Станционардағы және емханадғы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 22:06, реферат

Краткое описание

Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Медицина сестраларының міндеті
2) Медсестраның қызметтері.
3) Медициналық этика және деонтология
4) Медсестраның жұмыс орны
5) Мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру
6) Мейірбике ісін дамыту мен қалыптастыру
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

мейрбике д.docx

— 44.09 Кб (Скачать файл)

Қазақстан – Ресей медициналық  университеті

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

Тақырыбы: Станционардағы және емханадғы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Орындаған: Асық Д. М.

                                                                         Факултеті: ОМ

                                                                         Группа: 101 “A”

                                                                              Тексерген: Дүйсенбаева Ш. А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

ЖОСПАРЫ:

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

1) Медицина сестраларының міндеті

2) Медсестраның қызметтері.

3) Медициналық этика және деонтология

4) Медсестраның жұмыс орны

5) Мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру

6) Мейірбике ісін дамыту мен қалыптастыру

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді. 
    Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді. 
Мейірбике ісі ежелден кележатқан мамандық.І Петр заманында Ресейда бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. І Петр қайтыс болғаннан кейін Екатерина І кезінде госпитальдерде, лазареттерде әйелдердің жұмыс істеу тоқтатылған. Тек қана 100 жылдан кейін (1884 ж.). Ресейда «Қайырымды мейірбикелер қасиетті қоғамын» құрып, қайырымды мейірбикелерді оқытып даярлайтын қоғамдар ұйымдастырылған. Бірінші қайырымды мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің қалауынша науқастарға, жарақаттарға «күтім» жасауды ұйғарған. 
   Үкімет, Петербург және Москва қалаларында қайырымды мейірбикелер тәрбиелейтін үйлерді, науқастарға қалай күтім көрсетуді үйрететін қоғамдарды аштырып ұйымдастырылған. 
   Бірінші қоғамның құрылғанынан үш жылдан кейін Н.И.Пироговтың ұсынысы бойынша Қырым соғысы: кезінде, екінші қоғам құрылады. Ол қоғам соғыс госптальдерінде жұмыс істейтін, қайырымды мейірбикелер даярланған. Н.И.Пирогов 1854 ж. бір топ қайырымды мейірбикелермен соғыс жүріп жатқан Севастополь қаласына келіп медицина тарихында бірінші рет, әрекетті Армияның емханаларында әйелдер жұмыс істеген. Сол кезде, Н.И.Пирогов әйелдердің еңбек-қорлығына танданып былай деп жазған: «Соншама нәзік әйелдер жаралыларды күні-түні бағып-қағуда, ауыр жаралыларды қарапайым сөзбен көңілдерін жұбатып, тіпті бастионда зеңбіректің оғының астындағы жаралыларға да көмек көрсетуде». 
«Екатерина Хитрова, Екатерина Бакунина бастаған қайырымды мейірбикелер, өздерінің ерлік еңбектерімен Рессейде, тіпті шет елдерге де танымалы болды»,-деп атаған Н.И.Пирогов. 
   Олардың арасында орыс қайырымды мейірбикелерінің бірі Даша Александрова ерлігімен тарихта Даша Севастопольская деген атақпен даңқы шыққан. 
   Қырым соғысы кезінде, Даша Севастопольская басқа, ағылшынның қайырымды мейірбикесі Флоренс Найтингейл белгілі болған, ол қазіргі медицина жүйесіндегі мейірбикелерді даярлаудың негізін қалаған адам. 
12-мамыр күні Флоренс Найтингейлдің туған күні, сондықтан осы күні Халықаралық Мейірбикелер күні болып саналады. Флоренс Найтингейл 
1820 ж. Флоренция қаласында мәдениетті бай жанұяда тұған, балалық шағы Лондон қаласында өткен. Флоренс өте жақсы білім алды. Балалық шағынан бастап ол өзін адамдарға қызмет етуге, әсіресе мүгедек адамдарды күтуге, оларға қызмет етуге бағдарлаған. Ағылшын әскерінің Қырым соғысында қиын жағдайда екенін естіп, Флоренс бір аптаның ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды мейірбикелер тобын құрастырып, 1854 ж. қазан айында жаралыларға және сырқаттанған адамдарға көмек көрсетуге аттанады. 
1869 ж. Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші қайырымды мейірбикелердің мектебін ашады.Мектеп бітірген мейірбикелер Флоренц Найтингейлдің антын беретін . 
   Сөйтіп, Флоренс Найтингейл мейірбикелер даярлаудың негізін орнатады. Оның көмегімен көптеген медициналық мекемелер ашылады. Оның өмір бойы жаралыларды, науқастарды бағып-қағып күткені және мейірбике даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренс Найтингейл атағында медаль шығаруды ұйғарылды. Бұл медаль халықаралық Қызыл Крест Лигасының ең жоғары марапаты болып саналады. 
   Мейірбике ісінің маңызды сұрақтарының бірі мейірбике існің философиясы. 
   Мейірбике існің философиясы жалпы философияның бір бөлігі, ол мейірбике, пациент, қоғам, қоршаған орта арасындағы қарым қатынас және көзқарас жүйесі. Осы филосфияның ортағы болып жәй адам емес жеке тұлға тұрады. Мейірбике ісі философияның маңызды проблемасы болып «мейірбике пациент», «жеке тұлға» жүйесі сияқты жүйенің қызметі болып саналады. Дәл осы жүйеде басты ішкі жан компонентті, мейірбике пациентке сырқат деп қана емес жеке тұлға ретінде қарау керек. Сонымен қатар мейірбике өзі де тұлға ретінде болуы керек.

Медицина сестраларының  міндеті

Науқас адамға дер кезінде  диагноз қою,  оны дұрыс емдеу, жақсы күту – ауруынан ерте айығуына барынша септігін тигізеді.

 Міне, осыған  байланысты  медицина сестралары басты назарларын  дәрігердің тапсырмасын бұлжытпай  орындауға аударса, сонымен қатар  олар төмендегі жұмыстарды да  орындауға міндетті:

  1. Науқас адам ауруханаға түскеннен кейін медсестра оның тазалығын тексеріп, шомылдырады, киіндіреді, сөйтіп палатаға әкеліп жатқызады.
  2. Жаңадан келіп түскен науқасты бөлімшенің ережелерімен таныстырады және сол ережелердің орындалуын бақылайды.
  3. Палатаның тазалығын тексеріп, оның ауасын тазартып отырады ( сағат 7-8-де, 14-15-те және 21-22-де). Сонымен бірге палатаның жылулығы 18-20°С  шамасында болуын қадағалайды.
  4. Науқастардың температурасын өлшеп, қағазға түсіреді, аурулардың қан тамырларының соғысын санап тексереді және бір тәуліктегі кіші дәреттерінің мөлшерін өлшейді.
  5. Науқастардың денелері таза болуын қадағалап, олардың төсек-орындар мен іш киімдерінің уақтылы ауыстырылып тұруын бақылайды.
  6. Дәрігердің тексеруіне қатысады. Науқас адамның халі нашарласа немесе жағдайында басқа бір өзгеріс болса, дереу сол палатаның дәрігеріне  немесе кезекші дәрігерге хабарлайды.
  7. Дәрігердің науқасты емдеу жөніндегі тапсырмасын дер кезінде орындап отырады ( дәрі-дәрмек таратады, ине салады, банка, қыша қояды, клизма жасайды және т.б.).
  8. Науқастың анализдерін ( кіші дәреттерін, қақырықтарын, үлкен дәреттерін, т.б.) лабороторияға әзірлейді.
  9. Ауруларды аппаратпен тексеруге алдын- ала дайындайды және олардың арнаулы кабинеттерге баруларына көмектеседі.
  10. Науқастардың тамақ ішу режимдері мен оларға үйден әкелген тағамдарға бақылауды жүзеге асырады.
  11. Бөлімшедегі және палатадағы медициналық аппараттар мен жихаздарға да жауапты қарауы керек.
  12. Медсестра өзі отыратын орындағы құжаттарды ретке келтіріп, журналдарды, т.б. қағаздарды дер кезінде толтырып отыруға тиіс.
  13. Науқас адамның халі нашарлаған жағдайда дәрігер келгенше жедел жәрдем көрсетуі қажет.
  14. Медсестра науқастарға әр түрлі тақырыпта әңгімелер өткізу керек.

  Медсестра не білуі  керек?

    1. Жиі кездесетін аурулардың басты белгілерін;
    2. Практикада кеңінен қолданып жүрген дәрілердің денсаулыққа тигізетін әсерін, оның мөлшерін, қолдану тәртібін;
    3. Медицина этикасы мен деонтологиясын,  түскі демалыс  кезінде тыныштық орнатуды;
    4. Асептика және антисептика ережесін;
    5. Медицина құралдарын зарарсыздандыру және дизинфекциялау әдістерін;
    6. Бөлімшеде санитарлық және эпидемияға қарсы режимді  орындауды ұйымдастыруды;
    7. Электр жүйесімен және басқа техникалық аппараттармен жұмыс істегенде олардан сақтануды;
    8. Ем тағамдарының қасиетін;
    9. Еліміздегі жасалынып жатқан экология жөніндегі шараларды;
    10. Ауруды алдын алу жөніндегі жұртшылық арасында насихат жүргізуді;
    11. Халықтар арасындағы науқастарды диспансерлеу әдісін;
    12. Өте қауіпті жұқпалы ауру пайда болған кезде оөан қарсы жасалатын шараларды;
    13. Азаматтық қорғаныс жөнінде, жау жаппай апат келтіретін соғыс құралдарын қолданғанға, жеке және коллектив болып пайдаланатын  қорғаныс шараларын ұйымдастыруды;
    14. Методикалық  нұсқауларды және бұйрықтарды жақсы білу керек;

     

Медсестраның қызметтері.

    1. Ауру халдегі науқасқа дәрігерге дейін жәрдем көрсетуді;
    2. Науқастың 1 минут ішіндегі қан тамырының соғуын, демалысын анықтауды;
    3. Артерия қысымын өлшеуді;
    4. Банка, қыша, компресті қоюды;
    5. Венаға, бұлшық ет ішіне, тері астына дәрі егуді;
    6. Асқазанды жууды;
    7. Клизманың барлық түрін пайдалануды;
    8. Қан топтарын анықтауды;
    9. Ыстық және суық грелканы пайдалануды;
    10. Венаға дәріні тамшымен жіберу тәсілін;
    11. Қуыққа катетерді салуды;
    12. Плеврадан, іш қуысынан, жұлыннан су алу үшін оған керек құралдарды пайдалануды;
    13. Дизинфекция жасайтын ерітінділерді дайындауды;
    14. Оттегін беру тәртібін;
    15. Асқазанның, ұлтабардың сөлін алу тәртібін;
    16. Қан тамырларынан биохимиялық анализге қан алуды;
    17. Қалың тамшыны дайындауды;
    18. Зәрді жалпы клиникалық, Нечипоренко, Амбюрже, Аддис-Каковский және Зимницкий пробасына алу әдісін;
    19. Диагностикалық пробаларды қолдану  тәртібін ( тері ішіне, тырнау, тілдің астына салу);
    20. Жұмыс орнындағы медицина құжаттарын дұрыс толтыруды;
    21. Науқастар арасында әр түрлі тақырыпта әңгіме өткізуді;
    22. Ауыр науқасты күтуді:

а) науқастың төсек- орнын, іш киімін ауыстыру тәртібін;

ә) теріні, ауызды, көзді, құлақты  күтуді;

б) тері ойылмау үшін  жас  алатын шараларды білу, әрі қолдана  білуі тиіс.

Медициналық этика және деонтология

Медсестра дәрігерлердің  бірінші көмекшісі немесе дәрігердің оң қолы долып саналады. Сондықтан  да дәрігер мен медсестра тығыз  қарым-қатынаста болуға тиіс. Медсестра  аса кішіпейіл, тәртіпті, мәдениетті болуымен қатар, өзіне тапсырылған  істі дер кезінді орындайтын тындырымды болуы, сондай-ақ ол жинақты, байыпты, сабырлы  жүруге тиіс, халаты, бас киімі таза, үтіктелген, өзіне шақ болуы да қажет.

Медицина сестрасы науқас адамдар мен өз коллективі арсында  абыройлы болуы үшін ол өз ісінің шебері, білімді, жан-жақты, әмбебап адам болуға тиіс. Бұл үшін үнемі өз білімін  көтеріп отыруы керек.

Әрбір медсестра науқасты күткенде, оған қызмет көрсеткенде  үнемі жақсы жағымен көзге  түсіп отырса, мінез- құлқымен, жақсы  қарым-қатынасымен, жылы сөзімен сырқат адамды көңілдендіріп отырса, оның ойын ауруына аудармай бөле білсе, онда сырқат қабылап жатқан дәрілері бойына сіңіп шипалы болары сөзсіз. Бұл  жағдайда бәрі науқастың  ауруына  тез арада айығуына, отбасына, қызметіне  аман-есен оралуына көмектеседі, ауруханадағы төсек-күнінің қысқаруына, дәрі- дәрмектің, тамақтың үнемделуіне жәрдемін тигізері сөзсіз.

Бұл арада Семашконың  « дәрігер науқасты тексеремін деп  жүргенде науқас адам дәрігерді одан бұрынырақ тексеріп үлгереді» деген  сөзін келтіре кеткен жөн сияқты. Немесе Бетеревтің: «егер дәрігер  науқас адаммен әңгімелескеннен  кейін науқас адам бір жеңілдік сезінбесе, онда дәрігердің дәрігер болмағаны»  деген сөзін де есте ұстаған жөн. Бұл сөздердің медсестраға да қатысы бар.

Медицина сестрасы науқас адам мен оның туыстарына  ауруы  жайлы артық сөз айтпауы керек. Сонымен бірге ол науқастарды  іздегенде, шақырғанда  аты-жөндерін атап шақыруға тиіс. Бұл да медсестра  мәдениеттілігінің бір көрінісі болып табылады.

Жалпы алғанда медсестра  науқастар алдында артық сөз  айтпауға тиіс. Егер жекелеген ауру адамдар қателік жіберсе, оны  елдің көзінше сөкпей оңаша бөлмеге  барып  түсіндіргені жөн.

 Жұмыс уақытында медсестра  дәрігер келгенше ауыр науқасқа  жедел жәрдем көрсетуі де керек.  Бұл үшін оған жақсы, терең  білім қажет, өйткені таяз да  жеткіліксіз біліммен жедел жәрдем  көрсету қиындық келтіреді. Сондықтан  әрбір медсестра палатадағы жатқан  науқастардың ауруларын жақсы  білуі керек. Әсіресе сырқаттардың  асқынулары жайлы жақсы білуге  тиіс.

«Ауру асқынған кезде қайтіп көмек көрсетемін, не істеуім керек?»  деген ой медсестраның көкейінен  әрдайым шықпауы қажет.

   Медсестраның жұмыс  орны 

   Аурухана бөлімшесінде 25-30 төсекке бір медсестра бекітіледі. Медсестранның жұмыс орны коридорда,  науқастар жатқан палаталарға  барынша жақын болуға тиіс.

   Сестраның жұмыс  орны төменде көрсетілген мынадай  заттармен қамтамасыз етілуі  керек:

  1. Аурулардың тарихын сақтайтын стол.
  2. Жұмсақ орындық
  3. Дәрі – дәрмектер мен аспаптар сақтайтын шкаф.
  4. А және В тізіміне кіретін дәрілерді сақтайтын сей.
  5. Тез бұзылатын ерітінді дәрілерді сақтайтын тоңазытқыш.
  6. Телефон аппараты.
  7. Палаталарға дәрі-дәрімек тарататын жылжымалы кішкене стол.
  8. Стол үстіне қойылатын электр шамы.
  9. Қол жуғыш.
  10. Сүлгі
  11. Егер бөлімшеде процедуралық кабинет болмаса, онда арнаулы стол қойылып, сол жерде науқастарға дәрі-дәрімек егіледі және бұл арада стерильді материалдар салынған бикс болуы керек.

  Сестраның жұмыс орны  барынша таза, жинақы болуға тиіс, ол арада басы артық зат  болмауы керек.

  Сестраның жұмыс орны  барынша таза, жинақы болуға тиіс, ол арада басы артық зат  болмауы керек.

   Оқу орын Денсаулық сақтау минстрлігі және шетелдік әріптестер, басқа да көптеген оқу орны тарапынан көпсалалы мейірбикелер даярлау ісі бойынша жоғарғы бағаға ие болды. Яғни, бұл қалалық денсаулық сақтау жүйесінің мейірбике ісін даярлаудағы ең дұрыс реформа ретінде танылды. Бұл дегеніміз мейірбике ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, мектептегі денсаулық пункттерінің менеджері, қалалық мейірбике ісін дамыту бағдарламасын жасау қызметтерін енгізумен астасып жатыр.

Алматы қаласында алғаш рет 1991 жылы мейірбике ісі жөніндегі  бас маман қызметінің штаты тағайындалды. Бұл мейірбике ісіне кәсіби көзқарас танытудың, қоғамдық көрсеткіштің дәлелі іспетті. Екі онжылдық ішінде мейірбике  ісіне түбегейлі өзгеріс енді. Мейірбике ісі мен фармацев қызметкерлері  өткізген екі съезд де жаңаша леп  әкелді. 2000 жылы өткен бірінші басқосуда  білім саласындағы стратегиялық тапсырмалар мен мейірбике ісіндегі тәжірибе анықталып, мейірбикелердің ұлттық қауымдастығын құру және халық денсаулығын сақтауға әрі нығайтуға бағытталған мейірбикелерді даярлау мәселесі кеңінен сөз болғанды. Ал медицина қызметкерлерінің екінші Ұлттық съезі Республикалық медицина колледжінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, Денсаулық сақтау министірлігінің штаттан тыс бас маманы Сұлтан Сейдуманов бастаған педагогикалық ұжымның атсалысуымен өткендігін атап өткен жөн. Бұл іс-шара мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың назарын мейірбике ісіне аударуға және оның дамуына стратегиялық тапсырмаларын анықтауға өз үлесін қосты. 

Мейірбикелер мен мейірбике  ісін кәсіби дамытудың қоғамдық қауымдастығын  құру қызметкерді біріктіріп қана қоймай, мейірбике ісінің сапасын арттыруға, мамандықтың беделін көтеруге өз септігін тигізеді. Алматы қаласында мейірбикелер қауымдастығы осыдан жиырма жыл бұрын құрылған. Осы ұйымның аясында көп шаруа тындырылды, ол – аттестациялық цикл, конференциялар, тренингтер, жаңа стандарттың енуі және т.б. 

Алматы қаласындағы мейірбике  мамандарынының жұмысын жандандыру шарасын ұйымдастыру денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе жүргізілуде. Осы тұрғыда мектеп түлектеріне колледж жұмысын таныстыруды психологиялық тест арқылы жандандыру; дипломға дейінгі жұмысты жандандыру; несиелі – модульді оқыту жүйесін енгізу; «Колледж – медициналық ұйым» атты оқыту – клиникасын құру; алғашқы медицина – санитарлық көмек көрсетуде мейірбике қызметінің жүйесін дәрігер – мейірбике қатынасына өзгерту; мейірбике ісі жұмысын жандандыратын ұлттық сарапшылар тобын құру басты түйткілге айналды. 

Қорытынды: Сонымен медбике, мейірбике... Бұл есім әрбір науқас жан үшін қадірлі, қастерлі. Өйткені, олар дәрігердің көрсеткен ем-домын  сауатты да, қалтқысыз жауапты  орындап, науқаспен күндіз-түні бірге  болып, бірге қиналып, қаншама адамның  сауығып шығуына септігін тигізетін, дәрігер мен науқастың арасындағы дәнекер жандар. Сондықтан да медбике  ісі денсаулық сақтау жүйесіндегі  ең маңызды бөлім болып табылады.

Информация о работе Станционардағы және емханадғы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру