Денсаулық – адам өмірінің кепілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 09:29, реферат

Краткое описание

Мәнжазбаны жазудағы негізгі мақсат: денсаулық сақтау саласындағы басқару әдістеріне түсінік бере отырып, олардың тиімділігін және ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштерін анықтап, Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау кезеңдеріне сипаттама беру.
Мәнжазбаның мақсатына орай оған келесідей міндеттер қойылады: денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру жолдарын қарастыру; қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ететін бағдарламаларға тоқталу;денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтап, оларға талдау жасау.

Содержание

Кіріспе
1. Денсаулық – адам өмірінің кепілі
2. ҚР денсаулық сақтау саласын басқарудың қазіргі жағдайы мен ұзақ өмір сүру көрсеткіштері
3. Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

реферат Word.doc

— 123.50 Кб (Скачать файл)

Осы мемлекеттік бағдарламаны орындау  елдегі өмір сапасын арттыруға бағытталғаны анық. Бағдарламада белгінген нысаналы көрсеткіштер нақты деректермен салыстыру олардың жақсы орындалғанын көрсетеді. Бүгінде бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді, ал қалғандарының серпіні оптимизмге бағыттайды.

 

Халықтың күтіліп отырған  өмір сүру ұзақтығының  
2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай  
70 жасқа дейін ұлғаюы;

ана өлім-жітімінің 100 мың  тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға  қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай  
24,5-ке дейін төмендеуі;

нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай  
12,3-ке дейін төмендеуі;

жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;

туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;

15-49 жас аралығындағы  жас тобында АИТВ инфекциясының  таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау  


 Адам дамуының индексі  (АДИ), кейбір индикаторлар-компоненттер саяси өзгеріске жауап ретінде  бірден өзгермейтіндіктен, уақыттың қысқа кезеңі үшін адам дамуының прогресін бағалауға арналмаған. Орта білімнің жылдардың білім берудің орташа санымен және туған кездегі өмірдің орташа жыл санымен де сол сияқты. Бірақ АДИ прогресін ортамерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективаларда қайта қарау өте маңызды 1990 және 2010 жылдар кезеңі үшін Қазақстан АДИ жылына 0.650 дан бастап 0.714 дейін, 10 % немесе орташа алғанда 0.5% өсті.

Төмендегі кесте-1 бойынша  Қазақстанның әрбір индикаторы бойынша  прогресті көрсетеді. 1990 – 2010 ж.ж. туылған  кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1 жылға дейін төмендеді, сол уақытта оқытудың орташа жыл саны 3 жылға артты және күтілетін оқыту жылдарының саны 3 ІЖӨ жылға ұлғайды. Жан басына шаққандағы Қазақстанның ІЖӨ 33% өсті. 

1кесте

И   Индикаторлардың жаңа компоненттері  мен жаңа әдістемесінің формальды түрдегі уақыттық деректеріне арналған Қазақстан АДИ көрсеткіштерінің тенденциясы

 

Өмір  сүрудің туу кезіндегі  күтілетін орташа ұзақтығы

Оқытудың  күтілетін ұзақтығы  (жыл)

Оқытудың  нақты саны

Халықтың  жан басына шаққандағы ІЖӨ (ППС, АҚШ $ мен)

ААДИ ин

1980

65.0

11.6

6.1

..

..

1985

66.9

12.6

7.0

..

..

1990

66.7

12.5

7.7

7,676

0.650

1995

63.9

12.1

8.8

4,837

0.620

2000

63.6

12.3

7.7

5,452

0.614

2005

64.8

14.9

10.1

8,479

0.696

2010

65.4

15.1

10.3

10,234

0.714


 

 С        : Өзге  елдермен және  аймақтармен салыстырғандағы 2010 жыл үшін  Қазақстанның АДИ Индикаторлары

АДИ индексі

АДИ рейтингісі

Туылған кездегі күтілетін  өмір сүру ұзақтығы

Оқытудың  күтілетін жылдары  саны

Оқыту жылдарының орташа саны

Халықтың  жан басына шаққандағы ІЖӨ (ППС $)

Қазақстан

0.714

66

65.4

15.1

10.3

10,234

Украина

0.710

69

68.6

14.6

11.3

6,535

РесейФедерация

0.719

65

67.2

14.1

8.8

15,258

Шешен Республикасы

0.841

28

76.9

15.2

12.3

22,678

Еуропа  және Орталық Азия

0.702

70.4

13.9

9.4

12,555

АДИ жоғары деңгейі

0.717

72.6

13.8

8.3

12,286




2кесте

2010 жыл үшін  Қазақстан АДИ - 0.714 – Еуропа  және Орта Азия елдері үшін  орташа көрсеткіштен төмен 0.702, Еуропа және Орталық Азия елдері  үшін, сондай-ақ жоғары көрсеткішті  дамыған елдер үшін 0.717 орташа  көрсеткіштен төмен. Еуропа және  Орталық Азия елдеріндегі көршілер үшін 2010 жылғы АДИ индексі бойынша демек АДИ және АДИ бойынша жақын елдер мен халықтың саны бойынша Қазақстан Украйна және Ресеймен бір деңгейде тұр. тиісінше 69 және 65

Басқа елдерге қатысты  прогресті бағалау. Ұзақмерзімдік прогресті басқа көрші елдерге  қатысты, географиялық орналасу деңгейі  ретінде де, сол сияқты ИЧР деңгейі  ретінде де бағалауға болады. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан, Албания және Болгария Еуропа және Орталық Азияда АДИ кестесінің көрші жолдар бойынша соңғысын иеленген болатын. Бірақ 1990 – 2010 жылдар кезеңі үшін АДИ елдер АДИ прогресіне түрлі жолдармен өтті

Өмір сапасын адамның еркін  әл-ауқаты деңгейін және дәрежесін, әлеуметтік және рухани дамуын, сондай-ақ, оның тән саулығын жан жақты сипаттайтын интегралдық санат ретінде түсіндіруге болады. Оның құрылымдық құрамдауыштарының қатарынан мынадай негізгі құрамдауыштарды: халықтың денсаулық деңгейін және өмірінің ұзақтығын, халықтың өмір сүру деңгейін, халықтың  өмір сипатын атап өтуге болады.

1-сурет. Өмір деңгейінің, сипатының және сапасының схемалық  байланысы



 




 

 

Бүгінде БҰҰ халықаралық статистикадағы өмір сапасы көрсеткіштері жүйесінің қолданыстағы нұсқасы 1978 жылы әзірленді және 11 негізгі көрсеткіштер топтарын қамтиды: [37]

  1. Халықтың туу, өлім-жітім және басқа да демографиялық сипаттамалары.
  2. Өмірдің санитарлық-гигиеналық шарттары.
  3. Азық-түлік тауарларын тұтыну.
  4. Тұрғын үй шарттары.
  5. Еңбек және жұмыспен қамтылу шарттары.
  6. Білім және мәдениет.
  7. Халықтың табыстары және шығындары.
  8. Өмір құны және тұтыну бағалары.
  9. Көлік құралдары.
  10. Демалысты ұйымдастыру.
  11. Әлеуметтік қамтамасыз ету. Адамның еркіндігі

Аталған көрсеткіштер топтарынан басқа БҰҰ статистикалық комиссиясы өмір сүру деңгейін бағалау үшін қажетті, бірақ БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша оның тікелей сипаттамалары болып табылмайтын бірқатар ақпараттық көрсеткіштерді қамтитын жалпы бөлімді бөліп көрсетті. Мұнда ұлттық табыс, халықтың жан басына жалпы ішкі өнім (ЖІӨ); әлеуметтік қызмет көрсету көлемі және түрлері; халықтың жеке тұтыну шығындары, олардың құрылымы және өсудің орташа жылдық коэффициенті, халықтың тығыздығы, халыққа көлік қызметін көрсету; байланыс құралдары, баспасөз жұмысы және т.б. енгізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау

 

Денсаулық сақтау секторында бірқатар іргелі проблемалар бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласы, әсіресе  бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуда қосымша салымдарды қажет етеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуға қарамастан, ол да қосымша шығыстарды қажет етеді. Негізгі проблемалар тек ресурсстардың жеткіліксіздігі ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиімділігінің төмендігіне де байланысты болып отыр, яғни қазіргі таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиімділігіне емес, желінің қуаттылығын ұстауға бағдарланған.

БМСК – ті қаржыландырудың  тиімді тетіктері: ынталандыру төлемдеріне ққаржыландырудың болмауы (44%), нормативтік құқықтық базаны жетілдірмеу, заңды тетіктердің болмауы (25%), денсаулық сақтау менеджерлерінің нашар даярлау(6%) себептіжеткіліксіз пайдаланады.

  Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда салада шамамен 59 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Медициналық ЖОО-ларға қабылдаудың 9,5 %-дан астам өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші  қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларды бөлудің теңсіздігі өте жоғары болып сипатталады және кейбір өңірлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейін құрайды. 

Кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады. Салаға жас мамандардың  келуінің ұлғаюына қарамастан, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендігі және уәждемелік тетіктердің болмауы салдарынан ЖОО-ны бітіруші түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 87 %-дан аспайды.   

Медицина кадрларының  санаттылық деңгейінің жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық  қызметтер сапасы тұтынушылар мен  жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды.

Денсаулық сақтау саласындағы  ғылым саласы дүниежүзілік стандарттардан айтарлықтай артта қалып отыр, отандық ғылыми өнімнің бәсекелестікке қабілетсіздігі мен қажет етілмейтіндігі байқалады. Көрсетілген мәселені шешу үшін 2007 жылдан бастап Медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы іске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетілдіру іс-шаралары басталды. Бірқатар ғылыми ұйымдар зор дербестікке қол жеткізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауысты. Ғылыми-білім беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелді медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ, Сингапур университеттерінде ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқудан өтті. Халықаралық басылым беттерінде рецензияланған жарияланымдар көбейіп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі әзірленді.

Қабылданған шараларға  қарамастан, кадрларды даярлау сапасы, жұмыс істеп жүрген мамандардың  біліктілік деңгейі, БМСК көрсететін персоналдың  тапшылығы, ірі қалалардағы медицина қызметкерлерінің аса көп шоғырлануы, жоғары және орта кәсіптік медициналық білім алған медицина қызметкерлері санының теңсіздігі, жұмысқа деген уәждемелік ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғалудың жеткіліксіздігі, ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық жетістіктердің жоқтығы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің негізгі проблемалары күйінде қалып отыр. 

Аталған денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды шешу үшін мынадай бағыттар қарастырылған:

  • Сектораралық және ведомствааралық өзара іс – қимылдың тиімділігін арттыруды, яғни азаматтардың денсаулығы соларға байланысты болатын құрылымдардың бірлескен жұмысын көздейді;
  • Негізгі әлеуметтік елеулі аурулар (инфаркт, инсульт, қант диабеті, обыр, туберкулез, ЖИТС) бойынша профилактикалық іс – шараларды күшейтуді көздейді;
  • Санитарлық – эпидемиологиялық қызметті жетілдіру жөніндегі, атап айтқанда, суық тию аурулары мен өкпенің қабынуын туындататын инфекциялардан балаларды егу жүргізу жөніндегі шаралардан тұрады.
  • Халық үшін дәрілік заттардың қол жетімділігі мен сапасын арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Қорытындылай келе, жалпы халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргіілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалады.

Медициналқ ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең кезеңімен ауыстыру, басқару, қаржыландыру жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай – ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік  беретіні қарастырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы  жағдайды талдай отырып,  жалпы саланың  күшті жақтары ретіне мыналарды  беретіне атауға болады:

- денсаулық сақтау  саласын дамытудың нақты белгіленген басты бағыттары;

-   денсаулық сақтау  саласын мемлекеттік қаржыландыруды  айтарлықтай ұлғайту;

- денсаулық сақтау  обьектілерінің қалпына келтірілуі  және жаңаларының салынуы;

- емдеу – диагностикалық  үдеріске жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі;

- ауылдық жерлердің  медициналық ұйымдарында телемедициналық  пунктердің болуы;

Өмір сапасын қарастыру  тұрғысынан маңыздылығы жағынан  бірінші баңдарлама сөзсіз ұлттық денсаулық  сақтау жүйесін дамытуға және жетілдіруге  бағытталған құжат – 2011 – 2015 жылдар аралығында іске асырылуы есептелген «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

Информация о работе Денсаулық – адам өмірінің кепілі