Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2015 в 04:11, реферат
Ауру - ағзаның тіршілік етіп, өсіп-ену қабілетінің бұзылуы. Ауру туралы ұғымда әр түрлі көз қарастар болып келген. Ертедегі Рим дәрігері, Гипократ ауру дегенді 4 түрлі сұйық заттың өзара алмасып, өзгеруіне пайда болады деп есептеген. Бұл туралы материалитсік көзқарас негізі Әбу Әли ибн Сннаныңеңбегінде басталады.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Көпсалалы гуманитарлы техникалық колледжі
Тақырыбы: Ауру туралы түсінік. Патогенез туралы түсінік
Орындаған:Хамит Ж.Ж.
Группа:4ФК-1кс
Қабылдаған:КапеноваК.К.
Қарағанды 2015
Ауру туралы түсінік
Жалпы түсінік
Ауру - ағзаның тіршілік етіп, өсіп-ену қабілетінің бұзылуы. Ауру туралы ұғымда әр түрлі көз қарастар болып келген. Ертедегі Рим дәрігері, Гипократ ауру дегенді 4 түрлі сұйық заттың өзара алмасып, өзгеруіне пайда болады деп есептеген. Бұл туралы материалитсік көзқарас негізі Әбу Әли ибн Сннаныңеңбегінде басталады. Ол аурудың сыртқы орта жағдайына байланысты болатынын эәне әр науқастың өзіне ерекше ем қолдану қажет екенін айтқан. Адамның ауруға шолығуы көбінесе сыртқы орта факторлары себепкер болады. Науқас адамның еңбек қабілеті нашарлап, ішкі-сыртқы құбылыс әсерлеріне бейімділігі төмендейді. Денеің бір жерінен басталған ауру зардабыбірте-бірте барлық ағзаға таралады. Кейде ауры денені тез шарпып әкетеді де, оның қай жерде басталғыны белгісіз болады. Аурудың да, оны тудырғыш факторлардың да алуан түрлі болуына қарамастан, аурудың кезеңі үшке бөлінеді:
Аурудың көп таралуы да, науқас адамның бұған төзімділігі де әлеуметтік жағдайға байланысты. Қысқаша, әлеуметтік аурулар. Мысалы, ИТИС ( туберкулез) ауруы тұрмысты нашарлап, рухани күйі төмендеген жағдайда өрши түседі.
Ауру — медицинада адамның қалыпты денсаулығының бұзылуы, ауру.
Дерт көпшілік жағдайларда қоршаған ортаның әсерлеріне, сондай-ақ ағзаның ішкі жағдайлары мен тұқым қуалау белгілеріне байланысты болады. Дерттің пайда болу себептерін зерттейтін ілімді этиология деп атайды.
Дерттер пайда болу себептеріне қарай туа біткен ауру және жүре пайда болатын дерт болып бөлінеді:
Дерттің өтуі алғашқы, айқындалу және а
Айқындалу кезеңінде аурудың клиникалық белгілері (симптомдары) айқын білінеді. Аурудың аяқталу кезеңінде науқас адам толығынан ауығады немесе жартылай сауығады. Кейде ол созылмалы түрге ауысады немесе қазаға душар етеді. Көптеген аурудан алдын ала сақтануға болады. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор.
Анықтама
I. Ауру - жарақат, жаралану, сырқат,
шектен тыс күшті тітіркендіргіштер әсерінен
болатын патофизиологиялық күйді білдіреді.
Мұндай кезде әдетте «ауырады», «сырқырайды»,
«қақсайды», «ауырсынады» сияқты сөз
тіркестері айтылады.
II. Ауру (Morbus) - сырқат,
ауру. Аурудың әртүрлі анықтамасы белгілі,
соның бірі:
1. Ауру-сыртқы және ішкі себептердің әсерінен
организмнің құрылысы мен функциясы бұзылған,
сонымен қатар оның бейімделу - өтем реактивтігі
өзіндік сапада жұмылдырылған өмір, ауруға
адамның ортаға толық не жартылай бейімделуі
тежеліп, оның өмір әрекеті бостандығының
шектелуі тән.
2. Нақтылы аурулардың жалпы аты.
Этиология – себеп туралы ғылым
(aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология
– аурудың себебі, пайда болу жағдайы,
дамуы туралы ғылым.
Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.
Мысалы: сәуле ауруының себебі
– радиация, инфекциялық аурудың себебі
– патогенді микробтар.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын
себептерінің жіктелуі:
1.Механикалық
күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).
2.Физикалық факторлар
А) дыбыстың және шудың әсері
Б) барометрлік қысымның өзгеруі
В) жоғары және төменгі температураның
әсері
Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле
Д) электрлік ток
Е) радиация
Ж) космосқа ұшудағы факторлар
(үдеу, салмақсыздық).
3.^ Химиялық факторлар – органикалық және неорганикалық
қосындылар
А) алкоголь
Б) дәрілік препараттарды жөнсіз
қолдану
В) ауыр металдар және тұздар
Г) организмде витаминдердің,
микроэлементтердің, ақуыздың, көмірсудың,
майлардың
жетіспеушілігі немесе артықшылығы
Д) пестицидтер (инсектицидтер,
гербицидтер т.б.)
Е) өнеркәсіп шаңдары
Ж) қышқылдар мен сілтілер
З) ароматты (иісті) көмірсутегілер.
4.^ Биологиялық
факторлар
А) микроорганизмдер (бактериялар,
вирустар, хламидиялар, микоплазма, саңырауқұлақтар)
және олардың өмір сүру заттары
Б) гельминттер, қарапайым паразиттер
В) бунақ неделілер (шаян, скорпион)
насекомдар
Г) биологиялық препараттар
– антитоксикалық сарысулар, вакциналар,
қан т.б.
5.Әлеуметтік
факторлар
А) қоғамдық қатар (общественный строй) – оның
халыққа қамқорлығы, медициналық көмегі,
санитарлық-гигиеналық жұмыстары
Б) ақпараттар мазмұны
В) ятрогения – дәрігердің абайсызда
айтқан сөздерінен туған психосоматикалық
бұзылыстар.
Бұл аталған факторлар сыртқы себептерге жатады. Ішкі себептер – конституция, тұқым қуалаушылық,
жасы, жынысы.
Аурулардың пайда болуына, дамуына
әсер ететін факторлар – аурудың даму
жағдайы деп аталады.
Аурудың ішкі
даму жағдайы – патологиялық конституция
(диатез), ерте балалық және кәрілік шақ,
тұқым қуалаушылыққа бейімділік.
^ Аурудың сыртқы
даму жағдайы – тамақтанудың бұзылуы, шаршағандық,
невротикалық жағдай, науқастың нашар
күтімі, бұрынғы аурулар.
Патогенез – (pathos - қиналу, genesis - ата тегі)
– патологиялық физиологияның аурудың
даму механизімін зерттейтін бөлімі, ол
алғашқы зақымданудан басталады. Алғашқы
зақымдану айқын, анық (травмалар, жарақаттар),
және арнайы зерттеу тәсілдерінсіз көрінбейтін
(молекулярлық деңгейдегі) болуы мүмкін.
Аурудың дамуында жарақаттану
және қалпына келу үрдістері тығыз байланысты.
Аурудың әр кезеңінде қорғаныс – компенсаторлы
үрдістер молекулярлы және жасуша деңгейінде
дамиды. Патологиялық үрдістер мен аурулардың
дамуында негізгі тізбекті анықтаудың
маңызы өте зор, өйткені осы тізбектің
бөлігін жойғанда сауығуға әкелуі мүмкін.
Патогенез тізбегінің негізгі
буыны білмей патогенетикалық ем жүргізу
мүмкін емес. Патологиялық үрдіс кезінде
пайда болатын ағзалар мен жүйелердегі
өзгерістер «кері айналып соғу шеңбері»
принципі бойынша дамитын зақымданудың
прогрессиясына әкеліп соғуы мүмкін.
Мысалы: қан кеткенде пайда
болатын оттегі тасымалдануының нашарлауы
жүрек жетіспеушілігіне әкеледі, ал ол
оттегінің тасымалдауының нашарлауын
күшейтеді.
Схема.
Қан кеткендегі «кері
айналып соғу шеңбері».
Қан кету (қанайналымындағы
қан көлемінің азаюы).
Қанның оттегілік сиымдылығының
азаюы.
жедел жүрек жетіспеушілігі
ұлпалық гипоксия
Патогенез (гр. παθος — бүліну, ауру, гр. γενεσις — даму) - аурудың немесе оның көріністерінің
пайда болуы мен динамикасының механизмдері
Патогенез аурудың этиологиясымен өте тығыз байланысты. Қандай да болмасын этиологиялық әсер әрқашан аурудың даму жолдарының басталуына әкеледі. Бүл үшін дене мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде алғашқы бүліністер пайда болуы қажет. Алғашқы бүліністер әртүрлі дәрежеде және деңгейлерде болуы мүмкін. Олар кейде қарапайым көзбен байқалатын үлкен дәрежеде болса (мысалы, жарақат, күйік, сынық, қанқүйылу т. б.) көпшілік жағдайларда жай кезбен көрінбейтін, анықтау үшін арнайы тәсілдер қолдануды қажет ететін болады. Олар молекулаішілік, субжасушалық, ағзалық, тіндік, жасушалық, жүйелік деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан, оларды анықтау үшін әртүрлі биохимиялвіқ, гистологиялық, иммунологиялық және басқа да тәсілдерді қолданады. Бүл бүліністерге организмде жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Мысалвы, атмосфералық ауада оттегі жетіспегенде тыныс алу жиілейді және тереңдейді, жүрек соғысы жиілеп, айналымдағы кан ағымын: жылдамдатады, эритроциттердің, сонымен бірге гемоглобиннің деңгейі көтеріледі т. с. с. Бұлардың барлығы организмге жетіспейтін оттегін толтыруға бағытталған организмнің икемделістік шаралары.
Патогенездің негізгі және ең жалпы зандылығы:
Демек, үрдістер бір кезде пайда болып, одан соң «тізбек» принципі бойынша дамиды.
Ауру ұдайы дамып, өзгеріп түратын динамикалық үрдіс. Осыған байланыста аурудың әрбір даму сатыларына сәйкес «себеп-салдарлық» арақатынастар пайда болады. Мысалы, жарақаттану тіндердің сезімтал рецепторларын қоздырып ауыру сезімталдығына әкеледі. Ауыру сезімі орталық жүйке жүйесіне беріліп, ондағы қантамырларының қимылдық орталығын әлсіретеді, соңғысы артериялық қан қысымы төмендеуіне әкеледі. Артериялық қан қысымы темендеуі қанмен оттегінің тасымалдануы бүзылуына, тіндерде оттегінің жеткілікзідігіне (гипоксияға) әкеледі. Ары қарай гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылуына, қышқылдық-негіздік үйлесімнің метаболизмдік ацидоз жағына ауысуына т. с. с. өзгерістерге әкеледі.
Информация о работе Ауру туралы түсінік. Патогенез туралы түсінік