Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:50, реферат
Міне, осы мақсатта еліміз бойынша онкүндік басталды. Тамыздың 12-сінен бастау алған бұл шара 21-не дейін жалғасады. Бұл тұрғыда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары денсаулық сақтау саласы мамандарымен бірлесе отырып түрлі іс-шаралар өткізуді қолға алды. Олар тұрғындармен кездесу барысында аталған дерттер жайлы, оның алдын алу тұрғысында кең мағлұматтар беретін болады.
Вирустық гепатит ауруларының алдын алу
Міне, осы мақсатта еліміз бойынша онкүндік басталды. Тамыздың 12-сінен бастау алған бұл шара 21-не дейін жалғасады. Бұл тұрғыда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары денсаулық сақтау саласы мамандарымен бірлесе отырып түрлі іс-шаралар өткізуді қолға алды. Олар тұрғындармен кездесу барысында аталған дерттер жайлы, оның алдын алу тұрғысында кең мағлұматтар беретін болады.
Жыл сайын әлемде орын алатын бір миллионға жуық өлім жағдайлары осы вирустық гепатиттің салдарынан болады екен. Соның ішінде В және С вирустық гепатиттері бауыр обырының көбеюінің де негізгі себебі болып табылады, оған бауыр обыры түрлерінің 78 пайызы жатады. Әлемде әрбір үшінші адам, яғни екі миллиардқа жуығы осы С гепатитін жұқтырса, ал әр он екінші адам созылмалы В және С вирустық гепатиті ауруымен өмір сүруде. Осы вирус-тық гепатиттерді жұқтыр-ған адамдардың көпшілігі өзінің жұқпалы аурумен ауыратынын білмейді және аурудың дамыған немесе асқынған кезеңінде кездейсоқ тексеру кезінде ғана анықталып жатады екен. Ал, өзінің ауыратынын білмеген адам басқаларға да жұқтыруы мүмкін.
– 2011 жылы еліміз бойынша тіркелген 2291 оқиғаға қарағанда, өткен жылы 1452 жедел вирустық А гепатиті ауруы тіркелді. Бұл алдыңғы жылмен са-лыстырғанда 37 пайызға кем, соның ішінде балалар арасында 785 оқиға тіркелген. Вирустық гепатит ауруына салдыр-салақ қарауға болмайды, өйткені оның соңы өлімге әкеп соғуы әбден мүмкін. Еліміз бойынша өтіп жатқан онкүндіктің де мақсаты тұрғындарға аталмыш ауру туралы кеңінен мағлұмат беру, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының валеологы Гүлжан Шадаева.
Жалпы, елімізде вирустық гепатиттерді ерте анықтау мен алдын алу бойынша арнайы жұмыстар жүргізіліп отырады. Мамандар созылмалы гепатитпен ауыратын ауруларды тексеру мен емдеу гепатологиялық кабинет (орталық) деңгейінде, амбулаторлық-емханалық, стационарлық көмек беру ұйымдары деңгейінде, сонымен қатар республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының шеңберінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде көрсетілетіндігін айтады. Қазіргі кезде республикада 16 облыстық гепатологиялық орталық ашылған және оны халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін барлық медициналық мекемелерде де ашу жоспарлап отырған көрінеді. Сонымен қатар, 2011 жылы елімізде алғаш рет қан ауруымен, қан құю және оның құрамбөліктері, оперативтік әрекет анамнезі бар гемодиализдегі қатерлі ісікпен В және С вирустық гепатиті бар балаларды тексеруге скринингтік зерттеу енгізілді. Өткен жылы мұндай шара жасы үлкен тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында да жүргізіліп, бұл мақсатқа 2,1 млрд. теңге бөлінген екен. Ал, ауруларды вирусқа қарсы дәрілермен емдеуге 3,5 млрд. теңге бөлінген. Қазақстанда өткен жылдың қаңтар айынан бастап "Ривирин" атауымен рибавирин дәрілік препараты шығарыла бастады. Дегенмен,
мамандар бұл дерттердің алдын алудың бірден бір жолы вакцина қабылдау екендігін алға тартады.