Жатырішілік инфекциялар.Инфекциялық процестердің жас ерекшелігі.Әртүрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 18:29, реферат

Краткое описание

Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.

Содержание

І. Кіріспе
• Инфекция
ІІ. Негізгі бөлім
• Құрсақ ішілік инфекциялар, этиологиясы
• Инфекция енуінің жолдары
• Құрсақ ішілік инфекцияның өршуінің қауіп қатер факторлары
• Диагностика және клиникалық көрінісі
• Әр түрлі жастағы балалар инфекциясының патогенді негіздері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Бота.pptx

— 644.97 Кб (Скачать файл)

 

 

 

     

 

 

 

      

 

Қ . А . Ясауи   атындағы   Халықаралық      Қазақ  -  Түрік  Университеті

 

 Қабылдаған:б.ғ.д.профессор  Байтұрсынов Қ.

 Орындаған:Төрехан  Б.                   

Тобы: ЖМ-301

 

Тақырыбы: :Жатырішілік инфекциялар.Инфекциялық процестердің жас ерекшелігі.Әртүрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшелігі.

 

1

Жоспары:

 

Жоспары. 
І. Кіріспе  
• Инфекция 
ІІ. Негізгі бөлім  
• Құрсақ ішілік инфекциялар, этиологиясы  
• Инфекция енуінің жолдары  
• Құрсақ ішілік инфекцияның өршуінің қауіп қатер факторлары  
• Диагностика және клиникалық көрінісі  
• Әр түрлі жастағы балалар инфекциясының патогенді негіздері  
ІІІ. Қорытынды  
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды. 

    

 

Құрсақ ішілік инфекциялар

 

      Құрсақ ішілік инфекциялар (ҚІИ) - бұл құрсақ ішінде және босанар кезінде жұқтырылатын ұрықтың, жаңа туылған сәбидің әр түрлі инфекциялық аурумен ауруы. Инфекцияның қоздырғышы вирус, бактерия және сирек жағдайда паразиттер болуы мүмкін. Берілу жолы – анасынан іштегі нәрестеге. Инфекция жұқтыру нәтижесінде түсік тастау, туа біткен ақаулықтар немесе жаңа туылған нәрестеде өткір инфекционды процесс болуы мүмкін. 

 

      

 

           Іріңді - септикалық инфекция - босанғаннан кейінгі нәрестелер арасындағы аурушаңдық пен шетінеуінің негізгі және жиі кездесетін себептерінің бірі болып табылады. Бүкіл одақтық денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша нәрестелердің 2% жатыр ішінде, 10 % - ке жуығы босанғаннан кейін және өмірінің 1-ші айында инфекция жұқтырады. 2013 жылдың 2 айында облыс бойынша жаңа туған нәрестелер арасында 6 іріңді-септикалық инфекция тіркелген, 1000 балаға шаққандағы көрсеткіші – 0,9 (2013 жылдың 4 айындағы деңгейінде)  
Нәрестелер арасында тіркелген 6 іріңді - септикалық инфекциялардың барлығы да жатырішілік пневмония , барлығы да зертханалық жолмен тексеріліп, нақтыланған. 
Жаңа дүниеге келген нәрестелердің жатыр ішілік инфекциялармен ауруы көптеген шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі, себебі әйелдердің жүкті кезінде амбулаториялық-емханалық қызмет олармен алдын алу жұмыстарын толық жүргізбеуінен және оған жүйелі бақылаудың болмауынан.

                   Тіркелген іріңді-септикалық инфекциялардың барлығы да аналарының жатыр ішілік инфекциялармен ауруларынан болған, аналар уақытында дәрігер гинекологтармен қаралмай, жыныс жүйесі инфекцияларына тексерілмеген. 
Перзентханада ауру көзі болып бацилла тасушы медициналық сау қызметкерлер, босанған немесе босануға түскен әйелдер және ауру нәрестелер болуы мүмкін. Инфекция ауа-тамшы, алиментарлық (ауқатты) және әртүрлі байланыстар арқылы таралады. Жатыр ішілік пневмония және тері инфекциялары жаңа туылған нәрестелер аурушаңдығы арасында негізгі пайызды құрайды, сондықтан өте байыпты қарау мен үйлесімі емдеуді қажет етеді. 
 

Жаңа туылған нәрестелер арасында іріңді- септикалық ауруларды болдырмау үшін: 

 

- жүкті әйелдерді босануға дейін уақытында есепке алып сауықтыру; 
 

 

- жаңа туылған нәрестелерді уақытында патронажға алу;

 

- бір жасқа дейін балаларды ана сүтімен қоректендіру; 
 

 

- үйде аналардың балаларды күту кезінде жеке бас гигиенасын сақтау; 

 

- балаларды орау алдында жаялықтарды үтіктеу;жүкті әйелдермен іріңді- септикалық инфекцияның алдын алу жөнінде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.  

  Жүктілік және инфекция зардабы

 

          Құрсақтағы нәресте мен жаңа туған сәби, ана үшін жүктіліктің қолайсыз бастаулары арасында инфекциялық патология жетекші орында болып келеді.  Құрсақішілік инфекция проблемасы жатырдағы ұрықтың дамуы мен сырқат бала дүниеге келуі қауіптілігімен, жүкті әйелдің және оның перзентінің зарарлануының жоғары деңгейімен байланысты акушерлік практикада ерекше назар аудартады.

 

        Ана организміндегі инфекцияның созылмалы ошағы, жүктілік кезеңіндегі бастапқы зарарлану, инфекциялық процестің өршелене дамуы негізінен қауіптілік факторлары болып табылады.

 

        Жатырішілік инфекцияның қоздырушылары аумағы мейлінше ауқымды және әрқилы болып келеді. Бұлар — бактериялар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар хламидиялар, вирустар.  Әртүрлі қоздырғыштардың өзара үйлесім табуы жиірек көрініс береді.

Медицинада урогенитальды инфекциялар ерекше қауіптілік тудырады. Аталған инфекцияға микоплазмоз, хламидиоз, цитомегаловирус, герпес, тағы басқалары жатады. Олардың кішкене ошақтарының өзі ұрықтың жатырішілік зақымдануына әкеліп соқтырады.

 

      урогенитальды   микоплазмоз

микоплазмоз

 

 хламидиоз

 Цитомегаловирусты инфекция асқынуы жүрек қолқасының қабынуы, бүйрек поликистозы секілді зардаптарға соқтыруы мүмкін. Герпес (ұшық) өзінің таралымы жөнінен жүрек-қан тамырлары және онкологиялық сырқаттардан кейінгі үшінші орынға ие. Оның нәрестеге анасынан жұғуы жүйке жүйесінің дамуын тежейді, бауырдың улануы, иммунитеттің әлсіреуі орын алады. Ал токсоплазмоз үй жануарлары мен құстары паразиттерінен туындайтын сырқат.

        Ана мен баланың бойында генитальды инфекцияның ауыр зардаптарының алдын алу мақсатында жүкті ана мен оның серігінің эпидемиологиялық анамнезін тиянақты тексеру, жүкті әйелдің бойында инфекция бар-жоқтығын алдын ала зерттеу, жатырішілік диагностиканы дер кезінде жасау, инфекция табылған жағдайда дереу емдеу шараларын жасау қажет.

        Жүктілік кезеңінде генитальды инфекцияны емдеу кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Дәрі-дәрмектерді тағайындау барысында оның жүктілік уақытындағы зияндылығын, жатырдағы нәрестеге теріс әсерін ескеру қажет. Мұндай кезеңде инфекциялық сырқаттар терапиясы мүмкіндігі шектеулі, сондықтан ана мен құрсақтағы нәресте үшін қауіпсіз және барынша тиімді емдеудің оңтайлы схемаларын іздестіру жалғаса түсуде.

 

Этиологиясы

 

      Ұрықтың инфекционды процесі әр түрлі қоздырғыштар тудыруы мүмкін. Бұл принципке байланысты бірнеше топтарды ажыратуға болады:

1.Вирустар  тудыратын ҚІИ тобы: қызылша, цитомегаловирус, герпес вирустары, вирусты гепатит және т.б.

2.Бактериялар  тудыратын аурулар: сифилис, листериоз, туберкулез, 3.жыныстық жолмен берілетін аурулар.

4.Паразитті  инфекциялар: токсоплазмоз

  5. Микст инфекциялар

 

        Бұл инфекциялармен постнеотанальды кезеңде жұқтырылығанда көбінесе ауру белгілерінсіз немесе жай инфекционды процесс түрінде жүреді. Анасы жүктілік кезінде ең алғаш инфекционды аурулардың қоздырғышымен кездесуі ең қауіпті кез, себебі ең бірінші иммунды жауап төмен, ал екінші кезде қалыпты болады.

 

                           ``TORCH- синдром``

 

 

 

 

 

         Соңғысына сифилис, листериоз, вирустық  гепатиттер, хламидиоз, АҚТБ-инфекция, микоплазмоз, т.б жатады.

      Жұқтыру көбінесе босану кезінде немесе ана сүтімен бірге беріледі. Жүктілік кезінде анасы бірінші рет инфекцияланған кезде болады.

 

T- Токсоплазмоз (toxoplasmosis)

R- қызылша (rubella)

C- цитомегалия (cytomegalia)

H- герпес(herpes)

O- басқа инфекциялар (other)

Инфекция енуінің жолдары:

 

Трансплацентарлы (гематогенді) жол – ұрықжолдас арқылы анасынан ұрыққа берілуі. Құрсақ ішілік инфекциялық вирустар жиі таралады, себебі вирус гемато-плацентарлы тосқауыл арқылы оңай енеді.

 

Өршімелі жол – жыныстық жолмен берілетін инфекция жатырға еніп, ұрықты жұқтырады. Бұл көбінесе бактериальды инфекциялар , жыныстық жолмен жұғатын аурулар, хламидиоз, микоплазмалар, энтерекокктар.

 

Бәсеңдеген жол – жатыр қуысынан жатыр түтігіне берілуі

 

Жанасу (интратанальды) жол – босану кезінде жұқтырылу.

 

 1.Акушерлік-гинекологиялық анамнездің ауырлығы;

2.Жүктілік  кезінде патология;

3.Анасындағы  зәр шығару жүйесінің аурулары;

4.Жүктілік  кезінде ана ағзалары мен жүйелеріндегі инфекциялық аурулар;

5.Иммунодефецит, оның ішінде ЖҚТБ;

6.Қайталама  гемотрансфузиялар;

7.Трансплантациядан  кейінгі жағдай

 

ҚІИ өршуінің қауіп-қатер факторлары:

 

2

  Диагностикасы

 

    • ҚІИ-ны диагностикалау қиын. Алдымен анамнезге, жүктілік ағымының ерекшеліктеріне қарайды. ҚІИ лабороториялық диагностикалау әдістерін тікелей және жанама деп бөлуге болады. Тікелей әдіске:
    • Микроскопия;
    • Иммунофлюореценция реациясы және иммуноферменттік анализ арқылы антигенді анықтау;
    • ПТР
    • Құрсақ ішілік инфекциялардың клиникалық көрінісі инфекциямен жұқтырылу уақыты мен жолына байланысты.

      Құрсақ  ішінде дамудың алғашқы 8-10 аптасында  қабынудың альтернативті фазасы болуы мүмкін, бұл ұрықтың жойылуымен немесе нәрестенің туа біткен ақаулықтармен аяқталуы мүмкін.

      Содан кейін қабынудың пролиферативті компоненті көріне бастайды. Соңғы мерзімдеоде, яғни 11-28 аптада дәнекер тіндер ұлғаяды (мысалы, миокардтың фибдроэластозы ),ішкі ағзалардың дисплазиясы және гипоплазиясы, ұрықтың құрсақ ішілік дамуының кешігуі болады. Ұрықтың 28 аптадан кейінгі инфекциямен жұқтырылуына 3 компонент қатысады – альтернативті, пролиферативті және тамырлы.

Құрсақ ішілік инфекциялардың жергілікті формаларында ішкі ағзалардың (фетальды гепатит, гепатолиенальды белгі, кардимиопатия, интерстицианальды нефрит, құрсақ ішілік пневмония, энтерколит жәнет.б) және орталық жүйке жүйесінің (энцефалит немесе менингоэнцефалит) бұзылуы болады.

             Әр түрлі жастағы балалар инфекциясының 

                               патогенді негіздері

       Инфекциялық аурулардың маңызды  ерекшеліктері болып циклдік  ағымдардың кезеңдерінің ауысуы: инкубационды, продромальды(бастапқы), даму кезеңі және реконвалесценция (жазылу).

      1.Инкубационды кезең – қоздырғыштың ағзаға енуінен аурудың алғашқы клиникалық белгілерінің пайда болуына дейін. Бұл кезеңде қоздырғыштың көбеюі болады, макроорганизмдердің қалыпты тіндердің ағзалардың және жүйелерді бұзатын процесстер байқалады. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы әр түрлі – бірнеше сағаттан  мысалы тұмау, бірнеше айға (В вирусты гепатиті), тіпті жылға (лейшманиоз) дейін.

       2.Продромальды кезең бұл инфекцияның өзіне тән емес белгілері болады (дене температурасының жоғарылауы, тамаққа тәбеті болмау). Қоздырғыштың басқа да ағзалар мен тіндерге таралуында өзгерістер болады. Продромальды кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан, бірнеше күнге созылады.

      3.Даму кезеңі – клиникалық көрінісі бар көптеген инфекциялармен қатар сол ауруға тән белгілері мен синдромдары пайда болады.

    4.Реконвалесценция кезеңі  - функционалдық және морфологиялық көрсеткіштерді бейнелейді.  Кейбір инфекциялар кезінде бұзылған функцияларды тұрақты ету жай жүреді. Бұл уақытта спецификалық  сенсибилизация аллергиялық асқынулар мен суперинфицирлену қаупі сақталады.

        Құрсақ  ішілік инфекция жаңа туған  сәбилерде және ерте жастағы  балаларда байыпты аурулардың  бірі болып қалады. Әр түрлі  этиология мен бір типті белгілер  ҚІИ клиникалық түрде анықтауын  қиындатып отыр . ҚІИ мақсатты  түрде тексерілуі құрсақ ішілік  инфекцияға қаупі бар балаларда  жүргізілуі қажет. Құрсақ ішілік  қаупі бар балаларға урологиялық  және гинекологиялық анамнезі  қиындатылған және жүктілік кезінде  патологиялық қаупі бар аналардан  туылған жаңа туылған сәбилер  жатады. Шала туған, пренатальды  дамуы тоқтап қалған жаңа туылған  сәбилерде  ҚІИ қаупі бар балалар  ретінде қарастырылуы қажет .  Мұндай жағдайларда міндетті  түрде балаларға тексерілуі қажет. Жаңа туған  сәбилерде ҚІИ тексерілу  әдістері : клиникалық және лабороторлық  әдістермен жүргізілуі қажет. Лабораториялық  әдістің ішінде ең тиімдісі  болып ПТР және ИФА әдістері  жасалуы қажет.

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

    • Интернет материалдары: stud.kz
    •                                                google.kz
    • Кочемасова З.Н. , Ефремова С.А. «Микробиология и вирусология», 2004
    • И.Р.Шей «Клиническая микробиология». Краткое руководство, 2006

Информация о работе Жатырішілік инфекциялар.Инфекциялық процестердің жас ерекшелігі.Әртүрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшелігі