Тамақтану негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

Содержание

Кіріспе
Тамақтану тәртібі
Тамақтанудың негізгі ережелері
Тамақтану процесінің принциптері
Тамақ ішу тәртібі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

срс.docx

— 28.13 Кб (Скачать файл)

Әрбір  оқушы  тамақтану  тәртібін  сақтанудың маңыздылығын, мектепте немесе КТМ-де ыстық тамақ бар, жоқтығын есте үстауы керек.

Оқушылардың  өздерінің  белсенді  көзқарасына  және әсіресе  тазалық белсенділерінің  түсіндіру  жұмыстарына  сәйкес  мектептегі, КТМ-дағы тамақтану жүмыстары дұрыс ұйымдастырылады.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын  нығайтып, дене және ой қабілетінің  дамуына мүмкіндік береді, еңбек  ету мен сабақ үлгеру қабілетін  артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне  және әртүрлі жұқпалы ауруларға  қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Балалардың тамақтануының  үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш  қуатты қалпына келтіру үшін қажет  болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге  бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу  процесіне қажет.

Тамақтану сауаттылығының бес  негізі бар:

1) Тамақ құрамында негізгі  оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша  заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам  жасына, денсаулық күйіне, табиғат  климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану  тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық  – гигиеналық нормаға сай болуы

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде  жүруі қажет:

1

Таңертеңгілік ас

7.30 – 8.00

25%

2

Таңертеңгілік ас

11.00 – 11.30

10%

3

Түскі ас

14.00 – 14.30

35%

4

Түстен кейінгі ас

16.30 – 17.00

10%

5

Кешкі ас

19.00 – 20.00

20


Қарап отырсақ, таматанудың  тәуліктік мөлшерінің 70% мектепте жүргенде, сабақ уақытына сәйкес келеді екен, сондықтан мектеп асханасынан таматану ережелері мен гигиенасын бақылау  және тексеру маңызды болып табылады.

Жасөспірімдердің тамақ  нәрлігі мен құрамы нормаға сай  болуы керек. Бала немесе жасөспірім тәулігіне 80 – 100 гр нәруыз, 100 гр май, 380 гр көмірсу қорек ету керек. Нәруызды сүттен, дәнді – дақылдардан, еттен, көмірсуды нан, салат, картофельден, майлы заттарды май, жұмыртқа, сүттен, витаминдерді өсімдік және жануар майынан, минералды тұздар мен микроэлементтерді  шай, шырын, компот және жеміс – жидек  сияты заттардан алады. Осыған байланысты асхананың тамақтану тізімінде 2 – 6 жастағы балалардың тамақ құрамы 1 кг салмағына шаққанда 70 – 75 ккал, 11 – 15 жастағылардың ккал – сы 44 – 55, ал ересек балалардың тамақ құрамы 35 – 40 ккал болуы қажет. Біздің асханамыздағы  апталық тама тізімін қарағанда, таңертенгілік ас 507 ккал, түскі ас 794 ккал, түстен кейінгі ас 545 ккал болады, яғни нормаға сай келеді деп есептеледі.

Қорытынды

Егер денсаулықты қалыптастыратын  факторлар: қозғалыс белсенділігі, жұмыс  арқындылығы, ауруға қарсы тұру, дұрыс  тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің  жұысы, зат алмасу, еңбек пен демалысты  ұштастыру және рационалды тамақтану  десек, соңғысы бірден бір маңызды  орын алып, жоғарыдағы аталған факторлардың орындалуына себепші болады.

Тамақтану тәртібі дегеніміз  – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа  бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде  астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану  режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында  тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір  — екі рет қана тамақтану дұрыс  емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы  болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс  қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың  да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі  болуы керек. Тамақтану кезінде  адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл  — күйіне баса назар аударғаны  жөн. Кей ретте тамақ жеңіл  жүрсе, кей ретте ол керісінше  бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
  2. Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье — М.: ФиС, 1990.
  3. Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.
  4. Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д. М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учебное пособие для вузов. 2003, 238 с.
  5. Дыхан Л. Б., Кукушин В. С., Трушкин А. Г. Педагогическая валеология. Март, 2005, 527 с.
  6. Мохнач Н. Н. Валеология. Конспект лекций: Учебное пособие для вузов. 2004.
  7. Қожанов В.В. Гигиена школьника. Алматы. 1981.

Информация о работе Тамақтану негіздері