Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2015 в 12:27, реферат

Краткое описание

Эпидемияға қарсы жұмыс (егулерді өткізу, инфекциялық ауруларды анықтау және тіркеу, инфекция ошағын бақылау,инфекциялық аурулар реконвалесценттері барларды реабилитациялау бойынша шаралар және т.б.);
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы эпидемияға қарсы жұмысқа бірнеше аспектілер кіреді:
.Инфекциялық аурумен ауырған немесе күмән тудыратын балаларды изоляторға оңашалау, қажет болған жағдайда госпиталициялау.
. инфекция ошағында қатынаста болғандарды бақылауды іске асыру.
.Ағымды және қорытынды дезинфекция өткізуді қадағалау.
. Педикулез бен тері ауруларына балаларды қарау .
. егілулерді өткізу

Содержание

1. Кіріспе.
2. Ішек инфекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы жұмыстар.
3. Стрептококк инфеекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар. Скарлатина кезіндегі эпидемияқа қарсы шаралар.
4. Санитарлық-эпидемияға қарсы режим.
5. Ішек инфекциясы профилактикасы бойынша қызметкерлердің квалификациясын жоғарлату және санитарлық-ағарту жұмыстары.

Вложенные файлы: 1 файл

7 кr lek №6.doc

— 94.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар және балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасы

 

 

 

 

Дәріс

 Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар.

Пәні: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

Курс: 4

Уақыт (ұзақтығы): 1 сағ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2010 ж.

 

 

Курстың отырысында  бекітілген

Хаттама  № 12          02.06.2010ж

Курска жауапты м.ғ.д., профессор   _________Приз В.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәрістің мақсаты: Студенттерді балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі эпидемияға қарсы жұмыстың теориялық білімін қалыптастыру.

Дәріс жоспары

  1. Кіріспе.
  2. Ішек инфекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы жұмыстар.
  3. Стрептококк инфеекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар. Скарлатина кезіндегі эпидемияқа қарсы шаралар.
  4. Санитарлық-эпидемияға қарсы режим.
  5. Ішек инфекциясы профилактикасы бойынша қызметкерлердің квалификациясын жоғарлату және санитарлық-ағарту жұмыстары.

 

    • Иллюстрациялық материал: слайдтар

 

    • Әдебиеттер:

 

  1. Кучма В.Р..Гигиена детей и подростков. //Учебник для студентов мед.институтов. -М. Медицна,2001. -стр.382.
  2. "Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков" под.  ред. В. Н. Кардашенко, - М: Медицина, 1983.
  3. А.Г.Швецова. Избранные лекции по гигиене детей и подростков.- Караганда, 1997г. с.150
    • Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

 

 

  1. Кіріспе.

Эпидемияға қарсы жұмыс (егулерді өткізу, инфекциялық ауруларды анықтау және тіркеу, инфекция ошағын бақылау,инфекциялық аурулар реконвалесценттері барларды реабилитациялау бойынша шаралар және т.б.);

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы эпидемияға қарсы жұмысқа бірнеше аспектілер кіреді:

         .Инфекциялық аурумен ауырған немесе күмән тудыратын балаларды изоляторға оңашалау, қажет болған жағдайда госпиталициялау.

         . инфекция ошағында қатынаста болғандарды бақылауды іске асыру.

         .Ағымды және қорытынды дезинфекция өткізуді қадағалау.

         . Педикулез бен тері ауруларына балаларды қарау .     

          . егілулерді өткізу.

 

Инфекциялық аурулар реконвалесценттері барларды реабилитациялау бойынша шаралар және т.б.

 

 Ішек инфекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы жұмыстар

 

Эпидемияға қарсы шаралар  комплексін өткізу науқас баланы немесе бактерия бөлушіні топтан аластатқаннан кейін , қорытынды диагнозды күтпей,  бірден басталады.

Ішек инфекциясы анықталған топта, 7күнге дейін карантин тағайындалады. Науқас баланы оңашалағаннан кейін, тиянақты жинау мен ойыншақтарды, ыдыстарды, еденді, горшоктарды дезинфекциялау жүргізіледі. Ал науқас баланы балалар мекемесінен шығарғаннан кейін, санэпидстанция қызметкерлерімен қорытынды дезинфекция жасалынады.

Карантин уақытында санитарлық-эпидемиялық режимді орындауды қадағалау күшейеді. Әсіресе, балаларды жеке күтуге және балалар мен персоналдың жеке бас гигиенасына аса көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қосымша ағымды дезинфекциялық шаралар енгізіледі:Ыдыстарды, ойыншақтарды, жинастыру заттарын, еденді, төсек-орынды,жуынды суларды, балалардың шығарыстарын және т.б. залалсыздандырылады.  
Карантин уақытында қатынаста болған балалар мен қызметкерлерге медициналық бақылау тағайындалады. Тәуліктің басында және соңында 2 ретдене температурасын және балалардың нәжісін қарайды. Карантин аяқталғанша жаңа балаларды қабылдау мен топтан топқа ауыстыру, сонымен қатар, балаларды басқа мекемелерге ауыстыру тек эпидемиологтың рұқсатымен шешіледі.

Ішек инфекциясы анықталған жағдайда  топ балалары мен қызметкерлерін бірмезгілде бірреттік бактериологиялық тексеріс жүргізіледі. Тексеру кезінде жоқ, науқастармен қатынаста болған, балалар мен қызметкерлер тұрғылықты жері  бойынша бақыланады және тексеріледі. Топта біруақытта екі немесе одан да көп сырқаттанушылар тіркелсе, балалар мекемесі сол күні құрамында дәрігер эпидемиолог, педиатр инфекционист, ал  инфекцияның   тағам арқылы берілгені анықталса, тағам гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер бар бригадамен тексерілінеді. Бірінші күннен бастап  топта қатынаста болған балалар мен қызметкерлерді бактериологиялық тексерістен өткізеді. Ауру бірден мекеменің бірнеше тобында анықталса бактериологиялық тексерістен барлық қатынастағы балалар, топ қызметкерлері, сонымен қатар тағам блогының қызметкерлері мен барлық қызмет етуші қызметкерлер өтеді. Тексеріс еселігін дәрігер эпидемиолог анықтайды.

 

Стрептококк инфеекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар. Скарлатина кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар.

 

Стрептококк инфекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың негізгі  жағдайлары:

• стрептококкты инфекция мен сырқаттанатындарды және күдіктілерді міндетті түрде оңашалау (клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша госпитализациялау);

• Скарлатинамен сырқаттанғандарды клиникалық жазылғаннан кейін, бірақ сырқат басталғаннан 10 күннен кем емес уақытта шығару;

• Реконвалесценттерді коллективке жіберу- қауіп топтағы балаларды клиникалық жазылғаннан 12 күн өткеннен соң, қауіп мекемеде (балалар мекемесі, ауруханалар,сүт ас үйлері,т.б. ) жұмыс істейтін реконвалесценттерді  осы мерзімге басқа жұмысқа ауыстыру;  
•скалатина ошағындағы баспамен ауыратын сырқаттарға қатынас бірдей;

• скарлатина және баспамен ауырған науқастарға диспансерлік бақылау стационардан шықаннан кейін 1 ай жүргізіледі;

• мектепке дейінгі мекемедегі карантин мерзімі скарлатинамен ауырған соңғы науқас оңашалаңғаннан кейін 7 күн;мектепте скарлатина анықталса карантин шаралары жүргізілмейді;

• қатынастағыларды, әсіресе қоршаған адамдарды бақылау;

• стрептококк инфекциясына күмәнділарды оңашалау.

 • созылмалы тонзилиті бар балалар томици-дом санациялауға жатады ;

• скарлатина ошағындағы ағымды дезинфекцияға жатады: ыдыс, ойыншақтар мен жеке бас гигиена заттары. Стрептококк инфекция ошағында қорытынды дезинфекция жасалынбайды. 

 

Санитарлық-эпидемияға қарсы режим.

 
   Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі жедел ішек инфекциясының таралуы бөлменің санитарлық жағдайы  мен санитарлық эпидемияға қарсы режим ережелерін сақтаумен тікелей байланысты. Балалар мекемесінің санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимі  регламенттелген «Санитарными правилами устройства и содержания детских дошкольных учреждений»,  22 желтоқсанда 1975 ж. бекітілген. Нақты ереже қарастырады :

1) Ьалалардың қатаң санитарлық нормаларға сәйкес топтарға орналастыру;

2) балаларды топтық оңашалау;

3) әр топқа қызметкерлерді тағайындау;

4) Балаларды қатаң түрде жеке күту;

5) Балалар мен қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтау;

6)Топты жеке асхана ыдысымен,ойыншықтармен, горшоктармен жинастыру заттарымен  т.б. қамтамасыз етеді.;

7) Топтарда жинастыру заттарын горшоктарын жекелей қолдану;

8) балаларды тамақтандыруға, күтуге, дәретханаларды жинастыруға арналған жеке халаттарды бөлу;

9) шығарыстарымен ластанған жаялықтар мен төсек-орындарды басқа кір төсек орындардан бөлу;

10) бөлмелерді жинастыру,  горшоктарға отырғызу, кір төсек орындарды тапсыру, балаларды    тамақтандыру  мен жуындырумен әртүрлі  қызметкерлер айналысуы қажет. Балалар мекемесіндегі барлық  бөлмелер үлгілі тәртіп пен тазалықта болуы керек. Бөлмені күн сайын ашық терезеде    ылғалды жинастырылуы керек.  Генералды жинастыру апта сайын жуғыш және дезинфекциялық заттарды қолданып жүргізілуі  тиіс.

Ойыншықтар күніне 2 рет ыстық су, сабынмен, щеткамен жуылуы керек. Үстелдер әрбір ас қабылданғаннан кейін жуылады. Ыдыстар әрбір қолданғаннан  кейін қалдықтардан босатылады және ыстық суға сода, қыша қосылып залалсыздандырылады. Кейін қайнаған сумен шайылады. Жуылған ыдыстар решеткалы сөрелерде кептіріледі.Сүт пен  сүт тағамдарына арналған бөтлкелер тазартылғаннан кейін 15 мин бойы қайнатылады. Емізіктер қолданғаннан кейін жуылады, 15 мин бойы қайнатылады және шыны ыдыста сақталынады. Емізіктерді қайнатылған пинцет көмегімен алынады.

Төсек орын  және жаялықтар қолданғаннан кейін арнайы бакқа, қақпағы бар шелекке немесе кленкалы қапшықтарға салынады. Жұмыс соңында қапшықтардағы кір төсек орын жуу – тарату орнына жеткізіледі.  Пеленальды үстелдер, балалар кленкасын, манеж  жамылғысын су сабынмен түскі астан кейін және жұмыс соңында жуылуы керек.

Дәретхана едендері, унитаздар күніне 2 рет ыстық су мен жуғыш заттар көмегімен жуылады. Ясельді және кіші топтарда еденді балалар горшокқа отырған сайын жуылады. Горшоктар әр қолданғаннан кейін ағынды су, щеткамен жуылады және 30 мин бойы залалсыздандырылады.

Жуу инвентарі (шүберек, шелек, щетка) маркирленеді және дәретхана бөлмесінде арнайы шкафта сақталынады. Барлық жуу инвентарі қолданғаннан кейін ыстық су мен жуғыш заттар көмегімен жуылады. Дезинфициялық заттар салқын жерде, жабық ыдыста, қараңғы жерде, балалар қол жетпейтін жерде сақталынуы керек. Негізгі  дезинфициялық ерітінділерді  жасау бас медбикенің міндеті. Балалар мекемелеріндегі дезинфекциялық шараларды өткізу сапасына жауап береді.

Санитарлық ережелерді орындауды мекеме меңгерушісі қадағалайды. Медициналық персонал балалар мекемесіндегі санитарлық - эпидемияға қарсы режимнің орындалуын қадағалайды.

 

Ішек инфекциясы профилактикасы бойынша қызметкерлердің квалификациясын жоғарлату және санитарлық-ағарту жұмыстары.

Ішек инфекциясы профилактикасы бойынша қызметкерлердің квалификациясын жоғарлату және санитарлық-ағарту жұмыстарын дәрігер мен бас медбике ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда бұл жұмысқа дәрігер – инфекционист, балалар емханасының мамандар, СЭС, санитарлық ағарту үйлері қатысады .

Ішек инфекциясының  профилактикасына, ерте диагностикасына, эпидемияға қарсы шараларға  арналған сабақтар алдын – ала құрастырылған жоспар бойынша жүргізіледі. Сабақты жоспарлауда аудандағы және балалар мекемесіндегі ішек инфекциясының сырқаттану деңгейін, эпидемиологиялық және клиникалық ерекшеліктерін, балалардың физикалық жағдайын, тамақтануы мен емізу сипатын, жыл мезгілін, мекеменің санитарлық-техникалық жағдайын, медициналық және басқа қызметкерлердің дайындық деңгейін ескереміз. Медициналық қызметкерлердің дайындығын жұмыс орнында, мекемеде жүргізілген  шараларға қарап анықтаймыз.

Қызметкердің техникалық біліктілігін жоғарлатуын бас медбике ұйымдастырады. Ол айына 1рет санитарлық минимум бойынша сабақ өткізеді. Сабақ соңында дәрігер бас медбикемен бірге тыңдаушылардан сынақ қабылдайды. Төменгі қызметкерлердің жұмысын бақылай отыра, олар гигиеналық ережелердің сақталуы балалардағы инфекциялық аурулардың алдын –алудағы маңызын түсіндіреді. Күнделікті жүргізілетін өндірістік жыйналыстар медициналық және қызмет көрсететін жұмысшылардың квалификациясын жоғарлатуды қарастырады. Оларға міндетті түрде әр бір жеке бас гигиенсының, санитарлық – эпидемияға қарсы  режимнің,балаларға дұрыс күтім жасамау  жағдайларын талқылау керек.

Санитарлық – ағарту жұмыстары ата – анасымен бала мекемеге түспей жатып жүргізіледі. Онда ол сұхбаттасу немесе инструктаж, баланың үйіне барғанда, жалпы ата – аналар жыйналысында жүргізідеді. Ата – аналар үшін циклді сабақтар, көрмелер, сұхбаттасулар  ұйымдастырылады. Өзіндік оқуға арналған брошюра – кітапшалары,кезеңді түрде санбюллетендер шығарылады. Көп уақыт санитарлы біліктілігі төмен ата – аналармен сұхбаттасуға көңіл бөлу керек. Санитарлық ағарту жұмыстары әсіресе ішек инфекциясының маусымында көтерілуі керек.

 


 



Информация о работе Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар