Компьютердің пайдасы мен зияны
Орындаған : Жантикенова Лиза
Тексерген: Исламова Клара
Компьютердің пайда болу тарихы
- Қазір өзін заманауи адам
деп санайтын әрбір жан, ғылыми техникалық
заманға сай әрбір мекеме компьютерсіз
бір күн де өмір сүрмейді. Осыған дейін
қолданылып келген барлық есептеуіш құралдардың
жұмысы, күрделі алгоритмдер, сынақтар
қазіргі кезде осы бір кішігірім қорабы
бар терезенің бір ғана командасымен жүзеге
асуда.
- Сонымен компьютер деген
не нәрсе?
- Компьютер (ағылш. computer —
«есептегіш»), ЭЕМ (электрондық
есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютер жүйелік блок, пернетақта, дисплей, тышқан, кейде принтер және сканерден тұрады.
- Компьютердің адамға пайдасының шексіз
екендігі беймәлім емес, ал зиянынАдам
компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда:
мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық
еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға
артық жүктеме, остерохондроз, ал балаларда
— сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс
істейтін адамдарда, орындықта көп отырғанда,
жамбас мүшелерінде қан айналысының нашарлауына
әкеліп соғады, мұның салдарынан — простатит
және геморрой пайда болады, бұларды емдеу
— ұзақ процесс. Бұдан басқа, қозғалыстың
аз болуы май басуға әкеледі.
- ың өзі бөлек бір мәселе . Демалыссыз ұзақ уақыт бойы
компьютер алдында отыру көзге көп кері
әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.
- Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі
басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда
болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы
аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан
әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы
жағдайға өтеді.
- Бұған қоса және жағымсыздықтары бала
күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен
тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі
күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы
қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға,
ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға
талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне
де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен
гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім
тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне
ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.
Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай
бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен
тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған
дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...
- Ұйқы бұзылады. Қалыпты жағдайда адам денесінің температурасы күндіз жоғары, түнде төмен болады. Егер ұйықтар алдында компьютер қолдансаңыз, экран жарығы көз бен жүйкені тітіркендіріп, дене температурасының өзгеріс заңдылығына ықпал жасап, әуелгі температураны жоғарылатып, ұйқының сапасына ықпал жасайды. Тіпті, ұйқысыздық, көп түс көру сияқты қалыпсыздықтар орын алуы мүмкін. Сондықтан, компьютер ұйқыдан 2 сағат бұрын өшірілуі керек. Әдетте жатын бөлмеге теледидар, телефон, компьютер сынды үй-электро жабдықтарының орналаспағаны дұрыс. Жайлы ұйықтау үшін ұйқы алдында аяқты ыстық суға малу немесе бір стақан сүт ішіп ұйықтаудың тәннің саулығына берері мол.
- Қатерлі ісік (рак) ауруына
қарай жетелейді. Компьютерден шықан ультрасәуле адам денесінің қан айналым жүйесіне, ауруға қарсылық қуатына, бүйрек және зат алмасу қызметіне ықпал жасайды. Егер бұлайша ұзақ уақыт жалғаса берсе, қатерлі ісік дертіне шалдығу мүмкіндігі де артады екен.
- Өрбу жүйесіне ықпал жасайды. Бастысы ерлердің белсіздігі мен жыныстық
белсенділіктің төмендеуіне апарады.
Бұл жағдай жұбайының түсік тастауына
немесе іштегі баланың қалыпсыз дүниеге
келуіне әсер етуі мүмкін.
- Жүрек-қантамыр жүйесіне ықпал
жасайды. Адамның жүрек-қантамыр жүйесіне ықпалы жүректің қысылуы, ұйқысыздық, әйелдердің ішкі қалыпсыздығы, жүректің баяу соғуы, ақ қан жасушаларының азаюы, ауруға қарсылық қуатының төмендеуі сынды кері әсерлер туындайды.
- Сезу жүйесіне ықпал жасайды. Көз – адам денесіндегі электро-магниттік сәулеге ең сезімтал мүше саналады. Қалыптан тысқары электро-магниттік сәуле алдында отыру көздің сезімталдығын төмендетіп, көру қуатын әлсірете береді.
- Симптомдары
- Ғалымдар ауру мен
интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына
келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке
тәуелделектің симптомдарына қатысты
бір ауыздан төмендегідей бәтуа берген:
- Интернетте жиі әрі
бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру;
- Бақылауды жоғалту
(белгілеген уақытынан көп отыру);
- Айналасындағы адамдарға
деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды
елемеу, байланысын үзу);
- Жұмысын қысқартып,
оны тастап, интернетке ұмтылып тұру;
- Интернетте отыруды
әдетке айналдыру;
- Интернетті пайдалануға
кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы;
- Көп рет интернет
пайдалануды қоямын деп қоя алмау;
- Компьютерден шығатын
электромагниттік сәуленің адам ағзасына
зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып
келеді. Алайда бұл барлық компьютерлерге
тән емес. Қазіргі компьютерлерге қарағанда
ертеректе шыққандары қауіпті. Олардың
арасындағы айырмашылық өте үлкен. Кейінгі
жылдары шығарылған компьютерлер өз құрылысына
қарай үш түрге бөлініп келді: «ақ», «сары»,
«қызыл» болып. «Ақ» құрылысты компьютерлер
АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа ердерінде
шығарылғаны. Олар сапалы да қауіпсіз.
«Сары» құрылысты компьютерлер Азия елдерінде
(Гонконг, Тайвань) жасалынғаны. Сапасы
өте жоғары емес. «Қызыл» құрылысты компьютерлер
өзіміздің шеберлердің құрастырғандары.
Зиянды сәулені көбірек бөлетіні де осылар.
Компьютермен
жұмыс жасау ережелері
- Компьютерді дұрыс орналастыру
- 1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
- 2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
- 3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
- 4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
- 5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
- 6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
- 7. Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут үзіліс жасап тұрады.
- 8. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
- 9. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
- 10. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут дем алады.
- 11. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет
Компьютердің мониторы
мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде
50 см болуы қажет.
Компьютер тұрған бөлменің
ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса
күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын
(влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен
жақсы болады.
Компьютермен жұмыс істеп
болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен
жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек
адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут,
ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын
15 минут үзіліс жасау керек.
Оқуға тиісті құжаттарды
принтерден басып шығарып алып оқыңыз.
Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.
Компьютердің
пайдасы
- 1. Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа
бір түрін әкелді. Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті
күшейтіп, әрі көңіл көтерумен
ұштастырады.
- 2. Кеңінен жайылу. Интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы
өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.
- 3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың
қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа
түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы
адамға осы мағлұматтарға әртүрлі
жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік
туғызады.
- 4. Байланыстың
жеңілдігі. Электрондық
пошта - әлемдегі байланысу жолдарының
ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы
әлемнің кез-келген бұрышындағы
адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын
іс-қағаздарын жібере аласыз.
- 5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды
сақтаудың жеңілдігі. Интернет арқылы төмендегідей
істерді атқаруыңызға
болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды
тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ
сақтап, «есіне» жаттайды».