Жүректің топографиялық анатомиясы және оның кеудеге проекциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 23:58, реферат

Краткое описание

COR-ЖҮРЕК- бұлшық етті мүше, ол қанды венадан артерияға айдап қан айналымды қамтамасыз етеді. Жүректің жоғарыға, артқа бағытталған негізі(basis cordis), алға, төменге және солға бағытталған ұшы(apex cordis) және үш беті бар: алдыңғы(төс-қабырғалық), төменгі(көк еттік) және бүйір(өкпелік).
Жүректің оң жақ (margo dexter), оң қарынша мен оң жүрекшеге сәйкес келеді) және сол жақ(margo sinister)сол қарыншаға сәйкес келеді) жиектері бар.

Вложенные файлы: 1 файл

ССС лек.каз.doc

— 94.00 Кб (Скачать файл)

Артериальді (боталлов) түтік.(ІІқабырға аралықта кескінделеді). Қалыпты жағдайда өкпе бағанасын қолқамен байланыстыратын артериальді  (ботталов) түтік тек құрсақ ішілік кезеңде болады. Өкпелік тынысалу басталысымен ол біртіндеп шиыршықталып бітеледі де, артериялық байламға айналады. Толық жабылуы құрсақтан тыс өмірдің 6-шы айында жүруі керек.

Боталлов түтігі ұзындығы 2—17 мм (жиірек 6—10 мм), ені 1,9—7 мм (жиірек 3—6 мм) жіңішке қабырғалы тамыр болып табылады.Өкпе артериясында негізі кең орналасқан конус немесе цилиндр форма түтік болып табылады. Түтік қабырғасы тек екі эластикалық мембранадан тұрадын (сыртқы және ішкі).

Түтік өкпе бағанасының алдыңғы-бүйір беткейінен,оның тармақтарына бөлінетін жерінен басталып,қолқа доғасынан сол жақ бұғана асты артериясының шығатын деңгейінде қолқа доғасының төменгі беткейіне құяды.Балаларда төстіктің сол жақ жиегі бойымен  II қабырға деңгейіне,екінші қабырғааралыққа немесе III кеуде омыртқасының сол жақ беткейіне проекцияланады.

Көбіне боталлов түтігі (немесе артериальді байлам) перикардтан тыс жатады,түтіктен 0,5 см шамасында жүрек маңы қалтасының үлкен емес завороты орналасады.Түтікке жақындау сол жақ медиастинальді плевра астында 3 жүйке орналасады:сол жақ көкеттік, сол жақ кезегкн және сол жақ кайтарма.Көкеттік жүйкесі түтіктен 1-2 мм алдында өтеді Кезеген жүйке қолқа доғасын төменнен орап өтіп түтіктің артында жатады.Кезеген жүйке түтіктің қолқалық бөлігін қиып өтеді.Түтіктің артқы беткейі сол жақ басты бронхтың алдыңғы-жоғарғы беткейіне түйісіп жатады.

Артериальді байлам ұзындығы 0,3—2,5 см,ені 0,3—0,6 см,дәнекер ұлпалы түзілім болып табылады.Байламның қолқаға беку аймағында,артерия қабырғасының ішкі қабықшасында кішкене ойыс бар.Байлам жоғарыдан эластикалық талшықтар-қолқа-перикардтық байламмен жабылады.

 

      

         Көрнекті материалдар:

Кестелер:

Кесте 1. Жүректің топографиясы.

Кесте 2. Алдыңғы кеуде аралық мүшелерінің топографиясы.

Кесте 3. Кеуде аралық мүшелерінің топографиясы (оң жақтан қарағанда).

Кесте 4.Кеуде аралық мүшелерінің топографиясы (сол жақтан қарағанда).

Слайдтар:

Слайд 1. Жүректің кескіні.

Слайд 2. Жүрек. Алдыңғы жақтан қарағандағы түрі.

Слайд 3.  Жүректің қақпақтық аппараты.

Слайд 4. Қақпақтарының кескіні.

Слайд 5. Жүрек артериялары.

Слайд 6. Жүрек веналары.

Слайд 7. Жүректің иннервациясы.

Слайд 8. Жүректің лимфалық ағысы.

 

 

    • Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Р.С. Досмагамбетова,  С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова, Жүрек-қан тамырлар

жүйесі модулі : оқулық = Модуль Сердечно-сосудистая система : интегрированный учебник учебник / ҚММУ, 2014.

  1. Р.С. Досмагамбетова,  Қан түзуші жүйесі модулі : оқулық = Модуль Кроветворная система : интегрированный учебник / ҚММУ, 2014.
  2. Р.С. Досмагамбетова,  С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова, Эндокриндік жүйесі модулі : оқулық = Модуль Эндокринная система : интегрированный учебник / ҚММУ, 2014.
  3. Р.С. Досмагамбетова,  С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова, Зәр шығару жүйесі модулі : оқулық = Модуль Мочевыделительная система : интегрированный учебник / ҚММУ, 2014.
  4. Р.С. Досмагамбетова,  С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова , Ас қорыту жүйесі модулі : оқулық = Модуль Пищеварительная система : интегрированный учебник / ҚММУ, 2014.
  5. Р.С. Досмагамбетова,  С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова, Жүйке жүйесі модулі = Модуль Нервная система учебник / ҚММУ, 2014.
  6. Р.С. Досмагамбетова,  С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова, Тірек-қимыл жүйесі модулі = Модуль Опорно-двигательная система учебник / ҚММУ, 2014.
  7. Р.С. Досмагамбетова,  С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова, система учебник / ҚММУ, 2014.
  8. Гайворонский  И.В., Нормальная анатомия человека: учебник, 2-х  том, 2011. 
  9. Sobotta, Атлас анатомии человека :  в 2 т.: пер. с англ. / Sobotta ; ред.: Р. Путц, Р. Пабст. - М. : Рид Элсивер  Т. 1 : Голова. Шея. Верхняя конечность : 727 цв. ил., 1070 рисунков. - 2010.
  10. Билич Г.Л.,   Анатомия человека : атлас: в 3 т. / Г. Л. Билич, В. А. Крыжановский. - М. : ГЭОТАР-Медиа.
  11. Билич Г.Л.,   Анатомия человека : атлас: в 3 т. / Г. Л. Билич, В. А. Крыжановский. - М. : ГЭОТАР-Медиа.
  12. А.А. Воробьев, Клиническая анатомия и оперативная хирургия головы и шеи: учеб. пособие, - 2008.
  13. А. В. Николаев, Топографическая анатомия и оперативная хирургия: учебник, 2-х 

том. 2009.

  1. С. В. Чемезов., И. И. Каган, Топографическая анатомия и оперативная хирургия:

           учебник, 2009.

     16 . К.К.Капенова, Ф.К. Копобаев,К.К.Кайырбекова Курс лекций по топографической

            анатомии и оперативной хирургии: Учеб. Пособие, 2005 г.

   17. Островерхов Г.В., Бомаш  Ю.М., Лубоцкий Д.Н. Оперативная хирургия  и 

          топографическая  анатомия, Учебник  для медвузов, 2005.

    18. Семенов Г.М.,В.А. Лебедев, Топографическая анатомия и оперативная хирургия для 

           стоматологов: учеб. пособие /  - СПб.: Питер, 2008

    19.  И.А. Баландина  Топографическая анатомия детского возраста: учеб. пособие, 2007

 

  Қосымша:

  1. Гайворонский  И. В., Нормальная анатомия человека: учебник, 2-х  том, 2011
  2. Сапин М.Р., Д.Б. Никитюк., Л.М. Литвиненко  Атлас анатомии человека для стоматологов /  - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009.
  3. Гайворонский И.В. Ничипорук Г.И. Клиническая анатомия черепа : Учеб. пос. для медвузов /  - СПб. : ЭЛБИ-СПб, 2006
  4. Неттер, Френк   Атлас анатомии человека, - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007.
  5. Ә.Б. Әубәкіров, Ф.М. Сүлейменова.        Адам анатомиясы. Атлас: тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / - Астана : Сарыарқа 1 том. – 2011..

 

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүрек топографиясын айтыңыздар.
  2. Жүрек құрлысын атаңыз.
  3. Қандай  артериялар жүректі қанмен қамтамасыз етеді.
  4. Жүректен веналық  қанның ағу жолын көрсетіңіз.
  5. Жүрек иннервациясын айтыңыз.
  6. Жүректің қақпақтық аппаратына сипатама беріңіз.
  7. Қолқа топографиясын айтыңыз.
  8. Қолқа доғасының тармақтарын атаңыз.
  9. Қолқа буылтығынан шығатын тамырларды атаңыз.
  10. Өкпе бағанасның топографиясын атаңыз.
  11. Өкпе бағанасы қандай тамырларға бөлінеді.
  12. Балалардағы тамырлар құрылысының ерекшелігін көрсетіңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жүректің топографиялық анатомиясы және оның кеудеге проекциясы