Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 15:16, реферат
Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер өнімдері (ГМО) жайлады. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-ның адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген. Әлемдегі елдердің көбісі, мысалы: Қытай, Жапония, Корея, АҚШ гендік модификацияланған азық-түлік өнімдерін өндіреді. Гендік модификацияланған тағам өнімдері жылдан-жылға еселеп өсіп келеді.
Добавить комментарий
Шамшина Жарқыра Қайырханқызы
Химия және биология пәнінің мұғалімі
Ақтөбе қаласы №40 орта мектеп
Гендік модификацияланған организмдер өнімдерінің пайдасы мен зияны
Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер өнімдері (ГМО) жайлады. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-ның адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген. Әлемдегі елдердің көбісі, мысалы: Қытай, Жапония, Корея, АҚШ гендік модификацияланған азық-түлік өнімдерін өндіреді. Гендік модификацияланған тағам өнімдері жылдан-жылға еселеп өсіп келеді.
ГМО деген не? Гендік модификацияланған
организмдерді (ГМО) өсіру үшін бір
организмнің генін басқа бір өсімдіктің
немесе жануардың ДНК-сына енгізіп, трансгенизация
жасайды. Бұл операция арқылы организмнің
кейбір табиғи қасиеттері өзгертіледі.
Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян
генін қосу нәтижесінде ешқандай жәндік
жемейтін картоп түрі, қызанға солтүстік
камбаласының генін қосудан аязға төзімді,
үсімейтін қызан түрі, жалпы аязға төзімді,
жәндіктер жемейтін, құрт түспейтін, ұзақ
сақталатын, тағысын-тағы қасиеттері бар
түрлер алынады. Бүкіл жаратылыс ғасырлар
бойы өзі сұрыптап берген, кез келген организмнің
өсіп-өнуіне жауапты болып саналатын геномына
бөтен генді әкеліп, жасанды жолмен енгізген
кезде оның келесі ұрпағы өзгеріске ұшырайды.
ГМО-ның дүниежүзіне кең тарап кетуінің
кесірінен адамдар мен жануарлар арасында
ұрпақсыздықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының
көбеюі, тұқым қуалайтын кемтарлықтың
ерекше түрлері пайда болуы мүмкін екендігін
белгілі ғалымдар дәлелдеген.
Жан-жануардың, өсімдіктің тектік аппаратын
қолдан өзгертуге бағытталған гендік
инженерияның адамзатқа қауіпті тұстары
туралы 2000 жылы ғалымдар Әлемдік үндеу
жариялаған болатын. Кейінірек ГМО-ға
байланысты бүкіл елдің үкіметтеріне
828 ғалым ашықхат жариялаған еді.
Генетикасы модификацияланған дақылдармен
қоректендірілген эксперименттік жануарлардың
және олардың кейінгі ұрпақтарының ағзаларында
патологиялық өзгерістер анықталған.
Британия ғалымдары – генетикасы модификацияланған
ГМ-картоптың, Италия ғалымдары – ГМ-сояның,
Австралия ғалымдары – ГМ-асбұршақтың,
француз зерттеушілері ГМ-жүгерінің жануарлар
ағзасына қауіпті екендігін дәлелдеген.
Мысалы, ГМ-жүгері беріп асыраған эксперименттік
жануарлардың төлдері 100% өлі туғаны туралы
ғылыми нәтиже белгілі. Бірақ мұндай қорытындыны
кезінде жауып тастаған. Себебі ғалымдардың
бұл секілді қорытындыларының жария болуы
өндіруші компанияларға тиімді емес. Биотехнология
саласында зерттеулер жүргізген 500 ғалымның
үштен бірі өздерінің анықтаған қорытындысын
өзгертуге мәжбүр болғаны туралы мәліметтер
бар, себебі ғылыми-зерттеу жұмысына демеушілік
жасаған өндіруші компания өкілдерінің
өтінішін орындаған. Ғалымдардың 17% тапсырыс
берушіге ұтымды нәтиже көрсетіп, жалған
қорытынды берген, ал 10% қаржылай қыспаққа
түсетіндіктен, қаймығып, ГМО-ның кері
әсерлері жөніндегі ақпаратты жасырған.
Ең алғаш трансгенді өнімдерді шығаруды
80-жылдары Американың әскери қорғаныс
күштеріне бағынышты Монсанто компаниясы
қолға алған. Трансгенді дақылдарды өсірудің
және әлемге таратудың басты жарнамашысы
– Америка. Сөйте тұра, АҚШ-тың ауыл шаруашылығы
министрлігі өз елінде ГМ-күріштің сортын
егуге тыйым салған.
Генетикалық ақпаратын қолдан өзгертіп
өсірілген өнімдер бүгінгідей қарқынмен
тұтынушының қарнына түсе берсе, «алдағы
40 жылдан кейін адамзат ұрпағы күрт кеміп,
бүкіл биосфера бұзылып бітеді» дейді
көптеген ғалымдар. Адамның иммунитеті
әлсірейтіні, аллергия көбейетіні ғылыми
тұрғыдан негізделіп жариялануда. Кез
келген өсімдіктің, жәндіктің, жануардың
табиғи геномына бөтен қасиеті бар генді
енгізу үшін арнайы тасымалдаушы вирустар
пайдаланылатынын ескерсек, неше түрлі
ой келеді. Себебі адамзатты азапқа салумен
келе жатқан тұмау, гепатит, полиомиелит
, жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы
синдромы (ЖИТС– СПИД) т.б. әртүрлі сондай
вирустардың ағзаға бір кіріп алғаннан
кейін мүлдем бағынбай кететін қасиетімен
байланысты.
Ғалымдар зерттеу ізденістерінің нәтижесінде
алмаға түсетін құрттың ата жауының генін
алмаға енгізгенде оған құрт түспейтінін
және ұзақ сақталатынын анықтаған. Сыртқы
сәні қалғанымен, бүкіл мәні өзгеріп кеткен
алмаға құрт екеш құрт та жоламайды.
Трансгенді организмдердің көбі ұрпақ
бермейді. Мысалы, қашыр деген жануар –
есек пен жылқының буданы, ұрпақ бермейді,
арыстан мен жолбарыстың күшігі де ұрпақсыз.
18 мың ғаламды Жаратушы өте сирек кездесетін
мұндай будандасуды әдейі көрсетіп, «ей,
адамдар, абайлаңдар» деп адамзатқа ескерту
жасаған шығар деп ойлануымыз керек, табиғат
заңдылығына қол сұғу қауіпті.
Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін, зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.
ГМО-қауіптілігі гендердің
«Трансгенді азықтарды» қолдану адам
үшін өте қауіпті екенін ресей ғалымдарының
еңбектерінен көруге болады.(Монастырский,Кузнецов,
Табиғатта әр түрге жататын ағзалар арасында шағылысу жүрмейді. ГМО қолданған ағзаларда да өзгерістер болатыны анықталған, тіпті адам сілекейімен ішек микрофлорасынан. Тышқандарға жүргізілген эксперименттерде ГМ құрам олардың ұрпақтарынан да табылған. Сонымен ғалымдар ГМО тек қана өнімде емес, сонымен қатар оны қолданғандарда, олардың ұрпақтарында кездесетінін анықтады.
Құрамында ГМО бар азықтар өндірушілеріне өте көп табыс әкеледі. ГМО және трансгенді азықтарының қауіпсіздігін тексеру, негізінен өндіруші есебінен жүреді. Сондықтан, ол объективті болып саналмауы мүмкін сол себептен кейбір ғалымдардың ГМО қауіпті деп ескеруін естігілері келмейді.
ГМО азықтарын пайдаланудың зияны:
- өте қауіпті аллергиялық
- Трансгенді өнімдерді
- Ісік ауруларының көбеюіне себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.
Қазіргі таңда адамзатты алаңдатып
отырған дүние азық-түлік
Оның үстіне, гендік модификацияланған тағамдар нарығымызды жаулап алды. Емшектегі бала да, одан қалса, баланы емізетін ананы да сондай тағамдармен қоректендіреміз. Ресейдегі Денсаулық сақтау институтының дәрігері Ольга Бутакованың мәліметіне жүгінсек: Ресейге шеттен келетін өнімдердің барлығы будан. Дәрігер өз отандастарына сырттан келетін өнімдерді, соның ішінде сәби балаларға арналған тағам түрлерін тұтынбауды үндеуде. Әсіресе, АҚШ-та өндірілген жеңіл өнеркәсіп тауарларынан сақ болуға шақырады. Өйткені, америкалық өнеркәсіп өнімдерінің 70 пайызы будан. Австрия, Франция, Германия, Греция, Италия және Люксембург мемлекеттері 2004 жылдан бастап будан өнімдерді сырттан кіргізуге тыйым салды.
АҚШ-та жеміс-жидекке жанды
Генетик ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 1000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар екен. Қазіргі таңда бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя, жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады. Былайша айтқанда халық ең көп тұтынатын заттар.
– Будан өнімдер адамның денсаулығына аса зиянды – дейді, ресейлік ғалым Ирина Ермакова. Бұл биолог ғалым бірнеше жыл бұрын тәжірибе жасап көрген. Егеуқұйрықтарды үш топқа бөліп, олардың біріншісін әдеттегі азықпен, екіншісін соя қосылған азықпен, ал үшіншісін гендік модификацияланған азықпен жемдеп көрген. Ғалым тәжірибені жануарлардың шағылысуынан екі апта бұрын қолға алған. Тәжірибе мынадай: таза азықпен қоректенген жануарлардың 7 пайызы, ал будан азықпен қоректенгендердің 56 пайызы өлген.
Сол сияқты Торонтодағы Ислам институтының профессоры, Ахмад Куттидің шейх: малға тірі ағзаның гені будандастырылып дайындалған азықты беруге болмайды, соңғы жылдары пайда болған «сиыр құтырық» ауруының көбеюіне себеп осыдан, – дейді.
Дәл осындай жағдай еліміздегі тауық өсіретін фермаларда кең етек алған. Құс өсіруші фермерлер сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін далаға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химиялық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға береді. Қандасының етін жеп үйренген «каннибал» тауықтар алда-жалда араларынан біреуі сәл жарақаттанып, қан шықса болды, жапа-тармағай жабыла кетіп, дереу жеп қоятын көрінеді. Бұл үрдіс қазір тауық фермаларында үйреншікті жағдай. Дүкен сөрелерінде сіресіп тұрған тауық еттеріне де «елеңдей» жүргеніңіз жөн болар…
Америка мемлекетінде тізіліп қатар тұрған дүкендердің біреуінде таза әдіспен алынған тағам 100 долларға сатылса, екіншісінде генді модификацияланған өнім 10 доллар тұрады екен.
Тағы бір есте тұтатын дүние, базарларда сырты мұнтаздай тап-таза жеміс-жидектер мен көкөністер тізіліп тұрады. Жеп көрсеңіз не дәмі, не сөлі жоқ. Қарапайым халық бұл өнімдерде қандай қатер бұғып жатқанын білмегендіктен, оны алуға мәжбүр. Өзі арзан, өзі әдемі. Осы орайда әркім ГМО өнімдері туралы төмендегі азаматтардың БАҚ –қа берген қарсы немесе жақтау пікірлерін ұсынамын:
Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов:
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сәдуақасов Серік Сәдуақасұлы:
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, профилактикалық медицина академиясының академигі Алдашев Ахмет Алдашұлы:
Информация о работе Гендік модификацияланған организмдер өнімдерінің пайдасы мен зияны