СРС
Қабылдаған: Абдрахманова
Л.А.
Орындаған: Серікбаева
А.
Топ: 317 ЖМ
«Астана Медицина Унивеситі»
АҚ
Перкуссия жасау әдісінің тарихы
Жоспар:
1. Перкуссия туралы
жалпы түсінік
2.Перкуссия жасау
әдістерінің негізгі тарихы
- Ауэнбруггердің рөлі
- Перкуссияны практикаға енгізудегі Корвизардың орны
- Қазіргі кездегі перкуссиялық әдіс
Кіріспе
- Перкуссия деп-(латын сөзі percossio-үрғылау) ішкі мүшенің тұсына келіп ұрғылап, одан шыққан дыбысқа талдау жасап,диагностика мақсатында қолданылатын әдісті айтады.
Бұл әдіс
гиппократ заманында белгілі
болғанымен, кеңінен таралмаған. Перкуссия
әдісін 1761 жылы австриялық дәрігер
Л.Ауэнбруггенр(1722-1809) ұсынған.Ол алғаш
перкуссияның клиникалық зерттеудегі
маңызына көңіл бөлген болатын.
Леопольд Ауэнбруггер
- Оның латынша жазылған «кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс» трактаты 1761 жылы жарық көрді.
- Оның әкесі мейрамхана иесі болған. Баласын шарабы бар бөшкелерден шарап алып келуге жұмсап отырған. Бөшкедегі шарап мөлшерін анықтау үшін бөшкелерді соғып қараған. Кейін дәрігер болғанда осы әдісті қолдана отырып, оны өкпедегі жиналған су деңгейін анықтауға қолданған. Л.Ауэнбруггер сау өкпе мен өкпе эмпиемасы кезіндегі перкуторлық дыбыстарды салыстырған. «Қолдың алақанын жазып, бір-бірімен біріктіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жайлап, асықпай соғып қараған кезде,жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәлімет береді» деп жазған. Бірақ сол уақытты бұл әдіс дұрыс бағаланбаған және қолданылмаған.
- Тек 1808 жылы Наполеонның жеке дәрігері, француз клиницисі Корвизар Ауэнбруггердің еңбегін француз тіліне аударып, перкуссия әдісін жоғары бағалағаннан кейін клиникада кеңінен қолданыла бастаған.Корвизар перкуссияны тек өкпенің ауруларына ғана емес жүрек дерттерің, аорта аневризмасын табу үшін қолданған.
- 1827 жылы француз дәрігері Пиорри перкуссия әдісіне плессиметрді (соғамын,өлшем)қолдануды ұсынған.Ол үшін кеудеге плессиметрді тығыз тақап қойып, ұстінен саусақпен соғып отырған.Плессиметрдің көмегімен перкуссия жасаған кезде кеуденің аз көлемді шектелген бөлімінен, патологиялық үрдістердің орнын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.
- Он төрт жыл өткен соң Винтрих 1841 жылы арнайы перкуссиялық балға ойлап тауып, онымен плессиметрдің үстінен ұрып анықтауды ойлап тапқан. Құрал-саймандардың көмегімен соғыв қарау жанама перкуссия деп аталады. Осы уақытта ғалымдар перкусси я әдісін одан әрі жетілдіруге тырысқан. Ар түрлі аурулар кезіндегі перкуторлық мәліметтер салытырылады, оның техникасы мен әдістерін жаңартқан, плессиметр мен перкуторлық балғаның әр түрлі пішіндері қарастырылып, түрлі материалдардан жасалды( ағаш металл,піл сүйегі).
Винтрих
балғасы
- Кейін В.П.Образцов өзінің жаңа перкуссиялық әдісін ұсынды. Ол оң қолдың сұқ саусағын ортаңғы саусағының үстінен қайыра салып, зерттеу кезінде сұқ саусақты жылжыта түсіп, денеге соққы түсіреді. Бұл тікелей перкуссияға жатады
- Қазіргі кезде кеңінен тарағаны 1935 жылы Г.И.Сокольский ұсынған әдіс. Ол жанамалы перкуссиялық әдіске жатады, тек плессиметр мен балға қолданылмайды, соққы қол саусақтарымен жасалынады. Әдетте сол қолдың отраңғы саусағын денеге жанастырып плессиметр рөлінде, оң қолдың ортаңғы саусағымен балға ретінде соғып отырады. Бұл әдіс басқаша пальпаторлық перкуссия деп те аталады.