Дәстүрлі Қытай медицинасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:07, реферат

Краткое описание

Қытай медицинасының тарихы.Тарихи тұрғыдан қарастырғанда Қытай медицинасы батыс медицинасына қарағанда әлдеқайда ертерек дамыған. Осымен, «Көктемгі және күзгі кезеңдердегі» (б.з.б 770-476 жж) және «Қақтығысушы империялар» (б.з.б. 475-221 жж) династияларының билігі кезінен бастап 2000 жыл бойы Қытайда медицинаға байланысты «Нэй-цзин» атты еңбек сақталып келеді. Ал батыс медицинасының негізін қалаушы, оның әкесі болып есептелетін грек дәрігері Гиппократтың еңбектері кейінгі кезеңдерге жатады

Вложенные файлы: 1 файл

Қытай медицинасының тарихы.docx

— 37.41 Кб (Скачать файл)

 

Дәстүрлі Қытай  медицинасы.

  Қытай медицинасының тарихы.Тарихи тұрғыдан қарастырғанда Қытай медицинасы батыс медицинасына қарағанда әлдеқайда ертерек дамыған. Осымен, «Көктемгі және күзгі кезеңдердегі» (б.з.б 770-476 жж) және «Қақтығысушы империялар» (б.з.б. 475-221 жж) династияларының билігі кезінен бастап 2000 жыл бойы Қытайда медицинаға байланысты «Нэй-цзин» атты еңбек сақталып келеді. Ал батыс медицинасының негізін қалаушы, оның әкесі болып есептелетін грек дәрігері Гиппократтың еңбектері кейінгі кезеңдерге жатады. Сондықтан «Нэй-цзинді» медицина саласындағы ең байырғы еңбек деп санауға әбден болады. Бұл жазбада ғасырлар бойы жиналған Қытай дәрігерлерінің тәжірибелері баяндалған, Қытай емдеуінің дәстүрлі теориялық жүйесі дәлелденген, дәрілік шипасының негіздері келтірілген, инемен емдеу тәсілдері және акупунктура жазылған.

   Батыс медицинасымен салыстыру. Қытай медицинасы мен батыс медицинасын салыстыратын болсақ Қытай медицинасына негізделген емдеу тәсілдерінің бірқатар артықшылықтары анықталады. Мысалы, ішек-қарын қуысына оталау кезінде немесе хирургиялық араласулар кезінде толық наркоздық әсерге қол жеткізу үшін ұйықтататын заттарды Қытай хирургі және акупунктура маманы Хуа Туо 1700 жыл бұрын пайдаланған. Хуа Туо біздің заманымыздың 112-207 жылдар аралығында өмір сүрген, ол өзінің аса ауқымды оталаулары кезінде баршаға белгілі «Ма-фэй-сан» атты чай қоспасын қолданатын.  Ал, Чжан Чжуанчин дәрігер (б.з. 150-219 ж.ж.) «Суықтың әсер етуі негізінде әр-түрлі ауруларды қарастыру» (Рассмотрение различных болезней от воздействия холода) атты еңбегін жазды, онда қазіргі кезге дейін өз маңыздылығын жоғалтпаған Қытай медицинасының ерекше диалектикалық диагностикасының мәселелерін қарастырған.

   Сонымен қатар Қытай медицинасының тарихында ерекше талатаны жағдай, Ли Шияжен 1578 жылы «Бэн-Цзяо Ган-Му» деп аталатын фармацевтикалық жинағын шығаруы.  Жалпы бізге Қытай дәрігерлері бүгінгі күнге дейін анықтамалық құрал ретінде пайдаланатын және Қытай емдеуінің әдіс тәсілдері жазылған 6000 астам кітаптары жеткен.

   Превентивті медицина Қытай медицинасында маңызды орынға ие болып келеді. Аурулардың алдын алу Ежелгі Қытайдан бері келе жатқан емдеу тәсілдерінің негізгі түріп болып табылады. Мысалы, «Нэй-Цзин» кітабында жызылған сұхбаттардың бірінде адам өзінің денсаулығын қалай сақтауы керектігі баяндалған. Сондықтан Қытай тарихында гигиеналық шаралар мен паразиттермен күрес маңызды рөл ойнаған. Тан династиясы (б.з. 618-907 ж.ж.) кезінде дәрігерлер алапес (проказа – теріні, көзді, жүйке жүйені және кейбір ішкі органдарды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру) ауруы жұқпалы екендігін біліп, осы дертке шалдыққан ауруларды сау адамдардан бөлек ұстап, оқшаулаған. Шешек ауруына қарсы сақтандыру егуін алғашқы рет батыстың пайымдауы бойынша ағылшын дәрігері Дженнер (1749-1823ж.ж.) жасаған жоқ. Шешекке қарсы егу алғашқы рет шамамен ХХІ ғасырда Қытайда қолданылған, мәселен шешек ауруына шалдыққан адамдардан алынған қан сарысуын сау адамдарға профилактика, яғни алдын алу шарасы ретінде енгізген. Қытайдың «Шешекке қарсы егулер туралы жаңа кітап» атты кітабы иммунология саласындағы жаңашыл еңбек ХVІ ғасырда Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде белгілі болған. Жалпы Қытай медицинасы басқа мемлекеттерің медицинасының дамып, қалыптасуына үлкен әсерін тигізген. Цин (б.з.б 221 - 26 ж.ж.) және Хань (б.з.б 206ж. - б.з. 220 ж.) династиялары кезінде Қытай, Корей, Вьетнам және Жапония дәрігерлері арасында емдеу тәжірибелерімен және білімдерімен алмасу үрдісі өте тығыз жүріп жатты. Кейіннен бұл тәжірибелер араб елдеріне, Ресейге және Турцияға таралды. Дәстүрлік маңызы бар дәрілік терапия бойынша  «Бэн-Цзяо Ган-Му» атты кітап көптеген тілдерге аударылды, соның ішінде латын, корей, жапон, орыс, ағылшын және француз тілдеріне аударылып, батысты  кең таралды.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап батыс отаршыл державалардың ықпалы әсерінен Қытайда дәстүрлі медицинаның маңызы құлдырай бастады. Жоғарғы билік басындағы лауазымды тұлғалар өз қалауын батыс медицинасына қарай аударды, ал қытайдың дәстүрлі медицинасы талай сынауға және кемсітушіліктерге ұшырап, өз ықпалын жоғалта бастады. Тіпті Гоминьдан үкіметі кезінде қытай медицинасын ашық түрде басып жаныды. Тек билік басына Мао Цзедун келген соң ғана Қытай медицинасы қайта жаңғырып әлемге әйгілі болды. Бүгінгі кезде Қытай медицинасының болашағы дәстүрлі Ұытай және қазіргі кездегі батыс медицина әдістерінің ұштасуында екендігін Қытай Халық Республикасы бүгінде мойындап отыр.

   Алғашында Қытай медицинасы төрт негізгі саладан тұрған. Мәселен, Инь (б.з.б. 1324 -1066 ж.ж.) династиясынан бастап Чжоу династиясына (б.з.б. 1066 -1221ж.ж.) дейін диетология (инь-ян-и), сыртқы медицина мен хирургия (вай-га) және ветеринария (шоу-и) арасындағы айырмашылықтар байқалып келген. Ал Тан династиясынан Сун династиясына дейінгі кезеңде Қытай медицинасы ары қарай дами бастады. Нәтижесінде 11 түрлі бағыттары қалыптасты:

1.    Ересек адамдарды емдейтін медицина (да-фэн-май)

2.    Жалпы медицина (цзэ-и)

3.    Педиатрия (хао-фэн-май)

4.    Сал ауруларын емдеу (фэн-га)

5.    Гинекология (фу-ге)

6.    Офтальмология (ян-ге)

7.    Стоматология (гоу-ци)

8.    Тамақ ауруларын емдеу (ян-хоу)

9.    Ортопедия (чжен-гу)

10.          Сыртқы аурулар мен хирургия (цзинь-чжуан)

11.          Инемен емдеу тәсілдері, акупунктура (чжень-цзю)

   Қазіргі кезде Қытай медицинасы мамандандырылған 9 салаға бөлінген: терапия, сыртқы медицина, гинекология, педиатрия, офтальмология, ларингология, ортопедия, массаж және акупунктура. Осы салалардың әр қайсысы өзіне тиесілі аса үлкен ауқымдағы білім мен тәжірибелерді қамтиды. Олардың ішіндегі батыста кең тараған саласы бұл инемен емдеу, акупунктура саласы болып табылады.

   Әр түрлі дәрілер мен акупунктураны қолдануды тағайындаумен қатар медицинаның әр түрлі салаларында пайдаланылатын Қытай медицинасында басқа бір қатар әсер етудің әдіс-тәсілдері бар:

1.    Қырнауыш массаж, мысалы тиынның көмегімен.

2.    Теріге дәрілік заттарды жабыстыру әдісі.

3.    Банкілер.

4.    Теріге юнь-фаның көмегімен дәрілерді енгізу.

5.    Гидротерапия.

6.    Бальнеотерапия.

7.    Дәрілік пармен және түтінмен емдеу.

8.    Ара балауызымен таңу.

9.    Балшық.

10.  Шипалы дене жаттығулары.

11.  Массаж.

12.  Қытай тыныс алу терапиясы.

13.  Омыртқа жотасын емдейтін терапия.

14.  Тері тіліктері.

   Қытайдың дәстүрлі медицинасының батыс медицинасынан айырмашылықтарын қарастыратын болсақ, келесі екі мәселеге тап боламыз:

    • Қытай медицинасы адамды біркелкі толық жүйе ретінде қарастырады.
    • Диалектикалық диагностика және ауру белгілеріне байланысты емдеу ерекшелігі.

 

  Қытай медицинасына  тән емдеу тәсілдері. Қытай медицинасы адамды толық органикалық ағза ретінде қарастырып, оның орталығы ретінде жинақтау органдарын қарастырып, ал байланыс қызметін каналдар (меридиан) мен тамырларды таниды.  Айнала қоршаған ортадағы барлық құбылыстарды, оның ішінде адам мен табиғатты қоса Қытай медицинасы екі басты бастамаға бөліп қарастырады яғни инь және ян. 

   Ауруды емдеу барысында Қытай дәрігерлері баса назарын аурудың алдын алу шараларына бөледі. Қытай дәрігерлерінің ежелден келе жатқан қағидасы «Науқасты ауру пайда болғаннан бұрын емдеу».

   Емдеудің негізгі тәселе бұл аурудың пайда болу себептерін жою. Терапиялық емдеу негізінде науқастың ерекше көрсеткіштеріне, географиялық жағдайына, жыл мезгіліне қарап емдеу үрдісін жүргізу.

   Қытай медицинасындағы  құбылыстарды сараптаудағы бірыңғай тәсілдері маңызды екі факторға негізделген:

1.    Адам ағзасын ажырамайтын біртұтас жүйе ретінде қарастыру.

2.    Адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты мойындау.

   Қытай дәрігерлерінің пайымдауынша адам ағзасының әр түрлі бөліктері өзара тығыз байланыста болады. Бұл органикалық біртұтас жүйенің орталығы ағзаның бес негізгі мүшесінде орналасқан, олар басқа мүшелермен байланысы жүйке және қан тамырлары арқылы жүзеге асады.

   Мысалы, жүрек каналдар жүйесі арқылы аш ішекпен байланысты, ол қан тамырларын басқарады. Яғни, жүрек жағдайын тілдің үстінгі беті арқылы білуге болады. Ал өкпе тоқ ішекпен байланыста болғандықтан ол тері мен дененің түкті қабатына жауапты болады. Олардың жағдайын мұрын арқылы түсінуге болады.        Ал көк бауыр каналдар жүйесі арқылы асқазанмен байланысты, яғни ол бұлшықеттер мен қол-аяққа жауапты. Оның жағдайын ауыз қуысы арқылы білуге болады. Бауыр өт қабымен байланысты, олардың екеуі де сіңірлерді басқарады. Жағдайын көрсететін мүше болып көз табылады. Бүйрек болсы каналдар жүйесі арқылы қуықпен байланысты, олар сүйекті басқарады. Олардың жағдайын құлақ арқылы түсінуге болады.

   Сонымен, Қытай дәрігері диагноз қояр кезде бес мүшенің (тіл, мұрын, ауыз қуысы, көз, құлақ) жағдайына, терінің түсіне, тамыр соғуына және сыртқы келбетке қарайды.

   Қытай медицинасы адамды емдеу барысында тек қана құбылыстарды сараптаудағы бірыңғай тәсілдермен шектелмейді, сонымен қатар адамның қоршаған ортамен және ғаламмен тығыз байланысын да қарастырады. Осылайша адам өзінің өмір сүруі үшін барлық қажетті заттарды қоршаған ортадан алады. «Су-вэнь» кітабында былай деп жазылған: «Адам өмірі аспан мен жердің циінен (энергия) тұрады және жылдың төрт мезгіліне тәуелді болып келеді».

   Жылдың әр түрлі мезгілдерінде орын алатын өзгерістер, мысалы, жаздағы аптап ыстық, қыстағы қақаған аяз, барлығы адам ағзасының жағдайына әсер етеді.Сонымен қатар қазіргі кездегі Қытай медицинасында бұл табиғат өзгерістері адам ауруларының негізгі себептері ретінде қарастырылады. «Лин-шу» кітабында адамның табиғат өзгерістеріне қалай бейімделетіні баяндалған. Мысалы жаз кезінде адам денесіндегі түтіктер ашылып терлейді осылайша денесіндегі артық ылғалды шығару арқылы жаздың ыстығына бейімделеді. Ал қыс кезінде суықтың әсерінен дене түтіктері жабылады, ал ағзадағы артық ылғал өт қабына жиналапы өт арқылы сыртқа шығарылады. Осылайша адам ағзасы қоршаған орта өзгерістеріне бейімделеді.

Батыс және Қытай  медицинасы арасындағы арақатынас. Алдымен Қытай дәстүрлі медицинасы мен қазіргі батыс медицинасының ортақ белгілерін көрсеткен жөн. Мәселен, қытай медицинасының теориясы батыс медицинасы сияқты адам ағзасына негізделген. Дерттер көрінісі Қытайда да, Батыста да бірдей сипатқа ие, ал науқастардың ауру нышандары да біркелкі келеді.Бұндай жағдай Қытайда «Нэй-цзин» кітабының кезінде де болғандығын қытай деректі фильмі дәлелдейді. Бұл фильмде Хань династиясы кезінде өмір сүрген лакталған табатта жерленген және көрі 1972 жылы табылған әйелдің патологанатомдық союы көрсетілген. Сою барысында әйелдің өлу себебі ретінде жүрек инфарктынан қаза болғаны анықталған. Мумияның анатомиялық және гистологиялық тілімдерінің көрсеткіштері біздің кезіміздегі мерт болғандардың сипаттамасына ұқсас болған. Әйелдің асқазанында соңғы қабылдаған асының қалдығы сақталған, бұлшықеттерінде трихин құрттары табылған, буындарында ревматизмдік өзгерістері бар, буын қабырғалары артериосклероздан зақымдалған.

Осы сияқты тарихи дәйектемелерден  басқа, Қытай және батыс медицинасының  ортақ бірқатар ғылыми-теориялық  және тәжірибелік ерекшеліктері  бар:

1.    Батыста адам денесіндегі белсенді нүктелер Қытайдың акупунктура нүктелерімен сәйкес келеді.

2.    Ағзаның ішкі органдарының физиологиялық байланыстары екі жақтың медицинасына да тән ерекшелік.

3.    Батыс медицинасы қамтитын барлық диагностикалық элементтер Қытай медицинасында да кездеседі:

·        Науқасты толығымен медициналық тексеруден өткізу;

·        Ішкі шуларды тексеру және дене иістеріне мән беру;

·        Науқас пен дәрігердің бетбе бет сұхбаттасуы;

·        Қолдың көмегімен зертеу, соның ішінде тамыр соғуын тексеру;

Біздің  мемлекетте  батыс  медицинасы  қолданылады.  Бұл  медицина  үнемі аурумен  үздіксіз күреседі және  өкінішке орай жиі жеңіліске ұшырайды. Сондықтан да батыс медицинасының қызметкерлері тығырыққа тірелуде. Білесіздер ме қазір бүкіл әлем бойынша өлімнің қандай себебі 4-ші орында тұр? Дәріханадағы  химиялық дәрі-дәрмектің қарама-қайшы әсерінен. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау мекемесінің анықтауы бойынша дәл осы себеппен жылыны 10 млн адам қаза болады екен. Ия   шындығында  да, өкінішке орай, емделген сайын дертіміз көбейе түсуде.        

Дәрігерлер жан-жақты  емдеп тырысқан сайын біздің тығырыққа  тірелуімізбен аяқталады. Бұл «Неге?»  деген бір сұраққа бірнеше  жауап бар. Фармакалогиялық дәрі-дәрмектер  аурумен күресуге бағытталған, солай  емес пе?

Сонымен қатар дәрігерлер: «Біз сіздің ауруыңызды емдейміз, бұл  біздің қолымыздан келеді» - дейді. Сонымен, аурумен соғыс басталады. Ал соғыста  бәрі де зардап шегеді, кінәсіздер де қоса кетеді. Соғыс – мәселені шешудің  ең осал әдісі.

Батыс медицинасы химиялық қосындыларды пайдаланады. Олар бірнеше  жыл қатарынан клиникалық сынақтан өтеді. Сонан соң оларды көп мөлшерде шығара бастайды.  Кенеттен қорқынышты қарама-қайшы әсерлері анықтала бастайды. Фрамакалогиялық дәрі - дәрмектер өзінен-өзі зиянды. Олардың барлығында біздің ағзамызға келтіретін қарама-қайшы әсерлері бар.Олар дененің қызуын түсіреді. Ауырғанды, жөтелді басады, қатерлі ісік ауруларын тоқтатады, қан қысымын төмендетеді және тағы басқа жақсы әсерлері баршылық. Бірақ бұл дәрілер аурудың себебін ығыстырмайды.Олар ауруды ішке қарай әрбір мүшелер мен тіндерге тығады, және оларды емделмейтін созылмалы түріне ауыстырады. Фармакалогиялық дәрмектер ауруға әсер етудің ең қысқа жолы. Әрбір дәрі жоқ дегенде бір созылмалы ауруды емдейді, бірақ оның қарама-қайшы әсері  басқа мүшелерді ауруға шалдықтыра бастайды. Бір мүше емделсе, екінші мүшенің ауруы басталады. Сонымен ең басты дертімізді емдеп бітсек, екінші мүшемізді емдей бастаймыз. Ал бұл ем үшінші мүшені ауырта бастайды. Нәтижесінде бүкіл ағзада сау мүше қалмайды. Емделе-емделе баратын жеріміз  де, қолданылатын ем шарамыз  да қалмайды. Қараңғы тығырыққа тірелеміз. Міне батыс медицинасынан алатын көмегіміз осы. 

Информация о работе Дәстүрлі Қытай медицинасы