Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 11:39, реферат

Краткое описание

Бұл тізбектер өзара дисульфидті көпіршіктермен байланысқан, жеңіл және ауыр тізбектің өзгермейтін (С), өзгеріп отыратын (V) аймақтары бар, солардың қосылатын жерінде белсенді антигендермен байланысатын орталық орналасқан. Антиденелер антигеннің әсерінен плазмалық торшадан шығарылады. Әрбір антигенге қарсы сонымен ғана байланысатын арнайы антидене түзіледi.

Содержание

1.Иммуноглобулиндер,жіктелуі
2. Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі
3.Иммуноглобулиндердің қызметтері
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

но13.docx

— 32.26 Кб (Скачать файл)

«Астана медицина университеті» АҚ

Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі.

Орындаған: Мақашева Қ.

Тобы:221 ЖМ

Қабылдаған: Акимбекова  Э.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012

 

 

Жоспары:

 

1.Иммуноглобулиндер,жіктелуі

2. Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі

3.Иммуноглобулиндердің қызметтері

4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иммуноглобулиндердi плазмалық торшалар шығарады. Олар қан сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында болады. Иммуноглобулиндер 5 класқа бөлінеді. G, M, A, D, E.

Бұлардың құрылысында квадриметрикалы димер екі тізбектен (жеңіл және ауыр) тұрады. Иммуноглобулиннің биохимиялық, қызметтік ерекшеліктері ауыр тізбекке байланысты. Сөйтіп әрбір иммуноглобулин құрылысы бірдей екі жеңіл , екі ауыр тізбектен тұрады, оның молекулалық салмағы Дальтон. Бұл тізбектер өзара дисульфидті көпіршіктермен байланысқан, жеңіл және ауыр тізбектің өзгермейтін (С), өзгеріп отыратын (V) аймақтары бар, солардың қосылатын жерінде белсенді антигендермен байланысатын орталық орналасқан. Антиденелер антигеннің әсерінен плазмалық торшадан шығарылады. Әрбір антигенге қарсы сонымен ғана байланысатын арнайы антидене түзіледi.

Антиденелер қасиеттері

  1. Спецификалық қасиеті - иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа түседі. Онда антидене белсенді орталығы — антидетерминант (паратоп) антигендер белсенді орталығы — детерминантпен  (эпитоп) байланысады.
  2. Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерминанттың саны, көбінесе бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.
  3. Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант + детерминант байланысы.
  4. Авидтігі — антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам және толық, олар әр түрлі торшалармен байланыс жасай алады:
    • макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.
    • нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.
    • базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.
    • тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.
    • Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G)

Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:

а) изотипті

б) аллотипті

в) идиотипті

Изотиптілігі — ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А1, А2 болып бөлінеді.

Аллотиптілігі — әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.

Идиотиптілігі — бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип – антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.

 

Т- және В- лимфоциттердің рецепторлары және антиген тануы әр түрлi.

Иммундық жауапқа қатысатын торшалардың әр түрлі популяциясы генетикалық және қызметтік ерекшелігімен сипатталады. Олардың үстіңгi айырмашы липопротеинді маркерлеріне қарай жiктелу классификациясы СД (cluster differentiation) қолданылады.

Сүйек миының негізгі қызметі дін торшаларынан иммунокомпетентті торшалар шығару. Барлық лимфоидты торшалардың үстінде липопротеинді маркерлер (жіктелу кластері – СД) бар.

Практикада иммунды жауапқа қатысатын торшалардың үстіңгі маркерлерін айыру үшін арнайы моноклоналды антиденелер қолданылады.

Барлық лимфоциттер Т- және В- торшаларына, О- (нольдік) – торшаларына бөлінеді.

В-лимфоциттер – сүйек миында құралады. Дін торшаларынан шығатын В-лимфоциттер 4—5 тәулік ішінде сүйек миында жетіледі де, шеткері лимфоидты мүше мен ұлпаларға орналасады. Көкбауырда, лимфа бездерінде антигеннің әсерімен, Т-лимфоциттердің және макрофагтардың көмегімен жетілген В-лимфоциттер рецепторлары арқылы белсеніп лимфобластқа айналады да, 4 рет бөлінгенде жетілген плазмалық торшаларға айналады. Екінші бөлінуден бастап арнайы антигенге қарсы иммуноглобулиндер шығара бастайды. Жетілген бір В-лимфоциттерден 400- ден артық антиденелер шығаратын торшалар пайда болады.  Антигеннің бірінші түсуінде антиденелер 3 тәуліктен кейін шыға бастайды, ал қайталап түскенде – бірінші тәуліктің аяғында.

Антигеннің әсерімен В-лимфоциттер лимфобластқа айналып, одан үлкен және кіші лимфоциттер пайда болады. Бұлар антигенге спецификалық еске сақтаушы лимфоциттер болып есептеліп, көп өмір сүреді, қан айналым мен шеткері лимфоидты мүшелерге орналасады. Бұл торшалар сол антигенмен қайта кездескенде тез белсеніп, жылдам екіншілік иммундық жауап береді.

Әр түрлі мүшелерде әр түрлі иммуноглобулиндер шығаратын торшалар орналасады. Иммуноглобулин М және G кластарын шығаратындар лимфа бездерінде, көкбауырда, ал иммуноглобулин А және Е- торшаларын шығаратындар пейер белдемесінде және басқадай шырышты қабатқа орналасқан лимфа бездерінде жиі кездеседі.

Антиденелердің эффекторлық механизмі: антидененің торшамен қосылған комплексі белсенді комплементпен лизиске ұшырайды.

Егер де антиденелер шамадан тыс көп шықса (антигеннің белсенді орталығы түгел  басылғаннан кейін) аллергиялық патология дамиды.

В-лимфоциттердің бір бөлігі Т-хелперлердің және цитотоксикалық Т- торшаларына супрессор әсер етіп, олар арқылы В-лимфоциттердiң пролиферациясы мен дифференциясын басады.

В-лимфоциттердің басқа бір бөлігі, керісінше, осы субпопуляцияларын белсендіреді.

 

Иммуноглобулиндердің класы. 
 
 
Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10 %. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900.000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік иммуноглобулин М В-торшаларға антиген танитын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды. 
 
Иммуноглобулин М инфекция түскенде, вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі жоғары, ағзаны бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық жолмен белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Ағзаға түскен антигенге әуелі иммуноглобулин М түзіледі. Аптаның аяғында ғана иммунгоглобулин G-нің синтезіне көшеді. 
 
Қан сарысуында 0,4-2,2 г/л. Иммуноглобулин М ең ірі молекулалары, бес мономерден құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып ағзадан шығарып жібереді. IgМ ағзаға антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Жатырдан өте алмайды. Нәрестелерде тек инфекцияға қарсы пайда болады. IgМ антигенге фагоциттерді белсендіріп шақырады. 
 
Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің, молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол жатырға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік, ұзақ өмір сүреді. Адамдарда иммуноглобулин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің айырмашылығымен).  
 
IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммундық жауабында тек IgG анықталады. Негізгі қызметі: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3 ); фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2); токсиндерді бейтараптайды, фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды. Иммуноглобулин G тимусқа тәуелді болғандықтан Т-лимфоциттердің қатысуымен ғана синтезделеді. Сондықтан сәулелену және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады. 
 
Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигендік арасы 30 күн өткенде қайтадан еккенде дамып иммундық жауап толық және иммундық ес пайда болады. 
 
Иммуноглобулин А – сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы концентрациясы 0,8-3,7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA – комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-ны инактивацияға шалдықтырады (мыс. гонококктер).  
 
Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиалды торшаларының синтезінен шығады, оның қосымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий торшаларынан өткенде қосылады да IgA-ның протеолитикалық ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA шырышты қабықта сақталып бактериалдық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сөйтіп, инфекцияға жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді. 
 
Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде, өтте, қынап секретінде, аминотоксикалық сұйықта, өкпе, бронх, зәр шығару және жыныс жолдарында бар. Нәресте IgA-ны ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана сүтімен түскен IgA ішекке грам теріс микробтардың (ішек таяқшаларының) орналасуынан қорғайды. Ішекке грам оң микробтар орналасып ішек инфекцияларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды. 
 
IgA тимусқа тәуелді иммуноглобулин, сондықтан нәрестенің өмірінің бастапқы кезінде өз бетімен пайда болмайды. 
 
Иммуноглобулин Е - молекуласы 200 000 Дальтон, ұлпада, шырышты қабықшаларда, теріде жиналады да мес, базофил, эозинофилдер торшаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Бұл торшаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің концентрациясы қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн. 
 
Иммуноглобулин Е-нің өнімінің тұқым қуалаушылыққа байланысы бар. Аллергиялық ауруларға бейімділігі бар кісілерде IgЕ-нің деңгейі жоғары. Нәрестелерде IgЕ орта жастағы кісілердің көрсеткіштерінің 10 пайызындай ғана. Иммуноглобулин Е комплементпен байланыспайды, жатыр арқылы өтпейді, ұлпа базофилдерімен және басқа «қабыну дамытатын» торшалардың Ғс-рецепторларымен өте тез және берік байланысады. IgЕ мен қосылған антиген базофилді торшаларының үстіне орналасып, олардың дегрануяциясын дамытып биологиялық белсенді заттар торша аралық кеңістікке төгіліп аллергиялық қабыну пайда болады. Иммуноглобулин Е шырышты қабықтағы антигендерді байланыстыруға қатысады. 
 
Иммуноглобулин Е-ны көк бауырдың, бадамша бездің, тыныс алу және асқорыту жолдарының плазмалық торшалары өндіреді. Ұрық IgЕ –ні ерте шығарады. Иммуноглобулин Е гельминттерден қорғануға қатысады. 
 
Шырышты қабықта IgА-ның қорғанысын бұзған патогендерді ұлпа базофилдерінің үстіндегі арнайы IgЕ байланыстырып, биологиялық белсенді заттар шығып қабыну дамуымен хемотаксиспен сол жерге басқа қорғаныс факторларын (торшалық, гуморалдық, IgG, комплемент, нейтрофилдер, эозинофилдер, т.б.) жинауы келесі қорғаныс этапы болып саналады. 
 
Иммуноглобулин Д, молекуласы 180000 Дальтон, жартылай ыдырауы 3 тәулік, толық зерттелмеген, тек қана В торшалардың антиген танитын рецепторы ретінде жүруі белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.Поздеев А.В Медицинская микробиология //М.Медицина, 2004, 382с.

 

2.Воробьев А.А., Микробиология //М. Медицина, 1999 г. - 318с.

 

3.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. 1998г.

 

4.Покровский В. И. Медицинская  микробиология // С-Петербург: Специальная  литература 1998г. 1184с.

 

 

 


Информация о работе Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі