Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 16:04, творческая работа
Адренергиялық жүйке жүйесі ағзаның қорғануы қажет жағдайлардағы әртүрлі қауіпті немесе күйзеліс кездерінде өте маңызды рөл ойнайды. Бұл кезде біз ең айқын ықпалдарын көрсетеміз: жүрек жұмысының күшеюі, жиілеуі, артериалды қысымның жоғарылауы, вазоконстрикция байқалады, гликолитикалық үрдістер күшейеді, яғни қант жоғарылайды, қарашық ұлғайады ж.т.б. Сонымен, қауіпті немесе күйзелістік жағдайлардан шығуға бағытталған реакциялар байқалады.
Қазақстан-Ресей Медицина Университеті
Жалпы және клиникалық фармакологиялық бірлескен
Такырыбы:Адренергиялық заттар. Адренергиялық әсер етущі заттар.
Тексерген:
Адренергиялық жүйке жүйесі
ағзаның қорғануы қажет жағдайлардағы
әртүрлі қауіпті немесе күйзеліс кездерінде
өте маңызды рөл ойнайды. Бұл кезде біз
ең айқын ықпалдарын көрсетеміз: жүрек
жұмысының күшеюі, жиілеуі, артериалды
қысымның жоғарылауы, вазоконстрикция
байқалады, гликолитикалық үрдістер күшейеді,
яғни қант жоғарылайды, қарашық ұлғайады
ж.т.б. Сонымен, қауіпті немесе күйзелістік
жағдайлардан шығуға бағытталған реакциялар
байқалады. Қазіргі кезде симпатикалық
жүйке талшықтарының медиаторына – норадреналин
жататыны белгіленді және адреналин тек
3-5% болып келеді. Сол сияқты бүйрек үсті
безінің милы қыртысында 90% адреналин,
ал 10% норадреналин бөлінеді. Адреналин
мен норадреналин катехоломин деп аталады.
Катехоламин синтезінің кезеңдері:1 кезең
– фенилаланин мен тирозиннің бастапқы
өнімдерінен гидроксилирлеу жолымен диоксифенилаланин
(ДОФА) түзіледі. Бұл кезең тікелей ОЖЖ
қара субстанциясында синтезделінеді.2
кезең – ОЖЖ дайын медиатор болып келетін
және жүйке жасушаларының ұштарында бөлінетін,
ДОФА декарбоксилаза әсерінен дофаминге
айналады, өзіндік ықпал туғызады (5.3 сурет).
Бірақ, барлық дофамин ОЖЖ-де жұмсалмайды,
сонымен оның жартысы арнайы грануламен
сіңіріліп, гидрооксилденеді және норадреналин
түзейді. Бүйрек үсті безінде де осы үрдіс
жүреді, тек дофаминнің үлкен бөлігі норадреналиннің
синтезіне жұмсалауымен ерекшелінеді.
ОЖЖ-де осы кезеңде катехоламиндердің
синтезі аяқталады. Норадреналин арнайы
грануламен сіңіріледі де АТФ-пен байланысады
(медиатордың қордағы түрі). Норадреналин
де дофамин сияқты медиатор болып келеді
және синапстарға бөлінеді де өзіндік
ықпалдар туғызады.бірақ, бүйрек үсті
безінде норадреналин метилденеді және
гормон - адреналин түзейді (себебі бүйрек
үсті безінде синтезделеді және қанға
түседі). Норадреналин тамырларды реттеуші
болып келеді, сондықтан ол қан қысымын
реттеп отырады. Норадреналин артық бөлінгенде
қан қысымының жоғарылауы байқалады. Адреналин
бүйрек үсті безінің милы қыртысында синтезделінеді,
ал ол медиатор емес, себебі әр бір медиатор
үшін арнайы рецепторлар бар, ал адреналин
тікелей қанға түседі, сондықтан ол гормон
болып келеді. Адреналин трофикалық үрдістерді
қамтамасыз етеді, көмірсулардың алмасуына,
жүрек жұмысына және т.б. әсер етеді, ол
құрылымсның қай бөлімін қоздыратынына
байланысты: альфа 1, альфа 2 немесе бета
1 және бета 2 рецепторлар. Сонымен ОЖЖ-де
норадреналин сатысына дейінгі тікелей
катехоламиндердің синтезі жүреді, ал
бүйрек үсті безінде адреналин сатысына
дейін (бүйрек үсті безінде бөлінетін
барлық катехоламиндер санының 90% адреналинге
келеді). Адреналиннің метаболитіне изопропилнорадреналин
жатады, оның негізінде изадрин, солутан,
сальбутамол синтезделінеді.
Адренорецепторларға (адренергиялық заттар) әсер ететін дәрілер
Адренергиялық синапс
Адренергиялық
синапста қозуды беру тікелей норадреналин
медиаторымен (НА) жүзеге асырылады. Шеткі
иннервация шегінде норадреналин адренергиялық
(симпатикалық) жүйкеден эффекторлық жасушаларға
импульстің берілуіне қатысады. Жүйке
импульстарына жауап ретінде синаптикалық
саңылауға норадреналиннің бөлінуі және
содан кейін синаптикадан кейінгі мембранадағы
адренорецепторларға оның әрекеттесуі
жүреді (Сурет 5.1.). Адренергиялық рецепторлар
тораптан кейінгі симпатикалық жүйкемен
иннервациялайтын ОЖЖ-де және эффекторлы
жасушадағы мембранада орналасқан. Ағзадағы
адренорецепторлардың химиялық қосылыстарға
сезімталдығы әртүрлі болып келеді. Бір
затпен түзеген дәрі-рецептор кешені иннервация
жасайтын мүшелерді немесе тіндерді қоздыруы
(жоғарылату) немесе тежеуі (төмендетуі)
мүмкін. Адренергиялық рецепторлардың
екі түрі бар: альфа және бета, оларды өздеріне
туыстас симпатомиметикалық аминдерге
сезімділігі бойынша анықтайды. Адренорецепторлардың
құрылысы толық зерттелген. β1 және α2 адренорецепторларға
қатысты мәліметтер бар, олар G-ақуыз көмегімен
эффекторлы жасушалардың мембранасында
орналасқан аденилатциклаза мен адинозинмонофосфат
циклімен (цАМФ) синтезін қамтамасыз ететін
ферменттің қызметімен байланысты. Адренергиялық
ұштарындағы бос норадреналин катаболизмі
көбінесе митохондрияда және везикула
мембранасында орналасқан моноаминооксидаза
(МАО) ферментімен реттеледі. МАО әсерімен
норадреналиннің тотығу дезаминирленуі
жүреді. Жүйке ұштарынан бөлінген норадреналиннің,
сол сияқты айналымдағы катехоламиннің
метаболизмі негізінен эффекторлы жасушалардағы
цитоплазматикалық фермент - катехол-О-метилтрансферазамен
(КОМТ) жүзеге асырылады. Осы ферменттің
әсерімен катехоламиндердің О-метилирленуі
жүреді. Медиатордың біршамасы эффекторлы
жасушалармен (тегіс салалы бұлшықет ж.т.б.)
экстранейрональды қармауға ұшырайды.
Экстранейрональді қармалу кезінде норадреналин
КОМТ мен МАО қатысуымен тез метаболизмге
ұшырайды
Адренергиялық синапстарда
жүйке импульстарында берілу кестесі.
Тәжірибелік медицинада
адренорецепторларға әсер ететін адреномиметикалық
(қоздырушы) және адренотежегіш (тежегіш)
әсер ететін дәрілер қолданылады. Сонымен
қатар симпатикалық жүйке ұштарындағы
медиатор санын азайту жолымен адренергиялық
қозудың берілуін тежейтін дәрілер де
бар. Синапстың алдындағы α2 адренорецепторлардың
физиологиялық рөлі – норадреналиннің
босап шығуын реттейтін олардың қайтымды
теріс байланыс жүйесіне қатысуымен байланысты.
Осы рецепторлардың қозуы симпатикалық
талшықтардың варикозды түйіндерінен
норадреналиннің босап шығуын тежейді.
Олар тамырлардың ішкі қабатының иннервацияланбайтын
жерінде орналасады. α2 – адренорецепторлар
көбінесе қан айналымындағы адреналинмен
қозады. Нейротропты ықпалдары негізінен
тікелей норадреналинмен β1 – адренорецепторлар
арқылы жүзеге асырылады, ал гуморальды
әсері қан айналымындағы адреналин әсерімен
β2 – адренорецептор арқылы жүреді. β1
және β2 – адренорецепторларға қарағанда
β3 – адренорецепторлар өте жоғары құнарлықтағы
катехоламиндермен белсендіріледі. β2
– адренорецепторлар норадреналиннің
босап шығуын белсендіру арқылы оң қайтымды
байланысты жүзеге асырады
Әсер ықпалы Қолданылу көрсеткіші
Кері көрсеткіштері Жанама әсерлері Адренорецепторлардың
белсендіруші әсері: α1 және α2, β1 және
β2, физиологиялық адренергиялық ықпалды
жүзеге асырады Аллергиялық жағдайлар
(анафилактикалық шок ж.т.б), риниттер,
бронх тарылуы, АҚ жедел төмендеуі, атриовентрикулярлы
тежелуі, аритмия, жүрек қызметінің тоқтауы,
жергілікті жансыздандырумен біріктіріп,
гипогликемиялық кома, ашық бұрышты глаукома
түрі Геморрагиялық және кардиогенді
шок, тахикардия, гипертензия, атеросклероз,
тиреотоксикоз, стенокардия, атрофиялық
ринит Бас ауруы, дірілдеу, қозу, тахикардия,
аритмия, экстрасистолия, өкпе ісінуі,
енгізілген жердегі некроз
Адреномиметиктер
Адреномиметиктер – адренергиялық
заттар, шеткері медиаторлар жүйесінің
адренорецепторларына тікелей ынталандырушы
әсер көрсететін заттар болып табылады.
α - және β – адреномиметиктер
Эпинефрин (Epinephrinum),
адреналин. Эпинефрин α- және β– адренорецепторларды
қоздыра отырып, жүрек пен қан тамырлар
жүйесінің адренорецепторларына әсер
етеді. Эпинефрин құрсақ іші мүшелерінің,
терінің және шырышты қабаттың тамырларын
тарылтып, артериалды қысымды жоғарылауына
әкеледі. Жүректің β-адренорецепторларын
белсендіру арқылы жүректің жиырылу күшін
және жиілігін күшейттуге ықпал етеді.
Адреналин қарашықты кеңейтеді, қолқа
мен ішектің бұлшық етін босаңсытады,
қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатып,
тіндік зат алмасуды күшейтеді, сілекей
бездерінен көп бөлінуін қамтамасыз етеді.
Ол гликогенолизді жылдамдатады, липолизді
арттырады. Әсері ету уақыты өте қысқа,
өйткені моноаминоксидаза ферменті арқылы
жылдам гидролизге ұшырайды. Қолдану көрсеткіштері
мен мөлшерленуі. Анафилактикалық шок,
ангионевротикалық ісіну, бронх демікпесі,
глаукома, басқа аллергендердің әсері
кезіндегі жедел аллергиялық реакцияларда,
қан қысымы бірден төмендегенде, коллапс,
жүректің әлсіреуі кезінде, инсулинді
мөлшерден тыс көп қолданған кездегі гипогликемиялық
комада, Ересектер үшін мөлшері 0,3 – 0,75
мл, ал балалар үшін 0,1-0,5 мл 0,1% ерітіндісі
қолданылады. Кері көрсеткіштері. Тахикардия,
гипертензия, атеролсклероз, аневризм,
тиреотоксикоз, қант диабеті, жүктілік,стенокардия.
Жанама әсерлері. Мазасыздық, бас ауыруы,
дірілдеу, гипоксия кезіндегі аритмия.
Шығарылу түрі. Егуге арналған 0,1% ерітінді
1 мл ампулада; жергілікті қолдануға арналған
0,1% ерітінді 30 мл флаконда. Рецепт үлгісі.
Rp.: Sol. Epinephrinі 0,1% - 10 ml. D.t.d. № 10 in ampullis S. 0,5
мл бұлшық етке. # Норэпинефрин (Norepinephrinum),
норадреналин – көбінесе тамырлардың
α1-адренорецепторларына әсер етеді, сондықтан
тамырларды тарылтатын әсері күшті, жүрекке
белсендіруші әсері шамалы және бронхолитикалық
ықпалы әлсіз болып келеді. Қолдану көрсеткіштері
мен мөлшерленуі. Хирургиялық араласуларда,
жарақаттарда, уланулар мен басқа да артериалды
қысым төмендеген кезде жүйелік қан қысымды
жоғарылату үшін қолданады. Мөлшері 2–4
мг (2-4 мл) 0,2% ерітінді көк тамырға 5% глюкозамен
немесе тамшылатып 1 литр изотоникалық
ерітіндімен бірге енгізген жөн. Кері
көрсеткіштері. Толық атриовентрикулярлы
тежелулерде, жүрек әлсіздігінде, айқын
атеросклерозда. Жанама әсерлері. Брадикардия,
аритмия, ұйқының болмауы, дірілдеу, бас
ауруы, және бастың айналуы. Шығарылу түрі.
0,2% 1 мл ерітінді инфузияға арналған ампуладағы
ерітінді. Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Norepinephrini
0,2%-1 ml D.t.d N 6 in amp. S. Көк тамырға тамшылатып.
α - адреномиметиктер
Фенилэфрин (Phenylephrinum),
мезатон. Фенилэфрин - α-адренорецепторларға
тікелей әсер етеді, адреналинге ұқсас,
қан тамырларын тарылтып, қан қысымын
ұзақ жоғарылатады, жүректің соғуын жиілетеді,
қолқаны кеңейтеді. Қарашықтың кеңеюін
және көз қысымының жоғарылауын туғызады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Коллапс, тамырлардың тонусы төмендеумен
байланысты гипотензияда, операция кезінде,
гипертониялық аурулар кезінде, инфекциялық
аурулардағы артериалды қысымды жоғарылату
үшін, вазомоторлы және пішенді тұмау
кезінде тамырларды тарылту үшін, коньюнктивитте,
иритте және басқа да тамырлар жүйесінің
тонусы төмендеумен байланысты жағдайларда.
Көк тамырға баяу немесе тамшылатып 0,1-0,5
мл 1% ерітіндісін 40 мл глюкозаның 5-20-40%
қосып енгізеді. Кері көрсеткіштері. Гипертониялық
ауру, атеросклероз, тамырладың тарылуына
бейімділік, брадикардия, ангиоспазмға
бейімділік, декомпенсирленген жүрек
жеткіліксіздігі, аталық безінің гипертрофиясы,
жүктілік және 15 жасқа дейінгі балалар.
Гипертиреоз және кәрі адамдарға сақтықпен
тағайындау қажет. Жанама әсерлері. Бас
ауыру, қозу, брадикардия, аритмия, жүрек
тұсының ауыруы, олигурия, тыныстың тежелуі,
дірілдеу және т.б. Шығарылу түрі. Егуге
арналған 1% ерітінді 1 мл ампулада шығарылады,
инфизионды ерітіндіге қосып қолданады.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenylephrini 1%-1 ml D.t.d. №
6 in amр. S. Көк тамырға, тамшы. # Нафазолин
нитрат (Naphazolini nitras), нафтиазин, санорин.
Нафазолин нитраты α – адреномиметикалық
әсер көрсетеді және шеткері тамырлардың
ұзақ уақыт тарылуын шақырады, қан қысымын
жоғарылатады және көз қарашығын кеңейтеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Жедел ринит, поллиноз, синусит, гайморит,
мұрыннан қан кетулерді тоқтату, және
аллергиялық коньюнктивит кездерінде
0,05% ерітіндісін 1-2 тамшыдан күніне 2-3 реттен
қолданады. Кері көрсеткіштері. Артериалды
гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз,
қант диабеті, гипертензия. Жанама әсерлері.
Шырышты қабатты тітіркендіру, гиперемия,
ұзақ қолданғанда — шырышты қабаттың
ісінуі. Жүйелік реакциялар: жүректің
айнуы, бастың ауруы, АҚ жоғарлауы, тахикардия.
Шығарылу түрі. 0,05 және 0,1% ерітінді тюбик-тамшылатқышта
1,5 мл және 5, 10, 15 және 20 мл флаконда; Санарин
– 0,1% эмульсия түрінде 10 мл флаконда. Рецепт
үлгісі. Rp.: Sol. Naphthyzini nitratis 0,05% - 10 ml D.S. Мұрын
қуысына 1-2 тамшыдан. # Ксилометазолин
(Xylometazolinum), галазолин, ксилен. Ксилометазолин
химиялық құрамы және әсері бойынша нафтизинге
ұқсас және жергілікті сіңірілмейді. Қолдану
көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ринит,
ларингит, синусит, гайморит, тұмау, орта
отитте және мұрын мен жұтқыншақтың аллергиялық
ауруларында қолданады. Ересектерге 1-3
тамшыдан 0,1% ерітіндіні әр мұрын қуысына
күніне 3-4 рет тамызады, ал 6 жасқа дейінгі
балаларға 1-2 тамшыдан 0,05% ерітіндісін
күніне 1-2 рет тағайындайды. Кері көрсеткіштері.
Артериялық гипертензия, тахикардия, айқын
атеросклероз, глаукома, атрофиялық ринит,
гипертериоз, жүктілік. Жанама әсерлері.
Мұрын және жұтқыншақтың әлсіз ашуы. Шығарылу
түрі. 0,05 және 0,1% ерітінді интраназалды
енгізуге арналған 10 мл флаконда; 0,05% гель
тубада 5 және 10 г және 0,1% - 10 г флаконда
шығарылады.
β – адреномиметиктер
Изопреналин (Isoprenalinum), изадрин,
изопротеренол. Изопреналин – шеткі тамырлардың
тарылуын туғызбастан және артериалды
қысымды жоғарлатпастан бронхтардың босансуына
ықпал етеді. Оның бұл әсері β – адренорецепторларға
әсер етуімен байланысты. Препарат күшті
бронхты босататын ықпалға ие, жүректің
жиырылуын жиілетеді және күшейтеді, жүрек
лақтырысын және миокардтың оттегіге
қажеттілігін күшейтеді. Қолдану көрсеткіштері
мен мөлшерленуі. Бронх демікпесінің ұстамаларын
шеттету мен алдын алу үшін, демікпелі
және эмфизематоздық бронхит кездерінде,
пневмосклерозда және басқа да бронх өткізгіштігі
нашарлауымен жүретін жағдайларда қолданылады.
0,5% ерітіндісін ингаляция түрінде тағайындайды
немесе 0,005 г. таблеткасын тілдің астына
қолданады. Кері көрсеткіштері. Жүктіліктің
бірінші 3 айында. Жанама әсерлері. Тахикардия,
қарыншалардың фибриляциясының қаупі
бар экстрасистолияда, лоқсу, қолдың дірілдеуі,
ауыз құрғауы. Шығарылу түрі. 5 мг тіл астына
арналған таблеткалар. Рецепт үлгісі.
Rp.: Sol. Isadrini 0,5% - 25 ml D.S. 5-6 тамшыдан ингалятор
арқылы. # Сальбутамол (Salbutamolum), вентолин,
саламол, сальгим, сальтос. Сальбутамол
ұзақ әсер ететін β2 – адреномиметик болып
табылады, айрықша бронхты кеңейткіш және
токолитикалық әсері бар. Миометрияның
тонусын және жиырылу белсенділігін төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Бронх демікпесі және басқа да тыныс жолдарының
аурулары, бронх тарылу жағдайлары, түсік
қауіпі, алдын ала босанудың шеттету. Аэрозол
түрінде (0,025-0,1 мг/мөлшерде), ерітінді (0,1%
ингаляция үшін), капсула мен ұнтақ ротадиск
(0,2-0,4 мг-мен күніне 3-4 рет ингаляция жасайды),
таблетка (4-8 мг), балалар тәжірибесінде
шырын түрінде (0,04%) және 0,1% ерітінді егу
үшін ампулада 5 мл. Кері көрсеткіштері
және жанама әсерлері. Миокардиттер, стенокардия,
аритмия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі,
қант диабеті, гипертиреоз, феохромоцитоз.
Жанама әсерлері. Дірілдеу, мазасыздану,
бас ауыру, бас айналу, қысқа мерзімді
тырысулар, гипокалиемия, аллергиялық
реакциялар. Ұрықта тахикардия мен гипогликемия. тәулігіне
6 реттен артық емес. Шығарылу түрі. Мөлшерленген
аэрозоль 25 және 100 мкг/мөлшер (120, 200 және
400 мөлшер) флаконда; ингаляция арналған
0,1% ерітінді 2,5 мл ампулада және 2,5; 5, 10
және 50 мл флаконда; 2, 4, 6 және 7 мг таблеткалар
N. 14, 30, 56, 60; 2 мг капсулада; 0,04% шырын; көктамырға
егуге арналған 0,1% ерітінді 5 мл ампулада;
инфузионды ерітіндіге арналған 1% концентрат
5 мл ампулада. Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Salbutamoli
0,1% - 10 ml D.S. 1-2 мөлшерді (0,1-0,2 мг) аэрозол
Фенотерол (Fenoterolum), беротек. Фенотерол
таңдамалы β2-адренорецепторларды ынталандырушы
болып табылады және бронх тарылуы кезінде
айқын таңдамалы, күшті, ұзақ әсер көрсетеді.
Сонымен қатар, фенотерол жатырдың бұлшық
етіне босансытатын әсер көрсетеді. Акушер
тәжірибесінде «Партусистен» атымен шығарылады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Бронх демікпені емдеу және алдын алу
шаралары үшін, созылмалы обструктивті
бронхит және басқа да бронх тарылуымен
жүретін бронх-өкпелік ауруларда (0,1-0,6
мг мөлшерде аэрозоль ретінде немесе 10-30
тамшыда 0,1% ерітіндіні ішке тәулігіне
1-4 рет), ерте босанудың қаупін жою үшін
(5 мг мөлшерде ішке әр 2-3 сағат сайын 40
мг тәулігіне немесе көктамырға 0,5 мг 250-300
мл еріткіште минутына 15-20 тамшы жылдамдықпен
енгізу). Кері көрсеткіштері. Жүрек ақауы,
аритмия, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома,
қант диабеті, тиреотоксикоз, жүктілік.
Жанама әсерлері. Бас ауыруы, ашушандық,
дірілдеу, тахикардия, аритмия, лоқсу,
құсу, тершендік, миалгия, аллергиялық
реакциялар. Шығарылу түрі. 0,2 мг ингаляцияға
арналған капсуладағы ұнтақ; 0,1% ерітінді
20, 40 және 100 мл ингаляцияға арналған флакон-тамшыда;
5 мг таблетка N.10, 20, 50, 100; 0,005% ерітінді 10
мл инфузияға арналған ампулада; мөлшерленген
аэрозоль 100 және 200 мкг/мөлшер – 200 және
300 мөлшерде 10, 15 және 20 мл баллонда. Рецепт
үлгісі. Rp.: Fenoteroli 0,2 D.t.d. N. 20 in caps. S. Ингаляцияға
арналған ұнтақ. # Партусистен (Partusistenum)
β2 - адреномиметикалық зат, токолитикалық
және бронхолитикалық әсері бар. Шығарылу
түрі. Таблеткада 5 мг N.10, 50; 0,005% ерітіндісі
10 мл (50мкг/мл) инфузияға арналған ампулада.
Тербуталин (Terbutfllinum) химиялық құрылымы
бойынша және фармакологиялық қасиеті
бойынша сальбутамолға ұқсас, бронхолитикалық
және токолитикалық әсері бар. Қолдану
көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронхиалды
демікпе, обструктивті бронхит, ерте босану
қаупі болғанда. Ішке 2,5-5 мг тәулігіне
3-4 реттен тағайындайды; тері астына 0,25
мг; аэрозоль түрінде ингаляцияға 0,25-1,5
мг 4 -ден 24 ретке дейін тәулігіне. Кері
көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу,
12 жасқа дейінгі балаларға.
Источник: http://5fan.info/
Информация о работе Адренергиялық заттар. Адренергиялық әсер етущі заттар