Медико-биологиялық хабарларды алудың, таратудың және тіркеудің құрылымдық сұлбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 12:55, реферат

Краткое описание

Әлсіз фототоктарды күшейту үшін фотоэлектрондық көбейткіштер (ФЭУ) қолданылады, оларда фотоэффект құбылысынан басқа, электрондардың екінші ретті эмиссия құбылысы қолданылады. Құрал бірнеше аралық электродтары бар (электронды оңай шығара алатын затпен қапталған динодтар) вакуумді фотоэлемент болып табылады. Жарық катодқа түсе отырып, фотоэлектрондық эмиссияны тудырады. Электрондар электр өрісімен үдетіліп, бірінші динодқа келіп, одан көп мөлшерде екінші ретті электрондарды ыршытып шығарады. Ал осы электрондар өріспен үдетіліп, екінші динодқа келіп соғылады, осы кезде олардың саны тағы артады. Сөйтіп, электрондардың ағыны біртіндеп күшейеді, яғни жүз мыңдаған есеге жететін көп каскадты күшеюі пайда болады.

Содержание

1. Медика- биологиялық ақпараттарды алу, таратып, тіркеу.
2. Электродтар.
3. Датчиктер.
4. Сигналдың берілуі. Радиотелеметрия.

Вложенные файлы: 1 файл

Серикказыева Мөлдір 130 топ ЖМФ.doc

— 309.50 Кб (Скачать файл)

Радиотелеметрия деп хабарды алу қондырғысы мен тіркеу қондырғысының сымдар не радио арқылы байланысын айтады. Осындай өлшеулер телеметрияға, не биотелеметрияға жатады. Байланыстың осы түрі космостық зерттеулерде космос кораблінің, экипажының күйі жайында, спорттық медицинада- жаттығу кезінде спортсменнің физиологиялық күйі жайында хабарлар алу үшін кең қолданылады. Мысалы, спортсменнің шлемінде бекітілген радиотолқындарды сәулелендіргіш таратқыштың антеннасының көмегімен 300—500 м (яғни стадион аумағында) аралықта оның күйі жөнінде мәліметтерді алуға болады.

Радиотелеметрия ас қорыту жолын эндорадиозондтау үшін де қолданылады.Радиотаратқышы (эндорадиозонд) бар кішкене капсуланы науқас жұтады. Таратқыш жиілігінің өзгерісі бойынша пациент жанында орналасқан қабылдағыш арқылы капсула орналасқан жердегі қысымды, қышқылддәрежесін, температураны және т.б. өлшеуге болады (сурет 6).

 

 

 

 

 

     Сурет 6.                                     Сурет 7. Ас қорыту ферменттерінің белсенділігін                                                                                                                                                            арналған эндорадиозондтың сызбасы.

     Ол негізгі 3 бөліктен тұрады: 1- бір ұшы алынатын насадкада орналасқан  кернеу көзі;

2- ферментте  еритін ферромагнитті ұнтақ пен  бөлшектерден престелген диск; 3- транзистор мен радиосызбаның басқа да бөліктері. Диск кернеу көзі сияқты алынатын насадкаға орнатылған, бір рет пайдаланылғаннан кейін, басқаға ауыстыруға болады.Диск индуктивтілік катушкаға (4) жабыстырылып, онымен бірге тұйықталған мангиттік өткізгішті құрайды. Дискінің ферромагнитті ферменттермен еру жағдайына қарай тізбектің индуктивтілігі (L) кемиді, ал генератор жиілігі артады. Қабылданатын жиілік бойынша ферменттердің белсенділігі жайында айтуға болады.

Техникалық жүйенің соңғы элементі медико- биологиялық хабарды бейнелейтін не тіркейтін өлшегіш (бақылағыш) қондырғы болып табылады. Бейнелейтін қондырғы хабарды уақытша суреттейтін, жаңа хабар пайда болған соң алдыңғысы ізсіз жоғалып кететін қондырғылар. Осындай қондырғылар бейнелейтін хабарды сақтау үшін хабарды специально тіркеу керек. Бейнелейтін қондырғының медико-биологиялық жағдайда аз қолданылады: кедергінің  электротермометрі, пульстің жиілігін өлшеу т.б.

Медициналық электроникада кең таралған- тіркегіш құралдар, хабарды олар қандайда бір тасымалдағышта сақтайды. Ол алынған медико-биологиялық хабарды құжаттауға, сақтауға, көп рет пайдалануға, өңдеуге, талдауға мүмкіндік береді. Бейнелейтін және тіркегіш құралдар аналогты- үздіксіз, дискретті (үздікті) және құрамды болып бөлінеді. Құрамды құралдарда аналогты мен дискреттілердің мүмкіндіктері үйлестірілген.

Медико-биологиялық зерттеулер практикасында аналогты тіркегіш құралдары кең тараған. Олардың кейбіреуі өзі жазушы құралдар деп аталады. Медицинада, биология мен физиологияда тасымалдағышта хабарды тіркеудің мынадай тәсілі қолданылады:

а) заттың қабатымен  қаптау (бояғыш): сия- қауырсынды және ағынды жазу жүйелері;  б) тасымалдағыш затының күйін өзгерту: фототіркеу, электрохимиялық, электрофотографиялық (ксерография) и магнитті жазу;  в) тасымалдағыштан заттың қабатын алып тастау: сүрленген бет, жылулық жазу.

Физиологиялық тәжірибелерде қазір де қолданылатын қарапайым өзі жазатын құрал кимограф не электрокимограф болып табылады (сурет 8). Біріншісі серіппемен жұмыс жасайды, ал екіншісі электр двигателінің көмегімен барабанның бірқалыпты айналуы арқылы жұмыс жасайды.

 

 

 

                   Сурет 8.                                                        Сурет 9.

   Кимограф идеясы, яғни тасымалдағыш бетінің бірқалыпты айналуы не орын ауыстыруы

қазіргі кездегі аналогты тіркегіш құралдардың көпшілігінде сақталған. Осы тіркегіш құралдар зерттелетін шаманың уақытқа тәуелділігін тіркейді. Жазу құралының не жарық дағының тіркелетін шамаға пропорционал ығысуы алынған графиктің ординатасы болып табылады (сурет 9).

    Тасымалдағыштың бірқалыпты орын ауыстыруы (қағаз, фотопленка) абсциссаның уақытқа тура пропорционал екендігін білдіреді. Нәтижеде алынған қисық   у = f(t)  тәуелділігін айқындайды.  Медициналық аппаратурада қолданылатын өзі жазатын құралдар электрлік сигналды механикалық орын ауыстыруға түрлендіреді. Физикалық жағынан олар гальванометр болып табылады- күші аз токқа реагировать ететін жоғары сезімтал электрлік өлшегіш құралдар. Осы құралдарда катушка арқылы, сым рамкасы не тұзақ арқылы өтетін ток тұрақты магниттің магнит өрісімен өзара әсерлеседі. Осы әсердің нәтижесінде қозғалмалы бөлік (магнит, сым рамкасы не тұзақтың бөлігі) ток күшіне пропорционал ығысады, яғни электрлік сигналға пропорционал ығысады. Қозғалмалы бөлікпен жазғыш элемент жалғанған, ол жазу тасымалдағышында (арнайы капилляр қанат, не ағынды жазу құралында  ұшы (соплосы)  бар шыны капилляр, не жарық сәулесін не т.б. шағылыстыратын айна)  із қалдырады.

Сурет 10.

10- шы  суретте ағынды өзі жазушы құрал берілген. Мұндағы 1- электромагнит, оның орамдарынан тіркелетін электр сигналы өтеді; 2- цилиндр пішінді тұрақты магнит, ол шыны капиллярмен (3) қатаң байланысқан. Капилляр соплосынан (4) қысыммен сия ығыстырылып шығарылып, тұрақты магниттің ығысуына пропорционал, ендеше электромагниттегі ток күшіне пропорционал  із (у ) қалдырады.

Өзі жазушы құралдың маңызды сипаттамасы олар тіркеп үлгеретін тербелістер жиілігінің диапазоны болып табылады. Өзі жазушы құралдың қозғалмалы бөлігінің инерциясы неғұрлым жоғары болса, тіркелетін шаманың нақты өзгерісімен салыстырғанда

Тіркеудің кешігуі соғұрлым үлкен болады, ендеше құралдың сипаттамасы соғұрлым нашар болады. Өзі жазатын қондырғыларда өлшегіш құралдардың әдеттегі қателіктерімен бірге жазумен байланысты қателіктер де туады. Жазумен байланысты қателіктердің себептері қағаздың не фотопленканың орын ауыстыру механизмінің дәл жұмыс жасамауы,

құралдың жазу жүйесінің инерциясы тудырған кешігу, ауаның ылғалдылығы әсерінен қағаз өлшемінің өзгеруі, уақытты дәл белгілемеу және т.б.

Уақытқа тәуелділікті анықтайтын бір координатты жазу құралдарынан басқа зерттеу тәжірибелерінде екі координатты жазу құралдары кең таралған.

Сурет 11.

11-ші  суретте осындай өзі жазу құралының  сыртқы көрінісі берілген. Тіркеу  кезінде көлденең рейка бірқалыпты  орын ауыстырады, оның ығысуы  берілетін сигналдың біреуіне (х параметрлеріне) пропорционал. Рейка бойымен екінші параметрдің (у) өзгерісіне пропорционал жазу бөлігі бар каретка орын ауыстырады.Нәтижесінде жазу бөлігі күрделі қозғалыс жасайды, ол қағазда  у = f(x) функциясының графигін салады. Аналогты тіркегіш құралдармен қатар медициналық практикада хабарды тіркеу үшін инерциялы емес құрамды қондырғылар қолданылады, мысалы, электронды- сәулелі түтікшелер.  Мысалы, портативті вектор- кардиоскопта электронды- сәулелі түтікшелер бейнелеп, ұзақ суретке түсіру кезінде электро және векторкардиограмманы тіркейтін негізгі элемент болып табылады.

Сурет 12.

Электронды- сәулелі түтікше құрамды қондырғылар тобына жатады, өйткені ол шығатын хабарды тек аналогты түрде ғана емес (қосымша суретке түсіру кезінде тіркей алатын), сонымен бірге дискретті түрде де (сандар, әріптер) кескіндей алады.

  

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 тапсырма жазбаша түрде жеке орындалады және басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға тиісті. А4форматты  ақ қағазда,  Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда  орындалуы тиіс.   Сол жақтан -  30 мм,  оң жақтан - 10 мм,  жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

Реферат көлемі -  6-10 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Медико-биологиялық хабарларды алудың, таратудың және тіркеудің құрылымдық сұлбасы