Грипп тәрізді аурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 21:58, лекция

Краткое описание

Грипп (Тұмау) — вирустар қоздыратын жұқпалы ауру. Оған шалдыққан адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, организмі уланады. Грипп ауру адамнан сау адамға тез тарап, жылдың кез-келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғады. Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа — 1—2 күндей. Гриптің адамдарға тез жұғып, жаппай тар алуы оның бірден өршитіндігіне байланысты. Грипп эпидемиясы оқтын-оқтын (3—4 жылда) қауырт өршіл, белгілі бір аймаққа, тіпті дүние жүзіне жайылады (мұны панделия деп атайды).

Вложенные файлы: 1 файл

Грипп тәрізді аурулар.docx

— 37.79 Кб (Скачать файл)

Грипп тәрізді аурулар

Грипп (Тұмау) — вирустар қоздыратын жұқпалы ауру. Оған шалдыққан адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, организмі уланады. Грипп ауру адамнан сау адамға тез тарап, жылдың кез-келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғады. Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа — 1—2 күндей. Гриптің адамдарға тез жұғып, жаппай тар алуы оның бірден өршитіндігіне байланысты. Грипп эпидемиясы оқтын-оқтын (3—4 жылда) қауырт өршіл, белгілі бір аймаққа, тіпті дүние жүзіне жайылады (мұны панделия деп атайды).

Гриптің қоздырғышы — вирустар; оның бір- неше түрі бар. Қоздырғыштары сырқат адамның мұрын, ауыз, жұтқыншақ кілегей қабықтарында болады да, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде түкірігі не мұрын суы арқылы ауаға тарайды, кейде тұтынған затынан жұғады.

Ауырған адамның бірден тұла бойы қалтырап, дене қызуы 38—39°С, кейде 40°С температураға дейін жетеді. Басы шаншыл ауырып, денесі әсіресе белі мен аяқ буындары сырқырайды, ауру адам бейжай болып, маужы- рай береді, кейде, керісінше, тітіркенеді. Беті мен көзі қызарып, терісі қызады, бусанады. Дене қызуы басталысымен немесе одан біраз уақыт өткеннен кейін түшкірік пайда болып, аузы кеберсиді, кеудесі ауырып, құрғақтай жөтеледі. 3—5 күннен кейін қызуы басылады, бірақ бірнеше күндей әлсіреп, шаршайды, басы айнал ады.

Грипп асқынған жағдайда ауру адамның өкпесі, кеңсірігі, құлағы қабынып, плевритке т. б. сырқатқа шалдығады. Кейде гриптің салдарынанжүрек, буын, бүйрек, ми және ми қабықтары зақымданады. Гриптен кейін дәрігердің рұқсатынсыз жұмысқа шығуға болмайды, мұны әсіресе қарт адамдардың мұқият ескергені жөн.

Грипті таратпаудың бірден-бір амалы — сырқатты оңаша ұстау. Оны бөлек бөлмеге жайғастырады, болмаса төсек орнын перделен қояды. Ауру адам жатқан бөлмені дымқылданған шүберекпен сүртіп, жиі-жиі желдетіп тұрады. Еденді жуу үшін хлораминнің немесе хлорлы әктің 0,2 проценттік ерітіндісін (бір шелек суға 1 ас қасығын) пайдаланады. Аурудың ыдыс-аяғы мен сүлгісі бөлек болуы тиіс. Пайдаланылған қол орамалын хлорлы әктің жоғарыда айтылған қоспасына батырып алған дұрыс. Ауруды күтетін адам үтіктелген дәкені 3—4 қабаттал, аузы-мұрнына байлап алады. Әсіресе емшекте баласы бар аналар мұндай шараларды бұлжытпай орындауға тиіс.

Гриппен ауырған адам міндетті түрде дәрігердің бақылауында болып, көбінесе төсекте жатып емделуі, та ма ғы дәмді, жеңіл сіңетін, витаминдері жеткілікті болуы тиіс, ащы тағамдардан бас тартқаны жөн. Сұйық тағамдарды (ыстық шай, құрғақ таңқурай тұнбасы, «Боржоми» қосылған жылы сүт т. б.) көбірек ішкені жөн. Дәрігер келгенше ешқандай дәрі-дәрмекті әсіресеантибиотиктерді пайдалануға болмайды.

Клиникалық белгісі грипп тәрізді көптеген аурулар бар. Бұған мәселен, тыныс алу жолдарының вирусты инфекциялары жатады. Бұрын бұл аурулар әр түрлі аталатын: безгекті қатар, маусымдық катар, жоғарғы тыныс жолдарының қатты катары. Тыныс жолдарындағы вирусты аурулардың ішінде ең көбірек тарағаны — аденовирусты, парагриппозды және риновирустыинфекциялар. Аденовирусты инфекция жоғарғы тыныс жолдарының қатты қатарына ұқсас өтіп, ондайда мұрыннан су ағып, күшті жөтел пайда болады, сырқаттың даусы қарлығады, кейде демігеді, кеме кейі қабынады, коньюнктивитке ұшырап, көздері қызарып, қабығы ісінеді, тамағы бітеді, іші ауырып өтеді, кейде құс ады. Басқа да ауру белгілері байқалуы мүмкін.

Мазмұны

1. Аденовирусты инфекциялар

2. Парагриппозды ауру

3. Риновирусты ауру

Аденовирусты инфекциялар

Аденовирусты инфекциялар көбінесе мектеп бал ал арында болады, ал айда бұл ауру мектепке дейінгі және емшектегі балаларда да жиі кездесіп, оларда өте ауыр түрінде өтіп,пневмонияға және құлақ ауруына шалдықтыруы мүмкін. 6 айға дейінгі сәбилер, әдетте, аденовирусты инфекцияға шалдықпайды. Бұл ауру жылдың кез келген уақытында байқалуы мүмкін, бірақ тұмау секілді жаппай тарамайды. Ауру адамды үйде оңаша ұстап, көбінесе төсек режимінде күту қажет. Емі мен күтімі тұмау секілді.

Парагриппозды ауру

Парагриппозды ауру жоғарғы тыныс жолдарының қатты қатары формасы ида өтіп, тамағы қырылдат құрғақ жөтел жиілейді. 1—3 жастағы балалардың көмейі зақымданғанда, құр өзек (ложный круп) пайда болуы мүмкін. Дене қызуы қалыпты болады, не сәл жоғарылайды (37—37,3°С). Парагриппозды ауруға бактериялы инфекция аралаcқанда ауру өршіп, пневмонияғажәне отитке айналуы мүмкін. Бұл ауруға әсіресе жаңа туған, емшектегі және жас сәбилер тез шалдығады. Суық күндері балалар коллективінде ауру жаппай таралуы мүмкін. Емі мен күтімі тұмау секілді.

Риновирусты ауру

Риновирусты ауру кезінде танаудың кілегей қабығы қабынады. Мұрын суланып, оның іші ісініп, тыныс алуы қиындайды. Дене қызуы жоғарыламайды. Көбінесе балалар ауырады, әсіресе жаңа туған жәйе емшектегі сәбилерге өте қатерлі, өйткені тыныс жолының бітелуі емшек емуін қиындатады. Ауруды мүмкіндігінше бөлек күтеді. Дәрігердің ұсынуы бойынша аяғын қыздырады, балтырына қыша қағаз қояды, танауын скипидар майымен майлайды. Емшектегі сәбиді емізер алдында мұрнын стерильді вазелин немесе ысытылған өсімдік майы жағылған мақтамен тазалады, немесе дәрігердің нұсқауы бойынша тамыр тарылтатын (мұрнын ашатын) дәрі тамызады.

 


Информация о работе Грипп тәрізді аурулар