Протей бактериясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 10:19, реферат

Краткое описание

Протей туысының барлық өкілдері - ұсақ пішінді,бастары домаланған,перитрихтар, көлемі – 0,3-3 мк таяқшалар. Полиморфизмге бейім, жіп тәрізді, жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасатын формалары байқалады. Олар өте белсенді қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Кейде қозғалмайтын, талшықтарынан айырылған түрлері де кездеседі. Протей-хемаорганотрофтылар. Оптималды температурасы 37 C, рН 7,2-7,4; өсу шекарасы 20С-ден 38С-ке дейін Протей сонымен қатар, токсикалық (эндотоксин өндіреді) және гемолитикалық қасиеттерге ие.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
а) Протей. Жалпы мағлұмат;
б) Proteus туыстастығының дифференциалды-диагностикалық көрінісі;
в) Микробиологиялық диагноз қою және емдеу шаралары;
г) Протей тудыратын ауруларға сипаттама.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

протей бактериясы.docx

— 332.46 Кб (Скачать файл)

    Протей

Протеялар- шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Зәр бөлінетін жолдардың қабынуы мен іріңді-жарақатты инфекция тудырады, соның ішінде сепсисті. Аурулар эндоинфекция түрінде өтуі мүмкін, сонымен қатар, ауруханаішілік инфекция қоздыруға да қатысуы мүмкін.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Enterobactericeae

Класс: гамма протеобактерия ( γ proteobacteria)

Типі: Proteobacteria

Туыстастығы: Proteus

Түрі: Proteus morganii, Proteus mirabilis, Proteus inconstans, Proteus rettgeri, Proteus vulgaris.

 

 

Протей туыстастығының ең жиі кездесетін түрі Proteus mirabilis, Proteus vulgaris. Оларды алғашқы рет 1885 жылы Г.Хаузер шіріген еттен бөліп алған. Бұл бактерияның атауын да Г.Хаузер ұсынған. Туыстастықтың аты өзінің түрін керемет әрі түрлі қылып өзгертетін Посейдонның ұлы Протеяның құрметіне аталған. Сол сияқты протей туыстастығының өкілдері әр түрлі ортада өсу мөлшері әр түрлі.

Протей. Жалпы  мағлұмат.

Протей (лат.proteus) – грамтеріс, спора түзбейтін, факультативті анаэробты бактерия. Адамның ішек микрофлорасының қалыпты, шартты-патогенді өкілі.

Протей туысының барлық өкілдері - ұсақ пішінді,бастары домаланған,перитрихтар, көлемі – 0,3-3 мк таяқшалар. Полиморфизмге бейім, жіп тәрізді, жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасатын формалары байқалады. Олар өте белсенді қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Кейде қозғалмайтын, талшықтарынан айырылған түрлері де кездеседі. Протей-хемаорганотрофтылар. Оптималды температурасы 37 C, рН 7,2-7,4; өсу шекарасы 20С-ден 38С-ке дейін Протей сонымен қатар, токсикалық (эндотоксин өндіреді) және гемолитикалық қасиеттерге ие.

 

 

Протей санитарлық- көрсеткіштік бактерия болып табылады. Табылған мөлшері бойынша proteus mirabilis- фекальді ластанудың, ал proteus vulgaris- органикалық заттармен ластануының объектісінің көрсеткіші ретінде қарастырады.

Дақылды өсіру.

Қоректік орталарға талапшыл емес, қарапайым орталарда жақсы өседі.Тығыз қоректік орталарда екі түрлі колониялар түзеді.

Н-пішінді (немісше,hauch-тыныс) колониялары өршіп, тармақталып өседі, бұл өсудің қалыпты пішіні.

Қолайсыз жағдайларда  О-пішінді (немісше,ohne hauch – тыныссыз) колониялар түзеді, ірі, шеті тегіс емес.

Плоскирев ортасында мөлдір, ірі оқшауланған колониялар түзеді,олар ортаны сілтілендіріп,оны сарғыш түске  бояйды.

Висмут-сульфитті агарда- ылғалды кір – қоңыр колониялар, оларды алғаннан кейін қою қоңыр аймақ қалады.

Қасиеттері

- Протеилерде цитопатогенді қасиеті бар;

- Жасушаішілік паразитизм;

- Сыртқы ортада тұрақты;

- Барлық шіріген өнімдер бар жерде кездеседі.

Протей - адамның ауруға шалдығуының себебі

 Протей туыстастығының  үш түрі - proteus mirabilis, proteus vulgaris және proteus penneri адамдарға патогенді болып табылады, 75-90 % инфекция proteus mirabilis шақырылады.

Протеймен шақырылатын ең жиі ішектік инфекциялар ерте жастағы балаларда кездеседі: иммунитеті әлсіреген немесе төмендеген. Тағы да протейндік инфекцияның себептері  ешбір бақылаусыз антибиотиктерді  жиі қабылдау болуы мүмкін. Ауру әдетте гастроэнтерит, гастрит, колиэнтерит  түрінде өтеді. Іщектік инфекция кезінде дене қызуының көтерілуі, лоқсу, тәбеттің бұзылуымен және т.б.

Экологиясы.

Протейлер тоқ ішек және әйелдер қынаптарының қалыпты микрофлорасына кіреді.Протей бактериясы басқа да микроорганизмдермен бірег адамның бүйрегінде, зәр шығару жолдарында, созылмалы простатит, цистит, пиелонефрит, сонымен қатар, ксантопиелонефрит ауруларын шақырады. Рroteus mirabilis жарақат инфекцияларының себебі болып табылады. Рroteus vulgaris адамның ішегінде, көптеген жануарларда, ластанған суда кездеседі.

Протей бактериясы бөлінеді:

-  нәжістен: диарея, дисбактериоз кезінде;

- зәрден: зәр шығару жолдарының инфекциясында;

- іріңді жарақаттарда;

- күйіктік зақымдануларда;

- қаннан.

Ферменттік белсенділігі.

   Айқын белгіленеді. Биохимиялық қасиеттері бойынша бөлінеді (1кесте).

Enterobactericeae тұқымдастығына жататын өкілдерін мынадай биохимиялық белгілерінің негізгі айырмашылықтары бойынша ажыратад:

- фенилаланиндезаминаза, уреаза, күкірт сутегін түзуі;

- лактозаны ыдыратпауы;

- желатинді сұйылтуы.

Proteus туыстастығының  биохимиялық белсенділігі.

Кесте 1

Ферментация мамандануы

P.vulgaris

P.mirabilis

P.rettgeri

P.morganii

P.inconstans

Желатинді сұйылтуы

+

+

-

-

-

мальтоза

+

-

-

-

-

мантит

-

-

+

-

-

салицин

+

-

+

+

+

Индол

-

+

+

+

-

H2S

+

+

-

+

-

уреаза

-

+

-

+

-

Орнитин-

декарбоксилаза

+

-

-

-

-

лактоза

-

-

-

-

-

глюкоза

+

+

+

+

-

сахароза

+

+

+-

-

-


 

Антигендік құрылымы.

О және Н антигендерден  тұрады. Термостабильді О- антигені бойынша топтарға бөлінеді, ал талшықты термолабильді Н-антигені бойынша 200- аса сероварларға бөлінеді.

Резистенттілігі.

Қоршаған ортаның әртүрлі  факторларына тұрақты. Дезинфекциялық ертінділерінде өмір сүру қабілеті бар. Протей туыстастығының өкілдері 600С 1 сағаттың ішінде, ал 800С  5 минутта өледі.Төменгі температураға төзімді, мұздатуды жақсы өткізеді. Қайнатқанда бірнеше минуттың ішінде өледі. 1% фенол ертіндісі 30минут ішінде протей өлімін шақырады. Көптеген антибиотиктер мен дезинфекциялық заттарға төзімді бола алады.

Эпидемиологиясы.

Инфекция көзі: ауру адам

Берілу жолы: контактті-тұрмыстық (лас қолдар), алиментарлы (тағаммен бірге протей көп мөлшерде түскенде).

Патогенезі.

- Зәр бөліп шығару жолдарында инфекция дамуы протейдің уреаза бөлуімен байланысты.Ол мочевинаны ыдыратып, аммиак бөледі, рН көрсеткіші жоғарлауына әкеледі.Бұндай жағдай құрамында кальций және магний бар тұздардың бүйректе жинақталуына әкеледі ( бүйректе тас пайда болады).

- бактерияның тізбектелген жасуша түрлері бүйректің тіндеріне, қуықтың эпителийнде жабысып, осы ағзалардың ауруын тудырады.

- адамның және жануарлардың қанының құрамындағы эритроциттерді ыдыратады.

- иммунды жүйедегі нәруыздардың қызметін бұзады.

Иммунитеті.

Протективті немесе қорғайтын  иммунитет қалыптаспайды.

 

Proteus туыстастығының  дифференциалды-диагностикалық көрінісі.

Шіріту қалдықтарының  сапрофиттері болып табылады. Аз мөлшерде адам және жануар ішегінде болады, тұрып  қалған сулар мен топырақта анықталады. Жұғу жолы көбінесе алиментарлы жолмен адам ағзасына тағаммен бірге көп  мөлшерде протей көп мөлшерде түскенде жүзеге асады. Протей жиі дисбактериоз немесе ауруханалық инфекция қоздырғышы ретінде бола алады.

Протей адамда түрлі ауруларды  тудыруы мүмкін, жиі тағамдық токсикоинфекцияны.

Басқа шартты-патогенді микроорганизмдермен қатар протей түрлі формадағы іріңді қабыну және септикалық ауруларды тудырады: цистит, пиелит, іріңді асқынулар, күйген беттер, флегмоналар, абцесстер,плеврит, пневмония, остеомиелит, менингит, сепсис.

Тағамдық токсикинфекция патогенезі протейдің асқазан-ішек жолдарында көптеп бұзылуымен және мұнда бөлінген эндотоксиннің қанға сіңірілуімен байланысты. Аурудың ауырлық дәрежесі ағзаға түскен протей мөлшеріне тікелей байланысты.

Enterobactericeae тұқымдастарының бактериялары сияқты протеилер өздерінің қалыпты өмір сүру орнынан шыққан кезде ғана ауру тудырады.(асқазан-ішек жолы). Протеилердің ауруханаішілік берілуі орын алады, инфекцияның жыныс жолымен берілуі таралған, сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтамау.

Микробиологиялық  диагноз қою.

Зерттеу материалы ретінде: нәжіс, қан, құсық, зәр, асқазанның шайындысы.

Бактериологиялық әдіс қолданылады. Протейді бөліп алу үшін көбінесе Эндо, Плоскирева, Левин және басқа да орталарды қолданады. Бактериологиялық лабораторияға зерттелінетін материалды жіберіп, сол жерде зерттелінеді. Қаннан, құсықтан, асқазан шайындысынан, зәрден алынған қоздырғыштың бөліндісі оның этиологиялық рөлін көрсетеді.

Нәжіске келетін болсақ туылғаннан 6 айға дейінгі балаларда инфекцияны анықтау үшін 3 анализдің ішінен 2 анализден протей бактериясы анықталуы тиіс. Ал балалар мен ересек адамдарда протейдің этиологиялық ролі үшінші араласқан нәжісте болса, онда бұл қалыпты болып табылады. Егер одан да жоғарғылары болса, бөлініп алынған протей науқаста инфекция себебі болып табылады.

Емдеуі .

  - Протейнмен шақырылған тағамдық токсикоинфекцияда спецификалық дезинтоксикацияға бағытталады. Ауру пайда болған жағдайда іріңдеу мен сепсистен өтерде, антибиоткограмма нәтижелері ескеріліп антибиотиктер қолданылады. Әлсіз өтетін қабыну процестерінде  антибиотикке мойынсұнбаса аутовакциналарды қолдану керек.

 - Этиотропты терапия – колипротеилі бактериофаг , интестибактериофаг, энтеральді лактоглобулин. Сырқаттың ауыр формасында антибактериальді ем негізгі болады. Антибиотиктерді бактериялардың сезімталдығын ескере отырып тағайындайды. Жиірек карбоксициллиндерді ( карбенициллин, тикарциллин), уреидопенициллиндер (мезлоциллин, азлоциллин, пииерациллин), цефалоспориндер III-IV қатардағы (цефотаксим,цефтриаксон, цефпиром), монобактамдар (азтреонам), карбапенем (тиенам, меропенем).

 - Негізгісі перзентханаларда, ауруханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында, балалар үйінде санитарлы- эпидемияға қарсы тәріпті сақтау.

  - Макроағзаның қорғаныс күшін жоғарылату, науқастарды уақытында оқшаулау керек.

Медициналық қызметкерлер арасында инфекцияның таралуының алдын  алу:

 - Барлық медициналық араласуларды орындауда арнайы қорғаныс киімнің болуы.

  - Қолдың тазалығы ең негізгі инфекция таралу жолының алдын-алу.

 - Жаралағыш заттармен жұмыс атқарғанда абайлау керек.

 - Медицина қызметкерлерінің жаппай иммунопрофилактикасы.

Ауруханаішілік  инфекцияның алдын- алудағы негізгі  шаралар:

 - Ауруханаішілік инфекцияны қадағалайтын эпидемиологиялық шаралар жүйесі.

  - Диагностикасы мен қоздырғыштардың маниторингін жүргізу.

 - Дезинфекциялық шаралардың эффективті болуы.

 - Стерилизациялық шаралардың эффективті болуы.

 - Ауруханаішілік инфекциямен күресу шараларын нығайту.

 - Госпитальды гигиена талаптарын сақтау.

Протей тудыратын  ауруларға сипаттама.

Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады.

Аурудың қоздырушылары.

Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады.

Этиологиясы.

Циститтің жедел түрінде  адам кіші дәретке жиі барады, зәр  сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Науқастың дене темп-расы көтерілмейді. Несепті талдаудан  өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит, эротрицит және белоктың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т.б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.

Емдеу.

Емі: режим және диета  сақтау (рационнан консерві, ащы  соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті  көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп  ішуді (жылы сүт қосылған шәй, минералды  су) ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.

Менингит

Миқұрт (менингит) — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Оның неше түрлi кезеңiмен көптеген адамдар ауырады.

Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр  сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза  айығып кететiн адамдар саны артып  келедi.

Көбiне суықтан болатын бұл кесел  ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.

Ең алғаш рет оған қарсы емдiк  препаратты 1887 жылы                            А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын.

Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы  түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi.

Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан  адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке  жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде  менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады.

Информация о работе Протей бактериясы