Жара — механикалық сыртқы әсерден
терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы
бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген,
мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ
кескен, балта шапқан Жараны кесілген
Жара (оның шеті тегіс);ине,біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе
қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған
Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны
кездейсоқ Жара деп атайды. Ит қапқанда пайда
болатын Жараның шеті жырым-жырым болады.
Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын
бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде
ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы
мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның
денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан
қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның
басына, кеудесіне және ішкі органдарына
түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі
болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын
тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет
жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей,
тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп,
ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис,
күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы
мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы
ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез
бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты.
Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның
Жарасы көпке дейін жазылмайды.
Жаралар және олардың асқынулары
туралы түсінік
Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары
өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі,
белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық
ағзасы тіндерішң күшпен зақым-дануытдэа^атдепаталады
мысалы: согып алу, жаралар, сүйектердің
сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің
жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша
тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған
жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы
барлык жаралар ластанған болады.
Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы
қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты
клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан
тіндер бұзылады) болуы мүмкін. Адам денесінің
ішкі қуыстарына — кеуде, ітп жөне бас сүйегі ішіне еніл кеткен
жаралар аса қауіпті больш саналады, ейткені
бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы
мүмкін.Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің
бүзылуы сипатына байланысты жаралардың
темендегідей түрлерін ажыратуға болады:
- кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарық-
шақтарымен жаралану — жара шеті ажырап, катты
қанайды);
- шабылған (балтамен — сүйектер зақымдануы мүмкін);
- — шаншылған, (түйрелген
жаралар (пышақ, шеге, біз,
қанжар, айыр, сүңгі-найзамен—
кейде терең болуы мүмкін, ішкі
органдар, мысалы, кеуде немесе
іш қуысы зақымдануы ыкти-
мал);
- соғылған жөне т.б.
Ядролық қаруларды қол-
- Соғылган жара Оқ тиген
ясара
- данған жағдайда екіншілей
(қайталанған) снарядтар (тас-тар, кірпіш,
ағаш бұтақтары жөне т.б.) өрекеті өсерінен мылжаланған жөне жұлын-ған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді жөне айналасындағы тіндердің едөуір закымдануымен, канның аз кетуімен сипатталады.
Жаралар ок тиген (оқтык, жарыкшақтық жөне т.б.),
тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді
тесіл етіп, кірер жөне шығар тесік жасаса)
немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде
қальш койса, яғни денеде жаттекті зат
болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың
ерекшелігі — бұл кезде ірі кан тамырлары,
нервтер, сүйек жөне буындар, ішкі куыстар
(кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар)
жараланғанда енген (өткен) зақымданулар
болады. Кейде аралас зақымданулар болуы
мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа
түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне
т.б.) кабаттасып келеді.
Кез келген жаралану кезінде
өр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары
жараланса, нөтижесінде, міндетті түрде
кан кету байқалады, ол кейде қатты болып,
адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты
қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым
жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге өкеп
соқтьфуы ықтимал. Ауқымды закымданулар
— жаралар, сыну, күйік кезінде зардап
шегупгі шок деп аталатын ауыр жағдайға
түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну
тітіркендіргіштері, қан кету жөне баска
да себептерге байланысты нерв жүйесінің
козуы нөтижесінде пайда болады.
Қан кетуден баска өрбір жара
үшін ең кауіптісі — жараға микробтардың
түсуімен байланысты туатын асқынулар
мүмкіндігі.
Микробтар жараға жаралану кезінде
(алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек,
ем көрсету кезінде асептика ережелерін
бүзу (екіншілей қайталанған инфекция)
салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің
туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін
(іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар),
ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау,
дене ыстығыньщ көтерілуі, жара айналасының
қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің
анық байпқалуы).
Соғылған жөне мылжаланған тіндері
бар жараларда жөне топырақ пен ластану
кезінде газды гангрена туғызатын газды
инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жок
жерде дамитын микробтардың көбеюінің,
яғни анаэробты инфекцияның көрінісі
— тіндердщ тез өлі еттене бастауы). Жараның
инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын
тағы бір кауіпті ауру — сіреспе (жараның
сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы).
Клиникальщ тұрғыда сіреспе бұлшық еттердщ
тырысьш қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының
бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы,
тыныс алу мен кіші дөретке отырудың қиындығымен
сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға
жөне сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.
Жаралану кезіндегі алғашкы
көмек көрсеткенде, қан кетуді токтату,
жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта
үстау үшін дененің закымданған бөлігін
иммобилизациялау (түрақтандыру) жүмыстарын
жүргізу керек.
Қанды уакытша токтату — алғашкы медициналык
жөрдем керсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі жөне
қан кетудщ түріне байланысты оның төсілдері
таңдалады.
Денсаулыққа зиян келтіретін
немесе өлімге әкелетін экзогенді әсерлер:
1.Механикалық жарақаттар
2.Оттегіжетіспеу
3.Физикалық жарақаттар
4.Биологиялық жарақаттар
5.Психикалық жарақаттар
6.Физиологиялық кернеулер
Жарақат дегеніміз – бір немесе бірн.еше
факторлардың әсерінен ағза құрылысы
мен функциясының бұзылуы.
Жарақаттаушы факторлар дегеніміз – материалдық
дене немесе жарақаттаушы қабілеті бар
матералдық құбылыстар.
Жарақаттаушы заттар: материалдық дене,
құбылыстар (электр тоғы, сәулену, жоғарғы
немесе төменгі температуралар) болуады.
Жарақат бір жерге немесе бірнеше жерге
әсер етуі мүмкін.
Жарақаттың түрлері:
Өндірістік жарақаттар
1.Өндірістік
2.Ауыл-шаруашылық
Өндірістік емес жарақаттар
1.Транспорттық жарақаттар
2.Тұрмыстық жарақаттар
3.Спорттық жарақаттар
Әскери жарақаттар
1.Соғыс кезінде
2.Бейбітшілік кезде
Механикалық жағдайда түскен жараның
түрлері: сырып кету, жара, қан ұю, сүйек
сыну, ішкі органдардың зақымдануы.
Сырып кету – терінің сыртқы бөлігінің
бұзылуы, мұнда эпидермис (дененің сыртқы
бөлігі) зақымданады. Бір тәулікте суланады,
кейіннен кеуіп кетеді. 12 – 24 сағаттақабыршықтанады,
4 – 6 тәулікте түсіп қалады, 15 тәулікте
орыны қызарып, кейіннен білінбей кетеді.
Жалпы жазылу уақыты 7 – 40 тәулік. Тірі
кезінде түскен жарада жазылу процестері
жүреді, яғни жара теріден жоғарырақ тұрады.
Жара – терінің сыртқы қабаты, тері асты
клетчатка және кейбір органдарының зақымдануы.
Жараның кіру және шығу тесігі де болуы
мүмкін. Шығу тесігі болмаса оны соқыр
жара деп атайды.
Жараның морфологиялық ерекшелігі оның
қандай затпен болғанын және механизімін
айтады. Аққан қанның бағдары дененің
координациясын айтады. Жараның ұзақтығын
оның жазылу процесіне байланысты айтады:
а. хирургиялық өңдеу жағдайында - 5 – 9
тәулікте жазылады;
б. үлкен жарада және инфекцияланғанда
бірнеше апта және айлар;
в. 1 – 1,5 айда қызғылт, қызылдау, жұмысақ
болады, кейіннен бозарады, қатаяды. 12
айдан кейін тыртықтар бірдей болады.
Қан ұю – бұл терінің және тері астындағы
қан тамырларының, зақымданып, қанның
сол жерде ұйып қалуы. Мұны қан құйылу
немесе гематома дейді. Қан кейбір қуыстарда,
ткань аралықтарында тұрып қалады. Гематома
– қысым, соққы гематомалық мөлшері кеткен
қанның шамасына тканьге және құйылу орнына
байланысты. Қан құйылудың өзгерістерін
анықтау: көгеруі (1-4 күнде жүреді, ал 3-8
күнде жойылады); көк-жасыл сарылау түстіболуы
(3-8 күнде, ал 8 – 12 күнде кетеді); аралас
түсте болуы (6-9 күнде, ал 12-16 күнде кетеді).
Гематоманың маңайы ісінеді, тканьдерде
эритроциттер табылады.
Сүйек сыну. Сүйек сыну жартылай немесе
толық деп аталады. Көбінесе жұмысақ тканьдер
мен ішкі органдар зақымданады. Өкпе эмболиясы
болуы мүмкін - өкпенің тесілуі.Ашық сынықта
тері кесіледі, зақымданады. Жабық сынықта
терінің зақымдану көріністері болмайды.
Морфологиялық өзгерістер сынықтың түрін,
механизімін қай затпен ұрған немесе бағдарын,
күшін анықтайды.
Тура сынық дегеніміз – ұрған жердің сынуы.
Қисық сынық дегеніміз – қисайғанда шыдамай
сынуы. Компрессионды сынық – сынықтардың
ажырап кетуі, мыжылып қалуы, жаншылу.
Бас сүйегінің сынығы жарықшақ болуы мүмкін
тігістердің сөгілуі, жаншылуы (мыжылуы),
тесілуі, кесілуі мүмкін.
Ішкі органдардың зақымдануы: Жабық жара,
ашық жара, жаншылу болуы мүмкін. Бұл кезде
соққыдан немесе ауыр затпен мыжылудан,
қан тамырларының кесілуі болуы мүмкін.
Ауыру жағдайларында кездесуі мүмкін.
МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ
Механикалық жарақаттардың түрлері:
жалпақ заттармен түскен жарақаттар; қарусыз
адамнан болатын жарақаттар; құлағаннан
,болған жарақат;спорттық жарақаттар;
көлік жарақаттары; үшкір заттан жарақат; қарудан болған жарақат; жарылыстан
болған жарақаттар.
Жалпақ затпен болатын жарақаттарда сырып
кету, соққы алу, қан құйылу, ұлпаның жаншылуы,
дененің қысылуы, сүйектің сынуы, буын
шығу, созылу кездеседі.
Жалпақ затпен ұрғандағы оқиға болған
жерді зерттеу:
Сыртқы ортаның ерекшелігі
Тексерудің белгілері
Жарақат алыну жағдайларын анықтау
Белгінің орналасуы, мөлшері, кірлену
деңгейі (киім, дене), қарудың сәйкестігі,
жарақаттың түрі.
Қарусыз адамнан түскен жарақаттар: тістеу
арқылы, баспен соққан жарақат, қолмен,
қолмен, тырнақтарымен, аяқпен, саусақтарымен,
алақанымен, шынтақпен соққан, денесімен
қаққан жарақат және т.б.
Құлағанда пайда болатын жарақаттар биіктікке
байланысты, түскен орнына байланысты,
адамның позасына байланысты ерекшеленеді.
Құлаудың екі түрі бар:
1. Жазықтықта құлау;
2. Биіктіктен құлаудағы жарақаттар.
Жазықтықта құлаудағы жарақатта ішкі
жарақат көп (көгеру, басын ұрып алу, сынық,
ішкі органдардың бөлінуі) болуы мүмкін.
Биіктіктен құлау: тура құлау; қиғаш құлау.
Сот медециналық экспертиза құлау кезін
зерттеуде орынның жағдайын қарайды, денеге
түскен жарақаттар мен сәйкестігін тексереді.
Үшкір заттан жарақат алуы. Үшкір зат деп
бір жақ қыры немесе бірнеше жағы үшкір
және ұшы үшкір заттар аталады. Соған байланысты
келесі жарақаттардың түрлері болады:
кескіш заттар; тескіш заттар; кескіш-тескіш
заттар; шапқыш заттар; қиғыш заттар.
Кескіш заттарға – пышақ, бритва, әйнек
және т.б. жатады. Олардың лезвиясы теріні
кесіп, қалың етке енеді. Көбінесе ашық
жерде түзу, доға тәрізді, тесік тәрізді
жаралар қалдырады. Жара ашылып ай тәрізденеді.
Жараның ұзындығы терендігінен үлкен.
Маңызды белгісі – жараның шеттерінің
біркелкі тегіс болуы және ұштарының үшкірленуі
және қанның ағуы. Қан қай бағдарда ақса
адамның тұрғысы солай болғаны. Адамның
өзін-өзі кесуі немесе басқа адамның кесуі
болуы мүмкін.
Тескіш затпен болған жарақат. Тескіш
зат деп – ұзын, үшкір заттарды айтады
(айыр, ине, қайшы, біз). Бұл заттардың кіру
тесігі, жара каналы, кейде шығу тесігі
болады. Кіру тесігінің формасы, мөлшері,
кіргіш заттың формасымен және оның диаметіріне
байланысты. Цилиндр, конус тәрізді заттар
үлкен тесік қалдырады. Ал кейбірінен
(ине) тесік көрінбеуі мүмкін. Затты енгізгенде,
бұлшықет жиырылып денедегі тесік заттан
кішірек болады.Затты шығарғанда сүргтілген
із қалады. Бұл затта да киімде де қалуы
мүкін. Ткань ығысып, қабынады. Қан көп
ақпайды. Жалпақ сүйекті тескен, оқ тескен
тәрізді із қалдырады.
Кескіш-тескіш заттардан болған жарақат.
Ұшы үшкірленген пышақтар жатады және
екі жағы немесе бірнеше жүзі бірдей қайралған.
Бұл зат тескен және кескен жара қалдырады.
Формасы ұршық тәрізді. Шеттері тегіс
немесе қарудың түріне байланысты. Негізгі
ерекшелігі кескен жарасынан тескен жарасы
артық. Жараның шеттері қанталайды және
қарудың ізі қалады.
Шапқыш заттар – балта,
қылыш. Жарасы сызық, шеттері тегіс, үштері
үшкір болып келеді. Негізгі ерекшеліктері:
тканьдегі жара терең емес, бірақ жарасы
үлкен және сүйектерді де жаралайды. Жараның
сипаты әртүрлі. Балтаның түбімен ұрғанда
онда жара әр түрлі түседі. Ұшымен ұрса
жара шеттері үшкір болып келеді. Жанынан
ұрғанда бір жағы үшкір екінші ұшы п тәрізді
болып келеді.
|