Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 16:25, реферат
Адам құқықтары – бұл оның ұлтына, тұрғылықты жеріне, жынысына, түсіне, дініне, тіліне немесе өзге де белгілеріне тәуелсіз әрбір адамның ажырамас құқықтары. Барлық адамдар құқықтарға ешқандай кемсітушіліктерсіз тең дәрежеде ие болады. Бұл құқықтар өзара байланысты, өзара тәуелді және ажырамайды. Адамның жалпы құқықтары шарт нысанындағы заңмен, халықаралық құқықпен және халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздері мен жалпы қағидалармен бекітілген және кепілдік берілген. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық адам құқықтары мен жалпы бостандықтарын қорғау мен ынталандыру қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке міндеттер тағайындайды. Әрбір мемлекет адам құқықтары саласындағы басты құжаттардың біреуін болса да ратификациялаған, ал мемлекеттердің 80%-ы төрт және одан көп шарттарды ратификациялап, тиісті саладағы мемлекеттердің жалпы келісімін айқындайды.
Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау
Адам құқықтары – бұл оның ұлтына, тұрғылықты жеріне, жынысына, түсіне, дініне, тіліне немесе өзге де белгілеріне тәуелсіз әрбір адамның ажырамас құқықтары. Барлық адамдар құқықтарға ешқандай кемсітушіліктерсіз тең дәрежеде ие болады. Бұл құқықтар өзара байланысты, өзара тәуелді және ажырамайды. Адамның жалпы құқықтары шарт нысанындағы заңмен, халықаралық құқықпен және халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздері мен жалпы қағидалармен бекітілген және кепілдік берілген. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық адам құқықтары мен жалпы бостандықтарын қорғау мен ынталандыру қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке міндеттер тағайындайды. Әрбір мемлекет адам құқықтары саласындағы басты құжаттардың біреуін болса да ратификациялаған, ал мемлекеттердің 80%-ы төрт және одан көп шарттарды ратификациялап, тиісті саладағы мемлекеттердің жалпы келісімін айқындайды.
Адам құқықтарын қорғау туралы нормаларды қабылдаған халықаралық ұйымдар жағдайларды саралау мен олардың бұзылуын алдын-алу үшін тиісті тетіктерді алдын-ала қарастырды. Қазіргі уақытта қалыптасқан және қызмет ететін келесідей соттық мекемелер бар:
Адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекетаралық органдарға жүгіну құқығын белсенді және бәсең нысанда жүзеге асырады.
Халықаралық соттық органдарға белсенді әрі тікелей жүгіну құқығы көптеген Конвенциялар мен халықаралық шарттарда бекітілген. Саяси және азаматтық құқықтар жөніндегі халықаралық Пакттің Бірінші Факультативтік протоколына сәйкес, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Комитеті мүше-мемлекеттің юрисдикциясына жататын, өзін осы мемлекет тарапынан құқықтары бұзылғандығын жариялап, хат жолдаған тұлғадан өтінішін қабылдап, құқықтық талдау жүргізеді. Бұл Протоколға мүше емес мемлекетке қатысты хатты Комитет қарастырмайды1.Алайда, оның құзыреті айғақтарды анықтау және ескертпелер мен нұсқамалар берумен шектеледі. Құқық бұзылуына қатысты шағымдарды қараудың қорытындысы болып Комитеттің бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мен жағдайды өзгертуге қатысты шаралар қолдану жөнінде нұсқамалар беруі табылады. Комитет нұсқамалары, әрине, мемлекеттер үшін міндетті емес, бірақ олар, сөзсіз, мемлекеттерге, олардың заңнамалық және құқыққолдану тәжірибесіне тиісті саяси әсер етеді.
1984 жылы қабылданған азаптауға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын қорлайтын жазаларға қарсы Конвенцияға сәйкес, жеке тұлғалардың БҰҰ Азаптауға қарсы Комитетіне жүгіне алуы тиісті мемлекеттің мәлімдемесіне байланысты. Яғни, Конвенцияға мүше-мемлекет кез-келген уақытта оның юрисдикциясына жататын тұлғалардан Конвенция ережелерінің бұзылу құрбандары болғанын баяндайтын хаттарын алуға Комитеттің құзыретті екендігін мойындай алады. Комитет мұндай мәлімдеме жасамаған мүше-мемлекеттерге қатысты хаттарды қабылдамайды2.
Көптеген конвенцияларда комитеттерге жеке шағымдану құқығы тікелей көрсетілмегенімен, мұндай тәжірибе жиі кездеседі, жоғарыда атап өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Комитетін айтуға болады. Осыған орай, 1970 жылы БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС) «адам құқықтары мен жалпы бостандықтарына қатысты хаттарды қарастыру рәсімі» нысанында адам құқықтарын қорғау тәсілін бекітті және ол «Рәсім 1503» деген атқа ие болды. Осы процедураға сәйкес, келіп түскен хаттар негізінде адам құқықтарының белгілі бір мемлекетте жүйелі түрде бұзылуы қарастырылады. Рәсім бойынша мемлекеттер адам құқықтарын қорғау мен сақтауда өз еркін білдіре және бекіте отырып, оларға бағытталған шағымдар мен хаттарға жауап білдіреді. Одан кейін мемлекеттерге нұсқамалар жіберіледі. Комиссия ЭКОСОС-қа ашық баяндама жасамайынша, бұл хат алмасу жасырын түрде болады. БҰҰ-ның қызмет ету уақыты аралығында хаттар, шағымдар және петициялардың Жарамдылық ережелері қалыптасты. Олардың негізгілері болып, мыналар табылады:
1950 ж. адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа конвенциясының 25 бабына сәйкес, кез келген тұлға немесе тұлғалар тобы адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссияға петиция жіберуге құқықтары бар3. Мұндай петицияда олардың құқықтарының Конвенцияға мүше-мемлекеттер тарапынан бұзылғанын дәлелдейтін нақты айғақтар болуы тиіс. Комиссия халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларына сәйкес барлық ішкіқұқықтық қорғану тәсілдері қарастырылып біткеннен кейін, яғни қабылдаған уақыттан алты ай шегінде істі қарай алады.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың келесі маңызды халықаралық тетігі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот болып табылады. Бақылау органдарына келіп түскен салмақ пен арыздар санының өсуі арыздарды қарау мерзімі мен жұмыстардың сапасына әсер етпей қоймады. Осы жағдайды ескере отырып, 1994 жылы 11 мамырда Еуропа Кеңесі мүшелері Конвенцияға №11 Протоколды қабылдады. Протокол индивидке, үкіметтік емес ұйымдар мен тұлғалар тобына Сотқа тікелей жүгінуге құқық берді. Бұл Протокол 1998 жылы 1 қарашада күшіне еніп, Еуропа Кеңесі мүше-елдеріне міндетті болды. Протоколға сәйкес тұрақты негізде жұмыс істейтін Сот еуропалық әділсоттың жалғыз органы болды.
Адамның халықаралық құқықта сот арқылы қорғалу құқығы мен оны регламенттеу туралы мәселені қарастыра отырып, халықаралық қауымдастықтағы басты сот органы – БҰҰ Халықаралық Сотын атап өтпеуге болмайды. Алайда, индивидтер БҰҰ Халықаралық Сотында locus standi құқығына ие емес.
Жеке тұлғалар
құқықтары мен жалпы
Ондай мемлекетаралық
сот органдарына қылмыстық
Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық Трибунал, оның Жарғысына сәйкес, халықаралық қылмыстардың 4 категориясы бойынша юрисдикцияны жүзеге асырады. Олар: 1949 ж. Женева Конвенциясы қағидаларының елеулі бұзылуы, соғыс жүргізу тәртібі мен заңдарын бұзу, адамгершілікке қарсы қылмыстар және геноцид4. Трибуналдың қарастыратын істерге қатысты ерекше юрисдикциясы бар. Халықаралық гуманитарлық құқықтың елеулі құқық бұзушылықтары үшін БЮХТ ұлттық соттармен қатар, паралельді юрисдикцияға ие, яғни, ол біріншілік құқығына және кез-келген мемлекеттен, қай этапта болмасын, халықаралық әділсоттылықтың мүдделеріне сәйкес келеді деп танылған қылмыстарды талап етуге құқығы бар. Сонымен қатар, өз қалауы бойынша Трибунал, бұрынғы Югославия елдерінің ұлттық соттарына кез-келген істі бере алады. Бұл құқықтарын Трибунал өз қызметін атқару барысында бірнеше рет қолданған болатын.
Руанда бойынша Халықаралық Трибунал БЮХТ халықаралық қылмыстардың категориясы мен Женева Конвенциясының ІІ Қосымша Протокол ережелерін бұзылуына өз юрисдикциясын жүргізеді. Сонымен қатар, Халықаралық Трибуналдың юрисдикциясы жеке тұлғаларға тарайды.
Сьерра-Леоне бойынша
Арнайы Сот 2001 жылы 16 қаңтарда БҰҰ мен
Сьерра-Леоне Үкіметі
Халықаралық Қылмыстық Сот қылмыскерлерді қудалап, жауапкершілікке тартатын бірден-бір мемлекетаралық орган болып табылады және мемлекеттердің ұлттық сот жүйесін толықтырады. Халықаралық Қылмыстық Соттың юрисдикциясы жалпы халықаралық қоғамдастыққа қауіп төндіретін ең маңызды қылмыстармен шектеледі. Олардың қатарына геноцид қылмысы, адамгершілікке қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және агрессия жатады. Рим Статутына мүше болған мемлекет жоғарыда көрсетілген қылмыстарға қатысты Соттың юрисдикциясын мойындайды. Халықаралық Қылмыстық Сот үш жағдайда қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын жүзеге асырып, тергеу ісін жүзеге асырады:
Яғни, Прокурор, соңғы жағдай бойынша, қылмыстар туралы ақпаратқа сүйеніп proprio motu тергеу ісін бастай алады. Демек, тұлғалардың Сот юрисдикциясына жататын қылмыстарға қатысты белгілі ақпараттармен немесе дәлелдерімен Халықаралық Қылмыстық Сотқа жүгіне алады. Алайда, алынған ақпаратқа сүйеніп сот өндірісі мен тергеу ісін бастау күрделі кезеңдерден тұрады. Прокурор ақпараттың маңыздылығын бағалау үшін БҰҰ органдары, мемлекеттерден, немесе үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардан немес өзге де қайнар көздерден қосымша ақпарат сұратады. Егер Прокурор істі бастау үшін жеткілікті негіздердің бар екендігі туралы қорытынды шығарса, ол Алдын-ала өндіріс палатасына санкция беру туралы өтініш білдіреді. Палата тиісті санкция бергеннен кейін ғана Прокурор тергеу ісін бастай алады. Кей жағдайларда Сот мемлекеттердің ұлттық соттары қарастырып жатқан істі өзіне сұратады, егер:
Белгілі бір істе қаламаушылықты анықтау үшін Сот, халықаралық құқықпен танылған қылмыстық үдерістің қағидаларын негізге ала отырып, төмендегі факторлардың бар немесе жоқтығын анықтайды:
Белгілі бір
іс жүргізуде мемлекеттің
Жалпы, халықаралық құқық бойынша әркімнің өз елінің халықаралық шарттарына сәйкес, егер құқықтық қорғаудың барлық ішкімемлекеттік құралдары қолданылып бітсе, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мемлекетаралық органдарға жүгінуге құқығы бар. Бұл жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігінің бір көрінісі болып табылады. Сондықтан, адамдар өз құқықтарын белсенді және бәсең нысанда жүзеге асыру үшін құқықтық сауаттандыру қажет деп ойлаймын. Себебі, адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін құқықтық білім мен ақпарат беру – құқықтық мемлекет құрудың кепілі.
1 Саяси және азаматтық құқықтар жөніндегі Халықаралық Пакті, Факультативті Протокол, 1966 ж. 16 желтоқсан, 1-бап.
2 Азаптауға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын қорлайтын жазаларға қарсы 1984 жылы қабылданған Конвенция, 22-бап
3 Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа конвенциясы, 25 бап
4 Бұрынғы Югославия бойынша Трибунал Жарғысы
Информация о работе Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау