Қарағанды мемлекеттік медицина
университеті
Молекулалық биология және
медициналық генетика кафедрасы
СӨЖ
Тақырып : Генетика және қоршаған
орта
Орындаған:
Бегәділ А.Б.
1-044-топ
ЖМФ
Тексерген: Кинаятов М.А.
Қарағанды
2014
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі
бөлім
- Қазақстандағы
қоршаған ортаның ластануының генетикалық
зардаптары
- Экология-
тіршілік ету мекені
- Атмосфераның
ластануы мен ластаушы көздер.
- Табиғи
ластану
- Жасанды
ластану
- Атмосфераның
радиоактивтi заттармен және атмосфераның
физикалық әсерлермен ластануы
- Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары және Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар
- Адамның
тұқымқуалайтын патологиясындағы
тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі
- Адамның
тұқымқуалайтын паталогиялық аурулары
- Адамдағы
тұқымқуалауды зерттеу әдістері
- Ең
көп тараған тұқымқуалайтын аурулары
- Тұқымқуалайтын
аурулардың алдын-алу шаралары
- Тұқымқуалайтын
ауруларды емдеудің негізгі принциптері.Генотерапия
- Тұқым қуалайтын аурулардың салдары
- Тұқымқуалайтын ауруларға жалпы шолу
- Тұқым қуалайты ауруларды емдеудің негізгі принциптері
- Тұқымқуалайтын ауруларды лабораторлы диагностикалау әдістері
- Тұқымқуалайтын аурулардың алдын-алу жолдары
III.
Қорытынды
IV. Қолданылған
әдебиеттер
Мақсаты
- Табиғатты және тірі ағзаларды ластанудан сақтау
- Адамдағы туқымқуалайтын паталогиялық ауруларды емдеу, зерттеу
- Гендік аурумен ауыратын ағза
жасушаларына «қалыпты»генді енгізу
Міндеті
- Халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу
- Ауруларды емдеуден гөрі сол аурудың алдын алып,оны болдырмау
Кіріспе
Қоршаған
табиғи орта – адамның өміріне,
тіршілік ету жағдайына және
денсаулығына әсер ететін табиғи
компоненттердің жиынтығы. Қоршаған
табиғи ортаның компоненттеріне
атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер
асты байлықтары, хайуанаттар және
өсімдіктер әлемі жатады.Қоршаған
ортаның ластануы – адамға
және табиғи экожүйеге зиянды
әсер ететін физикалық-химиялық
және биологиялық заттардың қоршаған
ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат
құбылыстары мен заңдылықтарына
қайшы келетін және оның қалыпты
жағдайына нұқсан келтіретін
сандық, сапалық және құрамдық
өзгерістердің барлығы қоршаған
ортаның ластануына алып келеді.
Қоршаған ортаның ластануы кейде
табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен
адам әрекетінен пайда болады.
Қоршаған ортаның ластануы табиғи
және антропогендік болып бөлінеді.
Табиғи ластану күшті табиғи
процестер салдарынан (жанартау
атқылауы, сел жүру, топан су басу,
өрт, т.б.), антропогендік ластану
адамның шаруашылық іс-әрекетінің
салдарынан қалыптасады. Антропогендік
ластануға өндірістік, тұрмыстық
қалдықтар мен әр түрлі улы
заттардың қоршаған ортаға белгілі
мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи
нысандарды орынсыз пайдалану
жатады. Семей сынақ алаңында
болған ядролық жарылыстар, Арал
өңірінің экологиялық жағдайлары
(қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған
ортаға нұқсан келтірудің айқын
мысалы болып саналады.
Жолдау
Елбасымыз
Н.Назарбаевтың биылғы халыққа
арнаған Жолдауында еліміздің
қуат көздері ресурстарын әлемдік
рынок деңгейіне жеткізудің, мұнай-газ
кешендерін осы заманғы инженерлік
озық үлгілермен байытудың және
халықаралық стандартқа сай қоршаған
ортаны қорғаудың маңыздылығы
айрықша атап көрсетілген.Ғалымдардың
зертеулеріне қарағанда, адамдардың
денсаулық жағдайына әсер ететін
факторлар өте көп. Соларды талдағанда,
сол факторлардың 50-52 пайызы өмір
сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым
қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы
қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана
денсаулық сақтау саласының деңгейіне
байланысты болатынын анықтаған.Халықтың
денсаулығының нашарлауына және
демографиялық көрсеткіштердің
төмендеуіне әсер ететін негізгі
себептердің ішінде климаттық, жағырапиялық,
әлеуметтік, экономикалық ахуалдармен
қатар, экологиялық қолайсыздықтар
да ерекше орын алады.
Қазіргі кезде
жер шарының көптеген аймақтарында
табиғатты бүлдіріп, адамның өмір
сүруіне қауіп төндіретін зиянды
әрекеттер көбейді. Жер бетінде
тұтас экологиялық апат аймақтары
пайда болды.Өндірісті ірі қалаларда,
техногендік елді қоныстарда
қоршаған орта қатты ластануда.
Осы бүлінген қоршаған ортада
адам ағзасына залалды заттар
молайды. Мұндай кеселді заттар
қан және лимфа айналымын бұзып,
адам өміріне қауып төндіреді.Әрине,
мұны көпшілігіміз елей бермейміз.
Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде
үлкен зардап шегетінімізді ескермейміз.
Ластанған ауа мен су біздің
ағзамызға ас қорыту жолдары
және тыныс алу мүшелері арқылы
енеді. Залалданған топырақ пен
бүлінген ауа аса қауіпті. Жер
асты сулары тамаққа тұтынылады.
Жерден жаңа өнім жиналады. Егер
жер алқаптары қатты бүлінсе,
ауыл шаруашылық мақсаттарға
пайдалануға мүлде жарамай қалуы
әбден мүмкін.
«Экология»
деген сөз — тіршілік ету
мекені, өмір сүретін орта туралы
ғылым дегенді білдіреді. Алғаш
рет 1886 жылы «экология» терминін
атақты неміс биологы Эрнест
Геккель ғылымға енгізген. «Экология
— табиғат пен тірі ағзалардың
өзара қарым-қатынасын зерттейтін
ғылым» деп анықтама берген
де осы кісі. Енді, міне сол
экология мәселесі — бүкіл
әлем алдында тұр. Адам ақыл-ойының
нәтижесі — алып ракеталар, атом
станциялары, зауыттар, тағы басқа
ғылыми прогресс жетістіктері, бір
жағынан, өмірімізді жеңілдетті, екінші
жағынан, қауіп-қатер де туғызды.Себебі,
адам қоршаған ортадан тыс
өмір сүре алмайды. Кез келген
басқа тіршілік иелері сияқты
қоршаған ортамен тұрақты өзара
қарым-қатынаста болады. Адам ағзасы
қоршаған ортаның физикалық, химиялық
және биологиялық факторларының
әсерін қатты сезінеді. Бір сөзбен
айтқанда, біздің денсаулығымыз
— қоршаған ортаның жағдайына
тікелей тәуелді. Күннің сәулесі,
құнарлы жер, ауа және таза
су — бұл тіршілік атаулыға
қажетті бірден-бір алғы шарт.
Алайда, адамзат баласының жер
бетінде үстемдік жүргізуі адамның
табиғатпен үйлесімділігін бұзды.
Сөйтіп, барлық тіршілік атаулыға,
соның ішінде адам өмірі үшін
де жарамсыз жағдайлар тудырды.
Бұл жер бетіндегі бірден-бір
ақыл иесі саналатын адамдардың
табиғат алдындағы жауапкершілік
сезімінің төмендегенінің салдары.
Жер-ананың тағдырына жанашырлық
жоқ, керісінше өктемдік күшті. Соңғы
кездері ғалымдардың дабыл қағып
жүргеніндей, қоршаған ортаны бүлдірудің
асқынғаны сондай, оның енді адамдардың
генетикалық құрылымына әсер
ету қаупі бар.Әлем бойынша
радиоактивтіліктің және химиялық
ластанудың нәтижесінде ананың
құрсағындағы шарананың дамуы
кезінде пайда болатын патологиялардың,
қатерлі ісік ауруларының, психикалық
ауытқулардың және тағы басқа
ауыр сырқат түрінің саны артып
келеді.
Қоршаған
ортаның бүлінуі — табиғи апаттардан,
атап айтқанда, жер сілкінісі, су
тасқыны, тағы басқа осындай себептерден
орын алса, оны табиғи деп, ал
адамзат баласының іс-қимылы әрекеті
барысында ластанса, оны антропогендік
деп атайды. Соңғысының адамға, қоршаған
ортаға және биосфераға әсері
бөлекше. Олар ауада әртүрлі күйде:
қатты, бу, сұйық, газ түрінде кездеседі.
Атмосфера мен биосфераға бірқатар
белсенді әсер ететін химиялық
қосылыстар да араласады.
Қазіргі
кезде өндіріс орындары атмосфераға
өте көп мөлшерде шаң-тозаңдар
мен әртүрлі зиянды қоспаларды
шығарып жүр. Тек осындай іс-әрекеттердің
нәтижесінде әлем бойынша атмосфераға
жылына 150 млн. тонна күкірт тотығы
ұшып шығады екен. Осыларды ауаға
жібермеу мақсатында құрылған
қондырғылар соның 15 млн.тоннасын
ғана тұтып, одан күкірт қышқылын
алады. Қоршаған ортаны қатты
улайтын бұл газдың көпшілігі
жылу электр станцияларынан және
түсті металлургия өндірістерінен
бөлінеді.
Химия және
металлургия салаларындағы ірі
кәсіпорындар біздің еліміздің
Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Теміртау,
Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында
орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның
ластану деңгейі кеңес кезінде
аса жоғары болды. Қазір бұл
көрсеткіштің едәуір төмендегені
байқалады. Әйтсе де проблемалар
жеткілікті.Біздің елімізде де
қоршаған ортаның ластану салдарынан
жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі
ісік, өкпе-тыныс жолдары сырқаттары
көбейіп отыр. Ас қорыту жүйесінің
және әртүрлі аллергиялық аурулардың
көрсеткіштік деңгейінің өсуі
де осының бір дәлелі. Экономиканы
экологизациялау процесі ғана
бұдан құтқарады. Елбасының әлдене
рет атап көрсетіп жүргеніндей,
қоршаған орта көздің қарашығындай
сақталуы керек. Бұл ретте табысқа
жетудің жолы — қоршаған ортаға
жүктемені азайту болып табылады.
Жаңа өндірістер ашу кезінде
бұл мәселе қатаң ескерілуге
тиіс. Экономикалық жағынан тиімсіз,
экологиялық жағынан залалды
өндіріс орындары жабылуы немесе
шектелуі қажет. Оларға құрылымдық
қайта өзгерту жүргізуге, жалпы
айтқанда, өндірісті қайта салаландыруға
тура келеді. Елбасының «Қазақстан
— 2030» мемлекеттік даму бағдарламасында
мұның бәрі айқын көрсетілген.
Және осы бағытта елімізде
үлкен жұмыстар жүріп жатқанын
да ешкім жоққа шығара алмайды.
Осы ұзақ мерзімді стратегиялық
бағдарламаның негізгі бағыттары
да адамдардың денсаулығы мен
тұрмысын жақсартуды көздейді.Сондықтан,
өзіміз өмір сүріп отырған
ортаны қорғау — тек тиісті
мекемелердің немесе құзырлы
орындардың ғана емес, баршамыздың
міндетіміз. Ең болмаса әр адам
жылына бір ағаш ексе, өзі жұтып
отырған ауаны тазартуға, қоршаған
ортаны қорғауға қанша пайда
тигізер еді. Ел ішінде экологиялық
білім мен тәрбиені нығайту
— болашақ жас ұрпақтың өмір
сүріп отырған ортасына жанашырлықпен
қарауына жетекші болар еді. Бұл
— Елбасы Жолдауының талабылады.Ғылыми-техниканың
ғарыштап дамуы табиғатты тиімді
пайдалану ісін ұйымдастыруда
адамзаттың алдына бірқатар жаңа
міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың
көптеген мәселелерін шиеленістіріп
жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану
көлемінің артуы, тұрған ортаның
өндіріс және тұтыну қалдықтарымен
ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен
қарулануының артуы, жаңа заттар
жасап өндірістің жаңа салаларының
пайда болуы, ауыл шаруашылығын
интенсивтендіру, халқы көп ірі
қалалардың көбеюі негізгі шешімін
тезірек табатын мәселелердің
қатарына жатады.
Ғылыми-техникалық
революция экологиялық ортаның
ластануына қарсы күрес. Ластану
дегеніміз ауаның, жер мен судың
біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге
ұшырауы, ол қазір немесе болашақта
өсімдіктердің, жануарлардың, адамның
өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы
өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының
жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі
мүмкін.
Қоршаған
ортаны ластау – адамның шаруашылық
қызметінің нәтижесінде — қатты,
сұйық және газ тәріздес қалдықтарды
табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға,
топыраққа шығару; қоршаған ортада
қажет емес физикалық факторлардың:
шудың, жылудың, сәуле шығаратын
радиацияның, ультрадыбысты толқындардың,
вибрациялардың және т.б. пайда
болуы нәтижесінде қоршаған ортаның
физикалық-химиялық қасиеттерінің
өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы
санитарлық-гигиеналық нормативтердің
асып түсу деңгейімен сипатталады.Адамдарда
кездесетін кейбір патологиялық
аурулардың таралуына, экологиялық
факторлар тобының әсеріне бақылау
жүргізгенде бірқатар мәселелер
нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс
жүйесінің, асқорыту мүшелерінің
патологиясына ішетін су сапасының
төмендігі, атмосфераның ауыр металдар
мен мұнай өнімдері буымен
ластануы едәуір әсер ететіні
анықталды. Қатерлі ісік ауруларының
75-80%-ы химиялық заттардың (асбест,
полициклді көмірсулар, ауыр металдар)
әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының
дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген
сәбилердің туылуы, өлі туу мен
төтеннен іш тастаудың жиілігі
ластанған ауадағы кейбір заттар
мен дәрілік препараттарға да
байланысты.
Қазақстан Республикасында табиғи
жүйелердің өздігінен реттелу
қабілетін және антропогендік
қызмет салдарының орнын толтыруды
қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық
және биологиялық әралуандықты
сақтау және қалпына келтіру
жөніндегі ғылыми негізді шаралар
жүзеге асырылатын болады.Экологияның
күрт нашарлап кетуі адамдардың
табиғатқа антропогендік әсерінен
болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл
газдардың концентрациясының артуына
байланысты климат өзгеріп, температураның
жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия
көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи
газды пайдалану нәтижесінде
және машиналардың көбейіп индустриялық
революцияның өркендеуіне байланысты
бұл процесс тезірек жүреді.
Атмосфераның ластануы
мен ластаушы көздер.
Өндiрiстiң қарқындап
дамуына және отын түрлерін
кең масштабта жағуға байланысты
атмосферадағы бос оттектің қоры
азайып, ал көмірқышқыл газының
мөлшері жоғарылауда. Нəтижесiнде
табиғаттағы көмiртектiң айналымы
бұзылды деуге болады. Адам баласы
отты ең алғаш рет қолданған
күннен бастап осы күнге дейін
түрлі жану процестерінде 273 млрд.
тонна оттегі жұмсаған болса,
соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы)
соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған.
Көмiртек айналымының бұзылуы
мен атмосферада көмiрқышқыл газының
концентрациясының жоғарылауы Жердегi
барлық химиялық тепе-теңдiкке
үлкен əсер етедi.