Медициналық сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2014 в 10:29, реферат

Краткое описание

Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл нысан, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда іске асырылмайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Медициналық сақтандырудың екі түрі бар.docx

— 37.53 Кб (Скачать файл)

Медициналық сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті.

Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл нысан, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда іске асырылмайды.

Міндетті медициналық сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған конститутциялық құқығын іске асыруға бағытталған.

Міндетті медициналық сақтандырудың құндылығы келісімшарт тәртібінің болуы, демек, келісімшарт орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай медициналық мекемелердің кепілденілген ақша алуы, медициналық жәрдем жақсы болса, бұл медициналық мекемеге аурулар көп келетіндіктен медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға ұмтылуы және т.б. болып табылады. Дәрігерлер ауруды емдеуге ынталы болады; сөйтіп, медицинаға қалыпты рыноктық қатынастар енгізіледі.

Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,ең дұрысы міндетті және ерікті медициналық сақтандырудың үйлесімі болып табылады.

Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты - міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.

Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың жұмыс істеуі медщиналық қызмет көрсетудің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың - медициналық мекемелердің, олардың жұмыскерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей мүдделігі пайда болады. Басқа жағынан, медициналық көмекті тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан пациенттердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады.

Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы - еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеунің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс-әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны - бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

    
              Мiндеттi медициналық сақтандыру кезiнде  
                көрсетiлетiн медициналық жәрдемнiң  
                    кепiлдiктi мөлшерi туралы  
 
                          Е Р Е Ж Е  
 
      Медициналық қызмет кепiлдiктi мөлшерiнiң шегiнде мiндеттi медициналық сақтандырудың шартына сәйкес, медициналық мекеме мен емдеушi дәрiгердi азаматтардың қалап алуы құқығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында iске асырылады.  
      Медициналық жәрдемнiң кепiлдiктi мөлшерiне халықтың медициналық көмекке ден қоюы арқасында жүзеге асырылған профилактикалық, емдiк-диагностикалық, қайтадан қалыптандыру шаралары енедi.  
      Кепiлдiк көлемiн қаржыландыру мiндеттi медициналық сақтандыру қорынан жүзеге асырылады.  
      Осы Ереженiң негiзiнде облыстарда, қалаларда медициналық қызметтiң деңгейi осы Ережеде анықталған дәрежеден бiрде-бiр кем емес мiндеттi медициналық сақтандырудың аумақтық бағдарламасы дайындалады және бекiтiледi.  
      Көрсетiлетiн медициналық көмектiң мерзiмi мен көлемiн, сапасын бақылау (шарт жағдайларына сәйкес) медициналық сақтандыру ұйымының, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының органы арқылы жүргiзiледi.  
      Медициналық мекемелер ерiктi медициналық сақтандырудың көлемiн

мiндеттi, медициналық жәрдемнiң кепiлдiктi мөлшерiнiң бағдарламасына

ешқандай зардабын тигiзбей жүзеге асырады.

     Медициналық көмектiң  кепiлдiктi мөлшерi Қазақстан Республикасының

Министрлер Кабинетiнiң кемiнде үш жылда бiр рет ұдайы қарауына және

бекiтуге жатады.

 

     Қазақстан Республикасы  азаматтарына мынадай кепiлдiктер  берiледi:

     1. Алғашқы медициналық  көмекпен қамтамасыз етуге:

     а) диагностика және амбулаторлық жағдайда емдеу, дәрiгерге дейiнгi

көмек кезiнде:

     - қатты және созылмалы ауруларда;

     - жарақат пен кездейсоқ  сәтсiз жағдайда, уланғанда;

     б) вакуум-аспирация  әдiсiмен мерзiмi аз жүктiлiк тоқтатылғанда; 

     в) медициналық мекемеге бара алмайтын науқасқа диагностикалық

емдеу аурудың жағдайы мен сипаты бойынша үйде жүргiзiлгенде;

     г) амбулаторлық жағдайда  мынадай ауруларды қалпына келтiруге:

     - соматикалық, жұқпалы  ауруларымен ауырғандар;

     - операция жасалғандар;

     - ми қан тамырларының  сырқаты;

     - ми жарақаты мен  оған операция жасалғанда;

     - жүрек бұлшық етi iрiгенде (инфаркт);

     - шеткерi жатқан жүйке жүйесiнiң ауруы және зақымдануы;

     - қозғалу мүшелерi қызметiнiң  өрескел бұзылуы түрiндегi ауру;

     жұлын ауруы және зақымдануы;

     туа пайда болған жүрек ақауының дамуы мен балалар миының

паралич ауруы;

     күюден немесе химиялық зақымданудан пайда болған тыртық;

     босанғаннан кейiн акушерлiк асқынуға шалдыққан науқас әйелдердiң

денсаулығын (бiр жыл iшiнде) қалпына келтiру;

     д) аурулардың алдын алу бойынша шаралар өткiзу;

     диспансерлеу, жоспар бойынша динамикалық бақылау мен

емдiк-сауықтыру және профилактикалық шаралар жүргiзу:

     - 15-тен 18 жасқа дейiнгi жеткiншектерге;

     - оқушылар мен күндiзгi бөлiмде оқитын студенттерге;

     - жүктi және жас босанған әйелдерге;

     - барлық топтағы мүгедектерге  және жеңiлдiк бойынша оларға

теңелетiн адамдарға; 
      - жүрек-қан тамыр ауруы және iшкi секреция бездерi ауруларын

диспансерлеу, оларға динамикалық бақылау жасау, емдiк-сауықтыру

және профилактикалық шараларын ұйымдастыру;

     е) стоматологиялық көмек:

     - тiстiң қатты ауырған  кезiнде;

     - тiс шiруiнiң (кариес) асқына қоймаған түрiнде, гингивиттер,

ауыз iшi кiлегей қабығының ауруы кезiнде;

     - 18 жасқа дейiнгiлерге (толық көлемде, ортрдонтияны қоса),

студенттерге және оқудың күндiзгi бөлiмiнде оқитындарға, мүгедектерге,

зейнеткерлерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдерге,

сол сияқты мүгедек бала тәрбиелеп отырған әйелдерге;

     ж) Қазақстан Республикасының  заң шығарушы өкiметi және мемлекеттiк

басқару органдарының арнайы қаулыларына сәйкес балалар мен үлкендерге

дәрi-дәрмектiк көмек.

     2. Стационарлық көмек:

     а) науқастарға стационарлық  көмек:

     - жүктi және босанған  кезде;

     - қатты сырқаттанғанда;

     - созылмалы дерттiң қозған уақытында;

     - жарақаттанғанда;

     - күйгенде;

     - уланғанда;

     - стационарлық жағдайда  емделудi немесе басқадай шұғыл көмектi

қажет ететiн созылмалы ауруы бар науқастарға;

     - медициналық және  әлеуметтiк көрсетiлiмдер бойынша түсiк

түсiргенде;

     - жұқпалы аурумен сырқаттанғанда;

     б) медициналық көрсетiлiм  бойынша хирургиялық тазарту

(стерилизациялау);

     в) ауруларды қалпына келтiру емi:

     жұлын зақымданғанда  және ауырғанда;

     iштен туа бiткен жүрек ақауы оның дамуына және балалардағы

ми параличiне;

     селқос ұмытшақтыққа;

     жарымжандық зардабына операция жасалғанда;

     жүйкенiң тұрақты  бұзылуынан ми-қан тамырының ауруымен

зақымдануынан зардап шеккенде;

     жүйкенiң тұрақты  бұзылуынан шеткерi жатқан жүйке жүйесiнiң

ауруы мен зақымдануы салдарынан зардап шеккенде;

     қозғалыс қызметiнiң  тұрақты бұзылуынан басқа тұқым  қуалаушылық

ауруы салдарынан зардап шеккенде;

     күюден немесе химиялық зақымданудан пайда болған тыртық;

     жүрек бұлшық етi iрiгенде;

     өмiрде маңызды дене мүшелерi құрылысына операция жасалғаннан соң

(өкпе, жүрек, бауыр, т.б.);

     iшкi құрылыс пен тканьдердi ауыстырғаннан кейiн.

     3. Халықтың жекеленген контингенттерiне медициналық көмек

ұйымдастыру; 
      қалпына келтiру емiн, жедел және стационарлық, амбулаторлық-емханалық көмектi қоса жоғары маманданған медициналық көмек толық көлемiнде 14 жасқа дейiнгi балаларға кепiлдi түрде көрсетiледi.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiнде халыққа медициналық

көмек көрсетуде бiрдей жағдайды қамтамасыз ету үшiн денсаулық

қорғау қорын пайдаланады.

     Бюджеттегi мекемелер қызметкерлерi мен халықтың еңбекке

жарамсыздарының жұмыс iстемейтiндердiң мiндеттi медициналық

сақтандыруға төлейтiн сақтық төлемiнен басқа денсаулық қорғау

саласы қорының қаржысы мыналарға жұмсалады:

     а) жедел және кезек күттiрмейтiн медициналық көмектi қаржыландыру

мына жағдайда:

     - кенеттен ауырғанда және науқастың өмiрiне қауiп төнгенде;

     - жарақаттанғанда және  кездейсоқ сәтсiздiкке ұшырағанда;

     - қатты ауыр соматикалық, хирургиялық және жұқпалы ауруларға

тап болғанда;

     б) арнаулы медициналық көмек мынадай жағдайда қаржыландырылады;

     - жүйке ауруханалары, жүйке-нерв диспансерлерi, емхана

құрамындағы жүйке ауруы кабинеттерi;

     - терi-венерологиялық  диспансерлерi, диспансерлер мен аурухана

бөлiмдерi, кабинеттер;

     - наркологиялық ауруханалар, диспансерлер, емдеу-профилактикалық

мекемелерiнiң құрамындағы кабинеттер;

     - барлық топтағы мүгедектерге  арналған госпитальдар;

     - жоспарлы және шұғыл кеңес көмегiн беру бөлiмдерi;

     в) аурулардың профилактикасы бойынша шараларды қаржыландыру;

     - халықтың жасөспiрiм  және ересектерiне профилактикалық егу

жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу; 
      г) онкология диспансерлерiнiң қызметiн, туберкулез ауруларын, бруцеллез бөлiмдерiнiң диспансерлерiн, лепрозорийлар, трахоматоз диспансерлерiн, СПИД-пен күрес жөнiндегi орталықтарды, балалар үйлерiн, балалар санаторийлерiн, үлкендердiң туберкулез санаторийлерiн, сүт кухнясын, медициналық статистика бюросын, соттық-медициналық және патологиялық-анатомиялық сараптау бюросын, қан құю станциясын (бөлiмдерiн, кабинеттерiн), арнаулы медициналық жабдықтау баздары мен қоймаларын;  
      д) кардиологиялық-хирургиялық және дене мүшелерi мен тканьдарын ауыстырғандағы төлем Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бекiткен тiзбесi бойынша жүргiзiледi;  
      е) жаппай ауырған кезде, зардап шеккен аймақтарға, халықтың денсаулығын қорғау саласында апат және басқа да мақсаттарға көрсетiлген медициналық көмек үшiн жұмсалады.  
      Кәсiптiк және басқа аурулардың шығуы кезiнде өткiзiлген профилактикалық, емдеу-диагностикалық, санитарлық-гигиеналық, қалпына келтiру шаралары науқастың шығуына жауапты өндiрiстiк кәсiпорындар қаражаты есебiнен қаржыландырылады. 
                               
          Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры туралы  
                           Е Р Е Ж Е  
 
                        1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры мемлекеттiк, бюджеттен тыс қаржылық-банкiлiк жүйе болып табылады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмiмен құрылады және меншiк нысандарына қарамастан медициналық мекемелердiң (оларға теңестiрiлген адамдардың) мiндеттi медициналық сақтандырудың аумақтық бағдарламасы шеңберiнде халыққа көрсететiн медициналық қызметiн қаржыландыруға арналады.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры республикалық, облыстық деңгейде құрылады және өз қызметiнде "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.  
 
                 II. Мiндеттi медициналық сақтандыру  
                          қорының мiндеттерi  
 
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының негiзгi мiндеттерi:  
      _ мiндеттi медициналық сақтандырудың аумақтық бағдарламасы шеңберiнде халыққа медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығындарды қаржыландыру;  
      - мiндеттi медициналық сақтандырудың мақсатты бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру жөнiндегi шараларды қаржыландыруға қатысу;  
      - мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызмет

көрсету шарттарын теңестiру мақсатымен тиiстi аумақтарда мiндеттi

медициналық сақтандыру қорларын қаржыландыру;

     - кадрлардың кәсiптiк  даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыруды

қамтамасыз ету;

     - сақтандыру қызметi бойынша нұсқаулық-әдiстемелiк материалдарды,

арнаулы бюллетеньдердi шығару;

     - медициналық сақтандыру  мәселесi бойынша халықаралық 

ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

 

              III. Мiндеттi медициналық сақтандыру

                       қорының қаржысы 
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қаржысы мемлекеттiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қарамағында болады.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорларының (барлық деңгейдегi) банктерде есеп шоттары болады.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қаржысы.  
      "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншiк нысанына қарамастан жұмыс берушiлердiң мiндеттi түрдегi аударымдары:  
      - жұмыс iстемейтiндердi, жұмысқа жарамсыздарды және бюджеттегi ұйымдардың қызметкерлерiн мiндеттi медициналық сақтандыруға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаржысының мiндеттi түрдегi аударымдары;  
      - мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiнде шарт жасасудан бұлтарғаны үшiн жұмыс берушiлерге салынатын айып санкциялары;  
      - республика кәсiпорындарының, қайырымдылық қоғамдары мен азаматтарының ерiктi жарналары мен тартулары есебiнен құралады.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына мiндеттi әрi мақсатты аударымдарды, ерiктi жарналарды, айып пұлдар мен басқа түсiмдердi төлету мен есепке алу, оларды тиiстi есеп-шотқа тiркеу және пайдалану Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.  
      Жергiлiктi бөлiмшелердiң билiгiне қалдырылатын мiндеттi медициналық сақтандыру қоры қаржысының мөлшерiн жыл сайын Қор басқармасы анықтайды және оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.  
      Қор қаржысын жинақтау және оны пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнде, оның филиалдарында ағымдағы есеп-шот, сондай-ақ шетел валютасына түскен қаржы мен асыл заттарды қабылдайтын арнаулы есеп-шот ашылады.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қаржысын жұмсаудың негiзгi бағыттары мiндеттi медициналық сақтандырудың республикалық және аумақтық бағдарламаларында, денсаулық сақтаудың инфрақұрылымының материалдық-техникалық базасының өзгеруiн ескере отырып анықталады.  
      Қор қаржысының уақтылы, толық түсуiн және дұрыс жұмсалуын мемлекеттiк медициналық сақтандыру жүйесi Қазақстан Республикасында заңдардың орындалуын қадағалайтын салық қызметi мен құрылымдарды қатыстыра отырып бақылайды.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының есеп берiлген жылда пайдаланылмаған қаржысы алып қоюға жатпайды және келесi қаржылық жылға ауысады.  
 
                IV. Мiндеттi медициналық сақтандыру  
                           қорын басқару  
 
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының басшылық органдары оның басқармасы, атқарушы дирекциясы және тексеру комиссиясы болып табылады.  
      Қор басқармасы, атқарушы дирекциясы және тексеру комиссиясы республикалық деңгейде құрылады.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының басқармасы өзiне жүктелген мiндеттердi республика Үкiметiмен Денсаулық сақтау министрлiгiмен, қызметi денсаулық сақтау проблемасына байланысты басқа министрлiктермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен өзара iс-әрекет жасай отырып шешедi.  
      Қор басқармасының құрамына тұрақты негiзде республика Денсаулық сақтау министрлiгiнiң басшылары, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Ұлттық банк өкiлдерi және Қордың атқарушы директоры кiредi.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрағасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi тағайындайды.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының басқармасы:  
      - мiндеттi медициналық сақтандырудың республикалық және аумақтық бағдарламаларында көзделген шығынды уақытында және толық қаржыландыруға толық жауап бередi;  
      - қордың перспективалық және кезектегi мiндеттерiн анықтайды;  
      - қордың қаржылық және материалдық құрал-жабдығына иелiк етедi;  
      - мiндеттi сақтандыру қорына барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, кәсiпкерлер және ерiктi кәсiп иелерi жасайтын аударым мөлшерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзедi;  
      - қор бюджетi мен шығыс сметасын, сондай-ақ оларды пайдалану жөнiндегi есептi қарайды және бекiтедi;  
      - қор мекемелерiн құру және тарату туралы шешiм қабылдайды;  
      - атқарушы дирекция аппаратының құрылымын, штаттың шығыс сметасын, оның iшiнде еңбекақы қорын, сондай-ақ тексеру комиссиясын бекiтедi;  
      - қордың атқарушы директорын тағайындайды;  
      - қор қызметiне қатысты мәселелер жөнiндегi ережелер мен нұсқауларды өз құзырының шегiнде бекiтедi;  
      - қор құзырына қатысты мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен ынтымақтасады: шетелдiк және халықаралық мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста мiндеттi медициналық сақтандыру қорының атынан өкiлдiк етедi.  
      Қор басқармасы қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде жылына бiр рет шақырылады. Ол өз мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда шешiм қабылдауға құқылы. Басқарма шешiмдерi мәжiлiске қатысқан басқарма мүшелерi көпшiлiгiнiң ашық дауыс беруiмен қабылданады.  
      Қордың атқарушы-әкiмшi функцияларын жүзеге асыру және оның қызметiне жедеғабыл басшылық ету үшiн басқарма шешiмiмен тұрақты қызмет iстейтiн атқарушы дирекция құрылады.  
      Атқарушы дирекция туралы ереженi Қор басқармасы бекiтедi.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры тексеру комиссиясының құрамы мен ол туралы ереженi Қор басқармасы бекiтедi. Комиссия құрамына қызметi халық денсаулығын сақтауға байланысты қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн. Тексеру комиссиясының төрағасын Қор басқармасы тағайындайды.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының тексеру комиссиясы:  
      -Қор басқармасының және оның жергiлiктi органдарының қаржылық және шаруашылық қызметiн бақылайды;  
      - Қордың материалдық бағасының жағдайы мен есебiне тексеру жүргiзедi;  
      - атқарушы дирекцияда iстiң өту мерзiмi мен дұрыстығын тексередi;  
      - Қорға қаржының дұрыс және уақтылы түсуiн тексередi, олардың жұмсалуына бақылау жасайды;  
      - Қор қызметiне байланысты мәселелер жөнiнде бақылаушы органдарға әдiстемелiк көмек көрсетедi;  
      - жүргiзiлген тексеру нәтижесiн қор басқармасына табыс етедi.  
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры басқармасының жанынан оның мүшелерi мен белсендiлерiнен, сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмысқа тартылғандардан Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша комиссиялар мен басқа құралымдар құрылуы мүмкiн.  
      Қор басқармасының төрағасы және оның тапсыруы бойынша атқарушы директор басқарма шешiмiнiң негiзiнде және соның атынан барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпкерлерден және шетел азаматтары мен ұйымдарынан, түсетiн қаржыны тiркеу есеп-шотын ашады.  
      Бағалы метал мен тастан жасалған бұйымдарды басқа да құнды

Информация о работе Медициналық сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті