Эмбриональды дамудың қауіпті кезеңдері.Тератогенді факторлар.Теротогенез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 15:18, реферат

Краткое описание

Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі. Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп клеткалы организм пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. 

Содержание

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Эмбриональды даму және оның кезеңдері.
2.Эмбриональды дамудың қиын кезеңдері.
3.Тератогенді факторлар.Тератогенез.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

мед био эмрион.docx

— 23.28 Кб (Скачать файл)

 

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика             Академиясы.

 

 

 

 

    

 

Тақырыбы:Эмбриональды дамудың қауіпті кезеңдері.Тератогенді факторлар.Теротогенез.

 

 

 

                                                      Орындаған:Әбдіхадір А.

                                                       Тобы:102-“Б”МІК

                                                       Қабылдаған:Алипбаева Г.С.

 

 

                                        Шымкент 2013

 

 

Жоспар:

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

1.Эмбриональды даму және оның кезеңдері.

2.Эмбриональды дамудың қиын кезеңдері.

3.Тератогенді факторлар.Тератогенез.

III.Қорытынды.

IV.Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

Кіріспе.

Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі. Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп клеткалы организм пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. 
Негізгі бөлім.

     Эмбриональды кезең-зиготаның бөлшектенуінен басталады.Зигота ұрықтану нәтижесінде түзілетін,ұрықтың бір жасушалы диплоидты фазасы болып табылады.Зигота жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың өзара қосылуы нәтижесінде пайда болғандықтан,онда екі жұп хромосома  саны кездеседі.Олардың бір жартысы аналық дарадан,ал екінші жартысы аталық дарадан келіп түседі.Ұрықтанғаннан кейін,жұмыртқа жасушасының ооплазмалық сегрегациялануы әрі қарай күшейе түседі.Зиготаның бөлшектенуі дегеніміз оның ядросының 2,4,8,16,32,64 т.б. жасушаларға бөлінуі болып табылады.Зигота бөлшектенуі жай митоз жолымен жүзеге асады,бірақ оның кәдімгі митоздан ерекшелігі-бөлшектену нәтижесінде түзілген блатомерлер өспей,әрі қарай бөліне бастайды.

     Эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі. Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп клеткалы организм пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан  немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан  бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір клеткалы ұрықтың бөліну арқылы көп клеткалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп клеткалы ұрық — бластула түзіледі.Бластула дегеніміздің өзі іші сұйықтыққа толтырылған көпіршік.Оның қабырғасын бластодерма,ал сұйықтыққа толтырылған қуысын бластоцель деп атайды. Бөлшектену жылғасы түрлі бағытта өтеді: меридиандық, ендік,экваторлық бағытта. Бөлшектену жылғасын бөліну ұршығы анықтайды.

Жұмыртқа клеткасының толық бөлшектенці бірқалыпты (ланцетниктерде) және бірқалыпты емес (кейбір дөңгелек ауыздар,шеміршекті балықтар,қосмекенділер) болып бөлінеді. Егер сарыуыз жұмыртқада біріңғай таралған болса,бөлшектену жылғалары бірдей жылдамдықпен жүреді және клетканы тең блостомерлерге бөледі. Бөлшектенудің бұл түрі гомолециталды жұмыртқаларға тән (ішек қуыстылардың көпшілгінің жұмыртқаларына, немертин мен басқа жануарлардың жұмыртқаларына). Бөлшектенудің бағытына қарай  радиальдік, спиральдік, билатеральдік бөлшектену болып бөлінеді.

Радиальдік бөлшектену омыртқалыларға, тікентерілерге, гупкаларға, ішекқуыстылардың көпшілігіне тән. Радиальдік бөлшектенуде бластомерлердің  жоғарғы қатары төменгі қатардың бластомерлерінің үстіне дәл жайғасады. Осының нәтижесінде шардың радиустарына сәйкес келетін қатарлар пайда болады.

Спиральдік бөлшектену құрттар мен моллюскілердің көпшілігінде байқалады, бластомерлердің жоғарғы қатары төменгі қатардың бластомерлерінің арасында орналасады.

Билатеральдік бөлшектенуде эмбрионның оң жақ жартысының бластомерлерінің әрқайсысы сол жағының  ұқсас бластомерлеріне сәйкес келеді. Бөлшектену кезнде клеткалардың көлемі көп өсе алмайды, ал оардың жалпы саны геометриялық прогрессия бойынша көбейеді.Жұмыртқалардың бөлшектену жылдамдығы температураның әсерінен өзгереді, бірақ температураның өзгеруі дамуда сапалық өзгерісі туғызбайды, бөлшектену жылдамдығына ғана әсер ереді. Бөлшектенудің нәтижесінде ортасы қуыс көпклеткалы  бірқабатты ұрық пайда болады. Бұндай ұрықты бластула дейді. Бластуланың қабырғасы құраушы клетканың  қабатын бластодерма, ал бластомерлердің секрециясының өнімі болып саналатын сұйыққа толы бластуланың қуысы- бластоцль немесе денесінің алғашқы қуысы дейді. Бластоцельдің сұйығы құрамы мен консистенциясы жағынан түрлі жануарлардың бластулаларында түрліше болады. Дамушы ұрықтың ішкі ортасы болып есептеледі.

Жұмыртқа клеткасының бөлшектенуінің типіне байланысты бластуланың бес типіне ажыратады: целобластула,амфибластула, стерробластула, дискбластула және перибластула.

Кәдімгі бластула немесе целобластула-толық,біркелкі бөлшектену нәтижесінде түзіледі.Ол бластомерлердің бірдей болуымен сипатталады.Амфибластула-толық,әркелкі бөлшектену нәтижесінде түзіледі.Оның бластомерлері әркелкі болып келеді:анимальды полюстың бластомерлері ұсақ – микромерлер,ал вегетативтік полюстің бластомерлері ірі-макромерлер.Дискоблатула-толық емес,диск тәрізді бөлшектену нәтижесінде түзіледі.Морула-блотомерлері тығыз орналасқан блатоцелі болмайтын бластула.Оның сыртқы пішіні тұт ағашының жемісіне ұқсас болады.Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула,қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.

                Гаструлация

Бөлшектену морула немесе бластуланың пайда болуымен аяқталғаннан кейін клетка материалының қозғалып орын алмасуының нәтижесінде бластомерлердің көп санынан тұратын бірқабатты ұрық бластула екі қабатты ұрыққа-гаструлаға айналады. Гаструланың пайда болуына әкеләп соғатын прцесті гаструляция(гаструалалну) дейді,осы процес кезінде түзілетін клеткалар қабаттарын ұрықтық жапырақшалар деп атайды. Сыртқы жапырақша эктодерма,ішкісі энтодерма бейді. Эктодерма мен энтодерманың арасында гаструляция кезінде үшінші, ортаңғы жапырақша- мезодерма оқшауланады. Мезодерма ішкі энтодермасының екі жанынан симметриалық клеткалар жолағы түрінде кейін бластоцеьге өсіп күрделі жіктеліске ұшырап дененің бұлшықеттерін ішкі оргондардың сероздық астарын, ұрықтың зәр шығару мен қан айналысының жүйелерін құрайды. Гаструляцияның әдіске бөледі: иммиграция,инвагинация, эпиболия және деляминация.

Иммиграция- бластодерманың жеке клеткаларының бластоцель қуысына қарай көшуі. Бластоцельге қарай көшкен бластодерманың клеткалары ішкі ұрықтың жапырақша-энтодерманы құрайды да, өз орнында қалғандары эктодерманы түзеді, гастроцель мұнда пайда болмайды. Иммиграция тәсілі гаструляцияның ең ежнлгі әдісі.

Инвагинация(ойлау)- әдісінде бластуланың вегетативтік бөлігі бластоцельге қарай ойылып кіріп ең ақырында анимальдік жартышармен беттеседі,бластоцель бірте- бірте жойылады,оның орнына алғашқы ішек қуысы немесе гастроцель пайда болады. Инвагинацияның нәтижесінде екі қабатты ұрық пайда болады: сыртқы қабат- эктодерма, ішкі қабат-энтодерма.

     Эмбриогенез  процессінде гендердің таңдамалы  активтенуі болатындығын дәлел  ретінде ұрық дамуының әртүрлі  кезеңдеріңде түрліше мутациялардың  пайда болатындығын айтуға болады.Бұл  мутациялар гомозиготалы күйінде ұрықтың өліп қалуына әкеледі. Ұрық дамуының эмбриогенезінде эмбриональдық индукцияның маңызы зор.Эмбриональдық индукция-дамып келе жатқан ұрықтың бір бөлімдерінің,басқа бөлімдеріне тигізетін әсері болып саналады.Эмбриональдық индукцияны алғаш рет 1924 жылы неміс биологы Г.Шпеман,хордомезодерманың эктодермадан орталық жүйке жүйесі бастамасының пайда болуына индукциялық ықпал ететіндігін байқаған.Бұл құбылысты ол алғашқы эмбриональдық индукция,ал индуктор хордомезодерманы,ұйымдастырушы деп атаған.Дамушы ұрықтың кейбір бөлімдерін кесіп алып оларды бөлек –бөлек не бірге ұрықтың басқа жерлеріне қондыру негізінде ,эмбрионалдық индукцияның  көптеген омыртқасыз және барлық омыртқалы жануарлар арасында кең таралған құбылыс екендігі анықталды.Эмбрионалдық индукция құбылысы,тек компонентті эффектор жасушалары,яғни индукция ықпалын қабылдауға қабілетті және тиесілі кері жауап бере алатын,жағдайларда ғана жүзеге асады.Даму барысында,көпсатылы эмбрионалдық индукциялар жүзеге асады:жіктелуге сигнал алған эффектор жасушалары дамып,әрі қарай басқа компонентті жасушалар үшін индуктор қызметін атқарады,яғни алғашқы эмбрионалдық индукция,екінші,үшінші,төртінші, т.б.ретті индукцияларға жалғаса береді.Көптеген омыртқалылар эмбриогенезінде ұрықтың тіршілігі үшін өте қажет,бірақ ересек формаларында кездеспейтін,уақытша мүшелер провизорлық мүшелер қалыптасады,себебі ұрықтың әрі толық жетіле қоймаған мүшелері өздеріне тән қызметтерін атқара алмайды.Ал,олар толық жетіліп,өздеріне тән қызметтерді атқаруға кірісе бастағанда,провизорлық мүшелер семіп жойылады.Провизорлық мүшелер дегеніміз-омыртқалылардың ересек дараларында болмайтын,тек ұрықтың дамуы үшін қажет,уақытша мүшелерді айтамыз.Оларға сарыуызды қапшық,ұрық қабықтары-қағанақ,хорион,аллантойстар жатады.Провизорлық мүшелер ұрықты механикалық зақымданудан сақтайды,оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар сұйықтық орта қалыптастырады және тыныс алу,қоректену,бөліп шығару,қозғалу,қантүзу қызметтерін атқарады.Адамдардың провизорлық мүшелерінің дамуы өте ерте гаструляциямен бір мезгілде,басталады.

        Жануарлар дамуын зерттеу нәтижесінде,эбриональдық  дамудың қиын кезеңдерінің болатындығы  анықталды.Эмбрионалдық дамудың қауіпті кезеңдері  деп,ұрықтың қоршаған ортаның әртүрлі зиянды факторларына өте сезімтал болатынкезеңдерін айтамыз.Бұл кезеңдерде,зиянды факторлар әсерлерінен  онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып,ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әртүрлі ақаулықтар қалыптасады.Эмбрионалбдық дамудың қауіптіи кезеңдері терминін 1897жылы Браун енгізген болатын.А.Н.Трифинов балықтардың дамуында үш қиын кезеңдерді ажыратқан біріншісі бөлшектенудің алғашқы сатысы немесе ортасы,екіншісі-гаструляцияның басталу,үшіншісі білік мүшелердің қалыптасу сатысы.Дамудың әртүрлі қауіпті кезеңдерінде,ұрықтар түрліше факторларға сезімтал болады,мысалы дамушы уылдырықтар,оттегі жетіспеушілігіне,жылылыққа,механикалық әрекеттерге.П.Г.Светловтың айтуынша,ұрық бір қиын кезеңде температура әсеріне сезімтал болса,екінші кезіңде химиялық заттар әсеріне сезімтал болады.Дамудың қауіпті кезеңднрінде,ұрықта метаболизм,тыныс алу құбылыстары күшейеді,РНҚ қасиеттері,иммундық статусы өзгереді,өсу қарқыны төмендейді.Оттек және нуклеин қышқылдарының жеткілікті болуы,қиын кезеңдер салдарын байқатпайтын факторлар болып табылады.сол сияқты дамудың қиын кезеңдері эмбриогенездің бір кезеңнен екінші кезеңге өту,морфологиялық жіктелу сатыларымен тұспа тұс келеді.Адам ұрығының дамуының қауіпті кезеңдері бірінші аптаның аяғы,екінші аптаның басы және жүктіліктің 3-6апта аралығы болып саналады.

    Эмбриональды  дамудың қауіпті кезеңдерінде тератогендік терминациялық кезеңдердің де маңызы зор екенін ескерген жөн.Тератогендік терминациялық кезең деп зақымдаушы факторлардың әсер етуі нәтижесінде ,нақтылы ақаулықтың пайда болу мүмкіншілігінің шегін айтамыз.

    Тератогенез (Теrаtоgеnеsis - құбыжық; даму) - Даму ауытқуларының пайда болу механизмі.

 Аномалия (көне грекше: anоmalіa — ауытқу) — қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.

Медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауы. Аномалия балалар арасында жиі кездеседі. Оған негізгі кемістік категориялары: есту, көру, сөйлеу жүйесінің бұзылуы, ой-өрістің артта қалуы жатады. Аномалия туа және жүре пайда болған аномалия болып екіге бөлінеді. Туа болған аномалия тұқым қуалайтын ауруларға байланысты немесе химиялық, механикалық, радиациялық т.б. әсерлерден болса, жүре пайда болған аномалия жұқпалы аурулардың (полиомелит, қызылша, менингит т.б.) салдарынан болады. Соның кесірінен балалар сақау, соқыр, мылқау, кекеш немесе ақыл-ой кемістігіне ұшырайды.

Аномалия (көне  грекше: anomalia — ауытқу) — эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам мен жануарлар организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдақ ауытқуы. Организмнің  және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды.

Аномалия — құжаттамадағы  немесе программа жұмысындағы, күнібұрын тексерілген программалық өнімге немесе құжаттамаға негізделген, күтілген жағдайдан ауытқуы байқалған жайттар.

 Аномалия (ауытқу). Тістердің, жақ сүйек  жүйесінің  нормадан ауытқуы, яғни кемістігі.

Аномалия — метеорологиялык элементтің  орташа тәуліктік, бес күндік, айлық және тағы да басқалары шамаларының осылардай көп жылдық шамалардан ауытқуы. Мысалы, егер биылғы жылы қаңтардың орташа темлературасы Қостанай қаласында —18,5°С, ал оның көп жылдық орташа температурасы —14,8"С болса, онда биыл қаңтардағы темперагураның Аномалиясы —3,7°С болады

 

      

    

 

    

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Мұхит Нұрышев:гистология және эмбриология негіздері.

     Е.Ө.Қуандықов,С.А.Әбілаев: медициналық биология және генетика.

П.Қазымет, Л.аманжолова, Қ. Нұртаева: медициналық биология.

Интернет мәліметтрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Эмбриональды дамудың қауіпті кезеңдері.Тератогенді факторлар.Теротогенез