Қызметтік жүйелер туралы П.К.Анохиннің ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2015 в 23:53, реферат

Краткое описание

Физиологиялық әрекеттерді меңгеру үш түрлі жолмен атқарады: 1) іске қосу;
2) түзету;
3) үйлестіру.
Іске цосу - ағзалардың тыныш жағдайын белсенді әрекетке көшіреді, тузету - ағзалардың ісәре-кетін өздігінен атқарылу режимінде уйымдастыруға мүмкіндік береді, үйлестіру - бірнеше ағзалар мен жүйелерді бірлестіру арқылы пайдалы икемделу нәтижесіне жеткізеді.

Содержание

1. Физиологиялық іс – әрекеттерді меңгеру;
2. П.К.Анохиннің функционалдық жүйесі;
3. Қызметтік жүйенің орталық құрылысының кезеңдері
4. Афференттік талқылау
5. Шешім қабылдау
6. Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау

Вложенные файлы: 1 файл

срс,физио.docx

— 20.89 Кб (Скачать файл)

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Физиология кафедрасы

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Қызметтік жүйелер туралы П.К.Анохиннің ілімі

 

 

 

Орындаған: Рахимбердиева А.А

Топ: 2-007 ЖМФ

Тексерген: Жашкеева А.М

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2015

Жоспар:

1. Физиологиялық іс – әрекеттерді меңгеру;

2. П.К.Анохиннің функционалдық жүйесі;

3. Қызметтік жүйенің орталық құрылысының кезеңдері

4. Афференттік талқылау

5. Шешім қабылдау

6. Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Организм мен қоршаған орта қатынасы кезіндегі физиологиялық тірліктерді меңгеретін әрекеттік реттеу жүйесі болады. Меңгеру ағзалар мен жүйелердің өзара әрекеттесуі арқылы пайдалы тіршіліктік икемделуді қамтамасыз етеді.

         Физиологиялық әрекеттерді меңгеру үш түрлі жолмен атқарады: 1) іске қосу;

2) түзету;

3) үйлестіру.

          Іске цосу - ағзалардың тыныш жағдайын белсенді әрекетке көшіреді, тузету - ағзалардың ісәре-кетін өздігінен атқарылу режимінде уйымдастыруға мүмкіндік береді, үйлестіру - бірнеше ағзалар мен жүйелерді бірлестіру арқылы пайдалы икемделу нәтижесіне жеткізеді.

       Тірі организмдердің тұтас тіршілік тәртіптерін ұйымдастыру жөніндегі қазіргі замандағы көзқарас функционалдық жүйе теориясыңда негізделген. Үнемі өзгеріп тұратын сырткы орта жагдайында оргаиизм өзінің мүқтаждығын қанағаттандыру үшін мақсаттар қойып, оларға жетуі қажет. 
 
         Функцианальдық жүйе ұғымын ұсынып әрі оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П. К. Анохин. П.К.Анохиннің теориясы бойынша, пайдалы нәтиже тіршілік тәртібінің иеленуші факторы. Оған жету үшін организмде функционалдык, жүйе қалыптасады. Орасан көп жүйке клеткаларының ішінен қаншасы осы жүйеге кіргізіледі, олардың белсенділік деңгейлері қаңдай болуы керек, араларындағы қандай байланыстар істен шығарылып тасталуы керек екені — көзделген нәтижемен белгіленеді. Организм тіршілік іс-әрекеттеріне күрылымдық және функционалдық мүмкіндіктерінің қажеттілерін ғана пайдаланады. Функционалдық жүйе құрылуынын қажеттілігі (оның әрбір элементтері тәуелсіз, дара әрекет жасамай, ортақ мақсатка бағынауында)– көзделген мақсатта. 
 
        Функционалдық жүйенің қалыптасуы бірнеше кезеңнен турады:

1) афференттік тузілу (организнің  ішкі және сыртқы ортасынан  келіп тускен барлық сигналдарды  қорыту);

2) шешім қабылдау;

 3) қабылдаган шешім негізінде болашақ нәтиже жөнінде пікір қалыптастыру, нақты багдарлама құру;

4) жеткен нәтижені талдау  және әрекет багдарламасын нақтылау. 
 
         Бірінші кезеңде (афференттік түзілу) жүйке орталықтарына келіп түскен тітіркендірулер бір уақытта 4 типті әрекеттесуден өтеді:

1) қозғағыш афферентация - әрекетті туғызатын сигналдар;

2) жағдай афферентациясы  —басқадай сыртқы тітіркендірулер;

3) мотивация (сылтау, дәлел) -организмнің өз сылтаулары: биологиялық - шөлдеу, ашығу, қорқу;әлеуметтік сылтаулар;

4) еске сақтау — тәжірибе, өткен тітіркендірулердіңқалдырған  іздері. 
 
         Барлық сигналдар жүйке клеткаларында бір сәтте өңделіп бір-бірімен салыстырылады. Ағымды афференгтік тітіркендірулерді багалағанда, есте сақталған, өткеңдегі тітіркендірулерден қалған іздермен салыстырылады. 
Сигналдарды тандауда үстем сылтаулардың мәні зор, өйткені олар организмнің дәл осы сәтте маңызды деген сигналдарына, қабылдағыш қасиетін арттырады. 
Афференттік синтез негізінде шешім қабылданады (не істеу керек?) және әрекет бағдарламасы жасалады (қалай істеу керек?). Осы жерде организм алдына қойылған мақсаттар мен берілетін жауаптарының барлық мүмкін деген жолдарын бағалап, тек қана қажетті деген біреуін таңдап алады.Осымен бірге мида қандай нәтиже алынады деген түйсік калыптасады.  
 
       Динамикалық функционалдық жүйе — орталық жуйке жүйесіне әрекет нәтижесінен хабар беретін ұйымдасқан жүйе. Әрекеттерді түрақты түрде бағалап отырмай, нәтижені жақсарту мақсатында ойға алынған бағдарламаға түзетулер енгізілмей, жақсы көрсеткіштерге жету қиынға соғады. 
 
        П.К.Анохиннің функционалдық жүйе туралы үғымының универсалдық маңызы бар, өйткені ол организм әрекеттерінің түрлі жақтарын түсінуге көмектеседі, яғни тәртіптерінің механизмін, жеке дамуындағы түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын, патология мен қайта Құрылу жолдарының ерекшеліктерін. 
 
        Қимылдарды реттеудегі циклдық көп деңгейлі жүйе. Қимыл актілерінің орындалуы орталық жүйке жүйесінің түрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондар комплекстерімен байланысты. Осы комплекс қүрамына кіретін әрбір жүйке орталығы төмен, не болмаса жоғары деңгейде жатқан орталықтарға әсер етеді. Олардың арасында, жоғары жатқан орталықтан төменгіге және кері қарай, өзара ықпалдастық циклдар құрылады. Мысалы, аталып отырған тітіркеністер айналымы ми кыртысы мен аралық ми арасында жиі байқалады: ми қыртысының нейрондары аралық ми нейрондарының белсенділігіне әсер етсе, соңғысы қыртыс нейроңдарың әсерлейді. Әрбір циклда, қозғағыш рөл көбіне жоғарыдағы орталықтар құзырында, ал төменгі орталықтар реттелуші бөлім болып келеді. 
       Жүйке жүйесінің түрлі бөлімдері арасындағы циклдық байланыстар жөнінде реттеудің тұйық циклы, немесе тұйық реттеу жүйесі туралы айтуға болады. 
Қимыл әрекеттерін іске асыру барысында бірнеше тұйық реттеу жүйелері пайда болады (мысалы, ми қыртысы мен торлы құрылым, мишық, жұлын мотонейрондары, еттер арасында).

Қорыта айтқанда, қимылдарды реттеу жүйесі көп қабатты, көп деңгейлі. Мүндай күрделі реттеу жүйесінде үлкен ми қыртысының маңызы зор, өйткені, ол осы процестерді басқарады, реттейді, қимыл мақсатының орындалуына әрекет жасайды.

Бағдарламалау. Қойылған мақсаттарды шешу үшін орталық жүйке жүйесіңде қимыл әрекеттерінің бағдарламасы жасалады. Бағдарлама қимыл актілерінің түрлері мен олардың іске қосылу ретін айғақтайды. Бағдарламаға сәйкес эфференттік нейроңдарға, одан әрі еттерге әмірлер беріледі. Адам қимыл әрекеттерінің бағдарламалары алуан түрлі. Олар оның тұрмысқа, еңбекке, спортқа кажетті тіршілігін қамтамасыз етеді. Әрекет жасауға берілген өмір жұмыстың басталуына берілген болса, нағыз жұмыстың озі бағдарлама арқылы іске асады. Кейбір жағдайларда бағдарлау, уақыттың тығыз кезінде жүреді (мысалы, спорт ойындарыңда, қылыштасуда, жекпе-жекте және т.б.). Мұндай жағдайда келіп түсуші ақпараттарды және іс-әрекеттерді өңдеу өте жоғары жылдамдықты талап етеді. Қимыл әрекеттерінің бағдарламалары өте күрделі болуы мүмкін, әсіресе стаңдартты емес жүмыстарда, өйткені ауыспалы жағдайда нәтижеге жету үшін көптеген еттер тобының іске қосылуы, іс-әрекеттің, тәртіптің түрлі айласы қажет болуы мүмкін (мысалы, түрлі ойын ситуацияларында баскетбол добын торға тастау).

Қимылдарды функционалдық жүйе арқылы басқару үшін бағдарлаушы және басқарушы жүйке орталықтары жетімсіз. Мұндай жүйелердің айтарлықтай ерекшеліктеріне кері афферентация немесе кері байланыс немесе жұмысшы мүшеден реттеуші орталықтарға келуші тітіркеністер жатады. Басқарушы тітіркеністердің шетте туғызған әрекеттері туралы орталық жүйке жүйесін ақпараттандыру, көру мүшелерінен, проприорецепторлардан және басқа да қабылдағыштардан келіп түсетін афференттік тітіркеністер арқылы жүреді.

Сөйтіп, кері байланыстар арқылы жасалған қимыддардың тиімділігіне баға беріледі.

Салыстыру аппараттары. Бұл жүйкелік аппараттар, кері сигналды қабылдай отырып берілген бағдарламаны орыңдалған нәтижемен салыстырады (П.К.Анохин, Н.АБершнтейн). Мұндай ақпараттар мидың маңдай бөлімінде, қыртыс асты дәндерінде және тағы басқа құрылымдарында бар. Егерде орындалған және орындалуға тиіс әрекеттер арасында алшақтық болса, салыстыру аппараттарында қателіктер туралы сигналдар туындайды. Осы сигналдарға орай қимылдарды басқарушы жүйеге, қажетті түзетулер еңгізіледі. Нетижеде, қимылдардың бет-бедері, тиімділігі, қасиеттері жағдайлардың өзгеруіне карамастан сақталады.

 Қорытындылай келе, жалпы, функциональдық жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы органдардың динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша функциальдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор –әрекет нәтижесі.  Организімнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағатттану іске асады. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организімді қанағаттандырмаса  функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет  одан әрі жалғаса береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қызметтік жүйелер туралы П.К.Анохиннің ілімі