Дәстүрлі Қытай медицинасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 09:23, реферат

Краткое описание

Қытай медицинасының тарихы.Тарихи тұрғыдан қарастырғанда Қытай медицинасы батыс медицинасына қарағанда әлдеқайда ертерек дамыған. Осымен, «Көктемгі және күзгі кезеңдердегі» (б.з.б 770-476 жж) және «Қақтығысушы империялар» (б.з.б. 475-221 жж) династияларының билігі кезінен бастап 2000 жыл бойы Қытайда медицинаға байланысты «Нэй-цзин» атты еңбек сақталып келеді. Ал батыс медицинасының негізін қалаушы, оның әкесі болып есептелетін грек дәрігері Гиппократтың еңбектері кейінгі кезеңдерге жатады

Вложенные файлы: 1 файл

Джон Локк.docx

— 24.51 Кб (Скачать файл)

       Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі.Сенсуализмның тарауына әсер етті.

Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.

Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.

1688 ж. Англияда мемлекеттік төңкеріс болды. Яков II Стюарт патшаның елден қашуына байланысты оның орнын Вильгельм Оранский иеленді. Ол конституциялық монархияны орнатуға келісім береді. Енді жер мен қаржы ақсүйектерінің арасында келісімшілік орнады. Осы әлеуметтік компромисс идеолога - Джон Локк ("Мемлекеттік басқару туралы екі трактат"). Мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған. Яғни, жазған жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Бірақ бұл жағдайда адамдар арасында талас-керісті шешетін ұйымдар болмаған. Бұл жағдай сенімсіздік тудыруға ықпал етті. Жаратылыс заңдарын қамтамасыз ету үшін, еркіндік, теңдік, жеке адамдар меншігін және оны қорғау үшін адамдар саяси бірлесіп мемлекет құрайды. Мемлекет - өздерінің орнатқан ортақ зандары бойынша біріккен және сот инстанциясын орнатқан, өзара керістерді шешу және кінәлілерді жазалау үшін құрылған адамдар бірлестігі. Басқа ұжымдық (отбасы, байлар биліктері) ұйымдардан мемлекет ерекшелігі ол саяси билікті, яғни меншікті сақтап, реттеу мақсатында заңдар шығаруға құқылы, осы заңдарды орындауға күш жүмсай алады, әрі мемлекетті сырттан жасалған шабуылдардан қорғайды. Саяси либерализм негізін қалаушылардың бірі Локк Джон жеке тұлға еркіндігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың теориялық негіздерін қалады. Негізгі шара ретінде билікті бөлу принципі ұсынылды. Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен: заң шығарушы, атқарушы және федеративтік.

Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.

    Эмпиризм - [[Көне грек тілі|көне грекше]: έμπειρία етрегіа - тәжірибе] - сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер (Гоббс, Юм) рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді. Эмпиризмнің шектелу сипаты сезімдік танымдағы тәжірибенің рөлін метафизикалық тұрғыда әсірелей көрсетуінде.

Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялықпринциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.

Сенсуализм (лат. sensus — сезім, түйсік) — психикалық өмірдің негізі — сезімдік әсерлер деп білетін ілім. Антик заманда бұл ілімді бірқатар философиялық мектептердің өкілдері (киренаиктер,эпикурийліктер, неғұрлым біртоға нысанда стоиктер) жактады. Сезімішілік тану мүмкін емес деп пайымдаған стоиктер ақылды тәжірибе өз жазбаларын таңбалайтын "таза тақта" деп қарастыруды ұсынды. Зердеде әуел баста сезімдерде болмайтындай ештеңе жоқ деген афоризм солардан қалған. Бертін келе осы қағидаларды Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінің сенсуализмді жақтаушылары насихаттады. Оларға танымда принципті тұрғыда түйсіктерден шығарылмайтын мазмұн бар деп дәлелдеген рационализм өкілдерімен күресуге тура келді. Сенсуализмнің ықпалымен дамыған ассоциациялық психологияда күрделі психикалық өнімдер тудыратын элементарлық түйсіктердің байланысы не сананың қасиеті немесе "тәндік" мәшине мен сыртқы дүние арасыңдағы материалдық өзара әрекет жүйесінің туындысы деп қарастырылады. Сенсуализм идеяларының психология саласындағы алғашқы эксперименттік жұмыстарға көп ықпалы болды. Өйткені эксперименттің міндеті бастапқы сезімдік элементтерді (түйсіктерді) анықтау; осылар арқылы жан тіршілігінің бүкіл күрделі архитектоникасы тұрғызылады деп пайымдалады. Эксперименттік психологияның одан арғы дамуы адам санасының шын мәніндегі құрылымы анағұрлым күрделі екені, ойлау актілерінің түйсіктер ассоциациясы деп қарастыруға келмейтінін, зиятта сезімдік бейнелерге үйлеспейтін мазмұн болатынын, ал мінез-құлық мотивациясы мен осы бейнелерді құрудағы іс-әрекеттің рөлін түсіндіруге сенсуализм, жалпы алғанда дәрменсіз екенін көрсетті.Диалектикалық материализм сенсуализмнің теориялық шектемелілігін, мұның өзі оның аңдаушылығына, адам танымының тарихи сипатын, шындық болмысты бейнелеудің жоғары нысаны ретіндегі ойлаудың сапалық ерекшелігі мен қоғамдық практиканың рөлін түсінбеуінен туындайтынын ашып көрсетті.


Информация о работе Дәстүрлі Қытай медицинасы