Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі медицинаның жалпы даму ерекшклігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 19:55, реферат

Краткое описание

Мысыр медицинасы.
Месопатамия, Вавилон және Ассириядағы медицинаның дамуы.
Үндістандағы медицинаның дамуы
Қытайда медицинаның дамуы

Вложенные файлы: 1 файл

ежелгі шыгыс мед.docx

— 27.30 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 жоспары:

 

Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі медицинаның жалпы даму ерекшклігі.

 

  • Мысыр медицинасы.

 

  • Месопатамия, Вавилон және Ассириядағы медицинаның дамуы.

 

  • Үндістандағы медицинаның дамуы

 

  • .Қытайда медицинаның дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

1.Ежелгі  Шығыс мемлекеттеріндегі медицинаның  дамуы.

        Құлиелнушілік қоғамының дамуы  алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауына  байланысты болған заңды құбылыс  болып табылады.

      Ол өндіру күштерінің өсуіне  көп мүмкіншілік туғызды. Құлиеленуші  кезеңінде тұрғындарды екіге  бөлді:  еркін өмір сүретіндер  құлдар.Еркін өмір сүретіндер  келесі класстарға бөлінді.

      Жер иеленушілер, сонымен қатар  олар көп құлиеленушілер қатарына  жатты.Кіші өндіріс класстары  шаруалар, қол өнершілер.Құлиеленушілер  және құлдардың еңбегіне пайдаланушылар.Құлиеленуші  қоғамда  билердің де, орны ерекше  болған. Сонымен қатар олар ірі  жер және құл иеленушілер классына  жатады.

Ежелгі Шығыс адамзат мәдениетінің бесігі болған.Ол мемлекеттерде алғашқы қауымдық қоғамнан құл иеленушілік қоғамға өту басқа мемлекеттерден ертерек басталған. Месопатамияда және Мысырда (IV-III мың жылдық б.э.д.) Үндістанда (б.э.д. ІІІ мың жылдық ортасында) Қытайда (б.э.д. ІІ мың жылдықта), Закавказьеде (Ұнарту мемлекеттерінде б.э.д. І мың жылдықта) құл иеленушілік басым болған.

          Саяси билік әкеден – балаға  мұра ретінде қалып отырған. Сонымен  қатар (билікте) билердің де саяси  билікте ықпалы болды.

          Б.э.д. бірнеше мың жылдықтар бұрын  Шығыс елдерінде материалистік  әлемтану және табиғат туралы  ғылыми түсініктер дами бастады. Ежелгі Шығыстың материалистік  ойы әлемді материализм құл  иеленушілік қоғамның қызығушылығымен  қажеттілігі негізінде дамыған, ол қоғамдық өмірдің мәдениеті  мен материалдық өндірісі болған. Материалистік әлемтанудың дамуы  құл иеленушілік қоғамның қолөнер, сауда, ғылым мен білімнің саяси  және экономикалық ойларға қарсы  дамуымен байланысты.

          Жазудың (б.э.д. IV мың жылдықтан бастап) және алғашқы медициналық мәтіндердің (б.э.д. ІІІ мың жылдық соңында) дамуы.

          Дәрігерліктің 2 бағытының дамуы: 1.Халық (эмперикалық) медицинасы – халықтың  практикалық тәжірибесінде негізделген  және 2.діни (храмдық) діни уағыздарға  негізделген. Аурулурдың дамуы туралы  түсінік : нормальді – этикалық, табиғатпен байланысты, дінмен  байланысты  болған.

        Дәрігерлікке дайындық: отбасылық  дәстүр және храмдардағы арнайы  мектептерде оқыту болып екіге  бөлінген.

        Медицинаның дамуын саркофагтарға, жартастарға, сазда тақтаға жазылған  жазулар сипатталды. Көптеген дәрігерлерді  дайындау рецепті, жуу заттары, туралы  Мысыр папирустарында жазылған.

         Ежелде саниатрлы гигиеналық  құралдар құрастырылған. Гигиеналық  әдістер дамыған. Дәрігерлік этиканың  негізі қалыптасты. Фармация мен  ежелгі дәрігерлік іс  бір-бірімен  байланысты болды.

                                              

 

 

 

Мысырдағы медицина.

           Мысырдың ежелгі цевилизациясының ошағы ніл өзенінің төменгі ағысында, б.э.д. VI мың жылдық бұрын пайда болған қалалар мен мемлекеттер болып саналған. 3200 жыл б.э.д. шамамен біртұтас мемлекет құралған.

        Мысырда ежелгі Мысыр мәдениетіндегі  фармация туралы түсініктер саркофагтардағы  көп санды иероглифтер, пирамидалардағы  және де басқа да құрылыстардағы, папирустардағы жазулар болып  саналады.

       Қазіргі уақытта медициналық  папирустардың ішінде: Әлемдер ауруына  арналған Кахуна папирусы, Смит  папирусы (тапқан ғылымның атымен  аталған) 2000 ж б.э.д., хирургия бойынша, балалар ауруын емдеуге арналған  Эберес 1500ж б.э.д. және Бругша (1450 – 1350 ж б.э.д.)медицинаның үлкен  папирустары сақталған. Эберес папирусында  «Әртүрлі өсімдіктерден түрлі  майлар мен шырындар алу туралы»  800 – ге жуық рецепт жазылған  «Дененің әртүрлі бөліктеріне  арналған дәрілерді дайындау  кітабы» туралы бөлім бар.

         Ежелгі Мысыр ауыр құртты аурулардың  ошағы болған. Мысырлықтар жеке  бас гигиенасына үлкен көңіл  бөлген. Олар: темір ыдыстардан су  ішіп, күндіз және түнде 2екі реттен  жуынған. Месопатамиядағыдай Мысырда  да кейбір үлкен храмдарда  психикалық ауруларға арналған  мекемелер болған. Олар емдеу  мекемелерінен сары изоляторға  ұқсас болған.

           Мысырда науқасты емдеу үшін: маздарды, сулы ерітінділерді, жууыды, ашуды, компресстерді, қышаларды, таңбаларды  және қашатпаларды қолданған. Жол  желкен жапырақтары, жусан, теңіз  жуасы, уксус, вино, сыра ашытқылары  кеңінен қолданылған. Минералды  заттардың ішінен: квасты, қайнатылған  тұзды және мемфи тастарын  қолданған. Ал жануарлардың: майларын, өтін,  миын, бауырын және әйелдермен  ешкілердің сүтін, сонымен қоса  балды қолданған. Мысырда тері  аурулурына арналған заттарды  шығарған, сондықтан көптеген тарихшылар  оны тері ауруларының  отаны  деп санады. Ежелгі Мысырда дәрігерлік  мәдениет мамандандырылған дәрігерлердің  қолында болған. Бірақта осы кезеңнің  өзінде билер жоғары білімді  болған және кейінгі ғасырлада  медицинаның дамуына өз үлестерін  қосқан. Мысыр медицинасы Ежелгі  Шығыстағы, Грециядағы, Римдегі және  әлемдегі медицинаның дамуына  әсерін тигізген.

                   

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы.

             Б.э.д. ІІ мың жылдың аяғында  ІІ мың жылдың басында Вавилон  мемлекеті құрыла бастады. Кейінірек  б.э.д. І мың жылдықта солтүстік  – шығыс бөлігінде Месопотамия  мен Ассирия құрылды. Осы мемлекеттерінің  ішінде шаруашылықтың және мәдениеттің  сонымен қатар медицинаның дамуы  жағынан Вавилон басты орында  болды.Вавилон патшалығы ерте  вавилондық кезеңде Хаммурапи  патшалығы уақытында өркендеу  иелігіне жеткен (б.э.д. 1792-1750ж). Ол 42 жыл билік жүргізіп аса ұлы  мемлекет құрды. Хаммурапи қайтыс  болғаннан кейін Вавилонға бірінші  рет шапқыншылық жасалған. Б.э.д. 668-626ж 

           Ашшурбанипал кезінде өркендеу  иелігіне жеткен Ассирия Вавилонның  көршісі болған және оның кезінде  қазіргі уақытқа дейінгі сақталған  сазды тақташаларға жазылған  бірнеше мыңдаған клинопистік  жазулары бар Ниневия қаласында  патшалық кітапхана салынған. Тақташалардағы  жазулар «Егер адам ауырса»  деген сөздерден басталады, содан  кейін аурудың белгілері және  дәрігерлерге арналған дәрілердің  дайындалуы туралы мәліметтер  жазылған. Тақшадағы жазулар «Ол  жазылып кетеді» деген сөзбен  аяқталады.

          Медицинада екі бағыт болды: асуту ( дәрігерлердің мәдениеті) және  ашипуту (дұға оқу мәдениеті) екі  салтта сақталып б.э.д. І мың  жылдықтың ІІ жартысында қосылған  және ол ашипутуға жақынырақ  болған. Сырқаттылық туралы түсінік  үш негізгі категорияға бөлінген.

1.Жоғарғы  сенім себептері: «құдайдың қолы,»  «Ламаштудың құшағы» (Ламашта атты  кемпір түнде қалада жүріп  балаларға қалтырауды таратады  деген ұғым болған).

2.Жалпы қабылданған  дәстүрлерді, заңдарды, моральдік және  басқада салттарды бұзғаны үшін  ызалану.

3.Өмір салты  мен табиғаттың жаратылуымен  байланысты шынайы себептер (дұрыс  тамақтанбау, ластанған өзенде шомылу).

         Асу дәрігерлері – аурудың  дамуын жиі шынайы себептермен  байланыстырған. Асу болжамдары  «Ол жазылады,» «Оны емдеу керек»  деген өзімшілдік ойларымен аяқталады. Асу дәрігерлігі – эмпирика  дәрігерінің тәжірибелік қабілетіне  негізделген. Оның емдеу мақсаты  шынайы болған. Мысалы: «қалтырауды  тоқтату,» «ісіктерді кетіру,»  «ауруды қайтару,» және т.б. Ашипу  дәрілерінің басты мақсаты дұға  оқу болған. Ашипу аурудың түрін  және себебін анықтап, ем жүргізерге  дейін болжамын айтқан. Ашипу  көбіне «ол қайтыс болады,»  «Ол жазылмайды» деген қолайсыз  болжамдар жасаған. Сирек «ол  өмір сүреді,» «ауруынан жазылады»  деген жақсы болжамдармен аяқталған. Егер болжамы тұрақсыз болса  ашипу ем жүргізбейтін болған. Олар адам денесінің құрылысы  туралы білгенше, өлген адамдардың  ішкі құрылыстарын ашпаған. Олар  өлген жануарлардың ішкі құрылысын  ашып бауыр, жүрек, асқазан, бүйрек,шектер  туралы жалпы мәлімет алған.

        Әйелдерді босандыру мен әйелдер  айналысқан. Ассиро – Вавилондық  мәдениеттің ішінде астралогия  үлкен орын алған. Астралогиялық  болжамда ең маңыздысы астралогиялық  күнтізбе болған. Ол күнтізбе  арқылы босануға, операцияларға  және т.б. сәтті және сәтсіз  күндерді белгілеген. Ассиро –  Вавилондық астрология басқа  халықтарға таралып, медицинадан  үлкен орын алған.

         Вавилон мен Ниневия қалаларын  қазу кезінде көпірпердің, су  құбырларының, саздан жасалған канализациялардың  қалдықтары табылған, сонымен қатар  жұқпалы аурумен ауырғандарды  қаладан алыстату туралы заңдар  болған. Б.э.д. XVIII ғ құралған Хамурапи  патшаның Вавилондық заңдылықтары  туралы жазылған ескерткіштері  қазіргі заманға дейінгі сақталған.Ескерткіште  өмірдің барлық жағына арналған  ежелгі заңдар жазылған.Дәрігерлердің  қызметіне және оның әр түрлі  жағдайдағы соттық жауапкершіліктері  туралы бірнеше мағұлматтар базальтты  бағанада жазылған.

        Ежелгі Шығыс елдеріндегідей  Вавилонда сырқаттылықтан емделуге  тек қана байлардың шамасы  келген.Грек тарихшысы Геродат  б.э.д. Vғ кедей адамдарды емдеуге  арналған ежелгі вавилон салтын  жазған.

 

                                      

 

 

     Үндістан медицинасы.

 Үндістан б.э.д.бірнеше мыңжылдықтар бұрын пайда болған.Б.э.д. ІVғ аяғы мен ІІІ мың жылдықта Үндістанда құлиеленушілік қоғам қалыптасқан.

      Экономика, мәдениет, медицина сөзі  болып Ману және Веда заңдылықтары  болып саналған. Бұл заңдарда  тұрмыстық  және религиялық заңдар, халықтың эпостық туындылары  «Махабхарата», «Рамайян» поэмалары  және т.б. археологиялық мәліметтер  жазылған.

        Ежелгі мемлекеттерге қарағанда  Үндістанда адам денесінің құрылысы  туралы мәліметтер толық болған. Оларға мәйітті әкелу қажет  етілмеген. Олар мәйітті 7 тәулік  бойы ағынды суда мацерациялап, содан кейін сусінген бөліктерін  щеткамен тазалаған.

        Ведада кездесетін анатомиялық  терминдер анатомиялық ұғымның  сонымен қатар бас және жұлын  милары туралы нақты емес пікірлердің  болғанын білдіреді.

         Науқасты зертеу кезінде дәрігер  сұрастыру мен қараудан бастаған. Жүрек соғысын

және тыныс алуын тыныштық  күнінде жүгіру және жұмыс уақытында тыңдалған.Зәрдің дәмі арқылы ерекше ауруларды анықтаған. Емдеу үшін өсімдіктен, жануарлардан минералды заттардан алынған дәрілер қолданылған медициналық ғылымдардың бірінші және хирургияның дамығандығы туралы «Аюрведа» авторының бірі Сушрут анықтамалары бар..

         Үндістан дәрігерлері ампутация  лапаротомия офтальмалогиялық және  пластиканық  операциялар құлақ, мұрын,  ерін кемістіктерін жабуға  болатын операцияларын жасаған. Акушерлікте ұрықтың аяқ пен  келуін, кесір тілігін жасауды  білген.Сушрут білімін жетілдірмейтін  бірақ операция жасай алатын  дәрігерлерді бір қанатты құстарға  тенеген. Дәрігер науқасты дұрыс  емдемегені үшін науқастың касталық  дәрежесіне байланысты айып пұл  төлеген. Медицинада дамыған пікірлер  бойынша денсаулық организмнің  үш  басты заттарына: ауа,  шырын  және өттің қалыпты болуы деп  ойлаған. Олар табиғаттардың негізгі  элементтеріне байланысты болған.

        Үндістанда медицинналық ем күшті  дамыған саласы гигиена болған. Гигиена құрамы. Ману заңдарында  жазылған. Етті шектеулі қолдану, сүттен және балдан құнарлы  тағамдар  дайындау туралы, ыдыс-аяқтың  тазалығына көңіл бөлінген, сонымен  қатар онда денеге күтім жасау  туралы да жазылған. Бұның барлығы  тек бай адамдарға қатысты  болған. Сонымен  бірге б.э.д.  VІғ  жататын қалалық және үлкен  жолдардағы ауруханалар да сипатталған. Үндістан медицинасында брахманизмге  кейінірек будизмге религиялары  үлкен таңба қалдырған.Ежелгі  үнді медицинасынының құпиялары  дәрілердің этикалық заңдылықтарына  бекітілген. Бұл ұстазға деген  сыйластық. Сұлулық кедейлерді және  достарын тегін емдеу, науқасқа  қызмет ету керек болса өз  өмірін қиюы, білімін жетілдіру  керек екендігін білдіреді.

             Ежелгі үнді дәрігерлерінің ем  жүргізу кезінде ең маңыздысы  дәріні тағайындау болған. Сушрут  пікірі бойынша «егер қолда  дұрыс емес дәрі болса ол  пышақпен бірге әсер етеді». «Аюрведа»  заңында 760 дәрілік заттар жазылған. Үнді дәрігерлері өсімдік тектес  заттардан жасалынған дәрілер, үндіде  қазіргі уақытта қолданылып келеді.

 

                                    

 

 

 

Қытайдағы медицинаның дамуы.  

              Б.э.д ІVғ-ІІІ мыңжылдықта Хуанхэ  өзенінің жағасында тайпалар  қоныстанып б.э.д ІІғ ортасында  мемлекетке айналған. Ежелгі  қытайдағы  медицинаның дамуы туралы көне  иероглифтік кітаптарда жазылған. Оның кейбіреуіне ең көнесі  Нэй цзиннің энциклопедиялық  еңбектері болып саналады (18 кітап). Алғашқы тоғызы (Су вэнь) ағзаның  құрылысы мен қызметіне, аурудың  диагностикасы мен еміне арналған.Қытай  халық медицинасының негізінде  ежелгі қытайлық материалистік  философиясы жатыр. Қытай халық  медицинасының ерекшелігі чжень  – цзю терапиясы (чжень-акупунктура  немесе инелік терапия; цзю-мокса  немесе күйдіру)болып саналады.

Информация о работе Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі медицинаның жалпы даму ерекшклігі