Биосферадағы экологиялық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 05:56, реферат

Краткое описание

Адам іс-әрекетінің биосфераға оң әсерімен бірге күшті келеңсіз әрекеті де бар. Қоршаған орта - ауа, су, топырақ аса қарқынды ластануда. Ауаға көмірқышқыл газдың орасан мол мөлшері шығарылуда. Соның атмосферада жинақталуынан көктемелік әсер пайда болуда. Мәселен, соңғы он жылдықта Жер температурасы 1°С-ге дерлік көтерілді. Оның мұздықтарды ерітіп, Дүниежүзілік мұхит деңгейін көтеруі, құрлықтың орасан зор аумағын су басуы мүмкін. Жылылықтың басталатынына ешкімнің күмәндігі жоқ. Алайда оның салдарына жайбарақат қараушылар көп.

Вложенные файлы: 1 файл

слайд.pptx

— 217.55 Кб (Скачать файл)

Биосферадағы экологиялық мәселелер

 

Орындады: Есетова А

Қабылдады: Иманова Д

Жоспар

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

 •Бүгінгі жағдай

 • Қазақстандағы жағдай

 • Семей полигоны

 • Аралдың экологиялық проблемасы

 • Дүниежүзілік экологиялық шаралар

Пайдаланған әдебиеттер

     Адам іс-әрекетінің биосфераға оң әсерімен бірге күшті келеңсіз әрекеті де бар. Қоршаған орта - ауа, су, топырақ аса қарқынды ластануда. Ауаға көмірқышқыл газдың орасан мол мөлшері шығарылуда. Соның атмосферада жинақталуынан көктемелік әсер пайда болуда. Мәселен, соңғы он жылдықта Жер температурасы 1°С-ге дерлік көтерілді. Оның мұздықтарды ерітіп, Дүниежүзілік мұхит деңгейін көтеруі, құрлықтың орасан зор аумағын су басуы мүмкін. Жылылықтың басталатынына ешкімнің күмәндігі жоқ. Алайда оның салдарына жайбарақат қараушылар көп.

Бүгінгі жағдай

 

Бүгінгі күні Жердегі температура мүлде өте  жоғары  емес. Ғаламшардың геологиялық тарихында температура 10-15°С-ге жоғары да болды. Түрлі-түрлі газдарды, әсіресефреондарды бөліп шығарудан Жер үстіндегі барлық тіршілік иелерін өлтіріп жіберетін ультракүлгін сәуледен қорғайтын озон қабаты ішінара бұзылуда..

Спутниктерден және халықаралық ғарыштық байланыстан (ХҒБ) бақылау көрсеткіштері Арктика және Антарктика үстінде озон тесігі пайда болғанын көрсетті.

 

Атмосфераға әр алуан оксидтердің, ең алдымен күкірт және азот оксидтерінің орасан көп мөлшерде шығарылуынанқышқылдық жауындар пайда болды. Ол тек өсімдіктер әлемін ғана емес, жануарлар әлемін де жойып жібереді

Қазақстандағы  жағдай

 

Семей ядролық полигонындағы 

 

сынақтардың әсері.

 

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.

 

 

Семей ядролық полигонындағы 

 

сынақтардың әсері

Арал теңізінің тартылуы

Дүниежүзілік экологиялық шаралар

 

  

 Адамның іс-әрекеті себепші болған биосферадағы тез өткен алапатты өзгерістер ғалымдар мен қалың жұртшылықты заңды түрде абыржытады. Сондықтан 1968 жылы итальяндық экономист, қоғам қайраткері Аурелио Печчеидің (1908-1984) бастауымен халықаралық үкіметтік емес «Рим клубы» ұйымдастырылды. Бұл ұйымның қызметі жаһандық әкологиялық проблемаларын шешу және одан сақтандыру стратегиясын жасауға бағытталған.

     Жалпы дүниежүзілік пәрменді шаралардың бірі - Киото хаттамасының қабылдануы Әлемнің көптеген елдері қол қойған бұл хаттама 2005 жылдан бастап күшіне енеді. Осы хаттамаға сәйкес оған қол қойған елдер көмірқышқыл газды атмосфераға шығаруды өз еркімен шектейді, бұл Жер атмосферасының жылыну каупін азайтуға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 Әлеуметтік желілер

    • google.kz
    • Yandex.kz

Назар аударғандарыңыз үшін РАХМЕТ!!!


Информация о работе Биосферадағы экологиялық мәселелер