге арнап ұсынған дұрыс
тәрізді. Бірақ «Қыз Жібектің» соңғы баспасында
ол жайтттар да және 1894 жылғы нұсқасының
текстісінде кеткен сөз, сөйлемдеріндегі
мағына кемшіліктері де ескерілмеген.
Кейбір мағынасыз сөздердің байыбына
барып, мұқияттап тексермегендіктен, сол
баспасын мақтауға шейін барған.
Осы жағдайларды ескеріп, біз бұл еңбекте
келтірілетін үзінділерді 1939 жылғы баспасынан
алуды мақұл таптық.
«Қыз Жібек» - Қазақстандағы жазушы,
«Қыз Жібек» поэмасы зерттеушілердің
көңілін ерте аударған
туралы көзқарастар лиро-эпостың бірі.
«Қозы Көрпеш -
Баян сұлудан» да сахнаға бұрын шықты.
1936 жылы Москвада болған қазақ искусствосының
бетке ұстап барған операсының бірі осы
поэманың сюжет негізіне жазылған «Қыз
Жібек»1 операсы болды.
1941 жылдан бері оқу құралдарында2 сөз болып
келеді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиетінің
тарихы» I томына да жеке бөлім болып енгізілді.
Бұл томда «Қыз Жібекке» арналған бөлімді
жазған профессор М.О.Әуезов.
«Қыз Жібек» поэмасының қай дәуірде шыққандығы
жайлы дәл мәлімет жоқ. Проф. М.О.Әуезов
өзінің I томға жазған мақаласында, поэмадағы
ел аттары, оқиғаның болған географиялық
жақтарына шолулар жасай келіп және ол
елдермен шекаралас қалмақтардың да болғандарына
сүйене отырып, оқиға XVII ғасырда болуы
мүмкін деп топшылайды.
Еділ, Жайық бойына қалмақтардың сол ғасырда
келіп орналасуы - тарихи нәрсе. Сондықтан
жоғарғы топшылау шындықтан алыс кетпейтін
тәрізді. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
поэмасынан мұның анағұрлым кем туғандығы
талассыз.
Поэманың өз ішінде кездесетін кейбір
атауларға, суреттелінетін тұрмыс жабдық,
елдің салт-салтанаттарына қарағанда
да, поэманың бергі заманда шығарылғанын
аңғару қиын емес.
1Либреттосын
жазған Ғ.М.Мүсірепов, музыкасы Е.Г.Брусиловскийдікі.
2 «Қыз Жібек» туралы бөлімді алғашқы рет
жазған осы кітаптың авторы.
Оқиғаның алғашқы байланысы ретінде енгізілген
саудагерді кейінгі жыршылардың поэмаға
қоспасы деп қарағанның өзінде, шығарманың
заңды элементінің бірі саналатын, Қыз
Жібектің сән-салтанатымен байланысты
суреттеулердегі «кісі бойы кровать»,
«күймелі арба», «кигені атлас, қырмызы»
тағы басқа да осылар сықылды соңғы дәуірлерді
меңзейтін жайттарды кездейсоқ нәрсе
деп қарауға болмайды. Тіпті, қаһармандарының
аттары: Базарбай, Жібек, Шеге, Төлеген
болып келушілігі де негізсіз емес. Бұрынғы
батырлық эпостарда да, басқа лиро-эпостарда
да бұл тәрізді кісі аттары кездеспейді.
Жоғарғы айтылғандарды жинақтай келгенде,
поэманың тап қай кезде пайда болғанын
кесіп айтуға болмаса да, бұл онша әріде
шыққан поэма емес деп топшылауымызға
болады.
Тек дәуірі ғана емес, «Қыз Жібек» поэмасының
негізгі идеялық мазмұны жөнінде де біздің
зерттеушілердің араларында екі түрлі
көзқарас бар. Бірінші пікір: Қыз Жібек
пен Төлеген өмір сүрген рушылдық-феодалдық
дәуірдің қараңғылық, мылқау күшіне аз
да болса қарсылық білдіру, ескі салт,
оның қолдаушылары Базарбай сықылдылар
не айтса көніп, кімді айттырса соған үйленіп,
ескіліктің әдет-ғұрпын түп-түгел құптай
бермей, өзінше ойлап, өз бақытын өзі іздеу,
бас бостаңдығын аңсау поэманың негізгі
идеясы.
Әрине, ол кезде ондай ескілікке көнбей
бас көтерушілер аз да, әлсіз де еді. Оларға
қарсы күштер: әлі іргесі мызғымай жатқан
феодалдық салт-сана, кежегесі кейін тартқан
кертартпалықтар болатын. Феодалдық дәуірдің
қатал заңы шеңберден шығамын деушілерді
салмағымен мерт етіп, салқынымен қағушы
еді. Өз үстемдігін берік сақтау мүддесін
өз ішінен шыққан баласынан да артық санаған
қайырымсыз әкенің қатал мінезіне қайшы
келіп, мерт болушылардың бірі - Төлеген.
Поэманың негізгі идеялық түйінін, әлсіз
де болса, осы тәрізді жаңалықтан іздеуіміз
керек те, онда кездесетін ескілік көзқарастың
сарқыншақтары болса, оның себеп жағдайларын
ашуымыз керек. Дәуіріне қарағанда, бас
бостандығын аңсау, өзі сүйіп қосыларлық
жар іздеу жолындағы талпыныстың өзінің
прогрессивтік мәні бар деген пікірді
ұсынады.
Екінші: бұл айтылғандардың көпшілігін
мойындаса да, шығарманың идеялық мазмұнының
түп қазығы ескілікті құптауда, әмеңгерлікті
жақтауда жатыр деп, ой тезисін осыған
құрады да, поэмадан осы көзқарасты дұрыстарлық
дәлелдер іздейді.
Шындығында, поэмада осы екі пікірдің
екеуіне де дәлел боларлық жайттар бар.
Қайсысы көп, қайсысы басым, оны безбенмен
өлшеу қиын. Көркем шығарманы талдау мәселесі
кейде дәлелдің көп, аздығымен де шешіле
қоймауы мүмкін. Көркем шығарманы талдағанда
негізгі мәселе, оның идеясын кім, қалай
ұғынуымен байланысты. Кейде шығарманың
идеялық нысанасы осы ғой деп бір қорытындыға
оңай келе салушылық көп уақытқа шейін
зерттеушілерді шатастыра береді. Біз
бұл еңбекте жоғарғы екі пікірдің бірін
мақтап, екіншісін даттаудан аулақпыз.
Әйтсе де талас мәселеге өз көзқарасымызды
айтып, оны өзімізше дәлелдеуге тырысамыз.
Қашанда болсын, шығарманың идеялық мазмұнын
ашуда естен шығаруға болмайтын бір мәселе
- сол көркем шығарманың оқушыларына ететін
әсері, олардың ой-сезімдерін қай бағытқа
жетектеп, оқиғаға қатысушылардың қайсысын
сүйіп, қайсысына қарғыс айтатындығы,
қандай іс-амалды құптап, қандай іс-әрекетті
жазғыратындығы болу керек. Бұл ескі мұраға
да, бүгінгі көркем шығармаларға да бірдей
қолданылатын шарт. Осы тұрғыдан қарағанда,
«Қыз Жібек» поэмасы туралы жоғарғы айтылған
екі түрлі көзқарастың біз біріншісін
қолдаймыз. Өйткені поэманы оқып шыққанда,
оқушылардың ой-пікір, аянышты сезімі,
биікке қол созып, қиынға құлаш ұрған,
еңсені зілдей басқан, ескі феодалдық
салт- сананың қатал заң, қалың дүлейіне
душар келсе де, сүйгені үшін елінен жалғыз
аттанып, арманына жете алмай кеткен Төлеген
жағында екендігін және поэманың драмалық
коллизиясы да бас қаһарманның Жібекті
тереңнен сүюшілік сезімдерінің айналасына
құрылғандығын көреміз.
Ақ Жайыққа екінші рет аттанар жерде Төлегенге
екі бірдей үлкен жағдай қас-қабат кездеседі.
Біріншісі - сүйген жары Жібек, екіншісі
- ата-ана, жан дегенде жалғыз інісі Сансызбай.
Поэма оқиғасының қойған шарты бойынша,
қаһарман біреуін ғана таңдауы керек.
Екеуі де қаһарманға қымбат. Әйтсе де Төлеген
біріншісін таңдайды. Қамқор ана, қауырсыны
қатпаған іні, қалың ел, қадірлі құрбы
қабырғасын қаншама қайыстырса да, қатал
әкенің қаһарлы пәрмені оның қасына ешкімді
ергізбейтіндігіне көзі анық жете тұрса
да, сүйгеніне берген сертіне жету үшін
қатері мол, қаупі көп алыс жолға жалғыз
аттанады. Төлегеннің тап осы арадағы
бірбеттілігі оның образын романтикалық
шекке шейін көтереді. Оның бұл тәрізді
іс-әрекеті феодалдық таптың көзқарасынша,
қалай жазғыруға да сиятын қылық болса
да, поэмада қаһарманды ол істері үшін
даттамайды, керісінше:
Бектер мінер сұр қасқа,
Шаба алмаса ұр басқа.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Ғашықтың жөні бір басқа! -
деп, қайта оны
құптай түседі. Оқиға желісінде Төлегенге
кездесетін бөгеттер мен қатысушылардың
әр алуан күйініш-сүйініштерін суреттеу
әдістері де сол бас қаһарманды оқушылардың
сүюіне, аяушылығына лайықталғанға ұқсайды.
Сан жылдар жарын сарқыла күткен сұлудың
жақсы үміті, тойдағы Бекежанның сөзінен
кейін, кенет үзіліп, қалың қайғы, жалтыры
жоқ қара күнге айналуы, тірі кездестірмек
болып, игі ниетпен іздеп шыққан іні ағасының
сүйегінің үстінен шығуы тәрізді азалы
қайғы, қаралы көріністер, оқушылардың
Төлегенді аяушылық жылы сезімдерін оятады
да, бар қарғысын, шын сүйіскен екі жастың
қосылуына кесе тұрып, апатқа ұшыратқан
феодалдық құрылыстың қатал заңы мен Базарбай
сықылдыларға арнайды, оларға қарсы өшпенділігін
де өршіте түседі.
Біздің бірінші көзқарасты жақтауымыздың
бір себебі, поэманың оқушыларына ететін
осы әсеріне негізделінеді. Сонымен қатар
поэманың идеялық мазмұны жайлы пікірімізді
біз поэмадағы адам образы, композициямен
байланысты да дәлелдеуге тырысамыз.