Биоритмнің дәрілердің әсерінің көрінісіне тигізетін ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2015 в 11:02, реферат

Краткое описание

Хронофармакологияға-хронофармакодинамиканы да және хронофармакокинетиканы да жатқызады. Хронофармакодинамика және хронофармакокинетиканың орнына маңызы бойынша ұксас екі термин - «хронестезия» -тәуліктің әрбір уакытында затқа сезімталдық және «хронокинетика» - тәулік ырғағынан фармакокинетикалық сипатының тәуелділігі ұсынылған.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Хронофармакология туралы түсінік;
2. Биоритм туралы түсінік;
4. Биологиялық ырғаққа байланысты ағзаға
дәрілік заттың әсері.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Farm_srs.ppt

— 872.00 Кб (Скачать файл)

Кафедра: Фармакология

Факультет: Жалпы медицина

Топ:  207 А

Тақырыбы: Биоритмнің дәрілердің әсерінің көрінісіне тигізетін ықпалы.Хронофармакология туралы ұғым.

 

 

Орындаған:Жұма А.Б

Тексерген: Нургалиева Ж.Ж

Физиологиялық  қызмет үшін тәуліктік ырғақтың  маңызды мәні бар. Сергектік пен  ұйқының ауысуы жүйке жүйесі  мен эндокриндік бездердің белсенділігіне  және оған сәйкес басқа мүшелер  мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай  ықпалын тигізетіні жалпыға мәлім. Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі  заттарға сезімталдығымен көрінеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік  ырғаққа  тәуелділігін зерттеу  хронофармакология деп аталған  жаңа бағыттың негізгі мәселелерінің  бірі.

Хронофармакология -  уақытқа  тәуелді биологиялық процестер мен дәрілік заттардың арасындағы қарым қатынасты зерттейтін фармакологияның бөлімі.Хронофармакологияның негізгі мақсаты-фармакологиялық әсерлерге әртүрлі биологиялық ритмнің үлесі және организм қызметінің ырғақтылығына дәрілердің әсерінің сапасын зерттеу болып табылады.Оның негізі фармакокинетика және фармакодинамика деген бөлімдері бар

Хронофармакологияға-хронофармакодинамиканы да және хронофармакокинетиканы да жатқызады. Хронофармакодинамика және хронофармакокинетиканың орнына маңызы бойынша ұксас екі термин - «хронестезия» -тәуліктің әрбір уакытында затқа сезімталдық және «хронокинетика» - тәулік ырғағынан фармакокинетикалық сипатының тәуелділігі ұсынылған.

Фармакокинетика-(латынша pharmacon-дәрі,kinea-қозғалу) бұл дәрілердің денеге сіңуін,таралуын,жинақталуын,метаболизмі және организмнен шығуын зерттейді.

Фармакодинамика-(латынша pharmacon-дәрі,dynamis-күш) дәріні қолданғанда организмде пайда болатын биологиялық әсерлерді және дәрінің әсер ету механизмі мен орнын зерттейді.

       Биоритм - бұл организмнің сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін барлық тірі жүйелердің фундаментальды құрылымы.

  Адам организмінде  әртүрлі – жасушалық, тіндік, мүшелік  деңгейде  қызмет атқаратын 500 ден  астам биоритмдер бар.

   Биоритмдердің  – төменгі, - орта, - жоғарытолқынды  түрлерін ажыратады.

   Биологиялық ырғақ - биологияда — биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология.

 

Биоритмдердің  – төменгі, - орта, - жоғарытолқынды  түрлерін ажыратады.

 

Төменгі толқынды  биоритмдер (Т > 3 тәулік)

циркасептанды (7±3 тәулік),

циркадисептанды (14±3 тәулік),

циркавигинтанды (21±3 тәулік),

циркатригинтанды (30±5 тәулік),

цирканнуальды (1 жыл±2 ай).

Орта толқынды биоритмдер 

(Т 30 мин. тан 3 тәулік ):

ультрадианды (30 минут - 20 сағат),

циркадианды ( 24 – 28сағат),

инфрадианды (28 сағат- 3 тәулік).

Жоғарытолқынды  ритмдер 

(T < 30 минут)

Тыныс алу жиілігі(1/10-1/20 минут)

Жүректің жиырылу  жиілігі(1/60-1/80 м-1)

Бас миының электрлік  белсенділігі (ЭЭГ) және т.б.

Биологиялық ырғақ  өсімдіктерде жапырақтар мен  күлте жапырақшалардың тәуліктік  және физиолгиялық өзгерістері (күзгі  жапырақ тастау, қыста өркендердің  қатаюы, т.б.) түрінде байқалады.

Ал жануарларда биологиялық  ырғақ әр түрлі физиологиялық-биохимиялық  процестер (температура ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың  бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен  бейнеленеді. Жеке органдардың, тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары  биологиялық құбылыстардың мерзімдік  реттілігін құрайды, тірі организмдерде  жүретін барлық процестердің  үйлесуіне негіз болады.

    Биологиялық  ырғақ тұқым қуалайды және  табиғи сұрыпталу мен организмдердің  бейімделгіштігінің маңызды факторы  болып табылады. Биологиялық ырғақ  пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.

   Экзогенді биологиялық ырғақ — организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы.

    Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.

   Таңертеңгі және  кешкі мезгілдегі белсенділіктің  сергектігі организмде  болып  жататын ішкі биохимиялық процестерге  байланысты. Мысалы, адам психикалық  белсенділігінің ішкі биологиялық  ырғағының тәуліктегі күшеюі  мен бәсеңдеуі организмдегі адреналин  мен норадреналин гормондарының  көбеюіне тәуелді. Мұндай қатаң  тәуелділік ішкі биологиялық  ырғақтар мен сыртқы тіршілік  әрекетінің ұйымдасуы арасында  нақты үйлесімнің болуын қажет  етеді.

    Егер бұл  үйлесім бұзылатын болса, оның  нәтижесі жүйке жүйесінің түрлі  ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар, жүрек-қан тамырларының  аурулары) соқтырады. Сондықтан психологиялық  тексеру мен 

психокоррекцияда міндетті  түрде адам-

ның психикалық белсенділігінің 

биологиялық  ырғақ құрылымы ескерілуі

тиіс.

    Қорытынды

 

Дені сау адамның  және науқастың хронотипін, биоритмінің  талдау арқылы және ішкі патоегндік  түрткілеріне организмнің жоғары  немесе төмен төзімділігін хронолабильділігін  анықтауға болады.

    Соңғы жылдары  жүргізілген зерттеулер бойынша  организмнің әр түрлі сыртқы,оның  ішінще фармакологиялық әсерлерге  сезімталдығы тәуліктің уақыттық  және жылдық маусымдық мерзіміне  сәйкес елеулі өзгеріп отыратындығы  дәлелденді.

Хронотерапия-мерзімді үрдістерді ескере отырып емдеу шараларын қолдануды айтады.

  • Харкевич.Д.А  «Фармакология»  Алматы 2004
  • Комаров Ф.И., Рапопорт С.И.( 2000 ) «Хронобиология и хрономедицина.»-М.: Триада-Х, 2000.-488 с.
  • Дәріс жинағы
  • интернет желісі материалдары www.kazreferattar.kz

 


Информация о работе Биоритмнің дәрілердің әсерінің көрінісіне тигізетін ықпалы