Аяқ астынан болатын өлім. Клиникасы, себебі, диагностикасы, жедел жәрдем беру алгоритмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 21:35, реферат

Краткое описание

Аяқ астынан өлу-науқастың алғашқы кейбір белгілерінің пайда болуынан кейін шамамен 5-6сағаттың ішінде о дүниелік болуын айтады.Көпшілік жағдайда ауру бір айдың жүзінде дәрігерге көрінбей жүріп,кенеттен қаза болады. Негізгі себертеріне жататындар:жүректің тәждік артерияларының атеросклерозы,кардиомиопатия ауруы,жүрек ақаулары,қолқаның жарылып етуі.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1) Өмір белгілері
2) Клиникалық өлімде ЭКГ дағы өзгерістер
3) Медициналық көмек көрсетудің тактикасы
4) Жедел көмек көрсету алгоритмі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

СРС1.docx

— 33.51 Кб (Скачать файл)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            СӨЖ

 

 

 

Тақырыбы: Аяқ астынан болатын өлім. Клиникасы, себебі, диагностикасы, жедел жәрдем беру алгоритмі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Орындаған: Қисанова Ж.С.

            Тобы: 334 ЖМ

            Тексерген:                    

 

 

 

 

 

 

                                          

                                 Астана, 2013 жыл

Жоспары: 

I. Кіріспе

 
II. Негізгі бөлім

 
1) Өмір белгілері 
2) Клиникалық өлімде ЭКГ дағы өзгерістер

3) Медициналық  көмек көрсетудің тактикасы 
4) Жедел көмек көрсету алгоритмі

 
III. Қорытынды

 

   IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Аяқ астынан өлу-науқастың алғашқы  кейбір белгілерінің пайда болуынан кейін шамамен 5-6сағаттың ішінде о  дүниелік болуын айтады.Көпшілік жағдайда ауру бір айдың жүзінде дәрігерге көрінбей жүріп,кенеттен қаза болады. Негізгі себертеріне жататындар:жүректің тәждік артерияларының атеросклерозы,кардиомиопатия ауруы,жүрек ақаулары,қолқаның жарылып етуі.

Қан ішілік тромбоэмболия ауруы.Кейбір жағдайда бұған себеп жүректің бұлшықет еттерінің фибриляциясы,шамадан  тыс физикалық жүктеме арақ –шарапты көп мөлшерде ішуі,күшті психикалық және эмоциялық факторлар. Бұл көрсетілген себептердің ішінен арақтың орны ерекше  зор. Арақ симпатоадреналдық жүйенің тонусымен кернеуін күшейтіп қанға адреналин мен нороадреналинның шамадан тыс тыс көп мөлшерде түсуіне жол ашады.  Бұл жүректе эктопиялық қоздырушы ошақтардың пайда болып,жүректің бұлшықетінің фибриляциясына әкеп соқтырып жүректі тоқтатады.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлім  белгісі

 

     Ағзада өмір сүру қызметінің кері айналмай тоқтауы - биологиялық өлімнің басталуы алдында жанталас және клиникалық өлім болады.

Жанталас  өлімде есінің қарауытуы, тамырдың соқпауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы, бір  қалыпта болмай, жан ұшыру, күре тамыр  қысымының төмендеуі сипатталады. Тері суық, бозарған немесе көгерген түрде  болады. Жанталас өлімнен кейін клиникалық өлім басталады.

Клиникалық  өлім кезінде негізгі өмір сүру белгілері  – тыныс алуы және жүрек соғуы  болмайды, бірақ та ағзада кері айналмайтын  өзгерістер әлі дамымайды.

    Клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Осы кезеңде реанимациялық шаралар көрсету қажет. Бұл уақыттың өтуінен кейін биологиялық өлім басталады.

    Аяқ астынан болатын өлімге журектің кенеттен тоқтауы болатын жағдайлар жатады,олар:

  • Куәгерлердің қатысуымен болған 1 сағат ішінде болған өлім.(бұрынғы мәліметтер бойынша 6 сағат)
  • Өлім кутпеген жағдайда болуы тиіс,науқастың сол кездегі жағдайы стабильді болуы.
  • Басқа себептердің бұл жағдаймен қатысуынсыз болуы(мысалға жарақаттар,суицидтер)

 

85-90% жағдайда  өлімнің себебі журектің ишемиялық  аурулары,оның ішіне миокард инфарктысы.Олардың  қандайда болмасын нұсқалары,оның  ішінде симптомсыз өтетін түрлері. 

Аяқ астынан  болатын өлімге әкелетін қауіп қатерлі  топтар :

  • Миокард инфарктысы бар адамдар(инфаркттың 1 ші сағаттарында)
  • Стабильді емес стенокардиясы бар науқастар
  • Жүректің қан іркілуі  және кардиомегалиясы бар,бұрын миокард инфарктысын алған науқастар
  • Қарынша аритмиялары бар жүректің ишемиялық аурулары
  • Негізгі қауіп факторлары бар адамдар(гипертония ауруы,шылым шегу,алкоголь қолдану,көмірсу және май алмасуының бұзылыстары,атеросклероз)

 

Миокард инфарктысының  ерте фазасында болған аяқ астынан  өлімді клиникада және аутопсияда миокард  инфарктысынан болған өлім деп санайды.Бірақта  клиникалық белгілері,механизмі,жүргізілген  реанимациялық шаралар жиынтығы бәрібірде аяқ астынан болған өлімді көрсетеді.Сондықтан аяқ  астынан болған өлімді жеке бөлім  ретінде қарастырады.

 

 

 

   Жүректің ишемиялық ауруларынан басқа , аяқ астынан болатын өлімнің себептері:

  • Миокардтың гипертрофиясымен сипатталатын жүректің аурулары(аорта стенозы,басқа да ақаулар)
  • Генезі әр түрлі жүрек жетіспеушіліктері
  • Генезі әр түрлі кардиогендік шоктар(жедел миокард инфарктысынан басқа)
  • Генезі әр түрлі жүректің тығындалуы(экссудативті перикардитте)
  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
  • Q-T интервалының ұзару синдромы.

Аяқ астынан  болатын өлім кезінде болатын  жүректің жұмысы:

   Қарыншалар фибрилляциясы- бұл жүрек бұлшықеттерінің әр түрлі бөлімдерінің тұрақты емес,ритмсіз,минутына 200-500 рет ретсіз жиырылуы.Бұл кезде кардиомиоциттердегі синхронды жиырылу болмайды.Қозу дұрыс өтпейді.Қан ағысы тоқтап, қарыншалар асистолиясы басталады.

  Жүректің  асистолиясы- Бұл журектің қызметінің толығымен тоқтауы.

 

Клиникалық  белгілері:

  • Ангинозды ұстама
  • Тез шаршағандық
  • Бас айналу
  • Есін жоғалту
  • Бұлшықеттің тоникалық жиырылуы
  • Шулы демалу

 

Объективті  белгілері:

- Терісі бозарған,сұр түсті,ұстағанда дымқыл.

- Көз бұршағының кеңеюі.

- Ұйқы артериясының соққысы,жүрек тондары анықталмайды.

-1,5 минуттан кейін көз бұршағы максимальды түрде кеңейеді.

-Көз рефлекстерінің жоғалуы.

-Сирек,ұстамалы түрдегі демалу.2-3 минуттан кейін демалыстың тоқтауы.

  Клиникалық өлім нақтамасы мына  белгілер болғанда қойылады:

  • Есінің болмауы
  • Демалудың тоқтауы
  • Ұйқы артериясында соққының болмауы
  • Аускультацияда тондардын естілмеуі
  • Тері боз,дымқыл тартса
  • Көз рефлекстерінің жоғалуы

 

 

 

 

 

  Тірі болу белгісі

Тірі болу белгісі болып табылады:

- Тыныс алуы. Оны көкірек қуысы және іштің  қозғалуынан, мұрынға және ауызға  қойылған айнаның булануынан, танауға  жақындатылған мақта немесе бинт  түйірінің қозғалуынан, қабырғасына  қолынды қойып, зардап шегушінің  аузына құлақпен жақындау арқылы  айырады. 
- Жүрек қызметінің сақталуы. Оны тамырдың соғысын басып көру арқылы, шеткі тамырлардың оқтын-оқтын соғуынан анықтайды. - Тамырдың соғуын тері астында қосалқы орналасқан кәрі жілік арасы және бұлшық ет сіңірлеріндегі күре тамыр сәулесі арқылы айыруға болады. Егер де тамырдың соғуын күре тамыр сәулелерінен тексеруге болмайтын жағдайларда, оны ұйқы немесе самай күре тамырларынан, не болмаса аяқтан (табанның сыртқы күре тамырынан және артқы сан жілік күре тамырынан) айырады. Әдетте дені сау адамның тамыр соғу жиілігі 60-75мин/соғ, тамыр соғу ырғағы дұрыс, бір қалыпты, жақсы соғады. Жарақат алу, қан жоғалтқанда, қатты ауырған кезде жүрек қызметінің кемшілігінен тамыр соғуы жиілейді. Тамырдың едәуір сирек соғуы ауыр жағдайда пайда болады (бас сүйек жарақаты); 
- көз қарашығының жарыққа реакциясы. Оны көз қарашығына кез келген жарық шоғын түсіру жолы арқылы анықтауға болады; көз қарашығының тарылуы оң реакцияны дәлелдейді. Күндізгі жарықта бұл реакция келесі бейнемен тексеріледі: көзді қолмен 2-3 мин. жауып тұрады, сосын қолды тез алады; егер де көз қарашығы тарылса, онда бұл бас миының функциясының сақталғанын дәлелдейді.

Жоғарыда аталғандардың  барлығы жоқ болса, дереу өмір сүру белгілері бұрынғы қалпына  келгенше реанимациялық шара жүргізу (қолдан дем алдыру, жүрекке массаж жасау) керек болады.

Зардап шегушіні тірілту кезінде реанимациядан  бастап 20-25 минутқа дейін өмір сүру белгісі байқалмаса, әрі қарай  жалғастыру қажет болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

 

    Зардап шегушілерге ойдағыдай алғашқы медициналық жәрдем көрсету жағдайын жасау үшін құтқарушыда міндетті түрде қажетті құралдар, дәрі-дәрмектер, таңу материалы, арнайы құралдар болу қажет.

               

                         АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ АПТЕЧКАСЫ

     Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге қажет құралдар және дәрі-дәрмектер жиынтығы алғашқы жәрдем аптечкасы деп аталады. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек апараттары және басқада құралдар жиынтығын нақты жағдайларға есептелген және тәжірибеден өткізілгенінен таңдап алу қажет.

    Алғашқы жәрдем аптечкасында міндетті түрде ауруды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, тынышталдыратын, антисептикалық құралдар, сонымен қатар таңғыш шүберектер, бинттер, мақта, бактерецидті лейкопластырь, қан тоқтататын жгут болу керек.

     Аптечкада қайшы, пинцет, ине, шприц, күре тамыр қысымын өлшейтін құрал, термометр болса артық болмайды.

    Зақымданғанда, жарақаттанғанда, терісі сыдырылған жараларда, кесіп алғанда қан тоқтату үшін жгут (шалбар бауы, тығыз белдік), жеке таңатын пакет, стерилденген жара танғыш, салфеткалар, (таза шүберек, гүлді болмау керек), бактерецидті пластрь,5 % йод ерітіндісі, 1% бриллиантты жасыл дәрі, марганецті қышқыл калий, сутегі тотығы, медициналық спирт, БФ-6 желімі керек.

     Сынықтарда таңғыш қалақ, корсет, қолдан жасалған құралдар (қатты картоп, фанера, тақтай, таяқ, оралған журнал және т.б.) қажет.

Алғашқы жәрдем аптечкасын міндетті түрде үнемі  жаңа дәрілермен толтырып отыру қажет. Оларды қолданар алдында сақтау мерзімін, герметикалық орауышын, қолдану нұсқаулығының  болуын тексеру керек.

  

Құтқару бойынша алғашқы көмек

Егер адам сiздiң көзіңiзше талып  қалса, я болмаса жүрегі соқпай қалып  жатса, онда құтқаруға байланысты көмектер жасау қажет. Бiреу адамға жедел  жәрдемге қоңырау шақыруға тапсырыңыз, өзіңiз тыныстың бар болуын және пульстi анықтауға кiрiсiңiз!

Тынысты білу үшін кәдiмгi айнаны ауызға немесе мұрынға апарасыз, ол буланғанда тыныс бар болып табылады. Егер ешқандай әрекет жоқ болса, онда жүреккке жабулы массаж және жасанды тыныс  беруді бастау керек. Бұл жағдайда –  үрейленбеуіңіз қажет. 

Реанимациялық шаралар

Реанимациялық шаралардың алдында  сiз бiрiншi көмек көрсеткен уақытты  есте сақтаңыз. Бұл мәлiметтер жедел  жәрдем дәрiгерлерi үшiн керек болады. аузын ашыңыз және оның ауыз қуысын қарап шығыңыз. Егер емделушінің  көмейінде тiл болса, онда мiндеттi түрде жөндеу керек, әйтпесе ауа тынысқа түспейдi.

Жасанды тыныс iстеуді бастайық. Терең  дем алуды жасаңыз, жасанды тыныс  алу әрекеттеріне кірісіңіз. Егер адамның  іші көтеріліп, түсетін болса, онда сіз дұрыс істеп жатқаныңыз. Егер де ауа бергенмен адам ағзасында  ешқандай әрекет болмаса, көмекті тоқтатыңыз.Жүрекке  массаж жасаңыз.

Ауыз арқылы ауа берумен және де жүрекке массаж жасауды кезек-кезек  жасаған дұрыс. Мүмкін болса бір  минутта 12 рет жасағаныңыз абзал  болады.

Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. Организмді тірілтудің терминальдық жағдайларына жатады;агония алды жағдай,агония,клиникалық жағдай.,         Агония (Agonia - күрес)- жанталас, жантәсілім, агония. Мидың жоғарғы бөліктерінің, әсіресе мидың жарты шарлары қыртысының қызметі терең бұзылуымен қатар сопақша ми орталықтарының қозуы тән өлер алдында болатын ақырғы (терминальды) сәт. Агония жағдайындағы адамның сырт пiшiнi кенет өзгередi: өзгеріссіз бет әлпетi, оның сызықтары (қанның қайта бөлінуi артынан, кездемелердiң серпiмдi түр нормалы құратын онымен бiрге және лимфа) ұшталады, ажар, бет баса-көктеп, алысқа ұмтылдыруға, көздiң мүйiздi қабығы өз мөлдiрлiгi, төменгi жақ жоғалтады қозғалысы (гиппократтың маскасы деп аталатын) ерекше өрнектi тұлғаға бiрiгiп тұлдаған мимикалық бұлшық еттердi босаңсу артынан терiде суық жабысқақ тер көрiнiп қалады салбырап тұрады қымбаттап бара жатқан болып қалыптасуға араласпайтын, кейде азап шеккен көзқарас терең түсiп кеткен көздерi шеңберлер көздердiң астында көрiнiп қалатын ақшыл - боз, кейде жершi болып қалыптасады

  Клиникалық өлім.Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды.Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмендефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен ағнаны тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, ағнаны тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның ағзасындағы тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса, Организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.

Информация о работе Аяқ астынан болатын өлім. Клиникасы, себебі, диагностикасы, жедел жәрдем беру алгоритмі