Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 23:15, реферат
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан
Патогенеі. Бүйрек амилоидозы негізгі мембрана өткізгіштігінің күшеюінен басталады, бірақ та бұл белоктар негізінен қайта сорылады немесе бүйрек стромасына жинала бастайды. Сондықтан оның алғашкы рет бүйрек шумақтарының капиллярларында шөге бастауы клиникада нефроздық синдром турінде көрінеді. Осы кезеңнен бастап амилоидоз үздіксіз дамып бірте-бірте бүйрек қызметінің нашарлауына соқтырады.
БҮЙРЕКТЕРДІҢ
Бүйрек өзекшелерінің
Пиелонефрит
Пиелонефрит - бүйрек түбегінің, тостағаншаларының, аралық тінінің және өзекшелердің зақымдануымен сипатталатын патология. Бұл инфекциялық сырқаттар қатарына жатады. Өте жиі кездесетін ауру, өлген кісілердің 9-10%-да, пиелонефриттің әр түрлі көріністері анықталады, ал бүйрек ауруларының ішінде ол 30%-ды құрайды
Этиологиясы.Пиелонефрит тудырушы бактериялардың арасында ең көп кездесетіні ішек таяқшалары мен стафилококтар.Одан басқа пиелонефриттің дамуына энтерококтар, протей, клебсиелла,энтеробактер, көк іріңді таяқшалар немесе микроб ассоциациясы да себеп бола алады.
Патогенезі. Пиелонефритті инфекция тудыратын сырқат дегенмен де оның дамуы үшін көптеген косымша жағдайлардың, әсіресе бүйректе қан айналысының және несеп әрекетінің бұзылуының маңызы зор. Пиелонефрттерді даму механизмдеріне қарап, обструктивті және обструкциясыз дамитын пиелонефриттер деп екі топқа бөледі. Обструктивті себептерге ер адамдарда қуық безінің аурулары (аденома, рак, простатит), қуық және тік ішек рактары, несеп жолдарының тастары; әйелдерде жыныс ағзаларының ісіктері мен осы ағзалардың қабынуы және несеп жолдарындағы тастар жатады. Бұдан баска несеп жолдарының туа болған кемістіктері де осы өзгерістермен асқынады.
ПОЛИКИСТОЗДЫ БҮЙРЕКТЕР
Бүйректерде әр түрлі кисталар кездеседі олар іштен туылған немесе жүре пайда болған себептерге байланысты болуы мумкін. Бұл кисталардың ішінде бүйректің поликистозды ауруының клиникалық маңызы зор. Олардың екі түрін ажыратады. Балаларда поликистозды ауру аутосомды-рецессивті негізде дамиды, бала туылған кезде оның бүйректеріндс көптеген майда кисталар болады. Бүйректері үлкейген. Балалардың көбі 1 жасқа дейін бүйрек жетіспеушілігінен өледі.
Ересек кісілерде поликистоз аутосомды-доминантты түрде дамиды, туылған кезде бүйректерде кисталар болмайды. Бұл патология өлген кісілердің 0,3-0,4%-да кездеседі.
Патогенезі. Киста пайда болуы бүйрек өзекшслсрі мен жинаушы өзектердің эмбриогенез кезеңіндегі бір-біріне жалғанбай қалуымсн түсіндіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер