Кеуде торының пішіні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:59, реферат

Краткое описание

Кеуде торы пішіні жағынан жоғарғы шеті тар, ал төменгі шеті кеңдеу сопақ екі шеті де қиғаш кесілгендей. Сонымен қатар кеуде кеуде торының овоиды алдынан артқа қарай шамалы қысылған.
Кеуде торында екі тесік немесе апертурасы бар: жоғарғы және төменгі, төменгісі бұшықет перде – көкетпен жабылған. Төменгі апертураны шектейтін қабырғалар доға түзеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а)Тұтас кеуде торы пішіні.
б)Кеуде торының қозғалысы.
ІІІ.Қорытынды
ІҮ. Пайдалынған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

анатомия сож наргиза.doc

— 53.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Мемлекеттік қазақ-түрік университеті

 

 

 

 

СӨЖ

 

ТАҚЫРЫБЫ: Кеуде торының  пішіні

 

                                        

Орындаған: Юлдашева Н

                               Оқу тобы: ЖМ-120

Қабылдаған: Абдижаппаров Б.А

 

 

 

 

 

Шымкент 2009ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а)Тұтас кеуде торы пішіні.

б)Кеуде торының қозғалысы.

ІІІ.Қорытынды

ІҮ. Пайдалынған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтас кеуде торы пішіні.

Кеуде торы пішіні жағынан жоғарғы шеті тар, ал төменгі шеті кеңдеу сопақ екі шеті де қиғаш кесілгендей. Сонымен қатар кеуде кеуде торының  овоиды  алдынан артқа қарай шамалы қысылған.

Кеуде торында екі тесік немесе апертурасы бар: жоғарғы және төменгі, төменгісі бұшықет перде – көкетпен жабылған. Төменгі апертураны шектейтін қабырғалар доға түзеді.

Төменгі апертуранның алдыңғы жиегінде, төсасты бұрышы болады, оның шетінде семсертәрізді өсінді орналасқан. Омыртқа бағанасы орта сызығы бойымен кеуде қуысына еніңкірейді  де,  оның жандарына қарай, онымен қабырғалары  арасында кең өкпе жүлгелері пайда болады, оларда өкпенің артқы жиектері орналасады.

Сүтқоректілерде, горизонталды қалыпта жүретіндіктен, ішкі ағзалар және төменгі қабырға қысымы түсіреді. Кеуде торы ұзын және тар, соның өзінде вентро – дорсалды шамасы көлденеңінен үлкен. Кеуде торы қырсүйек түріндей  шығыңқы вентралды қабырғасы бар бүйірлері жағынан қысыңқы болады. Маймылдарда тік жүруге көшуге және қол-аяқтарының  аяқ және  қолға бөлінуіне байланысты кеуде торы  кеңейіп, қысқарады, алайда вентро-дорсалды шама көлденең шамадан басым келеді (маймылдық пішін), ақырында толығынан тік жүруге көшуге байланысты адамда қол, жүру  қызметінен  босап, ұстап тұратын еңбек мүшесіне айналып, соның әсерінен кеуде торы  оған  бекитін  қолдардың тарту  күшіне тап болады: ішкі ағзалар енді алдыңғы қабырғаға айналған вентралды қабырғаға  емес, көкеттен дененің ауырлық сызығы дененің вертикалды қалпы кезінде омыртқа бағанасына жақындайды. Осы айтылғандардың нәтижесінде кеуде торы жалпайып және кейіңейіп, көлденең шама алдыңғы артқы шамадан асып түседі.

Осы филогенез үрдісін  бейнелей отырып, кеуде торы онтогенезде түрлі пішінге ие болады. Нәресте тұрып, жүріп және қолқа – аяқтарын пайдалануды үйреніп, сондай-ақ бүкіл қимыл аппарты  мен ішкі ағзалары өсіп, дамыған  сайын  оның кеуде торы бірте-бірте көлденең шамасы басым адамға тән пішінге келе бастайды.

Кеуде торының пішіні мен  шамасы да едәуір дара өзгерістерге (вертиацияларға) ұшырып  отырады,  оның себебі нақты адамның тіршілік қалпы  мен мамандығына байланысты  оның бұлшықеттері мен өкпесінің  даму дәрежесінен туады. Кеуде торына жүрек пен өкпе сияқты  тіршілік қалпы мамандығына байланысты оның   бұлшықеттері мен өкпесінің даму   дәрежесіінен  туады. Кеуде торына жүрек пен өкпе  сияақты тіршілік  үшін аса маңызды ағзалар орналасатындық тан жеке адамның дене дамуын бағалап, ішкі ауруларына диагноз қоюда бұл вариациялардың үлкен маңызы бар.Әдетте кеуде торының үш пішінен ажыратады; жалпақ, цилндрді және конусты.Бұлшықеттері мен өкпесі жақсы дамыған адамдардың кеуде торы кеңейіп, бірақ қысқарып,  конус пішінге ие болады, яғни оның төменгі жоғарғы  бөлігіне қарағанда кеңдеу, қабырғалары онша ілілмеген үлкен. Мұндай кеуде торы тыныс алу күйінде тұрған сияқты, сондықтан  оны иеспираторлық  деп ататйды. Керісінше, мускулатурасы мен өкпесі нашар дамыған адамардың кеуде торы  тар және ұзын, жазық пішінді, алдыңғы – артқы диаметрінде қатты жайпақтанғандықтан, оның алдыңғы тік дерлік тұрады, қабырғалары  тым иілген, сүйір. Кеуде  торы тыныс дықшығаратын  күйде сияқты, сондықтан оны респираторлық  деп атайды. Цилиндрлі пішін сипатталған екі  пішіннің  аралығында болады. Әйелдердің кеуде торы  еркектердікіне қарағанда қысқалау және төменгі бөлімінде тарлау және жұмырлау. Кеуде торының пішініне әлеуметтік жағдайлар да  әсерін тигізеді. Мысалы, дамушы елдердегі жарық аз түсетін үйлерде тұратын кедейлердің балалары  тамақтың аздығынан және күн сәулесінің  жетімсіздігінен  рахитпен (“ағылшын науқасы”) ауырады, бұл жағдайда  кеуде торы “тауық кеудесі” пішініне ие болады: алдыңғы-артқы шама басым болып, төс тауықтың  кеудесі сияақты қалыптан тыс шығып тұрады. Бүкіл өмір бойы аласа орындықта еңкейген күйде отырып, кеудесін аяқ киім негізіне  шеге қағуға ьтіреніш ретінде пайдаланатын етікшілердің кеуде торының алдыңғы қабырғасында ойыс пайда болғандықтан, ол қушық кеудеге айналады.Партаға дұрыс отырмағаннан  бұлшықеттердің нашар даму нәтижесінде кеудесі ұзын және жазық балалардың  кеуде торы  босап тұрған сияқты, ал бұл жүрек пен өкпенің қызметіне теріс әсерін тигізеді. Баланың  ауруын болдырмау үшін дене шынықтырумен айналасу керек.

Кеуде торының қозғалысы. Қабырғалар төспен бірге біресе көтеріліп, біресе төмен түскен кезде қабырғалардың байланыстарын сипаттағанда  айтылған біліктің айналасында қабырғалардың артқы ұштары айналады, соның өзінде олардың алдыңғы ұштары кеуде торы алдыңғы – артқы шамада еңкейетіндей болып көтеріледі. Айналу білігінің қиғаш бағытты  болуынан бір мезгілде  қабырғалар жан-жаққа қарай  ығысып, соның   нәтижесінде кеуде торының көлденең шамасыда үлкейеді. Қабырғалар көтерілгенде шеміршектердің өздері созылып, ширатылады. Бұлшықеттік актіден болатын тыныс алу біткеннен кейін қабырғалар төмен түседі де, енді тыныс шығару басталады.

Жаңа туған сәбиде омыртқа жотасының иілімі сегізкөз бен құйымшақ бөлігінде ғана болады. Мойын иілімі сәби дүниеге келіп, 6-7 аптадан кейін басын өзі ұстай бастағанда пайда болады.  Сәби еңбектеп, отыруға бейімделген 6 айлық кезінде кеде бөлігі артқа қарай  иіліп, кеуде иілімі айқын білінеді. Сәби тұрып, қаз- қаз басып жүре бастаған кезде, яғни 1жасқа келгенде бел бөлігі алдыға қарай иіліп, бел иілімі қалыптасады.

 

Қорытынды: Міне сондықтан бастапқы кезде  бұл иілімдер онша тұрақтана алмайтындықтан, бала тез шаршайды, оның тік қалпын сақтауға бұлшықет, сіңір жәрдемдеседі.

Бала 7 жасқа келгенде мойын және кеуде иілімдері, ал 12 жаста бел иілімдері толық қалыптасып бітеді,

Сондықтан омырқа жотасы партаға дұрыс отырмаудан, әртірлі аурулар салдарынан иілімдерін бұзады, яғни омыртқаның бір жағында қарай қисаюы  байқалады. Әсіресе арқа және бел омыртқалары тез   қисаяды. Мұндай жағдайда адам ішкі мүшелері қызметтерінің бұзылуы әсерінен тік жүре алмай, жамбастап , бір жағынан жантая жүретін  болады. Міне, сондықтан да омырқа жотасының қалыптасуының ағза үшін физиологиялық маңызы зор болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

    1. Алшынбай Рақышев “ Адам анатомиясы “ І том, Алматы  2004 ж.
    2. Жандар Керімбектің Ермаханы “Тәнтану (адам анатомисы)” 2- басылымы, алматы, “білім”, 2004 ж.

 

3.”Орысша – қазақша медициналық  сөздік”, І және ІІ басылымдары, Алматы, Атамұра, 1999 ж., 2003 ж.Алматы, Т.Ә.Момынов, А.Р.Рақышев 

 

4.”Адам анатомиясы” Алматы, “Білім”, 1994ж. Ю.Н. Копаев. Д.А.Жданов.

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а)Тұтас кеуде торы пішіні.

б)Кеуде торының қозғалысы.

ІІІ.Қорытынды

ІҮ. Пайдалынған әдебиеттер

 

 


Информация о работе Кеуде торының пішіні