Электр жарақаты кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 16:24, реферат

Краткое описание

Алғашқы медициналық жәрдем — тікелей зақым ошағыңдағы халықтың өзіне-өзі немесе өзара көмек көрсету тәртібімен, санитариялық жасақтар, зақым ошағын жоюға қатыскан азаматтық қорғаныс жасақтарыньщ адам құрамы, сондай-ақ сау қалған емдік-профилактикалық мекемелердің қызметкерлері көрсететін көмек. Медициналық көмектің бұл түрінің негізгі мақсаты—қарапайым медициналық көмек арқылы зақымданудың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту, ең бастысы зардап шеккен адамның өмірін сақтап қалу. Егер зақымданудан кейін 30 минуттың ішінде көрсетілсе, мейлінше тиімді болады.

Содержание

I. Кіріспе
Алғашқы медициналық көмек
II. Негізгі бөлім
Электр жарақаты
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек
III. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Сабина.docx

— 23.26 Кб (Скачать файл)

Электр жарақаты кезіндегі алғашқы медициналық  көмек

Жоспар

I.  Кіріспе

Алғашқы медициналық көмек

II. Негізгі бөлім

Электр жарақаты

Электр жарақатындағы  алғашқы медициналық көмек

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Кіріспе

Алғашқы медициналық жәрдем — тікелей зақым ошағыңдағы халықтың өзіне-өзі немесе өзара көмек  көрсету тәртібімен, санитариялық жасақтар, зақым ошағын жоюға қатыскан азаматтық  қорғаныс жасақтарыньщ адам құрамы, сондай-ақ сау қалған емдік-профилактикалық  мекемелердің қызметкерлері көрсететін көмек. Медициналық көмектің бұл  түрінің негізгі мақсаты—қарапайым  медициналық көмек арқылы зақымданудың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту, ең бастысы зардап шеккен адамның  өмірін сақтап қалу. Егер зақымданудан кейін 30 минуттың ішінде көрсетілсе, мейлінше тиімді болады.

Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Көбінесе адамдар  алғашқы медициналық көмек көрсету  жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде тіпті  туысы, танысы немесе досына көмек көрсете  алмай жатады.

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы  секундтарда дұрыс әрекет етуге  үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Негізгі бөлім

Электр жарақаты

Электр тоғының немесе найзағайдың атмосфералық электр түйісінің  әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ  бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық  әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық  құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде  зардап шегушінің жеке түйсінулері  әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп  ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін  зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі  ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі  жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері  нәтижесінде пайда болған ортақ  құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен  ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының зақымдалуының  нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде  бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының  тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.

Тоқтың денеге кіретін  нүктесінен шығатын жеріне дейінгі  жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып  бөлінеді:

Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).

Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).

Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл  жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол  мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде  жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:

I-дәрежеде зардап шегуші  есінен айырылмай бұлшық етінің  дірілін сезінеді;

II-дәрежеде зардап шегушінің  бұлшық еті дірілдеп, артынша  есінен айырылады;

III-дәрежеде зардап шегушіде  есінен айырылумен қатар жүрек  қызметі мен тыныс алуы бұзылады;

IV-дәрежеде зардап шегуші  клиникалық өлім жағдайында болады.

Электр жарақатындағы  алғашқы медициналық көмек

Алғашқы көмек көрсеткен  кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез  босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін  сақтай отырып, өте мұқият жасаған  жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты  ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды  ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді  құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған  өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды  термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша  айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде  алғашқы медициналық көмек оқуға  болған жерде жедел және үздіксі  көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды  демалдыру мен жүректің жанама сылауын  жүргізу қажет.

Электр жарқатын алған  барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға  тасымалдаған кезде жасанды тыныс  алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге  тиіс.

Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы  көмек жасанды тыныс алдыруы  мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға  тиіс.

Егер жасанды тыныс  алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25% ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1% ерітіндісі) берумен орайластыру қажет.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп  тастауы керектігі туралы пікір  өрескел қате болып табылады.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп  тастауы керектігі туралы пікір  өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге  көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан  айналымын қиындатады,ең бастысы  пәрменді көмек көрсету уақытын  созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал  нұсқасы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Қорытынды

Алғашқы көмек дегенiмiз  – зардап шеккен адамның жарақатын  асқындырмай, оған әртүрлi медициналық  көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның  өмiрi мен патологиялық процестердiң  одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.

Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне  ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк  түсті дақтар пайда болады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ  әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке  массаж жасап, зардап шегушіні емдеу  мекемесіне жіберу қажет.

 


Информация о работе Электр жарақаты кезіндегі алғашқы медициналық көмек