JІT концепциясы
логистикалық микстің барлық
құрамдастарының шеңберінде сапа
деңгейін ұстауға және бақылауға
әсер етеді. Бұл концепция, біздің ойымызша, жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындарға және дистрибьюциямен
айналысатын кәсіпорындарға тиімді болып
келеді.
KANBAN жүйесінің
өзі сәйкес JІT концепциясының
логистикалық ортасынсыз жұмыс
жасай алмады. KANBAN жүйесінің мәні
мынада: зауыттың барлық өндірістік
бөлімшелері, соның ішінде соңғы
жинау линиясы тұтынушы бөлімше
тапсырыс берген уақытта және
қажетті көлемде материалды ресурстармен
жабдықталып отырады. Сонымен, құрылымдық
өндіруші бөлімшенің қатаң өндіріс тәртібі
болмайды, кейінгі өндірістік-технологиялық
цикл бөлімшесі тапсырыс берген шеңберде
жұмысын оңтайландырады. KANBAN микрологистикалық
жүйесінің маңызды элементі ақпараттық
жүйе болып табылады, оған тек карточкалар
емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау
және жабдықтау графиктері, технологиялық
карталар, ақпараттық жарық таблолары
және т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді
реттеу және қадрлардың кәсіби ауысуын
реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM)
және таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті
түзету жүйесі және т.б. жүйелер болып
табылады. Бұл жүйені көбінесе ауыр өнеркәсіп
саласында қолданған жөн. KANBAN микрологистикалық
жүйесін қолдануының әлемдік тәжірибесін
талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды
50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік
береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы
тездетілгенде және дайын өнім сапасы
жоғарылаған жағдайда.
MRP-I жүйе
қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау
логистикалық концепция негізінде жұмыс
істейді. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірісті
жоспарлауда материалдық ресурстарға
қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушыға
жеткізу, қорлардың төмен деңгейде ұстау,
аяқталмаған өндірісті, дайын өнім қолдау,
өндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін,
сатып алу операцияларын жоспарлау.
MRP-I жүйесі нарық талаптарына толық жетілмеген
жүйе. Бұл жүйе үлкен көлемдігі ақпаратты
анықтауға және өндеуге шамалы, логистикалық
шығындары басқаларға қарағанда жоғары,
қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне
тәуелсіздігі, үлкен тапсырысты орындауға
мүмкіндігі төмен, жүйені құрастыру өте
шығынды болып келеді. Бұл жүйе ұзақ мерзімді
тауар өндіру циклына сай жасалған.
MRP II топ жүйесінің мақсаты –жабдықтау,
қорлар, өндіру, сату мен дистрибьюция,
жоспарлау, жоспарды орындауды
бақылау, шығындар, қаржы, негізгі
қорлар және тағы басқа өндірістегі
жасалатын барлық үрдістерді
біріктіру. MRP II MRP-I-дің жетілдірілген түрі. Ол кәсіпорынның
ағымдағы қызметі туралы толық, сонымен
қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар
түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты,
толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігімен
ерекшеленеді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімге,
тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау
және нақты ақпарат негізінде, жоспар
көрсеткіштерді түзету, өндірістік және
материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды
шешеді. Қоймаларда материалдық ресурстардың
нақты қысқартып, бар өндіріс циклді жоспарлау
мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды,
ресурстардың балық түрлерін пайдалануда
оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндік
жасайды. MRP II тауарлы-материалды қорларды
17%, кәсіпорын рентабелдігін 10% өсіртуге,
шикізат пен құрал-жабдықты 7% сатып алуды
қысқара алады. Сонымен қатар, тұтынушыларға
көрсетілетін қызмет көлемі 16% жоғарлайды.
Бұл концепция шағын өнеркәсіп кәсіпорындарға
және дистрибьюциямен айналысатын кәсіпорындарға
тиімді болып келеді.
Пайдаланған
әдебиеттер
- Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие. Издатмаркет62004Логистика: Учебник / Под ред. Б. А. Аникина. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Инфра • М, 2000.
- Сухова Л.Ф. «Қазақстандағы математикалық-техникалық құралдарының қозғалысы» - М.: ИНФРА-М, 2001
- Ғаламтор жүйесі
- Айгуль Тулембаева: «Экономика не прощает эмоций» статья. «Начнем с понедельника», № 10 (724), 7 - 13 марта 2008
- Логистика: Учебное пособие/Под ред. Б.А. Аникина. — М.: ИНФРА-М, 1997.
- Бауэрсокс Дональд Дж., Клосс Дейвид Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок / Пер. с англ. - М.: ЗАО "Олимп—Бизнес". 2001
- Берталанфи Л. Общая теория систем - обзор проблем и результатов. - М.: Наука, 1969.
- Гаджинский А.М. Логистика. - М.: Маркетинг, 2001.
- Гордон М. П., Карнаухов С. Б. Логистика товародвижения.- М.: Центр экономики и маркетинга, 1998.